А. Ж. Сисенбердиева


Қимыл-қозғалыс ойындарына  сюжетті    және  сюжетсіз ойындар  жатады



Pdf көрінісі
бет26/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Қимыл-қозғалыс ойындарына  сюжетті    және  сюжетсіз ойындар  жатады. 
Спорттық  ойындар  элементтері  қолданылатын  ойындарға  жататындар  – 
волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, столда ойналатын теннис, футбол, 
хоккей.  
Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада ӛмірдегі немесе ертегі 
оқиғасын  бейнелейді.  Балаларды  ойында  шығармашылықпен  кӛрінетін  ойын 
образдары  қызықтырады  (құстар  мен  автомобиль,  ұшқыштар,  қасқыр  мен 
қаздар, маймылдар мен аңшылар).  
Сюжетсіз  қимыл-қозғалыс  ойындары  балаларды  ӛздеріне  түсінікті  мақсатқа 
жетуге  жетелейтін,  балалар  үшін  қызықты  қимыл  тапсырмаларынан  тұрады. 
Олар,  ӛз  кезегінде,  ойындардың  тоқтап  жүгіру,  ұстап  алу  және  с.с.  үлгілеріне 
бӛлінеді; жарыс элементтері қолданылатын ойындар («Kімнің звеносы тез сапқа 
тұрады», «Kім ӛз жалаушасына тез жетеді» т.б.); қарапайым эстафеталы ойын-
дар  («Kім  допты  тезірек  береді»);  заттар  қолданылатын  ойындар  (доптар, 
шеңбер, серсо, секіргіштер, кегельдер) қимыл мазмұнына қарай ажыратылатын 
ойындар (қимылдың басым түрі-жүгіру, секіру, лақтыру және с с.) . Сондай-ақ, 
кішкентай  балалар  үшін  қызықты  ойындар  да  бар  («Aлақан  соғу»,  «Mүйізді 
ешкі» және т. б.).  
Спорттық ойын элементтері бар ойындар. Зерттеулердің (M.П. Голощекина) 
және практиктердің деректері балабақшаның ересектер тобында спорттық ойын 
элементтері  бар  ойындарды  жүргізуге  болатынын  кӛрсетіп  отыр.  Ол  ойындар 
балалар  қимыл-қозғалыс  ойындарын  ӛз  бетінше  ұйымдастыра  білетін  кезде 
жүргізіледі.  Спорттық  ойындар  элементтері  бар  ойындар  қимыл-қозғалыс 
ойындарына  қарағанда,  жинақылықты,  ұйымшылдықты,  бақылағыштықты, 
балаларға  айқын,  қолайлы  қимыл  техникасын,  ұшқыр  қимыл  сезімін  кӛбірек 
талап  етеді.  Осы  аталған  және  басқа  ойындарды  біріктіретін  белгі  балалардың 
эмоциялық  ӛрлеуін,  қимылдарды  жетілдіру  мүмкіндігін  туғызатын  сауықтыру, 
білім  беру,  тәрбиелеу  міндеттерінің  ортақтығы  болып  табылады.  Алайда, 
қимыл-қозғалыс  ойындарында  балалар  шығармашылық  кӛрсете  отырып,  сан 
алуан қимылдарды пайдаланса,  спорттық ойын элементтері бар ойындарда осы 
ойынның  ерекшелігімен  және  қимыл  әрекеттері  техникасының  дәлдігімен 
белгіленетін 
кейбір 
қимыл 
шектеулері 
бар. 
Команда 
құрамында 
қатысушылардың  белгіленген  саны,  олардың  міндеттері  бӛліп  берілген,  ойын 
мерзімі  уақытпен  шектелген,  ереже  қимыл  әрекеттерінің  дәлдігін  анықтайды. 
Ойын  шарты  дайындалған  орынды,  белгіленген  алаңды,  («Городки»  және  т.б.) 
тиісті  жабдықтарды,  саймандарды  талап  етеді.  Аталған  ойындарда  балалар 
спорттық  ойындар  техникасының  жалпы  талаптарына  жауап  беретін  дұрыс 
дағдыны  игереді,  мұның  ӛзі  одан  әрі  қайта  үйретуді  қажет  етпейді  және 

 
223 
мектепке  дайындау  үшін  маңызды.  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту 
бағдарламасында»  және  қимыл-қозғалыс  ойындары  жӛніндегі  қолда  бар 
жинақтарда  классификация  (жүйелеу)  негізіне  қимылы  басым  түрлердің 
белгілері  алынған  (жүгіру,  секіру,  лақтыру,  ӛрмелеу  және  с.с.).  Негізгі 
қимылдардың  әрбір  түрі  бойынша  қимыл-қозғалыс  ойындарын  іріктеген  кезде 
жасына  қарай  бӛлінетін  топтар  арасындағы  сабақтастық  сақталады.  Бұл 
тәрбиешіге  балалардың  бойында  белгілі  бір  қимыл  дағдылары  қалыптасуына 
байланысты  ойындарды  жоспарлауына  кӛмектеседі.  М.М.Конторович  пен 
JLИ.Михайлованың  жинақтарында  қимыл  басымдығы  белгілері  бойынша 
жоғарыда  айтылған  топтастырудан  басқа  ойындарды  балалардың  бұлшық  ет 
ширығуын  туғызу  дәрежесі  бойынша:  қимыл  дәрежесі  кӛп,  орташа,  аз 
ойындарға  бӛлу  қабылданған.  Олар  қимылды  орындаудың  түрі  және  сипаты 
бойынша анықталады. Бұлай жүйелеу ойын материалдарында бағдарлауды және 
алға  қойылған  міндетке  сәйкес  ойындарды  іріктеуді  жеңілдетеді.  Т.И.Осокина 
ересектер  тобындағы  спорттық  ойындар  элементтерін  толықтыра  отырып, 
қимыл-қозғалыс  ойындарын  ойындағы  қимыл  басымдылығы  белгісі  бойынша 
бӛледі.  Н.Н.Кильпионың  кітабында  қимыл-қозғалыс  ойындарының  жүйесіне 
кейбір  толықтырулар  берілген,  оның  негізіне  заттардан  (жалаушалар,  доптар, 
таяқшалар,  шығырлар  және  т.  б.)  басқа  балалардың  неғұрлым  күрделі  ойын 
тапсырмаларына  қызығушылығын  арттыруға  кӛмектесетін  ірі  гимнастикалық 
құралдар, сондай-ақ ептілікті жетілдіру, кеңістіктегі бағдар, қимылдар үйлесімі 
алынған.  Кӛрсетілген  ойындардың  түрлері  негізгі,  сапта  жүру,  жалпы  денені 
дамытатын  жаттығуларды  қамтиды.  Қимыл-қозғалыс  ойындарын  түрлендіру 
тиімді  болады.  Алайда,  нұсқалар  жасау  тек  ойын  әрекеттерін  ӛзгерту, 
балалардың  ойынға  қызығушылығын  сақтау  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар 
педагогикалық  міндеттерді-балалардан  белгілі  дәрежеде  ақыл-ой  мен  дене 
күшін  жұмсауды  талап  ететін,  сонымен  бірге  ойынға  балалардың 
қызығушылығын арттыратын неғұрлым күрделі ойын элементтерін, ережелерін, 
ойын  жағдаятын  (ситуациясын),  шарттарын  орындау  кезінде  қимылды 
жетілдіруді, дене күші қабілетін қалыптастыруды шешу үшін де қажет. Мысалы, 
«Ұстап алу» ойынының бірнеше нұсқалары бар: «Ұстап алғыш, қолыңды бер» - 
кеңістікте бағдар белгілеуге кӛмектеседі, тапқырлықты, батылдықты, жолдастық 
сезімін күшейтеді; «Добы бар ұстап алғыштар» - дәлдікті, жол табу, кеңістікте 
бағдар  белгілеу  қабілетін  дамытады;  «JIентасы  бар  ұстап  алғыштар»-қимыл 
сипатын  олардың  қарқынын  ӛзгерте  білу,  жол  таба  білу,  кеңістікте  бағдар 
белгілей білу қабілетін дамытады; «Ұстап алғыштар - аяқтарыңды кӛтеріңдер»-
кеңістікте орналасқан заттар арасында бағдар белгілеуге епті болуға, жол табуға, 
зерек  болуға  кӛмектеседі.  Қимыл-қозғалыс  ойындарының  нұсқаларын  ӛз 
тобындағы  балалардың  ақыл-ойы  мен  дене  күшінің  даму  дәрежесін  ескерген 
және  балаларға  біртіндеп  талапты  күшейтуді  кӛздеген  тәрбиешінің  ӛзі  ойлап 
таба  алады.  Ойындар  жӛніндегі  кейбір  жинақтарда  қимыл  ойындарының  үлгі 
нұсқалары  бар.  Сонымен,  ойындардың  әртүрлі  нұсқаларын  жүйелі  түрде 
пайдалану  балалардың  ӛздері  игерген  қимыл  дағдыларын  жан-жақты  қолдану 
мүмкіндігін қалыптастыруға, дене күші қабілетін, заттарды ойынға колдана білу 

 
224 
әрекетін,  сергектікті,  бақылағыштықты,  кеңістікте  бағдар  белгілей  білуді 
жетілдіруге кӛмектеседі.  
Қимыл-қозғалыс  ойындары  мен  арнайы  іріктеп  алынған  жаттығулардың 
арақатынасы.    Қимыл-қозғалыс  ойындары  мен  арнайы  іріктелген  жаттығулар 
ӛзара  байланысты:  ойындағы  қимыл  дағдыларын  жетілдіруді  баланың  қимыл 
дағдысын  шығармашылықлықпен  қолдануға  дайындығына  тән  үйрету 
процесінің  үшінші  кезеңінің  ӛзіндік  жалғасы  ретінде  қарастыру  керек. 
Н.В.Потехинаның мәліметі бойынша, қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі түрде 
үйрету  балалардың  арнайы  іріктелген  жаттығуларды  үйрену  кезеңінде  игерген 
шеберліктері  мен  дағдыларын  одан  әрі  жетілдіруге  жеткізеді.  Қызықты 
тапсырмаларды  орындауға  еліктеушілік  балаларға  ойын  кезінде  қимылдың 
неғұрлым  жоғары  техникасын  игеруге  кӛмектеседі,  ол  нақ  сол  қимылдық 
жаттығуда  орындалатын  дәрежесінен  асып  түседі.  Қимылды  жетілдіруге 
ұмтылыс  баланың  ойын  міндеттерін  мүмкіндігінше  жақсы    орындауға  және 
табысқа жетуге ұмтылуы болып табылады. Сӛйтіп, ойын әрекеттері кезінде бала 
ӛзі  игерген  қимыл  дағдысын  ӛз  бетінше  жаңа,  неғұрлым  күрделі  жағдаятқа 
(ситуацияға) бейімделумен ұштастыруға үйренеді. Кішкентайлар тобында ойын 
жаттығулары  үйрету  мақсатында  пайдаланылады.  Балаларға  нақты,  олар  үшін 
қызықты  тапсырмалар  беріледі  -  «кӛпірдің  үстімен  жүру»,  «жылғадан  секіріп 
ӛту», «тысырлатпай, тышқандарша жүгіріп ӛту». Бұл жаттығулардың бәрі, ӛзінің 
мәнін  (жаттығу)  сақтаумен  бірге  ойынға  тән  мәнерге  ие  және  оларды  балалар 
ӛте құштарлықпен орындайды.  
Ұлттық  қимыл-қозғалыс  ойындарына  сипаттама.  Қимыл-қозғалыс 
ойындарын  басқару  әдістемесі.  Қоғамымыздың  іргетасын  нығайту  үшін 
ұрпаққа үлгілі,  ӛнегелі  тәрбие беру  –  қазіргі  міндеттердің бірі.  Ұрпақ бойында 
жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мен  адамның  айналадағы  дүниемен  жеке 
тұлғалық  қатынасын  (этикалық,  эстетикалық,  адамгершілік  тұрғысынан) 
тәрбиелеу  мақсатын  халқымыздың  мәдени  рухани  мұрасының,  салт-дәстүрінің 
озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Әр халық 
ӛз  халқының  мәдениетімен,  асыл  мұраларымен  ұлттық  әдебиеттер  арқылы 
танысып  келеді.  Дегенмен,  халық  (ұлттық)  ойындары  да  тәрбиенің  мықты 
құралы  деп  танылған.  Ойынды  оқу-тәрбиеде  қолдану  балалардың  ой-ӛрісін 
жетілдірумен  бірге,  әр  халықтың  асыл  мұраларын  бойына  сіңіріп,  кейінгі 
ұрпаққа  жеткізе  білу  құралы.  Халықтық  педагогиканың  ең  бір  кӛне  тиімді 
құралдарының  біріне  ойын  жатады.  Ойын  арқылы  бала  қоршаған  ортаны  ӛз 
бетінше  зерделейді.  Сӛйтіп,  ӛзінің  ӛмірден  байқағандарын  іске  асырып, 
қоршаған  адамдардың  іс-әрекетіне  еліктейді.  Соның  нәтижесінде  ӛзі  кӛрген 
жағдайларды  отбасылық  тұрмыс  пен  қызмет  түрлерін  жаңғыртады.  Ойын 
дегеніміз  –  адамның  ақыл-ойын  дамытатын,  қызықтыра  отырып  ойдан-ойға 
жетелейтін,  тынысы  кең,  алысқа  меңзейтін,  қиял  мен  қанат  бітіретін,  дене 
қимылын  дамытатын    ғажайып  нәрсе.  Ұлы  педагог  В.И.Сухомлинский: 
«Ойынсыз,  музыкасыз,  ертегісіз,  шығармашылықсыз,  қиялсыз  толық  мәніндегі 
ақыл-ой  тәрбиесі  болмайды»,  -  деген.  Демек,  шәкірттің  ақыл-ойы,  парасаты 
ұлттық  салт-сананы  сіңіру  арқылы  баии  түседі.  Ойынның  тәрбиелік  маңызы 
мынада:  ол  баланы  зеректікке,  білгірлікке  баулиды.  Бабаларымыздың  асыл 

 
225 
қазыналарына  деген  кӛзқарасын  құрметтеуге  сӛз  әсемдігін  сезінуге  үйретеді. 
Батылдыққа,  ӛжеттікке  тәрбиелейді.  Ендеше  дене  тәрбиесінде  ұлттық 
ойындарды 
қолдану 
бала 
дамуына 
зор 
ықпал 
етеді.  
  
Халқымыздың  ұлы  перзенттерінің  бірі,  аса  кӛрнекті  жазушы  М.Әуезов: 
«Біздің  халқымыздың  ӛмір  кешкен  ұзақ  жылдарында  ӛздері  қызықтаған  алуан 
ӛнері  бар  ғой.  Ойын  деген  менің  түсінуімше  кӛңіл  кӛтеру,  жұрттың  кӛзін 
қуантып,  кӛңілін  шаттандыру  ғана  емес,  ойынның  ӛзінше  бір  ерекше 
мағыналары  болған»,  -  деп  тегіннен  тегін  айтпаса  керек.  Одан  кейінгі  кезеңде 
қазақ  халқының  бай  этнографиялық  материалдарын  жинақтаған  және  оның 
ішінде  ұлт  ойынының  тәрбиелік  маңызы  туралы  пікір  айтқандар 
К.А.Покровский,  А.И.Ивановский,  Н.И.Гродеков,  Е.А.Алекторов,  Ә.Диваев, 
А.Левшин,  Н.Пантусов,  Ф.Лазаревский,  П.П.Пашин,  Г.С.Запряжский,  А.Шиле, 
А.Харунзин,  А.Горячкин,  П.Ходыров,  Е.Букин,  О.Әлжанов,  т.б.  болды. 
Е.Сағындықов ӛз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа ӛте бай және 
әр  алуан  болады»,  -  дей  келіп,  ұлт  ойындарын  негізінен  үш  салаға  бӛліп 
топтастырған. Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш 
рет  қазақтың  ұлттық  ойындарын  үш  топқа  бӛліп  қарастырады.  Қазақ 
балаларының  ұлттық  ойынына  тоқталғандардың  бірі  -  орыс  ғалымы 
А.Алекторов.  Мәселен,  оның  «О  рождении  и  воспитании  детей  киргизов, 
правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады. Қай 
халықтың  болмасын,  оның  ұлттық  ойындарының  белгілі  бір  мақсаты  мен 
әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан  ерекше  қасиеттері  болады.  Ұлттық  
ойындардың  ел  арасындағы  беделі,  тарихи  қоғамдағы  алатын  орны  және 
болашақ  ұрпақты  ӛсірудегі  қажеттілігі,  оның  шығу  тарихы  туралы    ғалымдар  
кӛп  ізденді.  Осы  мәселеге  байланысты  зерттелеген  ғылыми  еңбектер 
хронологиялық  шектігіне  қарай  бірнеше  топқа  бӛлініп  қарастырылады: 
1.Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен 
миссионерлерінің 
кӛшпенділер 
хақындағы 
зерттеу 
жұмыстары.  
2.Кеңес  заманы  кезеңіндегі  Орта  Азия  және  Қазақстан  халықтарының  ұлттық 
ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер.  
3.Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дене  шынықтыруға  баулу  әдістерін 
педагогикалық  сипаттағы  бағыт-бағдарлама  тұрғысынан  зерттелген  жинақтар.  
4.Тәуелсіз  егеменді  елдер  кезеңіндегі  (1992  жылдан  бүгінге  дейін)  аталған 
тақырыпқа қатысты ізденістер. 
Алғашқы  топтама  еңбектің  тарихнамалық  тізгіні  Ә.Диваевтың  еңбегінен 
басталады. Ол ӛзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет 
қазақтың  ұлттық  ойындарын  үш  топқа  бӛліп  қарастырады.  Ә.Диваев  алғашқы 
топтағы  ойын  түріне  рулық-қауымдық  құрылыс  кезеңінде  ӛмірге  келген 
ойындарды,  екінші  топтамадағы  дәстүрлі  ойындарға  қозғалыс  ойындарын, 
үшінші  топқа  -  спорттық  ойын  түрлерін  жатқызады.  Ізденуші  этнографтың 
дәлелдеуінше,  халық  ойындары  балалардың  іс-әрекетін,  қимыл-қозғалысын 
дамытумен  қатар  денсаулығын  шыңдауда  тездетуші  үрдіс  әрекетін  атқарады. 
Ә.Диваев:  «Как  киргизы  развлекают  детей»  деген  мақаласында:  «бала  бас 
бармағын  кӛтеріп  оған  пайғамбарымыз  не  дейді  деп  кӛк  аспанға  қарап,  құдай 

 
226 
тәңірінен  рұқсат  сұраған»,  -  дей  келіп,  «Бес  саусақ»  ойыны  мен  саусақ 
атауларын  алға  тартады  және  аталған  мақалада  саусақ  пен  қимыл-қозғалыс 
жасау  әрекеті  негізінде  баланы  тәрбиелеп,  шынықтырудың  үлкен  даналық 
философиялық  мағынасы  жатқандығы  сӛз  етіледі.  Қазақ  балаларының  ұлттық 
ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О 
рождении  и  воспитании  детей  киргизов,  правилах  и  власти  родителей» 
(Орынбор,  1891)  атты  еңбегін  атауға  болады.  Автор  бұл  еңбегінде  кӛшпенді 
қазақ  халқының  ӛмір  сүру  салтындағы  баланың  дүниеге  келген  сәтінен  бастап 
ӛсу  динамикасына  дейін  ұлттық  ойын  мен  қимыл-қозғалыс  әрекетінің  алатын 
орны және балғындардың денсаулығы, дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы 
жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып кӛрсетеді. Қазақтың белгілі 
ғалым  ағартушылары  А.Құнанбаев,  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин  халық 
ойындарының балаларға білім берудегі  тәрбиелік  мәнін  жоғары бағалап, ӛткен 
ұрпақтың  дәстүрі  мен  атын  құрметтеп,  адамдардың  ойы  мен  іс-әрекетін  танып 
түсінуде  жастардың  эстетикалық,  адамгершілік  ой  талабының  ӛсуіне  оның 
атқаратын  қызметін  жоғары  бағаласа,  М.Жұмабаев  ойындарды  халық 
мәдениетінің бастау алар қайнар кӛзі, ойлау қабілетінің ӛсу қажеттілігі, тілдің, 
дене  шынықтыру  тәрбиесінің  негізгі  элементі  деп  тұжырымдайды.  Ұлттық 
ойындар  халық  тәрбиесінің  дәстүрлі  табиғатының  жалғасы.  Ежелден  дәстүрлі 
ойындарда халықтың ӛмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, 
батырлық-батылдық  туралы  түсінігі,  адалдыққа,  күштілікке  ұмтылуы, 
шыдамдылық,  т.б.  құндылықтарға  мән  берілуі  –  халық  данышпандығының 
белгісі. ХХ ғасырдың басында ӛмір сүрген этнограф  М.Гуннер қазақтың ұлттық 
ойындарын былайша жіктейді: 
1. Жалпы ойындар. 
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар. 
3. Ашық алаңқайдағы ойындар. 
4. Қыс мезгіліндегі ойындар. 
5. Демалыс ойындары. 
6. Ат үстіндегі ойындар. 
7. Аттракциондық-кӛрініс ойындар. 
Қазақтың  ұлттық  қозғалыс  ойындарын  спорттық  ойындардан  ажыратып, 
алғаш  рет  бӛліп  қараған  ғалым  М.Гуннер  қазақ  ойындарына  топтамалық 
жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс 
жасайды.  Бұл  жерде  айта  кететін  бір  жайт,  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлар 
Кеңесінің  1943  жылғы  шешіміне  сәйкес  1949  жылы  жарық  кӛрген  «Краткий 
сборник  казахских  народно-национальных  видов  спорта»  атты  еңбегі 
М.Гуннердің толықтырып, ӛңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында кӛшпенді 
халықтар:  қазақ,  ӛзбек,  қырғыз,  түрікмен,  қалмақ,  т.б.  отар  елдері  туралы 
этнографиялық  деректер  жинақтап,  олардың  ұлттық  мәдениетінің  тармағы  – 
халық  ойындары,  оның  ішіндегі  құрамдас  бӛлшегі  болар  ойынын  жинап 
зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер 
ғалымдарға  жүктеген.  Орыс  ғалымы  А.Васильев  «Игры  сартовских  детей» 
атты  мақаласында  Ферғана  және  Сырдария  аймақтарын  мекендеген  ӛзбек 

 
227 
халқының  ұлттық  ойындарының  бірнеше  түрлерін  ажыратып,  топқа  бӛліп, 
нақты  зерттеген.  Ізденіс  барысында  автор  Ферғана  балаларының  күнделікті 
ойнайтын  ертеден  келе  жатқан  дәстүрлі  «Гимчук  тушты  бошимга»  ойыны 
Ташкенттегі  сарт  балаларына  таныс  емес  екендігін  айтады.  Ал 
М.Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских 
сартов»  атты  мақаласында  ӛзбек  халқы  ойынының  түрлерінің  айрықша 
маңыздысы  жыл  мезгілдерінің  белгілері  бар  «Құстар  ойынын»  (тауық,  қаз, 
т.б.)  ойнаудың  ережесі,  ойын  түрлері,  тәртібі  зерттеледі.  Кеңес  дәуірі 
жылдарында  қазақтың  ұлттық  дәстүрлі  халық  ойындары  күн  тәртібіндегі 
ӛзекті  мәселе  болғанына  қарамастан,  сол  тоталитаризм  кезінде  дәстүрлі 
ұлттық  ойындарды  зерттеген  авторлар  қатарында  М.Тәнекеев,  Б.Тӛтенаев, 
М.Балғымбаев,  Ә.Бүркітбаев,  т.б.  есімдерін  атауға  болады.  Әсіресе, 
М.Тәнекеевтің  қазақтың  ұлттық  және  дәстүрлі  ойындарын  зерттеген 
деректерінің  мәні  зор.  Оның  негізгі  еңбектері  Қазақстандағы  спорт  пен  дене 
тәрбиесі  саласына  арналған.  Ең  бастысы,  ол  дене  тәрбиесінің  халықтық 
педагогикасы  сияқты  кӛкейтесті  мәселесінің  негізін  қалаған.  М.Тәнекеевтің 
авторлығымен  шыққан  алғашқы  туынды  –  «Казахские  национальные  виды 
спорта  и  игры»  (Алматы,  1957).  Бұл  зерттеуінде  ізденуші  қазақтың 
«Тоғызқұмалақ»  ойынының  ереже  тәтіптерін  таразылап,  халық  ойынының 
қажетті  жақтарын  ашып,  сонымен  қатар  басқа  да  ұлттық  қозғалмалы, 
спорттық  ойын  түрлеріне  тоқталып,  анықтама  беріп  жіктеп,  құнды  мұрағат 
деректеріне  сүйене  отырып,  ғылыми  сараланған  пікірлер  айтады.  Ғалым 
негізінен  Қазақстандағы  Қазан  тӛңкерісіне  дейінгі  кезеңде  дене  тәрбиесі 
мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен 
спорттың екі даму бағытын қара халықтық және ақсүйектік деп кӛрсетіп, оны 
формациялық  әдістемеге  сүйеніп,  яғни  таптық  тұрғыдан  қарастырады. 
Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт 
және  ойын  түрлерінің  ӛрлеуіне  отаршыл  Ресей  патшалық  ӛкіметінің  саяси 
кӛзқарасын  кӛрсетеді.  М.Тәнекеевтің  аталған  еңбегі  таптық-формациялық 
идеологиялық кӛзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, 
бүгінгі  күні  ӛз  құндылығын  жоймаған,  ғылыми  тұрғыдан  аса  жоғары  еңбек 
болып  табылады.  М.Тәнекеевтің  басшылығымен  бұдан  басқа  да  бірнеше 
ғылыми  монографиялық  еңбектер  жазылды.  Аталған  автор  қаламынан 
халықтың  этнопедагогика  мен  ұлттық  ойындар  арасындағы  байланыс  және 
ойындардың  ертеңгі  болашаққа  керекті  қасиеттілігін  зерттеген  басқа  да 
қомақты ізденістер дүниеге келеді. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың 
маңызы  мен  қажеттілігін  кӛрегендікпен  қарастырған  ғалым  Б.Тӛтенаев 
«Қазақтың  ұлттық  ойындары»  (Алматы,  1994)  атты  еңбегінде  қазақ 
ойындарын  бірнеше  топқа  бӛліп,  ойын  шарттарын  жазып,  жастар  үшін 
тәрбиелік  мәнін  зерделеп,  ойын  білдірген.  Е.Сағындықовтың  авторлығымен 
жазылған  ғылыми  монография  «Ұлттық  ойындарды  оқу-тәрбие  ісінде 
пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде 
І-VІ  сыныптарда  қазақ  халық  ойындарын  жекелеген  классификацияларға 
топтап,  оны  сабақта  және  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  қолдану 
әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, 

 
228 
оқу 
үрдісінде 
пайдалану 
қажеттілігі 
негізделеді. 
Ә.Бүркітбаевтың 
авторлығымен  1985  жылы  жазылған  «Спорттық  ұлттық  ойын  түрлері  және 
оның  тәрбиелік  мәні»  жинағында  ұлт  спорты  түрлері  мен  ұлттық  спорт 
ойындарының  балалардың  күнделікті  ӛміріндегі  алатын  орны,  тәрбиелік 
маңызы  және  ат  спорты  мен  ұлттық  ойындардың  ережесі  қарастырылса, 
М.Балғымбаевтың  «Қазақтың  ұлттық  спорт  ойыны  түрлері»  (Алматы,  1985) 
атты  еңбегіндегі  ат  спортына  қатысты  бәйгеден  бастап  жорға  жарыс, 
аударыспақ,  жамбы  ату,  аламан  бәйге,  т.б.  жарыс  түрлеріне  салыстырмалы 
талдау жасалады. Бала ӛміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың 
және  ойынның  алатын  орны,  формасы  және  мазмұны  үлкен  адамның 
тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы 
қажеттіліктің  бір  тұсы  адамды  дағдыға  үйрету  екендігін  байқаймыз.  Ғалым 
А.Усова  ӛз  еңбегінде  ойынның  мәнін  баланың  дербес  іс-әрекеті, 
айналасындағы  ӛзгерістерді  танып-білуге,  белсенді  әрекет  етуге  жол  ашуы 
ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша, шынайы ӛмірде баланың аты - бала. 
Ӛз  бетінше  әлі  ештеңе  тындырып  жарытпайтын  жан.  Қам-қарекетсіз  ӛмір 
ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде бейнебір ересек адам тәрізді ӛз 
күшін  сынап  кӛреді».  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  барысындағы 
спорттық  жаттығуларға  И.Давыдов,  Л.Былеева,  В.Яковлев,  Н.Поддьякова, 
Н.Михайленко,  Д.Хухлаева  және  тағы  басқалар  ерекше  назар  аударған. 
И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, 
мектепке  дейінгі  балалық  кезді  заттар  жӛнінде  жекелеген  нақты  түсініктер, 
жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. И.Давыдов ойын-ойыншық 
және  дидактикалық  құралдарға  ғана  сүйеніп  мектептке  дейінгі  барлық 
кездерге  заттар  жӛнінде  жекелеген  нақты  түсініктер  жинақтау  кезеңі  деп 
түсіну  қателік  деп  дәлелдейді.  Бұл  кезде  дене  шынықтыру  мен  ақыл-ой 
дамуына,  жалпы  түсінік  пен  ұғымның  қалыптасуына,  маңызды  ойлау 
операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп 
тұжырымдайды.  Д.Хухлаеваның  пікірінше,  дене  шынықтыру  жаттығуларын 
ойынмен  ұштастырған  сәтте  баланың  тұрақты  іс-әрекетке  бейімділігінің 
қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік 
болуымен  қатар  денсаулықтың,  шыдамдылық  пен  тез  қимыл-әрекеттің 
символы 
болып 
табылады. 
М.Конторович 
және 
Л.Михайлованың 
авторлығымен  жазылған  еңбекте  жыл  мезгіліне  сәйкес  қыс  айларында 
ойналатын  ойындар,  топ  болып  ойнайтын,  жеке  бір  балаға  арналған  далада 
ӛткізілетін  қимыл-қозғалыс  ойындарының  әдістемелік  нұсқауы  берілген. 
Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бӛліп классификация жасап, 
бірнеше  халық  ойындарын  ұсынған.  Олардың  ішінде  «Қояндар»  (2-3 
жастағыларға),  «Аңшы  мен  ит  және  қояндар»  (4  жастағылар  үшін),  «Торғай 
мен  мысық»  (5-6  жастағыларға  арналған)  қозғалмалы  ойындарын  зерттеп, 
қолданысқа  түсірген.  А.Быкованың  басшылығымен  баспадан  шыққан 
«Физическое  воспитание  в  детском  саду»  кітабында  балабақшаның  әр 
тобында  жас  ерекшелігіне  қарай  ӛткізетін  қарым-қатынас  ойындарын 
ұйымдастыру  және  оны  ӛткізу  әдістері,  т.б.  мәселелер  қарастырылған. 
Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды ӛзін-

 
229 
ӛзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей 
емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-
теңдікті  сақтау  қасиеті,  оларды  әртүрлі  ойынға  тарту  арқылы  шыңдау, 
ұмтылдыру,  бірнеше  рет  бір  ойынды  ойнату  барысындағы  баланың 
физиологиялық  ӛзгерісімен  қатар  психологиялық  тұрғыдан  сенімділігінің 
артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады. Еліміздің егемендік алуы 
Қазақстандағы  дене  шынықтыру,  ұлттық  ойындар  мәселесіне  басқаша  сын 
кӛзбен  қарауды  талап  етеді.  Осы  орайда  соңғы  жылдары  ойын  тақырыбыда 
бірнеше  ғылыми  еңбектер  жарық  кӛрді.  Е.Мұхиддинов  қазақтың  ұлттық 
ойындарын  дамыған  қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық  құрылыммен 
байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін 
қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды. 
А.Құралбекұлы  мен  С.Әкімбайұлы  жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінің 
дене  шынықтыру  жүйесінде  қазақ  этнопедагогикасы  материалдарына,  оның 
ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың 
ғылыми  теориялық-әдістемелік  негіздеріне  сүйене  отырып,  талдау  жасаса, 
А.Айтпаеваның  ғылыми  еңбегінде  орыс  тілінде  оқытатын  мектептердің 
бастауыш  сынып  оқушыларын  тәрбиелеу  құралы  ретінде  қазақ  халқының 
ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың 
тәрбиелік  мүмкіндіктері  айқындалған.  Бұдан  шығатын  ой  қазақтың  ұлттық 
ойындарының  басқа  халықтардың  ұлттық  ойындарынан  айырмашылығы  - 
оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік 
мақсат  бірлігін  кӛздейтінінде.  Ұлттық  ойын-салауатты  ӛмір  салтын  мұрат 
тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті 
қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы. Сабақ 
кезінде  немесе  сабақтан  тыс  кезде  баланы  ұлттық  ойын  арқылы  ӛмірге 
тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Жас ұрпақтың қалыптасып ӛсіп-ӛнуіне 
әсер  ететін  факторлардың  бірі,  дәстүрлі  мәдениетіміздің  бір  бағыты- 
халықтың ұлттық ойындары. Ұлттық ойындарды қолданудың негізгі мақсаты 
бала  бойындағы  дене  күшінің  сапалық  қасиеттерін  дамытып  жетілдірумен 
қатар,  оның  мінез-құлқы  мен  адамгершілік  қабілеттерін  сәби  кезеңнен 
тәрбиелеуге  ұлттық  ойындардың  пайдалы  ықпалы  бар  екендігін  кӛрсету. 
Тарихының  кӛнелігіне  қарамастан  –  ойын  үнемі  жаңа,  тат  баспайтын, 
ескірмейтін  нәрсе.  Ӛйткені,  күн  сайын  дүниеге  келіп  жатқан  сәбилердің 
қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, дүниеге қуат, жанға саулық беріп, рухани 
азық  болатын  да  –  осы  ойын.  Этнограф  ғалымдардың  пайымдауынша,  ата-
бабамыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде 
б.з.б.  І  мыңжылдықта-ақ  қалыптасқан.  Біздің  қоғамымыздағы  ұлттық 
ойындардың  негізгі  шығу  тегі  халқымыздың  кӛшпелі  дәстүрлі  шаруашылық 
әрекеттерінен  бастау  алады.«Қазақстан  Ұлттық  энциклопедия»  кітабында 
қазақтың  ұлттық  ойындарының  мән-мазмұны  туралы:  «Қазақ  ұлты  негізінен 
ұрпақ  қамын  басты  мақсат  етіп  қойып,  балалардың  нағыз  азамат  болып 
қалыптасуына  аса  зор  мән  берген.  Нәтижесінде  дәстүрлі  бала  тәрбиесінің 
басты  құралы  ретінде  ұлттық  ойынды  орайластырып,  дамытып  отырған»,  - 
деп  жазылған.  Қазақ  халқы-ұлт  ойындары  ерлікті,  ӛжеттілікті,  батылдықты, 

 
230 
шапшаңдықты, тағы басқа қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып 
шынығуын  қажет  етеді.  Сонымен  бірге,  бұл  ойындар  әділдік  пен 
адамгершіліктің  жоғары  принциптеріне  негізделген.  Ӛйткені,  ойынға 
қатыспай  тұрып-ақ  оған  күн  ілгері  кӛп  адамдардың  тер  тӛгіп,  еңбек  етуіне 
тура келеді. Мысалы «Бәйгені» алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын 
атты  таңдап  алады.  Ол  атты  баптап,  бағып-күтуге  тура  келеді,  оның  ішетін 
суы  мен  жейтін  жеміне  дейін  белгілі  бір  мӛлшерге  келтіреді.Сондықтан, 
қазақтың  ұлттық  ойындары  сауықтық  жағынан  ғана  емес,  ол  –  спорт,  ол  – 
ӛнер,  ол  –  шаруашылық  тәжірибелік  маңызы  бар  тәрбие  құралы.  Қазақтың 
ұлттық ойындары: асық, ақсүйек, бес тас,  кӛкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз 
қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға 
да ие болды. Кӛшпелі қазақтар ӛмір салты - денсаулыққа аса зор мән берген. 
Атқа міну ӛнері жас баланың сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және 
ортақ  дәстүріне  айналды.  Бозбала  да,  қыз  бала  да  жастайынан  аттың 
құлағында  ойнауға  бейімделді,  соған  тырысты.  Ойын-сауық  –  тәжірибе  мен 
тәсілдің  еркіндігі,  тапқырлық  пен  болжамның  қиылысатын  шебі,  мұрат  пен 
меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзіл-қалжың бола берді. 
Ойын-сауық  қара  күш  кӛрсететін  озбырлық  немесе  біреудің  намысын 
жыртатын  қастандық  емес.  Ой  ӛтімділігі  мен  сӛз  ӛткірлігі,  шеберлер  ӛз 
мәртебесін  мойындатып  жатады.  Ойын  серіктесті  таба  білуге,  онымен  тіл 
табысуға  үйретеді.  Халқымызда  ұлттық  қимыл-қозғалыс  ойындарының  түрі 
кең 
таралған.    
Мамандар ойындарды тӛрт топқа бӛледі: 
1.  Табиғи  заттарды  қолданып  ойнайтын  ойындар:  асық,  бестас,  ақ  сүйек, 
сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.; 
2. Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ 
байпақ, кӛк сиыр және т.б.; 
3.  Мүліктік  бұйымдарды  қолданып  ойнайтын  ойындар:  шалма,  бӛрік 
жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б. 
4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгӛлек, ақсерек-кӛксерек, шымбике, 
мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б. 
Ойын  ӛнердің  түріне,  топты  ұйымдастыру  тетігіне,  ұлттың  әдеп-ғұрпының 
қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті. Ойын - бір жағы, 
дене  қозғалысы,  шыныққан  денесінің  шеберлігі,  бір  жағы:  кӛңіл  кӛтеру,  дем 
алу, бір жағы бас қосып бірлесіп, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу.  Ойын - 
ұрпақтар  ӛмірін  үйлестірудің  дәстүрлі  ән  бимен  ӛрнектелген  сауық  түрі. 
Ұлттық  ойындар  жасӛспірімдердің  ой  қабілетін,  ӛмірге  деген  кӛзқарасын 
дұрыс  қалыптастырады.  Олар  үшін  ойын  –  баланың  жан-тәнін  қоздыратын 
тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңістің 
дәмін  тартқызатын  жеңімпаздардың  мәртебесін  кӛтеретін    қолдау  тоғысы. 
Қазақтың  ұлттық  ойын  сауығы  достық  пен  қонақжайлылықтың  белгісі  және 
кӛптің  басын  біріктірудің  кепілдігі.  Ұлтымыздың  тұғыры  мықты  болуына 

 
231 
ұлттық  ойындардың  мектепке  дейінгі  кезеңнен  бастап  ұмытылмай  ойналып 
тұруы  да  ӛз  үлесін  қоспақ.  Ойынға  тек  ойын  деп  қарамай  халықтың  асыл 
қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. 
Бала  ойындарының  мазмұны  байып,  түрі  ӛзгеріп  отырады.  Жалпы  ойынның 
қандай  түрі  болмасын,  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып  отырады. 
Халық  ойындары  ӛмірлік  қажеттіліктен  туады  да,  психологиялық  жағынан 
денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да 
қажырлы  бала  ӛсіруді  армандамайтын  отбасы  жоқ.  Сабақта  және  тәрбиеде, 
яғни  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуда,  дене  шынықтырудан  
ұйымдастырылған  жұмыс  формаларында  (оқу  іс-әрекеті,  ертеңгілік 
гимнастика,  мереке,  серуен,  т.б.)  ұлттық  ойынды  ұтымды  пайдаланса, 
балалардың  ӛз  бетімен  жұмыс  жасау  дағдыларын  қалыптастыру  шарттары 
негізделсе,  онда  балалардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыруға  және 
халық    мұрасын  бойына  сіңіріп,  ұлттық  сананы  қалыптастыруға  болады.  
Демек, ойынның ӛзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар кӛзі болып табылады. 
Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған ӛзгеше әр беріп, жаңартып ӛткізіп 
отыруды  ата-аналар,  тәрбиешілер  бір  сәт  те  естен  шығармағандары  абзал. 
Ӛйткені бүлдіршіндердің ойнай да, күле де, ойлай да білуі маңызды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет