А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет25/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


  
3  жасар  балалар  кейбір  қимылдарды  жасау  тәжірибесіне  ие  болады, 
түсіндіргенді  тыңдап,  кӛрсеткен  қимылдарды  бақылай  алады,  оларды 
жеткілікті дәрежеде қайталайды. Бұл жаттығулар кӛлемін ұлғайтуға, олардың 
түрлерін  
  
4  жасар  бала  жеткілікті  дәрежеде  тұрақты  назар  аудара  алады, 
қимылдарды  орындауға  қойылатын  талапты  түсінеді,  дербестікке  ұмтылады, 
ӛз  әрекеттерінің  нәтижелеріне  қызығады.  Осы  ӛзгерістерді  ескере  отырып, 
жаттығуларды  күрделендіруге,  атқарылатын  ауыртпалықты  ұлғайтуға, 
тұлғаны  неғұрлым  дұрыс  қалыптастыруға  талап  қоюға,  бар  затқа  бағдарлау 
кезінде  кеңістік  терминологиясын  қолдану  арқылы  кӛрнекі  әдісті  және 
ауызша  айтып  үйрету  әдісін  пайдалануға,  үлкен  дербес  әрекеттер  жасау 
мүмкіндігін  беруге  болады.  5  жасар  балаларда  қимыл  дәлдігі,  үйлесімі, 
сенімділігі  жүйелі  түрде  қалыптасады.  Оқу  міндетін  түсіну,  орындаудың  ӛте 
жақсы  сапасына  ұмтылу  тұлғаның  қалыптасуына,  қимылдың  дәлдігіне, 
мақсаттылығына,  дербестікке  қойылатын  талапты  күшейтуге  мүмкіндік 
береді.  Атқарылатын ауыртпалық, орындалу қарқыны, үлгіні дәл қайталауға, 
кеңістік  терминологиясын  пайдалану  арқылы  ауызша  берілетін  нұсқау 
бойынша жаттығуларды орындауға қойылатын талап ӛседі. 
  
6  жасар  балалар  жақсы  қалыптасқан  тұлғасын,  қимыл-қозғалыс 
дағдыларының мол қорын, ӛзін-ӛзі бақылау және қимыл сапасына дұрыс баға 
беру  қабілетін  игереді.  Олар  ауызша  берілетін  нұсқауды  дұрыс  қабылдайды, 
қимылды  дәл,  сенімді  қайталайды,  кеңістік  терминологиясын  пайдалана 
отырып  (жалаушаны  жоғары  кӛтеру  керек,  одан  кейін  оларды  оңға-тӛмен 
түсіру,  тағы  да  жоғары  кӛтеру  және  солға-тӛмен  түсіру  керек),  олардың 
орындалу процесін түсіндіреді. Балалар шығармашылық тапсырмаларды қызу 
қабылдайды, ӛзгертеді. 
Заттарды  пайдалану.  Денені  жалпы  дамытатын  жаттығуларды  балалар 
кӛбіне,  заттармен  -  таяқшалармен,  жалаушалармен,  құрсаулармен, 
ленталармен,  жіптермен,  сырықтармен,  шарлармен  және  с.  с.  орындайды. 
Бұлардан  да  басқа  заттарда  -  гимнастикалық  қабырғада,  отырғышта, 
орындықта,  бӛренеде,  заттардың  -  гимнастикалық  қабырғаның,  дуалдың 
үстінде орындайды. Әртүрлі заттар балалар үшін пайдалы бір ғана жаттығуды 
бірнеше  рет  қайталауға,  оларға  деген  балалардың  қызығушылығын  сақтауға 
мүмкіндік  береді  (Mысалы,  балалар  екі  қолының  аралығын  иықтан  кең  етіп 
кӛтеріп 
тӛмен 
түсіретін 
жаттығу 
құрсаумен, 
таяқпен, 
лентамен 
жалаушалармен және т. б. орындалады). Оның үстіне зат тапсырманың әбден 
нақтылы  болуына  кӛмектеседі,  қимыл  неғұрлым  дәл  жасалады  (мысалы, 
жоғары  кӛтерілген  таяқ  қолдың  кӛтерілген  кездегі  қажетті  шекараны 
айқындайды  және  баланың  ӛзіне-ӛзі  бақылауын  дамытуға  кӛмектеседі). 
Затпен жаттығуды бірнеше рет қайталау одан әрі жаттығуды затсыз орындау 
кезінде сақталатын дұрыс бұлшық ет тонусын қалыптастыруға кӛмектеседі. 
 
 
 
 

 
212 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Дене  қасиеттері қабілеттерін қалыптастыру түсінігіне сипаттама беріңіз. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын пайдалана отырып, 
дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесін әртүрлі жас кезеңдерінде 
ұйымдастыру ерекшеліктері және кӛрсеткіштерін түсіндіріңіз. 
2.  Күш  және оны дамыту әдістемесі туралы не айтар едіңіз? 
3.  Ептілік және оны дамыту әдістемесі. 
4.  Тӛзімділік және оны дамыту әдістері. 
5.  Икемділік  және оны дамыту әдістемесі 
6.  Жылдамдық (шапшаңдық) және оны дамыту әдістемесі. 
7.  Денені жалпы дамытатын жаттығулар дегеніміз не?  Балаларға қойылатын 
талаптар, балаларға қойылатын талаптарды күрделендіру, заттарды 
пайдалану туралы түсінік беріңіз. 
             Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға                             
                                             арналған материалдар 
1.Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігі: 
А.  Шапшаңдық 
Ә.  Тапқырлық 
Б.  Икемділік  
В.  Ұстамдылық 
2.Белгілі әрекетке арналған спорт түріне бейімделген тӛзімділік : 
А.  Жалпы тӛзімділік 
Ә.  Нақты тӛзімділік 
Б.  Арнайы тӛзімділік 
В.  Жеке тӛзімділік 
3.Спорттағы сыртқы қарсылық: 
А.  Адамның шаршауы 
Ә.  Жаңбыр, жел 
Б.  Серігінің қарсы әрекеті 
В.  Спортшының дайындығы 
4.Ауырлық шамасын білу үшін спортшы қанша рет кӛтере алатыны белгілі 
салмақ қолданылады, ол салмақ  қалай аталады? 
А.  Қайталау максиумы (ҚM) 
Ә. Шектеу максимумы  (ШМ) 
Б.  Жаттығу минимумы (ЖМ) 
В. Дамыту жаттығуы (ДЖ) 
5.Ӛз салмағының ауырлығын басқару жаттығуы: 
А.  Тамақты уақытымен ішу 
Ә.  Ұйқыдан ерте тұру  
Б.   Серіппеде тартылу 
В.  Қыдыру 

 
213 
6.Адамның қозғалысқа ӛз дене салмағын есептемей кӛрсеткен күші: 
А.  Меншікті күш 
Ә.  Артық күш 
Б.  Абсолютті күш 
В.  Салыстырмалы күш 
7.Жаттығуларды аса ауыр заттармен орындау сипаты:  
А.  Салмақ қосып тарту 
Ә.  Үнемі жүгіру 
Б.  Жаттығуларды  жиі орындау 
В.  Жүрісті кӛбейту 
8. Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілеті : 
А.  Батылдық 
Ә.  Шешімділік 
Б.  Тӛзімділік 
В.  Табандылық 
9.Сыртқы қарсылықты  жеңу немесе бұлшық ет кӛмегі арқылы оған қарсылық 
кӛрсету: 
А.  Салмақ 
Ә.  Шыдамдылық 
Б.  Батылдық 
В.  Күш 
10.Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінде олардың организмінің жасқа 
байланысты ерекшеліктері: 
А. Ән айтуы 
Ә. Бұлшық еттерінің әлсіздігі 
Б.  Кӛп ұйықтауы 
В. Жаттығулармен жиі айналысуы 
11.Жұмысты энергиямен қамтамасыз етудегі тӛзімділіктің бір түрі: 
А.  Аэробты 
Ә.  Моноробты 
Б.  Гетероторфты 
В.  Жалпы 
12.Тӛзімділік жүйке орталықтарының функциялық тұрақтылығымен, 
қорғаушы аппарат пен ішкі органдар қызметінің үйлесімімен айқындалады 
деген кім? 
А.  П.Ф. Лесгафт 
Ә.  A. Н. Крестовников 
Б.  А.Ж.Салиева 
В.  Т.А.Макеева 
13.Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, ӛзінің қозғалыс әрекетін 
ӛзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілетілігі: 
А. Шапшаңдық 
Ә.  Икемділік 
Б.  Ептілік 
В. Қайсарлық 

 
214 
14.Дене қуаты қасиетін тәрбиелеу қажеттілігі неге  байланысты? 
А.  Отанды корғауға 
Ә.  Күшті болуға 
Б.  Денені дамытуға 
В.  Дұрыс жүруге үйренуге 
15.Шапшаңдық қабілеттін дамыту үшін тез және жай жүгіру жаттығуын: 
қысқа аралыққа ең жоғары қарқынмен жүгіруден неғұрлым байыпты қарқынға 
кӛшумен алмастыруды пайдалану керектігін кім ұсынған? 
А.  А.  Ш.Сапарбаева 
Ә.  Е.А.Аркин 
Б.  Е. Н. Вавилова 
В.  Н.Құлжанова 
13-тақырып. Қимыл-қозғалыс ойындары 
 
1.  Ойын - дене тәрбиесі құралы 
2.  Қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама 
3.  Қимыл-қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесі.  Қимыл-қозғалыс 
ойындарының негізін салған ғалымдар (Ф.Лесгафт, Н.И.Пирогов, 
Е.Н.Водовозова, П.Ф.Каптеров, Е.А.Аркин) 
4.  Ойындардың жіктелуі: сюжетті, сюжетсіз қимыл қозғалыс ойындары, 
спорттық ойын элементтері  бар ойындар 
5.  Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама. Қимыл-қозғалыс 
ойындарын басқару әдістемесі (Сағындықов, Иманбеков, Айтбаева) 
 
Ойын - дене тәрбиесі құралы. Мектепке дейінгі балалар болашақ  қоғам иесі 
болғандықтан  дүниежүзілік  мәдениетті  танитын,  ӛзінің  тӛл  мәдениетін 
білетін,  сыйлайтын,  рухани  дүниесі  бай,  саналы  ойлайтын  деңгейі  жоғары 
білікті  болуы  міндетті.  Ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған 
тәжірибесін,  мәдениетін  жасӛспірімдер  бойында  саналы  сіңіріп,  қоршаған 
ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, ӛмірге деген кӛзқарасын, бағытын 
дұрыс  қалыптастыру  тәрбиеге  байланысты.  Мектепке  дейінгі  мекемелердегі 
дене  тәрбиесі  тәрбиелеу  және  білім  беру  үрдісінде  әртүрлі  іс-әрекеттер 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Балалармен  ойынның  әртүрін  ұйымдастыра 
отырып,  дене  қимылын  жан-жақты  дамытуға,  салауатты  ӛмір  салтына 
тәрбиелеуге болады. Ойын - балалар ӛмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі 
мен  табиғи  ӛсуінің  қажетті  алғы  шарты  және  халықтың  салтын  үйретеді, 
табиғат құбылысын танытып, олардың кӛру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік 
пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам ӛркениетке бейім болуы үшін балалық 
шақты  бастан  кешуі  міндетті,  егер  ойын  мен  қызыққа  толы  балалық  шақ 
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала 
денесінің  дамуы  мен  ой-дүниесінің  ӛркен  жаюы  ойынға  тікелей  тәуелді 
екендігін  атап  кӛрсеткен.  Қазақ  халқының  жылдар  бойы  атадан  балаға 
жалғасып,  қалыптасқан  ұлттық  дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  тәрбие  мектебі  бар. 
Баршамызға  белгілі,  ойын  арқылы  баланың  дене  құрылысы  жетіліп,  ӛзі 

 
215 
жасаған  қимылына  сенімі  артады.  Баланың  бойында  ойлау,  тапқырлық, 
ұйымдастырушылық,  шыдамдылық,  белсенділік  қасиеттер  қалыптасады. 
Ойын  дегеніміз  -  жаттығу,  ол  арқылы  бала  ӛмірге  әзірленеді.  Ойын-мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  іс-әрекеті.  Сұлтанмахмұт  Торайғыров 
«Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Ӛйткені, ойын үстінде 
баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі, қызығуы анық байқалады. Ойындар 
мазмұны  мен  түріне  қарай    бӛлінеді.  Мысалға  алсақ,  соның  ішінде  қимыл-
қозғалыстық  ойында  балалар  ойын  мазмұнын  түсінікті  етіп  жеткізуге 
тырысады,  оған  қажетті  құрал-жабдықтарды  табуға  талпынады,  оларды 
дайындау  үшін  еңбектенеді,  ал  еңбек  ұжымдық  іс-әрекетке  біріктіреді  және 
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың ӛзара қарым-қатынасын 
реттеп,  олардың  бойында  адами  сапаларды  қалыптастырады.  Бала  қалаған 
ойынына  сай  кейіпкердің  киімін  киіп,  қимылын,  дауыс  ырғағын  мәнерлі 
жеткізуге  тырысады.  Соның  ішінде  дене  шынықтыруда  жиі  қолданылатын 
қимыл-қозғалыс  ойынында  балалар  әртүрлі  қимылдар  жасай  отырып, 
санамақтар,  ӛлеңдер,  тақпақтар  қолданады.  Бұндай  ойындарда  балалардың 
ептілігі,  қимылдың  әдемілігі  дамып  қалыптасады,  кеңістікті,  уақытты 
бағдарлауға  үйренеді,  батылдық,  тапқырлық,  қайраттылық,  достық, 
жолдастық  кӛмек,  тәртіптілік,  ойын  ережесіне  бағына  білу  сияқты  сапалар 
тәрбиеленеді.  Бала  ӛмір  құбылыстарына,  адамдарға,  жануарларға  деген 
ынтасын,  қоғамдық  мәні  бар  іс-әрекетке  деген  құштарлығын  ойын  арқылы 
қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың жан-жақты 
тәрбиесінің  дамуында  маңызды  рӛл  атқарады.  Баланың  ӛмірге  қадам 
басардағы  алғашқы  қимыл-әрекеті  –  ойын,  сондықтан  да  оның  мәні  ерекше. 
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, ӛсер 
бала  бола  ма?»  деп  айтқандай  баланың  ӛмірінде  ойын  ерекше  орын  алады. 
Жас баланың ӛмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері 
осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар 
мен  педагогтар  ғана  емес,  философтар,  тарихшылар,  этнографтар  және  ӛнер 
қайраткерлері  мен  бала  тәрбиесін  зерттейтін  ғалымдар  да  шұғылданды. 
Кӛптеген  балалар  жазушылары  бала  ойынының  психологиялық  мәнін  және 
ойынға  тән  ерекшеліктерді  кӛркем  бейнелер  арқылы  суреттегені  де  мәлім. 
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің 
біразы  ӛз  еңбектерінде  ӛнер  және  ойын  кӛркемдік  іс-әрекеттің  алғашқы 
қадамы  деп  түсіндіреді.  Ойында  шындық,  оның  бейнелі  сәулесі  кӛрінеді. 
Жалпы ойынға тән нәрсе ӛмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі 
іс-әрекеттеріне  еліктеу  екені  белгілі.  Ойынның  шартты  түрдегі  мақсаттары 
бар,  ал  сол  мақсатқа  жету  жолындағы  іс-әрекеттер  бала  үшін  қызықты. 
Балаларға  ақыл-ой,  адамгершілік,  дене  шынықтыру  және  эстетикалық  т.б. 
тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар ӛзін 
еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, 
ойлау,  қиялдау,  зейін  қою,  ерік  арқылы  түрлі  психикалық  түйсік  пен  сезім 
әлеміне  сүңгиді.  Сондықтан  да  мектепке  дейінгі  тәрбиеде    бала  ойынына 
ерекше  мән  беріледі,  ӛйткені  ойын  үстінде  қалыптасатын  балалық  шақтың 
түйсігі мен әсері адамның кӛңіліне ӛмірлік ӛшпестей із қалдырады. Бала ойын 

 
216 
арқылы  ӛзін  толқытқан  қуанышын  немесе  ренішін,  асқақ  арманын,  мұрат-
мүддесін  бейнелесе,  күні  ертең  сол  арман  қиялын  ӛмірде  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  алады.  Сӛйтіп  бүгінгі  ойын,  бейнелі  әрекеттің  ертеңгі  шындық 
ақиқатқа айналауына жол салады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке 
басының  дамуына  игі  ықпал  ететін  жетекші,  басты  құбылыстың  бірі  деуге 
болады. Бала ойын арқылы ӛзінің дене қимылын дамытады, шынығады, күш-
жігерін  жаттықтырады,  қоршаған  орта  мен  құбылыстардың  ақиқат  сырын 
ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Болашақ құзыретті жеке тұлғаның 
даму, тәрбие жолы, тәлімдік ӛнегесі ойыннан бастап ӛрбиді. 
Осындай ой-пікірлерден кейін ойын туралы тұжырым жасасақ: 
-ойын-тәрбие негізі; 
-ойын-ұлттық сананың қалыптасуы; 
-ойын-дене қимылын дамытудың бірден-бір жолы; 
-ойын-дене қасиетін дамытудың таптырмас құралы; 
-ойын-қоршаған дүниені танудың жолы; 
-ойын-еңбекке тәрбиелеудің басты құралы; 
-ойын-әлеуметтік ортаға үйренудің алғы шарты; 
-ойын-шығармашылықтың бастауы; 
-ойын-денсаулық; 
-ойын-қатынас құралы. 
Қимыл–қозғалыс  ойындары  –  жасӛспірімдердің  сүйікті  де  пайдалы  іс-
әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін 
арттырады.  Кӛңіл-күйін  сергітіп,  тамаққа  тәбетін  ашады,  еңбекке 
құлшынысын күшейтеді.  Ойын ежелден келе жатқан адам ӛмірінің манызды 
бӛлігі  екені  сӛзсіз.  «Бала  ойынмен  ӛседі»  -  демекші,  қимыл-қозғалыс 
ойындарының бала тәрбиесіндегі рӛлі ерекше. Ол-ондаған ұрпақтың керегіне 
жарап,  оларды  ӛмірге  әзірлеу  қажетін  ӛтеген,  сыннан  ӛткен  сенімді  тәрбие 
құралы.  Ойын  жігерлілікке,  шыдамдылыққа  және  ұйымшыл  болуға  т.б. 
тәрбиелейді.  Сондай-ақ,  тез  арада  ойлау  қабілеттерін  дамытады.  Қимыл–
қозғалыс  ойындарының  спорт  ойындарынан  айырмашылығы  ешбір  арнайы 
құрал-жабдықты, ӛткізетін орынды және уақытты талғамайды. Оларды бүгінгі 
білім беру саласында (балабақша, мектеп .т.б.) дене шынықтыру сабақтарына 
және тәрбие жұмыстарына пайдалануға қолайлы. Қимыл–қозғалыс ойындары 
бірнеше  түрге  бӛлінеді:  ұлдарға  және  қыздарға  арналған  ойындар,  топтық 
ойындар,  командалық  ойындар,  эстафеталық  ойындар,  жекпе-жек  ойындары 
және  қысқы  ойындар.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дене  тәрбиесі 
процесінде  қимыл-қозғалыс  ойындарына  жетекші  рӛл  беріледі.  Дене 
тәрбиесінің  негізгі  құралдары  мен  әдістерінің  бірі  ретінде  қимыл-қозғалыс 
ойындары  сауықтыру  және  тәрбие-білім  беру  міндеттерін  тиімді  шешуге 
мүмкіндік  береді.  Ол  бала  денесінің  дамуына  және  сауығуына  жан-жақты 
ықпал  жасайды.  Ойын  процесінде  балалардың  қозғалғыштық  ширақтылығы 
бүкіл организмде жігерлілік жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, 
ӛмірлік  тонусын  арттырады.  Қимыл-қозғалыс  ойындарын  ӛткізу  кезінде  қол 

 
217 
жеткен  сауықтыру  тиімділігі  балалардың  ойнау  әрекеті  процесінде  пайда 
болған  және  баланың  психикасына  ізгілікті  әсер  ететін  жағымды  эмоциямен 
тығыз  байланысты.  Эмоциялық  ӛрлеу  балалардың  жалпыға  ортақ  мақсатқа 
жетуге  ұмтылысын  туғызады  және  тапсырманы  айқын  түсінуінен 
қимылдардың  жақсы  үйлесімінен,  кеңістікте  және  ойын  жағдайында 
неғұрлым  дәл  бағдар  белгіленуінен,  тапсырманы  жедел  қарқынмен 
орындауынан  кӛрінеді.  Мақсатқа  жетуге  ұмтылу  қуанышы  баураған 
балалардың  осындай  әуестенуі  кезінде  әртүрлі  кедергілерді  жеңуге 
кӛмектесетін  жігердің  рӛлі  артады.  Қимыл-қозғалыс  ойындары  балалардың 
игеріп  үлгерген  қимыл  дағдыларын  жетілдіру  және  дене  қабілетін 
қалыптастыру  әдісі  ретінде  қызмет  етеді.  Ойын  процесінде  бала  ӛзінің 
назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа  жетуге аударады. Ол ойын 
шартына бейімделіп,  ептілік  кӛрсетіп  және  сол  арқылы  қимылды  жетілдіріп, 
мақсаттылықпен әрекет етеді. Сондықтан, мысалы «Aпандағы қасқыр» ойыны 
балалар жүгіріп келе жатып ұзындыққа секіруді игерген кезде ӛткізіледі. 
  
П.  Ф.  Лесгафт:  «Oйындарда  жүйелі  түрде  жүргізілген  сабақ  кезінде 
игерілгендердің  бәрі  қолданылады,  сондықтан  мұнда  жұмсалатын  қимылдар 
мен  әдістердің  бәрі  ойынға  қатысатындардың  күші  мен  икеміне  толық  сай 
келуі және мүмкіндігінше ӛте дәлдікпен және ептілікпен жасалуы тиіс»,- деп 
жазады.  Бұл  ереженің  дұрыстығын  педагогтар  (M.М.Конторовичтің, 
Л.И.Михайлованың,  А.И.Быкованың,  Т.И.Осокинаның,  Е.А.Тимофееваның, 
Н.Н.Кильпионың,  Н.В.Потехинаның,  Э.Я.Степаненкованың,  С.Я.JIайзаненің 
және  т.б.)  жұмыстары  дәлелдейді,  олар  балабақшадағы  қимыл-қозғалыс 
ойындарын  жүргізудің  әдістемесін  талдап  жасауға  елеулі  үлес  қосты. 
Қозғағыш  іс-әрекет  ретінде  қимыл-қозғалыс  ойындары  белгілі  бір 
ерекшелікке ие: ол баладан сигналды тез сезінуді және күтпеген жерден ойын 
жағдайын  ӛзгертуді  талап  етеді.  Ойын  кезінде  пайда  болатын  әртүрлі 
ситуациялар қимыл мен әрекеттің сипатын, қимыл бағытының тез ӛзгеруімен 
бұлшық  ет  ширығуының  дәрежесін  ӛзгерту  қажеттігін  туғызады.  Мысалы, 
«Ұстап алу» ойынында әрбір бала жетекшінің әрекетін назар аудара бақылауы 
керек.  Ол  жақындаған  кезде  бала  қарама-қарсы  жаққа  тез  қашып  кетеді. 
Ӛзінің  қауіпсіз  жағдайда  екенін  сезген  соң  қимыл  қарқынын  бәсеңдетеді, 
тежейді,  тоқтайды.  Жетекші  тағы  да  жақындаған  кезде  ол  қимылын  тағы  да 
тездетеді. Әрбір қимыл-қозғалыс ойынында балалардың ойын әрекеттері мен 
қимылдарын  ӛзгертуге  берілетін  сигналдар  болады.  Мысалы,  «бағыт  пен 
қимыл  сипатын  ӛзгертуді  білдіретін  сигналдар  балалардың  тез  сезінуін, 
қабылдауын  туғызады:  бытыраңқы  жеңіл  жүгіріс  бұрын  белгіленген 
орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура 
бағытта  жүгірумен  ӛзгереді.  Мұндай  ширақ  қимыл  әрекеті  еліктіру  және 
тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып, баланың жүйке жүйесін 
шынықтырады.  Қимыл-қозғалыс  ойынында  бала  назар  аудару  және  бұлшық 
еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді: ойынның қалыптасқан ситуацияға 
байланысты 
ол 
қимылды 
тынығумен 
кезектестіре 
алады. 
Бұл 
бақылағыштыққа,  тапқырлыққа  тәрбиелеуге,  қоршаған  ортадағы  жағдайдың 

 
218 
ӛзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез 
шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, инициатива, мақсатқа 
жетудің ӛзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға кӛмектеседі. 
Қимыл-қозғалыс  ойындарының  теориясы  мен  әдістемесі.    Қимыл-қозғалыс 
ойындарының  негізін  ғалымдар  (Ф.Лесгафт,  Н.И.Пирогов,  Е.Н.Водовозова, 
П.Ф.Каптеров, Е.А.Аркин) салған. Қимыл-қозғалыс ойындары ӛзінің бастауын 
халықтық  педагогиканың  тұңғиығынан  алады.  Сәби  жасынан  бала  ӛзінің 
алғашқы  жасаған  қимылдарымен  байланысты  айшықты  әсем  халықтық 
ойыншықтармен  ойнап,  әзілдерді,  күлдіргілерді  естіп,  қызық  ойындарға 
кенеліп  тәрбиеленеді.  Неғұрлым  ересек  балалардың  ӛмірінен  балалар  үшін 
қызғылықты  ойын  бастауларды,  жеңіл  ӛлеңдерді,  санамақтарды  қамтитын 
әртүрлі қимылдар жасалатын халық ойындары орын алды. Бұлардың бәрі күні 
бүгінге  дейін  ӛзінің  ғажап  кӛркемдігін,  тәрбиелік  мәнін  сақтап  келеді  және 
бағалы,  қайталанбас  ойын  фольклорын  құрайды.  Әйгілі орыс  педагогы  К.  Д. 
Ушинский    орыс  халық  ойындарын  тәрбие  берудің  құдіретті  құралы  деп 
санап, оларды кеңінен пайдалануды ұсынды және педагогтарды балалар үшін 
ол  ойындарды  жинауға  шақырды.  К.Д.Ушинскийдің  пікірі  бойынша, 
балалардың  бойында  қоғамдық  мінез-құлық  дағдыларын  қалыптастыратын 
«алғашқы  қоғамдық  қатынастар  ассоциациясын»  түйіндейтін  ұжымдық 
ойындар ерекше тәрбиелік рӛл атқарады. Сол кездің кӛрнекті педагогтары Н. 
И. Пирогов, ал кейінірек Е. Н. Водовозова, П. Ф. Каптерев және басқалар  — 
баланың  дене  тәрбиесінде  қимыл-қозғалыс  ойындары  баланың  жасына 
байланысты  қажеттілігіне  жауап  беретін  әрекет  ретінде  және  жан-жақты 
дамыту құралы ретінде бірінші дәрежелі маңызы бар екендігін атап кӛрсетті. 
  
Әйгілі  орыс  педагогы  П.  Ф.  Лесгафт  Ресейде  дене  тәрбиесінің  ӛзіндік 
жүйесін  талдап  жасады.  Онда  қимыл-қозғалыс  ойындарына  кӛп  орын 
берілген.  Ойынды  П.Ф.Лесгафт  жаттығу  ретінде  тұжырымдайды,  оның 
кӛмегімен бала ӛмірге дайындалады. Ол дербес әрекет болып табылады, онда 
баланың  жеке  ӛзінің  инициативасы  дамиды,  оның  адамгершілік  қасиеті 
қалыптасады. «Әрбір ойынның,- деп атап кӛрсетеді Лесгафт, - белгілі мақсаты 
болуы  керек,  ал  ойынның  формасы  -  сол  мақсатқа  жауап  беруі  керек.  Ойын 
кезіндегі  әрекет  баланың  ӛзін-ӛзі  билей  білуімен  сай  келуі  және  «рахат 
сезімінің шарықтауын» туғызуы қажет; бұл әрекеттер жүйелі түрде ӛткізілетін 
жаттығуларда  алдын  ала  күшейтіледі».  Ойындарды  мазмұны  және  ережесі 
жӛнінен  біртіндеп  күрделендіру  қажет.  Лесгафт  ойындарға  жаңа  шарттар, 
жаттығулар,  әрекеттер  нұсқаларын  енгізуді  ұсынады.  Осы  арқылы  неғұрлым 
жоғары  талаптар  қойып,  ӛзі  білетін  әрекеттерді  қайталауға,  сондай-ақ 
ойындарға баланың қызығушылығын сақтай отырып, олардың  балаға жүйелі 
түрде  әсер  етуіне  жетуге  болады.  Рӛлдер  мен  әрекеттерді  бӛлуді  Лесгафт 
ойнаушылардың қолына топтайды (яғни ойын ӛзін-ӛзі билеу жолымен жүзеге 
асырылады).  Ойын  ережелеріне  балалардың  бәрі  бірдей  саналы  түрде  және 
шын  ниетпен  бағынатын  заң  ретінде  қарауы  маңызды.  Лесгафт  қимыл-
қозғалыс  ойындарын  баланың  жеке  басын  тәрбиелеудің,  олардың 
адамгершілік  қасиеттерін:  адалдығын,  шыншылдығын,  ұстамдылығын, 
тәртіптілігін,  жолдастық  сезімін  дамытудың  бағалы  құралы  деп  санайды. 

 
219 
Оның:  «Біз  ойындарды  оларға  (балаларға)  ӛзін-ӛзі  үйрету  үшін 
пайдалануымыз  керек  (яғни  жағымсыз  сезімдерді  жеңу  үшін)»,-  деген  сӛзі 
белгілі.  Ойын  кезінде  «оларды  ӛздерінің  шарықтап  бара  жатқан  сезімін 
тежеуге және сонымен ӛз әрекеттерін санаға бағындыра білуге үйрету» керек. 
JIесгафт  қимыл-қозғалыс  ойындарының  жүйелі  түрде  жүргізілуі  балалардың 
ӛз  әрекеттерін  басқара  білуін  дамытуға  кӛмектесетіндігін,  оның  денесін 
тәртіптілікке  бейімдейтіндігін,  яғни  әртүрлі  ауыртпалықта  әрекет  етуге 
үйрететіндігін  атап  кӛрсетеді.  Ойындар  баланы  жоғары  ептілікпен, 
мақсаттылықпен, тездікпен әрекет етуге, ережені орындауға, ӛзін-ӛзі билеуге, 
жолдастық сезімді бағалауға үйретеді. 
  
П.Ф.JIесгафттың  осы  қағидалары  қимыл-қозғалыс  ойындарының 
теориясы  мен  практикасын  одан  әрі  дамыту  үшін  негіз  жасады.  JIесгафттың 
негізгі  теориялық  қағидаларына  сүйене  отырып,  педагогика  сонымен  бірге 
оның  кейбір  ұсыныстарына  сын  кӛзбен  қарайды.  Ӛзінің  белгілі  «Қосымша 
қоздырғыштар теориясында» JIесгафт: балаға әсер ететін күшті қоздырғыштар 
әрдайым  оның  сезімталдығын  тӛмендетеді.  Сондықтан  ол  кӛтермелеуді, 
жазалауды,  гимнастика  жаттығуын,  күшті  сезім  туғызатын  жарысты  теріске 
шығарады деп дәлелдейді. Педагогика П.Ф.JIесгафт айтқан қағидаларға дұрыс 
талдау жасайды және олардың түрткі болатын себептерін ашады. 
  
Жазалау  туралы  мәселені  JIесгафт  ӛз  заманындағы  тән  жазасын 
қолданумен  байланысты  қарады:  баланы  бұрышқа  тұрғызу,  тізерлеп  қою, 
түскі  ассыз  қалдыру  және  т.б.  Ол  мұндай  жазалаулар  баланың  дене  күшіне 
және кӛңіліне зиян келтіреді деп дұрыс есептеді: ол қозғалмай тұрған қалыпта 
шаршайды,  оның  адамгершілік  абыройы  тӛмендейді.  JIесгафт  рұқсат  еткен 
жазалау, тек баланы уақытша ойыннан шығарумен шектелді. Қазіргі заманғы 
мектепке дейінгі педагогикада ойынның қайталануы кезінде баланың ойыннан 
бір  рет  шығарылуы  ойынның  заңына  жатады,  ол  балалардың  наразылығын 
туғызбайды.  Оның  үстіне  ойыннан  шығу  жіберіп  алған  қатені  түзетуді 
ұсынумен  жиі  алмастырылады  (ойын  сигналына  жіті  назар  аудару,  тек 
кӛрсетілген орынға ғана жиналу және т.б.). Балалардың  ұстап алу, жалтарып 
кету  кезіндегі  даурығуына  келетін  болсақ,  олар  балалардың  елігіп  кету 
жағдайымен  аяқталады,  дегенмен,  айғай-шуға  және  жалпы  тәртіпті  бұзуға 
айналып  кетпеуі  керек.  Кӛтермелеу  қазіргі  кезде  баланы  алға  қойылған 
міндетке жеткізуге және ӛз мүмкіндігіне сенімін нығайтуына ынталандыратын 
құралдардың бірі ретінде қарастырылады. JIесгафт кӛтермелеуді адамгершілік 
тұрғыдан теріске шығарады. Ол балаларды ойын қимылдарын мақтау күтпей, 
риясыз  орындауға  үйретті.  Ойындағы  жарысты  да  JIесгафт,  баланың  жеке 
басының  жеңісіне  ұмтылысын  туғызады  деген  адамгершілік  ой  тұрғысынан 
теріске шығарды. Қазіргі кезде олардың пайдаланылатын себебі, жарыс әдісі 
ретінде  қызығушылық,  эмоциялық  ӛрлеу,  ойын  қимылдарын  ӛте  жақсы 
орындауға  ұмтылуды  туғызады,  қозғағыш  дағдыларды  жетілдіруге 
кӛмектеседі.  Алайда,  қазірдің  ӛзінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
ойындарында  жарыс    элементтері  балалардың  дене  күші  мен  мүмкіндіктері 
мұқият  зерттелгеннен  және  басшылық  ету  әдістері  ойластырылғаннан  кейін 
барып рұқсат етіледі. 

 
220 
  
П.Ф.JIесгафттың  қимыл-қозғалыс  ойындары  туралы  негізгі  ережелерін 
В.В.Гориневский  жаңа  қоғамдық-тарихи  жағдайға  сәйкес  дамытты. 
Гориневский қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың 
қимыл  әрекетінің  негізгі  түрі  және  жан-жақты  тәрбие  құралы  деп  есептеді. 
Гориневский  балаларға  арналған  ойындардың  мазмұнын  қазіргі  қоғамдық 
ӛмірдің  талаптарымен  байланысты  талдаудың  маңыздылығын  атап  кӛрсетті. 
Қимыл-қозғалыс  ойындары  процесінде  балалардың  моральдың  ерік-жігер 
қасиеттері  қалыптасады,  сондықтан  ойын  баланың  ӛзіндік  қасиетін 
қалыптастыру  құралы  болып  табылады.  Балалардың  ойын  кезінде  туған 
жігеріне  сауықтыру  компоненті  ретінде  елеулі  маңыз  бере  отырып, 
Гориневский қуаныш пен кӛңілділікті ойын әрекетінің міндетті шарттарының 
бірі, онсыз ойын балалар үшін ӛз мәнін жоғалтады деп есептеді. Гориневский 
тәрбиешіден  жігерлілікті,  қимыл  эстетикасын,  әр  балаға  жеке  ӛзіндік 
қатынасты,  ойын  ережесін  дәл  сақтауды  талап  ете  отырып,  қимыл-қозғалыс 
ойындарын  жүргізу  әдістемесіне  елеулі  талап  қойды.  Ол  ойынға  балаларға 
қолайлы,  алайда,  құмарлықты,  ӛршеленуді,  бір-біріне  теріс  ниетті 
туғызбайтын  жарыс  элементтерін  енгізу  тиімділігі  туралы  мәселе  қояды. 
Тәрбиеші  тарапынан  қажетті  басшылық  болған  кезде  деп  атап  кӛрсетті 
Гориневский,  ойында  жігерлілік  сипат  алады  және  «балалардың  бойында 
жағымды  моральдық  қасиеттерді  қалыптастыру  мақсатына  пайдалануға 
болады». 
  
Е.А.Аркин  қимыл  ойынын  баланы  ӛсірудің  қуатты  әрі  бірден-бір 
құралы,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  негізгі  тұтқасы  деп 
есептеді.  Әртүрлі  дене  тәрбиесі  жаттығуларының  ішінде  ойынның 
артықшылығын  ол  ойынға  ерекше  тартымдылық  беретін,  балалардың  күшін 
жұмылдыратын,  қуаныш  пен  қанағат  сезіміне бӛлейтін  мол  әсерлілігінен,  ірі 
бұлшық  еттердің  (жүгіру,  секіру,  лақтыру)  айтарлықтай  бӛлігінің  жұмысына 
кӛмектесетін  қозғағыштық  қызметінің  сипатынан,  шаршау  қаупін  жоятын 
қимылдардың  сан  алуандығынан,  қимылдың  қарқыны  мен  күш-қуатын 
балалардың  ӛздерінің  реттей  білу  мүмкіндігінен,  жеке  инициативаның, 
батылдық,  тәртіп,  тапқырлық,  т.б.  сияқты  психологиялық  қасиеттердің 
дамуының  кӛрінісінен  ақғарды.  Қимыл-қозғалыс  ойындары,  Аркиннің 
кӛзқарасы бойынша, козғалтқыш аппаратты дамыту және жетілдіру жолымен 
организмді  күшейтуге  кӛмектеседі.  Ойындар  балаларды  тәртіпке,  әрекетті 
жинақтауға,  жоспарлауға  үйретеді.  Бірақ,  ойынның  сәби  жастан  пайдалы 
күшке  айналуы  үшін  оған  саналы,  тәжірибелі,  шын  ықыласты  басшылық 
қажет. Тәрбиеші мүмкіндігіне қарай ересек балаларға ойын ӛткізуде, рӛлдерді 
бӛлуде,  ережені  сақтауда  дербестік  береді.  Алайда,  егер  балалар  бұл 
міндеттерді  қате  орындаса  педагогтың белсенді,  әдепті  араласуы  қажет және 
оның  шынайы  мүдделілігі  ойынның  дұрыс  әрі  қызықты  ӛтуінде  болып 
табылады.  «Ойынның  балаға  жан-жақты  әсерін  ескере  отырып,  тәрбиешінің 
ойынды  мұқият  таңдап  алуы,  байсалды  және  сонымен  бірге  жігерлендіре 
түсіндіріп, рӛлдерді бӛле білуі, қажет кезінде ойынға қатынасуы, қорытынды 
жасауы - бұл үлкен ӛнер, оны әрбір тәрбиеші игеруге тырысу қажет» деп атап 

 
221 
кӛрсетеді Аркин. Сӛйтіп,  JIесгафттың қимыл-қозғалыс ойындары теориясын 
оның ізбасарлары дамытты. 
  
В.В.Гориневский  мен  Е.А.Аркин  гигиенист-дәрігерлер  ретінде,  ең 
алдымен, мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктеріне назар аударды. 
Бұл  олардың  эмоцияны  ескеру  қажеттігі  туралы,  балалардың  дамуындағы 
жасқа байланысты  ӛзіндік  ерекшелік  және  балаларды  ойындарды ӛз  бетінше 
ұйымдастыру  сияқты  күрделі  талаптарға  біртіндеп  тарту  туралы 
ұсыныстарынан кӛрініс табады. 
  
Қазіргі кезде  қимыл-қозғалыс ойындар  мәселесі  мектеп жасына дейінгі 
балаларды жан-жақты тәрбиелеудің және дамытудың құралы ретінде ғылыми 
және практикалық қызметкерлердің одан әрі зерттеу мәні болып отыр. Мектеп 
жасына  дейінгілер  үшін  қимыл-қозғалыс  ойындарының  жекелеген 
мәселелерінің  мазмұны,  ұйымдастырылуы  және  әдістемесі  жӛнінде 
А.И.Быкованың,  М.М.Конторович,  JI.И.  Михайлованың,  Т.И.Осокинаның, 
Е.А.Тимофееваның,  JI.В.  Артемованың  және  басқа  авторлардың  еңбектері 
бар.  1971-1977  жылдар  ішінде  6  жасар  балалардың  қимыл-қозғалыс 
ойындарындағы  жарыстар  мен  шығармашылық  тапсырмалардың  әдістерін 
тиімді  пайдалануды  (JI.  М.  Коровина),  мектеп  жасына  дейінгі  ересек 
балаларды  қимыл-қозғалыс  ойындары  кезінде  олардың  жетілу  кезеңінде 
негізгі  қимылдарды  үйрету  тиімділігін  (H.В.Потехина);  ересек  жастағы 
балалардың қимыл ойындары кезінде кеңістікте бағыт ұстауын қалыптастыру 
тиімділігін  (Э.Я.  Степаненкова);  қимыл-қозғалыс  ойындары  кезінде 
бӛбектердің бойында негізгі қимылдарды дамыту тиімділігін (E.А.Тимофеева) 
анықтаған 
зерттеулер 
жүргізілді. 
Практикалық 
қызметкерлер 

В.И.Васюкованың,  Н.Г.Кожевникованың,  Т.К.JIюбованың  спорттық  ойындар 
элементтері  бар  ойындардың  мазмұны  мен  әдістемесінің  мәселелері 
жӛніндегі,  Е.А.Аронованың,  К.В.Вербицкаяның,  Н.Н.Кильпионың,  JI.А. 
Киселеваның  және  кӛптеген  басқа  қызметкерлердің  қимыл-қозғалыс 
ойындарының мазмұны мен әдістемесінің мәселесі жӛніндегі озық тәжірибені 
бейнелейтін  мақалалары  мен  кітаптары  қимыл-қозғалыс  ойындарына 
арналған.  Қимыл-қозғалыс  ойындарының  сан  қырлы  тәрбиелік  маңызы, 
олардың  мектеп  жасындағы  балалар  үшін  ыңғайлылығы,  ойындардың 
қуанышты, балаларды ӛзіне тартатын әрекет сферасын туғызуы  - осылардың 
бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын балалардың күнделікті ӛмірінің ажырағысыз 
бағалы  серігі  ретінде  айқындайды.  Ойындардың  мектеп  жасына  дейінгі 
балалар  үшін  іріктеп  алынған  әртүрлі  педагогикалық  классификациясы  бар, 
олардың негізінде түрлі белгілер жатыр. Ойындар мазмұны бойынша: қимыл-
қозғалыс  ойындары  және  спорттық  ойындар  элементтері  қолданылатын 
ойындар  болып  бӛлінеді.  Ойындардың  соңғы  тобының  мектепке  дейінгі 
әдебиетте бірыңғай классификациялық атауы жоқ (спорттық үлгідегі ойындар, 
спорт  элементтері  бар  ойындар,  спорттық  ойын  элементтері  бар  ойындар, 
спорттық сипаттағы ойындар). Алайда, атауларын тізіп шығу бұл ойындардың 
мәнін  ӛзгертпейді,  әрбір  белгілі  топ  спорттық  ойындардың  жекелеген 
элементтерін  ғана  қамтиды.  Бұл  ойындарда  ең  алдымен,  мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  жас  ерекшеліктері  ескеріледі,  сондықтан  қимыл,  ереже, 

 
222 
ойындарды  ұйымдастыру  техникасының  оларға  қолайлы  қарапайым,  бірақ 
шынайы  элементтері  іріктеп  алынады.Осыған  байланысты  бұл  ойындар 
ересектер сияқты дәрежеде балалардың дене күші мен психикалық ширығуын 
туғыза  алмайды.  Сонымен  бірге  олар  балаларды  әрекет  мақсаттылығына, 
табандылыққа,  тәртіптілікке,  жауапкершілік,  жолдастық  сезіміне,  спортқа 
құштарлыққа 
баулиды, 
дұрыс 
қимыл 
техникасы 
элементтерін 
қалыптастырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет