А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет27/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


                                           Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Ойын - дене тәрбиесі құралы екендігін дәлелдеңіз. 
2.  Қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама беріңіз. 
3.  Қимыл-қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесі.  Қимыл-қозғалыс 
ойындарының негізін салған ғалымдар (Ф.Лесгафт, Н.И.Пирогов, 
Е.Н.Водовозова, П.Ф.Каптеров, Е.А.Аркин т.б.) туралы не айтасыз?  
4.  Дене тәрбиесіндегі ойындардың жіктелуі туралы не айтар едіңіз? 
5.  Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары туралы жан-жақты сипаттама беріңіз. 
6.  Қимыл-қозғалыс ойындарын басқару әдістемесі  дегенді қалай түсінесіз? 
7.  Қимыл-қозғалыс ойындарын түрлі жас  топтарында жүргізудегі мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының мазмұны. Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқыту бағдарламаларына ойын бойынша талдау жүргізу. 
            Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға                             
                                             арналған материалдар 
1.Балалар ӛмірінің нәрі,  оның рухани жетілуі мен табиғи ӛсуінің қажетті алғы 
шарты және халықтың салтын үйретеді, табиғат құбылысын танытып, олардың 
кӛру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады: 
А.  Ән 
Ә. Күй 
Б. Ойын 
В. Еңбек 
2.«Балалықтың қанына ойын азық». Кімнің сӛзі? 

 
232 
А.  Абай 
Ә.  Ыбырай 
Б.  Мағжан 
В.  Сұлтанмахмұт 
3. «Қосымша қоздырғыштар теориясының»  авторы: 
А.  П.Ф.Лесгафт 
Ә.  К.Д.Ушинский 
Б.  А.С.Макаренко 
В.  Н.К.Крупская 
4.«Игры киргизских детей» еңбегінің авторы: 
А.  М.Балғымбаев 
Ә.  Ә.Бүркітбаев 
Б.   Ә.Диваев 
В.   К.А.Покровский 
5.Кӛтермелеуді адамгершілік тұрғыдан теріске шығарған: 
А.  П.Ф.Лесгафт 
Ә.  П.Ф.Каптеров 
Б.   Е.И.Тихеева 
В.   А.П.Усова 
6.1971- 1977 жылдар аралығында  6 жасар балалардың қимыл-қозғалыс 
ойындарындағы жарыстар мен шығармашылық тапсырмалардың әдістерін 
тиімді пайдалануды зерттеген: 
А.  М. Тәнекеев  
Ә.  JI. М. Коровина 
Б.  Б.Тӛтенаев  
В.  М.Тұрыскелдина 
7.Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың қимыл-қозғалыс ойындары кезінде 
олардың жетілу кезеңінде негізгі қимылдарды үйрету тиімділігі туралы айтқан: 
А.  H.В.Потехина 
Ә.  Н.Н.Кильпио  
Б.  М.Балғымбаев 
В.  Т.Иманбеков 
8.Ересек жастағы балалардың қимыл ойындары кезінде кеңістікте бағыт ұстауын 
қалыптастыру тиімділігін  зерттеген: 
А.  Э.Я.Степаненкова 
Ә.  Е.А.Аронова 
Б.   К.В.Вербицкая 
В.  JI.А.Киселева 
9.Қимыл-қозғалыс ойындары кезінде бӛбектердің бойында негізгі қимылдарды 
дамыту тиімділігін анықтаған: 
А.  E.А.Тимофеева 
Ә.  В. И. Васюкова 
Б.  Н. Г. Кожевникова 
В.  Т. К. Любова 
10.Спорттық ойындар элементтері қолданылатын ойындар: 

 
233 
А.  Волейбол 
Ә.  Асық 
Б.  Қасқыр мен қоян 
В.  Ғажайып дорба 
11.«Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) ғылыми 
монографиясының авторы: 
А.  Е.Сағындықов 
Ә.  Е.Букин 
Б.  О.Әлжанов 
В.  П.Ходыров 
12. ХХ ғасырдың басында ӛмір сүрген, қазақтың ұлттық ойындарын жіктеген 
этнограф: 
А.  А.Шиле 
Ә.  Ә.Бүркітбаев 
Б.  М.Гуннер 
В.  Ә.Бүркітбаев 
13.Ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып 
оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын 
пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздерін жасап, олардың тәрбиелік 
мүмкіндіктерін айқындаған: 
А.  А.Айтпаева 
Ә.  Г.Х.Дүкенбаева 
Б.  Н.Пантусов 
В.  Г.С.Запряжский 
14.«Мектепке дейінгі кезеңдегі дене тәрбиесінің негіздері» тақырыбында 
зерттеу жүргізген: 
А.  Ә.С.Әмірова 
Ә.  М.С.Сәтімбекова 
Б.  Г.К.Ӛтебаева 
В.  С.Ғ.Бәтібаева 
15.«Физическое воспитание в детском саду» еңбегінің авторы: 
А.  С.Әкімбайұлы 
Ә.  А.Құралбекұлы 
Б.  А.Быкова 
В.  Е.Мұхиддинов 
 
14-тақырып. Спорттық жаттығулар 
 
1.  Спорттық жаттығуларға жалпы сипаттама  
2.  Спорттық жаттығулардың әдістемесі (шаңғы, коньки, шығыршықты коньки, 
шана, велосипед, самокаттар және спортроллер, жүзу, әткеншек, тербелме, 
карусель) 
 

 
234 
Cпорттық  жаттығулардың  жалпы  сипаттамасы.  Біздің  елімізде  спортты 
дамытуға зор кӛңіл бӛлінеді. Cпортшылардың жоғары жетістіктері адамдардың 
дене шынықтыру жаттығуларының әртүрлі салаларына қатысуының бұқаралық 
сипатының  нәтижесі.  Ғылыми  негізделген  әдістеме  бойынша  жүргізілетін 
мұндай  жұмыстар  процесінде  спорттық  нәтижелер  ғана  ӛсіп  қоймайды, 
сонымен  бірге  денсаулық  сақтауда,  біздің  қоғамымыз  үшін  маңызды 
адамгершілік  қасиеттерін,  дене  мен  ақыл-ой  қабілеттерін  дамытуда  жоғары 
кӛрсеткіштерге  жетеді.  Мектепке  дейінгі  жаста  техниканы  дұрыс  игеру  негізі, 
дене  қасиеттерін  жетілдіру,  сондай-ақ  моральдық-ерік  қалыптасуы  игеріледі, 
олар дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан алуан түрлерімен одан 
әрі  ойдағыдай  айналысуға  мүмкіндік  береді.  «Мектепке  дейінгі  балаларды 
тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларында» (бұдан былай «бағдарлама»)  шаңғы,  
шана,  велосипед,  самокат,  спортроллер,  тербеткіш,  әткеншек,  карусель  тебу, 
сондай-ақ жүзу тәрізді спорттық жаттығулар кӛзделген. Бұлардың бәрі бұлшық 
еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, жүйке 
жүйелерін  дамытуға  жағдай  жасайды,  сондай-ақ  шынықтыруға  кӛмектеседі. 
Оның  үстіне  жаттығулар  процесінде  дене  қасиеттері:  ептілік,  шапшаңдық, 
кӛзбен  мӛлшерлеу,  тепе-теңдік,  күш,  тӛзімділік  дамиды.  Табиғи  жағдайда 
жаттығу жасау балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызады, ал балалар 
шаршағанын  сезбей  жаттығуларды  ұзақ  уақыт  орындайды.  Ұжым  болып 
айналысу,  әсіресе,  балабақша  аумағынан  тыс  жерде  серуендеу  саналы 
тәртіптілікке,  жолдастық  ӛзара  кӛмекке  және  т.б.  тәрбиелеуге  кӛмектеседі. 
Паркте,  орманда,  ӛзенде  айналысу  табиғат  сұлулығын  балалардың  жақыннан 
кӛруіне  мүмкіндік  жасайды,  эстетикалық  сезімін  оятады.  Дене  шынықтыру 
жабдықтарын  күтіп  ұстау  балаларды  тиянақтылыққа,  ұқыптылыққа  үйретеді, 
еңбек  сүйгіштігін  қалыптастырады.  Спорттық  жаттығулармен  айналысу 
таңертеңгілік  (сабақтан  кейін)  және  кешкі  (бесін  мезгіліндегі  тамақтан  соң) 
мезгілде  балалар  таза  ауада  болып,  келгеннен  кейін  ұйымдастырылады.  Бұл 
жаттығулар  барлық  топта  бір  мезгілде,  шағын  топпен  және  жеке  жүргізіледі. 
Балалар жаттығуларды дұрыс орындау техникасын меңгерген және тәрбиешінің 
кӛмегі  мен  сақтандыруы  қажет  болмай  қалған  кезде  ӛз  бетінше  велосипед, 
шана, әткеншек және т. б. тебуіне рұқсат етіледі.    
Шаңғы.  Балаларды  шаңғы  тебуге  үйрету  әдістемесін  М.П.Голощекина  талдап 
жасаған.  Шаңғымен  жүру  -  сүйек  аппаратына  және  бұлшық  еттердің  барлық 
топтарына,  оның  ішінде  тұлғаны  дұрыс  қалыптастыруға  кӛмектесетін  жоғары 
үдемелі  циклді  қозғалыс.  Шаңғы  тебумен  жүйелі  түрде  айналысу  табанның 
дұрыс  қалыптасуына  кӛмектеседі,  жүрек-қан  тамыр,  тыныс  алу,  жүйке 
жүйелерін  нығайтады,  барлық  негізгі  дене  қасиеттерін  ептілік,  шапшаңдық, 
кӛзбен мӛлшерлеу, тепе-теңдік сақтау, күш, тӛзімділік дамытуға кӛмектеседі. 
Ж а т т ы ғ у ғ а   д а й ы н д ы қ .   Балаларды  шаңғымен  жүруге  үйретуге 
дайындық  алдын  ала  жүргізіледі.  Балабақшаның  әдіскері  әдебиеттерді  іріктеп 
алады  және  оны  тәрбиешілерге  ұсынады.  Бағдарламада  шаңғымен  жүруге  3-4 
жастан    бастап  үйрету  кӛзделеді.  Бағдарламаның  дене  шынықтырудан 
ұйымдастырылатын  оқу  іс-әрекетінің  спорттық  жаттығулар  бойынша 
мазмұнына 3-4 жаста шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы 

 
235 
жолында  аттап  басу  және  сырғанау  адымдарымен  жүру;  4-5  жаста  бірінің 
артынан бірі сырғанап алға жылжу, қиылысқан бос жерлермен жүру, оңға және 
солға  қарай  жүріп  бұрылу,  алға  қарай,  жартылай  шырша  (тура  және  қиғаш) 
сияқты  аттап  тӛбешікке  шығу;  5-6  жаста  бірінің  артынан  бірі  сырғанай 
кезектескен  адыммен  алға  жылжу,  қиылысқан  бос  жерлермен  жүру,  байыпты 
қарқынмен  0,5-1  км  жерге  шаңғымен  жүріп  ӛту,  бір  орында  тұрып  айналып 
оңға,  солға  аттау,  екі  жаққа  шеңбер  жасап  тұру,  тіке  аяқты  алға  шырша, 
жартылай  шырша  сияқты  тастап  тӛбешікке  шығу,  аласа  тіреу  бойымен  тӛмен 
түсу, ӛз еріктерімен шаңғы алып, орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың астына 
алып  жүру  тапсырмалары  ұсынылған.    Егер  балабақшада  жағдай  жақсы  болса 
және  балалар  ата-аналарының  басшылығымен  бірқатар  тәжірибе  алса,  онда 
жаттығуды  балалардың  кішкентай  кӛзінен  бастап  жүргізуге  болады.  Ата-
аналарды  ӛз  балаларын  үйретуге  белсенді  түрде  қатыстыру  үшін  тәрбиешілер 
жиналыстарда балалар үшін шаңғыны, таяқты таңдап алу, шаңғының аяқ киімге 
бекіткіші, киім мен аяқ киімге қойылатын талап жӛнінде шаңғыны сақтау, күтіп 
ұстау  туралы  әңгімелейді.  Бұған  қоса  ата-аналарға  шаңғымен  жүрудің  әртүрлі 
әдістерінің  техникасы,  бұрылыстар,  тӛбеге  кӛтерілу  және  одан  тӛмен  қарай 
сырғанау, тежеу және әртүрлі жастағы балаларды оған үйрету әдістемесі туралы 
айту  тиімді  болады.  Ересектер  балаларға  үлгі  болуы  үшін  ата-аналарға 
балаларды  шаңғымен  жүруге  үйрету  жӛніндегі  және  ӛздерінің  дағдыларын 
жетілдіру  жӛніндегі  әдебиеттер  ұсынылады.  Тәрбиешілер  ата-аналарға 
балаларды  шаңғымен  жүруге  қашан,  қай  жерде  үйрету  дұрыс  екендігі  жайлы 
кеңес беруі керек. 
Y й р е т у   ә д і с т е м е с і .  Тәрбиеші  әрбір  жаттығудың  нақты  міндетін 
тұжырымдай  отырып,  жаттығуды  үйретудің  бүкіл  кезеңіне  жоспарлайды.  Нақ 
үйрету  алдында  ол  жаттығудың  мазмұнын,  мӛлшерін,  қарқынын,  сондай-ақ 
жаттығуды  ӛткізу  әдістемесіне  нұсқауды  нақтылайды.  Балаларды  шаңғымен 
жүруге  үйрету  алдында әңгіме  ӛткізілуі  керек,  әңгімелесу  кезінде жаттығудың 
маңызы, олар үшін арнаулы киім мен аяқ киім туралы түсінікті етіп айту қажет. 
Бұған  қоса,  балаларға  шаңғымен  жүрудің  бұрылу,  ӛрлеу,  тӛмен  карай  жылжу 
әдістерінің  қайсысына  үйретілетіні,  шаңғымен  қай  жаққа  серуендеу 
ұйымдастырылатыны  айтылуы  керек.  Алғашқы  сабақта  тәрбиеші  балаларға 
шаңғы мен таяқтың бойға қарай таңдалатынын түсіндіреді:  егер шаңғы тігінен 
қойылса,  ол  баланың  жоғары  кӛтерген  қолының  ұшына  жетуі,  таяқ  қолтыққа 
жетуі  керек  (балалар  осы  сәйкестікті  тексереді).  Одан  әрі  тәрбиеші  балаларды 
шаңғыны  сақтау  әдісімен  таныстырады:  серуеннен  кейін  шаңғылар  қардан 
тазартылады,  олардың  арасына  таяныш  қойылады  және  тігінен  қойып 
жиналады.  Одан  кейін  балаларды  шаңғыны  әр  түрлі  әдістермен: иыққа  салып, 
қолтыққа  қысып  және  қолға  ұстап  алып  жүруге,  онан  соң  шаңғыны  кию  мен 
шешуге үйретеді. Әуелі тәрбиеші бұлардың қалай жасалатынын кӛрсетеді және 
түсіндіреді,  содан кейін балалар ӛз беттерімен  бірнеше рет  қайталап  жасайды. 
Шаңғы  тебуге  үйрету  белгілі  бір  жүйелілікпен  жүргізіледі.  Әуелі  таяқсыз 
адымдап  және  сырғанап  жүруге  үйретеді.  Одан  кейін  бұрылуға,  тежеуге, 
сондай-ақ тӛбеге шығуға, одан тӛмен қарай сырғанауға үйретіледі. Одан әрі екі 
аяқты алма-кезек адымдауға және бір мезгілде адымдамай таяқтармен жылжуға 

 
236 
үйретіледі.  Шаңғымен  адымдап  жүру  арқылы  таяқсыз  жылжу  тепе-теңдікті 
сақтауды,  қол  мен  аяқтың  қимылын  үйлестіруді  дамытуды  және  балаларды 
неғұрлым  күрделі  шеберлікті  игеруге  дайындайды.  Таяқтарды  орынсыз 
пайдалану балаларды оларға «асылып жүруге» үйретеді. Ең алдымен балаларды 
Шаңғышының  тік  тұру  қалпына,  яғни  шаңғы  тебудің  бастапқы  тұру  қалпына 
үйрету  керек.  Одан  кейін  шаңғымен  және  шаңғысыз  дайындық  жаттығуын 
жүргізу керек, мысалы, адымдап жүруді орындау қимылмен кӛрсету, сондай-ақ 
аяқты  шаңғымен  алма-кезек  кӛтеру,  қапталға  қарай  аяқ  басу  және  т.  б. 
Адымдап жүру - шаңғымен жүрудің ең қарапайым әдісі. Бұл әдіс тегіс жердегі 
борпылдақ қарда және тӛбеге кӛтерілу кезінде қолданылады. Балаларға үйрету 
процесінде  дене  салмағын  бір  аяқтан  екінші  аяққа  кезек  ауыстыру,  біртіндеп 
адымды ұзарту қажет екенін ескерту керек. Тәрбиеші жаттығуды қалай орындау 
керектігін кӛрсетеді және түсіндіреді, содан кейін тапсырма береді: белгіленген 
жерге  дейін  тиісті мӛлшерде бірнеше адым  (8-10)  жасап жету.  Адымдап  жүру 
кезінде дағдыны қалыптастыру үшін («Mаған келіңдер», «Mені қуып жетіңдер» 
және  басқа)  қимыл-қозғалыс  ойындары  жүргізіледі.  Сырғанай  адымдау-
шаңғымен  жүрудің  неғұрлым  күрделі  әдісі.  Сырғанай  адымдауды  қалай 
орындау  қажеттігін  кӛрсете  және  түсіндіре  отырып,  тәрбиеші  аяқты  тізеден 
бүгу  және  дене  салмағын  ілгері  қарай  жылжыған  аяққа  салу  керек  екендігін 
атап айтады. Балаларды аяқтарын бүгуге үйрету үшін оларға тізені бүгіп отыру 
және  шаңғының  екі  таяғынан  жасалған  «қақпашыдан»  ӛту  ұсынылады,  ал 
адымды  неғұрлым  кең  аттау  үшін  қолдарын  артына  салып,  тірек  еткен  аяққа 
қарай  иіліп  жылжуға  тапсырма  беріледі.  Бұған  қоса  жолдың  белгілі  бір 
бӛлімінде  жасалатын  адым  санының  аз  болуы,  адымды  ұзарта  түсіп,  бір  затқа 
дейін  сырғанау,  дене  ауырлығын  бір  аяқтан  екінші  аяққа  ауыстыруды  үдете 
отырып, баяу қарқынмен сырғанау ұсынылады. Күшті серпілісті қалыптастыру 
үшін  балаларды  қозғалыс  бағытына  қарай  біршама  (15-20
о
)  бұрыш  жасап 
серпіліп,  шағын  еңістен  шаңғымен  жылжуға  жаттықтыру  керек,  мұндай 
жағдайда  шаңғы  ішкі  қабырғаны  тірек  етіп,  серпіліс  күшейеді.  Шапшаңдықты 
дамыту  үшін  25-30  м  аралықты  мүмкіндігінше  тезірек  жүріп  ӛтуге  тапсырма 
беріледі.  Бала  сырғанай  адымдауды  меңгерген  соң  оны  екі  аяқпен  бірдей 
сырғанаумен, сондай-ақ адымдап жүрумен ауыстыра алады. Балалар шаңғымен 
сенімді  түрде  жүруді  үйренген  кезде  (шамамен  6  жастан  бастап)  оларға  таяқ 
беріледі. Таяқты тіреп серпілу жүріп келе жатқанда үлкен жылдамдыққа жетуге 
кӛмектеседі, ал бұл ӛз кезегінде балаларға жағымды эмоциялық ықпал жасайды. 
Әуелі балаларға таяқты орта белден ұстап жүру ұсынылады. Одан кейін таяқты 
алға  қарай  кӛп оздырмай  және оларды  кең  ашпай  адымдап  жүруге  үйретіледі. 
Алма-кезек  адымдап  жүру  -  шаңғымен  жүруде  үйлесімі  жӛнінен  күрделі 
жылжу.  Бұл  орайда  кәдімгі  жүріс  кезіндегідей  қол  мен  аяқтың  қозғалысы 
кезектеседі: оң аяқпен - сол қол. Таяқты ілгері қарай апарғанда қол шынтақтан 
сәл ғана бүгіледі, ал серпілу аяқталған кезде ол  толық түзуленеді. Жылжудың 
жоғарыда  кӛрсетілген  әдістерін  балалар  игергеннен  кейін  адымдамай  таяқпен 
жүруге  болады.  Бала  жеңіл  сырғанау  үшін  еңістен  тӛмен  қарай  жылжытылған 
шаңғымен жылжу ӛте қолайлы болады. Yйрету процесінде балалардың серпіліс 
кезінде  кеудемен  алға  қарай  ширақ  ұмтылуын  бақылау  керек.  Бұл  үшін  бір 

 
237 
орында  тұрып  (шаңғысыз  және  шаңғымен)  серпілісті  қайталап  жасайтын 
жаттығу  ӛткізу  қажет.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  тиісті  жағдай  жасалса 
балабақшада,  отбасында  сырғанаудың,  жотаға  кӛтерілудің  және  одан  тӛмен 
сырғанаудың,  тежеудің  негізгі  әдістерін  оңай  игереді.  Жаттығуды  15-40 
минуттан  аптасына  2-3  рет  жасау  ұсынылады.  Yйрету  кезінде  кӛрсету  және 
түсіндіру  әдісі  пайдаланылады.  Бұған  қоса  шаңғымен  жүру  техникасы  туралы 
түсінікті  анықтауға  суреттерді  кӛру,  әңгіме  ӛткізу  және  т.  б.  кӛмектеседі. 
Шаңғымен  жүру  дағдысын  қалыптастыру  үшін  қимыл-қозғалыс  ойындары 
ӛткізіледі. Мысалы, ересектер тобының балалары үшін: «Қаншалық алыс болса, 
соншалық  жақсы»,  «Шығыр»,  «Kім  бұрын  бұрылады?»,    «Oрмандағы 
карусель»,  «Kӛтер».  Мектепке  даярлық  тобында  мына  ойындарды  ӛткізу 
пайдалы:  «Kең  адымда»,  «Eң  шапшаң  кім»,  «Қуып  жет»,  «Қарама-қарсы 
эстафета»,  «Tиіп  кетпе»  сияқты  ойындар  ұсынылады.  Сондай-ақ,  балабақша 
аумағынан тысқары жерге (паркке, стадионға, орманға) серуендеу де  пайдалы. 
Серуеннің  уақыты  бірте-бірте  30  минуттан  1-1,5  сағатқа  ұзартылады. 
Балабақшада игерген дағдыларын ата-аналарының басшылығымен балалардың 
демалыс күндері нығайта түсуі маңызды. 
К о н ь к и .   Балаларды    коньки  тебуге  үйрету  әдістемесін  Л.Н.Пустинникова 
талдап  жасаған.  Конькимен  сырғанау  бұлшық  еттердің  негізгі  топтарын, 
әсіресе,  аяқтың  бұлшық  еттерін  дамытады,  жүрек-қан  тамыр,  тыныс  алу 
жүйесін күшейтеді, организмді шынықтырады, зат алмасуды жақсартады, дене 
қасиетін  (шапшаңдық,  ептілік,  тепе-теңдік,  кӛзбен  мӛлшерлеу,  тӛзімділік), 
сондай-ақ 
ерік-жігер 
қасиетін 
(батылдық, 
табандылық 
және 
т.б.) 
қалыптастыруға кӛмектеседі.  
Y й р е т у   ә д і с т е м е с і . Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды 
алғашқы  тұру  қалпын  дұрыс  ұстай  білуге  («конькишінің  орнығуы»),  екпіндеп 
жүгіруге және екі аяқты кезек тіреп оң аяқпен және сол аяқпен сырғанауға, оңға 
және  солға  бұрыла  білуге,  тежеуге  және  тоқтауға,  конькилі  ботинканы  киюге, 
конькиді, ботинканы, киімді күтіп ұстауға үйрету керек. Мектеп жасына дейінгі 
балалар  мұздың  үстінде  сырғанауды  және  мәнерлеп  тебудің  қарапайым 
әлементтерін орындауды ӛте ерте (шамамен 3-4 жасынан бастап) үйрене алады. 
Бірақ балабақша жағдайында кішкентайлар тобындағы балаларға коньки тебуге 
үйретуді ұйымдастыру қиын болады, ӛйткені олардың тізе, тобық буындары ӛте 
әлсіз және жарақаттану қаупін болдырмау үшін білікті басшылық талап етіледі, 
кішкентай балалар ересектердің кӛмегінсіз ботинканы кие алмайды және оның 
бауын ӛткізіп байлай алмайды, сондықтан балабақшада коньки тебуді үйрету 5-
6  жастағы  балалармен  жүргізіледі.  Балалардың  жалпы  дене  дайындығы 
қаншалық  жақсы  болса,  олар  қозғалыстың  бұл  түрін  соншалық  тез  игереді. 
Yйрету  процесінде  аяқтың,  атап  айтқанда  табанның  бұлшық  еттерін 
күшейтетін, сондай-ақ тепе-теңдік, ептілік, кӛзбен мӛлшерлеу т. б. сияқты дене 
қасиетін  жетілдіруге  кӛмектесетін  дене  жаттықтырулары  үлкен  орын  алады. 
Осы  мақсатпен  кішкентайлар  тобының  ӛзінде-ақ  мұзды  жолдармен  немесе 
қатты тығыздалған қардың үстімен конькисіз сырғанау ӛткізіледі. Балалар әуелі 
ересектердің  кӛмегімен,  кейін  ӛз  беттерінше  сырғанайды.  Мектеп  жасына 
дейінгі  ересек  балалар  тура  жолмен  сырғанап,  сонымен  бір  мезгілде  әртүрлі 

 
238 
тапсырмаларды  орындай  алады  (отыру  және  қайтадан  тіктену  т.б.),  сондай-ақ 
биіктен  тӛмен  сырғанай  алады.  Бӛлмеде  конькисіз және  конькимен ӛткізілетін 
дайындық  жаттығуға  зор  кӛңіл  бӛлінеді.  Бұл  жаттығулар  тепе-теңдікті 
дамытады,  аяқ-табан,  тізе,  сан,  жамбас  буындарын  нығайтады,  сондай-ақ 
қозғалыс  техникасын  игеруді  жеңілдетеді.  Одан  әрі  жаттығу  балалар  бақшасы 
аумағында  қардың  және  мұздың  үстінде  ӛткізіледі.  Конькимен  жүруге  үйрету 
кезінде  әртүрлі:  кӛрсету,  түсіндіру,  сондай-ақ  кӛмектесу  әдістерін 
қолданылады.  Кресло-шананы,  арнаулы  орындықты  пайдалануға  болады, 
солардан  ұстап,  балалар  мұздың  үстімен  сырғанайды.  Әйтседе,  соңғы 
бағдарламаларда  («Алғашқы  қадам»  ,  «Зерек  бала»,  «біз  мектепке  барамыз».  -
Астана,  2009)  мектепке  дейінгі  дене  шынықтырудан  ұйымдастырылатын    оқу 
іс-әрекетінің мазмұнына конькимен жұмыс енгізілмеген.  
Шығыршықты  коньки.  Ж а л п ы   с и п а т т а м а .   Бұл  конькиді  кӛктемде 
және жазда қолданады. Олар балалардың қыста игерген дағдыларын нығайтуға 
кӛмектеседі.  Y й р е т у   ә д і с т е м е с і .   Балаларды  шығыршықты  конькимен 
жүруге,  бұрылуға,  тежеуге,  тоқтауға,  сондай-ақ  ботинканы  кие  білуге  және 
оларды  күтіп  ұстауға  үйретеді.  Үйрету  кезінде  түсіндіру  әдісі,  сондай-ақ 
тәрбиешінің,  жолдастардың  кӛмегі  пайдаланылады.  Тапсырма  бірте-бірте 
күрделілене  түседі.    3-4  жастан  бастап  демалыс  күндері,  балабақшадан  тыс 
уақытта арнайы бағдарламасыз  ересектер бақылауымен шығыршықты конькиді 
үйретуге болады. Оның екі, тӛрт (қатар орналасқан екі жұп) дӛңгелекті түрлері 
бар. Балалардың ептілігіне, икеміне қарай екі түрін де пайдалануға болады. Қай 
уақытта да қауіпсіздік ережелерін, сақтық шараларын естен шығармау керек. 
Шана. Шанамен сырғанау, әртүрлі қимылдарды (жүру, жүгіру т. б.) ӛзіне қамти 
отырып, бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, жүрек-қан тамыр, тыныс 
алу  жүйелерін  дамытуға,  зат  алмасуды  күшейтуге,  шынығуға  кӛмектеседі. 
Оның  үстіне  балалардың  дене,  ерік-жігер  қасиеті,  сондай-ақ  жағымды 
эмоциялары  дамиды.  Y й р е т у   ә д і с т е м е с і .   Балаларды  бірін-бірі  шанаға 
мінгізіп  сырғанауға,  шананың  жанында  әртүрлі  жаттығуларды  орындауға, 
шананы  жотаға  алып  шығуға,  әртүрлі  қалыпта  (отырып,  етпеттеп  жатып, 
түрегеп  тұрып)  және  қосымша  тапсырмаларды  орындап  шанамен  тӛмен  қарай 
сырғанауға  үйретіледі.  Бұған  қоса  балаларды  тӛбешіктерді  жасауға  тартып, 
тӛбешіктерді  (баспалдақтарды  кардан  тазартып)  және  шаналарын  (сырғанап 
болғаннан кейін қардан тазартып, орнына қоюға) жӛндеп, күтуге үйретеді. Сәби 
жастағы  балаларды  шанамен  ересектер  сырғанатады.  Балалар  3  жасында 
шаналарына  қуыршақтарын  отырғызып,  қар  салып,  жіппен  сүйреп  жүреді. 
Неғұрлым  ересек  жасында  балалар  тура  жолмен,  шеңбермен  айналдырып, 
бұралаң  жолмен  бірін-бірі  сырғанатады  және  әртүрлі  тапсырмаларды 
орындайды.  Жотадан  тӛмен  карай  сырғанау  кезінде  балалар  (жарақаттанып 
қалмау  үшін)  белгіленген  ережені  орындауы  керек  (алда  кеткен  бала 
сырғанақты шетіне жеткенше асықпай күтуі, сырғанақка шалқасынан жатпауы,   
т.  б.).  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  бағдарламаларында  (Астана,  2009) 
дене  шынықтыру  мазмұны  бойынша  спорттық  жаттығулар  бӛлімінде  3-4 
жастағылар үшін  шанамен сырғанауда биік емес тӛбешіктерден сырғанау, бір-

 
239 
бірін  сырғанату;  4-5  жастағыларға  тӛбешіктен  сырғанау,  бірін-бірі  сырғанату, 
шанамен  тӛбешікке  кӛтеру,  тӛмен  түсіп  келе  жатып  тежеу;  5-6  жас  үшін 
тӛбешіктен  бір-бірлеп  және  екі-екіден  шанамен  сырғанау,  шанамен  тӛбешікке 
кӛтерілу,  тӛмен  түсіп  келе  жатып  тежеу,  бірін-бірі  сырғанату  сияқты  үлгі 
тапсырмалары  ұсынылған. 
Велосипед  (французша  velocipede,  латынша  velox-жүрдек  және pes-аяқ)-жедел 
жүруге  арналған  кӛлік.  Оны  16  ғасырдан  бастап  кӛптеген  елдердің 
ӛнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р.Ла Рошелли (Франция, 1693), 
Л.Шамшуренков  (Ресей,  1752),  Овенден  (Англия,  1761),  т.б.  жасаған.  Ол  4 
доңғалақты  арба  негізінде  шыққан.  Алғашқы  2  доңғалақты  велосипед  Ресейде 
жасалды. Велосипед пайдалану  мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне 
қарай:  кӛліктік,  кӛліктік  жеңіл,    жасӛспірімдік,  спорттық,  балалар,  арнаулы 
болып ажыратылады. Балалар велосипедінің екі және үш  доңғалақты, сондай-
ақ  құрама  түрлері  (үш  доңғалақтыны  екі  доңғалақтыға,  керісінше  ӛзгертуге 
болады)  бар.  Балалар  велосипедінің  шиналары  тұтастай  құйылып,    немесе 
үрмелі  резина    күйінде  шығарылады.  Велосипед  тебу  жылдамдық 
жаттығуларына  жатады  және  жүрек-қан  тамыр,  тыныс  алу  жүйесіне  күшті 
ықпал жасайды, бұлшық еттердің, әсіресе, аяқ, табан бұлшық еттерін нығайтуға 
кӛмектеседі.  Велосипед  айдаумен  жүйелі  түрде  айналысқан  жағдайда 
балалардың жылдамдық, ептілік, тепе-теңдік сақтау, кӛзбен мӛлшерлеу, қимыл 
үйлесімен сақтау, кеңістікте бағдар ұстау, ырғақтылық, күш, тӛзімділік қабілеті 
дамиды, сезім мүшелерінің тұрақтылығы артады. Оның үстіне балалардың ерік 
қасиеті, жағымды эмоциялары дамиды. Балалар велосипедтің құрылысы жайлы 
біледі  және  оны  күтіп  ұстау  дағдысын  игереді.  Y й р е т у   ә д і с т е м е с і .  
Балаларды  үш  дӛңгелекті  велосипедті  тебуге  2  жасынан,  екі  дӛңгелекті 
велосипедті  тебуге  5  жасынан  бастап  үйретеді:  оларды  қалай  отыруға,  одан 
түсуге, тура, биік, бұралаң жолдармен айдаған кезде велосипедті жүргізе білуге, 
оңға,  солға,  артқа  бұрылуға,  тежеуге  тоқтауға  үйретеді.  Yйрету  кезінде: 
велосипедті  тура  бағытпен,  оңға,  солға,  артқа  бұрып  жүргізу,  шеңбермен 
айналып,  бұралаң  жолмен  жүргізу,  ересектердің  кӛмектесуімен  тура  жолмен 
оңға,  солға  бұрылып  айдау,  велосипедке  отырғызу,  одан  түсу,  велосипедті  ӛз 
бетінше  тура  жолмен  оңға,  солға,  артқа  бұрылып  тебу  ӛз  бетінше,  шеңбермен 
айналып,  бұралаң  жолмен  айдау,  қосымша  тапсырмаларды  орындап  айдау 
сияқты жүйелілікті сақтау тиімді болады. Тәрбиеші велосипедтің, тапсырманың 
баланың  шама-шарқына  сай  болуын  және  ереженің  орындалуын  қадағалайды. 
Бағдарламада  3-4  жастағыларға  велосипедке  міну  және  түсу,  үш  аяқты 
велосипед  тебу;  4-5  жаста  шеңбер  бойымен  және  тура  жолмен  екі  және  үш 
дӛңгелекті  велосипедпен  жүру,  оңға  және  солға  бұрылыс  жасау;  5-6  жаста 
шеңбер  бойымен  және  тура  жолмен  қос  дӛңгелекті  велосипедпен  жүру,  оңға 
және  солға  бұрылыс  жасау,  оң  және  сол  аяқпен  итеріп  самокатпен  жүру 
ұсынылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет