Самокаттар мен спортроллерлер тебу жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелерін
нығайтуға, бұлшық еттерді, әсіресе, аяқтың бұлшық еттерін дамытуға тепе-
теңдік сақтау, кӛзбен мӛлшерлеу, ептілік және басқа да қасиеттерді
қалыптастыруға кӛмектеседі. Балалар самокатқа, спортроллерге отыруға және
240
одан түсуге, тура, биікке ӛрлеген, бұралаң жолдармен тебуге, оңға, солға, артқа
бұрылуға, тежеуге, тоқтауға үйретіледі. Балалар самокат пен спортроллер
тебуді игергеннен кейін оларға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Бағдарламада 5-6
жаста шеңбер бойымен, тура жолмен қос дӛңгелекті велосипедпен жүру, оңға,
солға бұрылыс жасау, оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру ұсынылған.
Тербелмелер, әткеншектер, карусельдер. Жаттығулардың бұл түрлері сезім
мүшелері аппаратын дамытады, қызбалықты бәсеңдетеді, бұлшық еттерді
нығайтады, дене қасиетін жетілдіреді, шапшаңдық тұрақтылығын, батылдықты
дамытады. Балабақшада тербелмелер, әткеншектер, карусельдер болуы қажет
және барлық балаларға оларды пайдалануды үйрету керек. Әуелі тербелу,
теңселу ережелерін балаларға жасап кӛрсету және түсіндіру, қажет болған
жағдайда тікелей кӛмектесу, ал одан кейін кӛбірек дербестік беру керек, бірақ
белгіленген ережелерді, қауіпсіздік шараларын, т.б. сақталуын бақылау қажет.
Жүзу-спорт түрі. Спорттық жүзуден жарыстар хауыздарда 50-1500 метрге, ал
табиғи суларда әртүрлі қашықтықта ӛткізіледі. Жүзудің түрлері: құлаштап,
шалқалап, брасс, батерфляй, қырындап, т.б. Жүзумен тұрақты шұғылданғанда
бұлшық еттер үйлесімді дамиды, жүйке жүйесі нығаяды, тыныс және қан
айналысы органдарының жұмысы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Жүзу
жүрек қан тамырлары мен жүйке жүйесінің, омыртқалардың сырқатына ем
ретінде де қолданылады. Алғашқы жүзу хауыздары Римде салынған. 1515
жылы жүзуден алғаш жарыс ұйымдастырылды. Қазан революциясынан кейін
1918 жылы жүзуден жарыс ұйымдастырылды. 1920 жылы Петербургте
жүзуден «Дельфин» қоғамы құрылды. Қазақстан жүзгіштері жүзу
жарыстарына 1946 жылдан қатысып келеді. 1948 жылы Алматыдағы
М.Горький паркінде республикада тұңғыш рет ашық хауыз, 1959 жылы
Қарағандыда жабық хауыз жасалды. Қазіргі таңда Қазақстанда жүзуге айрықша
кӛңіл бӛлінген. Спорт мектебінде, арнайы спорттық-сауықтыру кешендерінде,
білім беру, емдеу-сауықтыру мекемелерінде, моншаларда хауыздар жасалып
халық игілігі үшін қызмет атқаруда.
Жүзу (суда жылжу) бала организміне жан-жақты ықпал жасайтын циклді
қимыл. Балаларда табанның, қол басының, саусақтардың, мойынның бұлшық
еттері дамиды. Мұның ӛзі тұлғаның дұрыс қалыптасуын сақтауға кӛмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге үйрету әдістемесін Т.И.Осокина
талдап жасаған. Жаттығуды кӛлбеу қалыпта орындау кезінде дененің салмағы
омыртқа мен табанға түспейді, мұның ӛзі тұлға мен табанда кемістікті
болдырмауға кӛмектеседі, егер мұндай кемістік баланың бойында пайда болса,
оны емдейді. Жүзу кезінде жүрек-қан тамыр, тыныс алу, сүйек жүйелері
нығаяды, организмді шынықтыру, терморегуляция жүзеге асады, зат алмасу,
ішкі органдардың жұмысы жақсарады. Жүзу ептілікті, жылдамдықты, тепе-
теңдікті, қимыл үйлесімін сақтауды, күшті, тӛзімділікті дамытады. Балалардың
моральдық-ерік қасиеті қалыптасады және жағымды эмоциясы пайда болады.
Ашық хауызда шомылу, жүзу кезінде су, күн, ауа балаларға ӛте пайдалы әсер
етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге мынадай әдістермен үйретуге
болады: қолды судан шығармай етпеттеп кроль әдісімен жүзу, қолды судан
241
шығара етпеттеп кроль әдісімен жүзу, шалқалап кроль әдісімен жүзу. Балалар
жүзуді біршама тез игереді. Оларда ересектерге қарағанда, тері асты май қабаты
кӛбірек дамыған, осының арқасында олар суда жақсы қалқиды. Бірақ мектеп
жасына дейінгі балалар мекемелерінде жүзуге үйретуді ұйымдастыру қиын,
сондықтан тәрбиешілер жүзуге дайындауды ғана жүзеге асырады. Сонымен
бірге ӛз балаларын кӛрсетілген әдістерге үйрете алатын ата-аналармен жұмыс
жүргізіледі. Балаларды жүзуге үйрету балаларды суға, суда жүзуге және (жерде
және суда) дайындық жаттығуларын орындауға үйретуден басталады. Балалар
жерде қолдар мен аяқтардың қимыл үйлесімін игерген кезде, резина
ойыншыққа жел толтырып суға жіберуді пайдалана отырып, жердегі игерген
қимылдарды суда игеруге болады. Бұдан кейін балалар суда қалқып тұруға
және кӛмектесу арқылы жүзуге, ал одан соң ӛз бетінше жүзуге үйретіледі.
Ересек адам үйрету процесінде үнемі баланың кӛңіл күйін бақылап жүреді.
Бағдарламада 3-4 жастағылар үшін суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау; 4-
5 жастағыларға суға түсу және бату, судың ішінде ойнау, судың ішінде отырып
аяқты жоғары кӛтеріп, тӛмен түсіріп қимылдар жасау, судың түбінде (аяқты
кӛлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу, иекке, кӛзге дейін суға
батырып отыру, судан секіру, суға бетін батыру, суға басын батырып отыру, ӛз
еркімен жүзуге талпыну; 5-6 жаста судың таяз жерінде отырып және жатып
аяқпен қимыл жасау (жоғары, тӛмен), судың түбінде қолын алға, артқа сермеп
жүру (аяғын кӛлденеңінен созып), иекке, кӛзге дейін суға батырып отыру, суға
бетті түгел батырып, суға үрлеу, суға басын батырып отыру, хауыздың
қабырғасын екі аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау, арқамен және кеудемен
сырғанап, суға демін жіберу, баланың ӛзіне ыңғайлы кез келген тәсілімен жүзу,
гидроаэробика-ернеуде тұрып суда бұрылыс жасап секіру және басқа да жалпы
дамыту жаттығуларын жасау ұсынылған.
Тапсырмалар
1. Спорттық жаттығуларға жалпы сипаттама жасаңыз.
2. Шаңғы туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
3. Коньки, шығыршықты коньки туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
4. Шана туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
5. Велосипед туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
6. Самокат, спортроллер, әткеншек, тербелме, карусель туралы түсінік.
7. Жүзу туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға
арналған материалдар
1.Спорттық жаттығулармен айналысу қай кезде жүргізіледі?
А. Таңертеңгілік
Ә. Ұйықтар алдында
Б. Үйге қайтарда
В. Демалыс күндері
2.Балаларды шаңғы тебуге үйрету әдістемесін талдап жасаған:
А. Т.И.Осокина
Ә. М.П.Голощекина
Б. Е.А.Аркин
242
В. К.Д.Ушинский
3.Сүйек аппаратына және бұлшық еттердің барлық топтарына, оның ішінде
тұлғаны дұрыс қалыптастыруға кӛмектесетін жоғары үдемелі циклді қозғалыс:
А. Шана
Ә. Шаңғымен жүру
Б. Шахмат
В. Футбол
4.Шаңғымен жүрудің ең қарапайым әдісі. Бұл әдіс тегіс жердегі борпылдақ
қарда және тӛбеге кӛтерілу кезінде қолданылады:
А. Асығыс адым
Ә. Кедергілі жүріс
Б. Адымдап жүру
В. Кезектесіп адымдау
5.Шаңғымен жүрудің неғұрлым күрделі әдісі:
А. Сырғанай адымдау
Ә. Секіртпелі жүріс
Б. Таяқсыз жүріс
В. Жайлы жүріс
6.Кӛктемде және жазда қолданады. Олар балалардың қыста игерген
дағдыларын нығайтуға кӛмектеседі:
А. Әткеншек
Ә. Тербелме
Б. Сырғанақ
В. Шығыршықты коньки
7.Балаларды коньки тебуге үйрету әдістемесін талдап жасаған:
А. Л.Н.Пустинникова
Ә. И.Г.Песталоцци
Б. А.К.Меңжанова
В. Ф.Н.Жұмабекова
8.Пайдалану мақсатында және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: кӛліктік,
кӛліктік жеңіл, жасӛспірімдік, спорттық, балалар, арнаулы болып
ажыратылады:
А. Коньки
Ә. Шаңғы
Б. Шана
В. Велосипед
9.Балалардың табанының, қол басының, саусақтарының, мойынының бұлшық
еттерін дамытады. Бала организміне жан-жақты ықпал жасайтын циклді қимыл:
А. Шаңғы
Ә. Жүзу
Б. Шана
В. Әткеншек
10.Балаларды коньки тебуге үйрету әдістемесін талдап жасаған:
243
А. Н.М.Аксарина
Ә. Л.Н.Пустинникова
Б. С.Н.Жиенбаева
В. А.Ж.Салиева
11.Әртүрлі қимылдарды (жүру, жүгіру т. б.) ӛзіне қамти отырып, бұлшық
еттердің негізгі топтарын нығайтуға, жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелерін
дамытуға, зат алмасуды күшейтуге, шынығуға кӛмектеседі:
А. Шана
Ә. Дойбы
Б. Шахмат
В. Тоғызқұмалақ
12.Жаттығулардың бұл түрлері сезім мүшелері аппаратын дамытады,
қызбалықты бәсеңдетеді, шапшаңдық тұрақтылығын дамытады, бұлшық еттерді
нығайтады, дене қасиетін жетілдіреді, батылдықты дамытады:
А. Тербелмелер, әткеншектер, карусельдер+
Ә. Шахмат, дойбы, домино
Б. Кітап, дәптер
В. Қалам, қарындаш
13.Жүзудің түрлері:
А. Ақырын жүзу
Ә. Батырып жүзу
Б. Құлаштап жүзу
В. Етпеттеп жүзу
14.Шаңғымен жүруде үйлесімі жӛнінен күрделі жылжу:
А. Алма-кезек адымдап жүру
Ә. Алға жылжу
Б. Артқа сырғанау
В. Отырып сырғанау
15.Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге үйрету әдістемесін ұсынған:
А. Е.И.Радина
Ә. Ғ.З.Таубаева
Б. Г.Метербаева
В. Т.И.Осокина
15-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру
формалары
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына
сипаттама
2. Дене шынықтыру сабақтары (Сабақтың маңызы мен міндеттері. Сабақтың
мазмұны мен құрылымы. Дене шынықтыру сабақтарының типтері. Дене
шынықтыру сабақтарын ӛткізу әдістемесі. Сабақтарға қойылатын талаптар.
Ұйымдастыру әдістері. Сабақта денеге және психикаға түсетін ауыртпалық
сипаты мен оны реттеу тәсілдері)
244
3. Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу:
адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, т.б.
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына
сипаттама. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар
жатады: 1) дене шынықтыру сабақтары: 2) дене шынықтыру-сауықтыру
шаралары (ертеңгілік гимнастика, сергіту жаттығулары, дене жаттығуларымен
ұштастырылған шынықтыру процедуралары); 3) балалардың дене тәрбиесі
жӛніндегі күнделікті жұмысы (қимыл-қозғалыс ойындары, серуендеу,
жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене
жаттығуларының сан алуан түрлерімен ӛз беттерінше айналысуы, мейрамдар).
Бұл формалардың бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және
баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, ӛзара байланысты болады:
олардың әрбірінің ӛзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі
мекеменің күн тәртібіндегі міндеттердің орнын анықтайды. Балабақшаның
түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы
балалардың жасын және жеке басының типологиялық ерекшелігін, олардың
дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың, бүкіл мекеменің
нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру
міндетімен анықталады.
Ерте жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене
жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс
ойындары, гимнастика, массаж). Ертеңгілік гимнастика және дене шынықтыру
сабақтары ерте жас тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір
топта олар қозғағыш материал мен сабақ ӛткізу әдістемесін іріктеу жӛнінен
ӛзіндік ерекшелікке ие болады.
Мектепке дейінгі балаларда сергіту минуттары жақсы тынығу және
балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа, екі сабақтың
аралығына енгізіледі. Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда
пайдаланылады. Алайда, бӛлме ішіндегі, даладағы қимыл-қозғалыс кезіндегі
бірте-бірте температурасы тӛмендейтін таза ауа ваннасы кӛбінесе, ересектер
тобында қолданылады. Балалардың таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары
және ӛз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда
балалардың күнделікті ӛмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.
Дене шынықтыру сабақтары. Сабақтың жалпы сипаттамасы. Дене
шынықтыру сабақтары - балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі
түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы
топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу
болып табылады. Сабақтың маңыздылығы ӛзара байланысты сауықтыру, білім
беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады,
олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын,
олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруін, дене тәрбиесі мен спортқа
эмоционалды-жағымды қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-
жақты қамтамасыз етеді.
245
Сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру тиімді гигиеналық жағдайда
организмдегі бүкіл физиологиялық процестердің артуына, оның ӛмір іс-
әрекетін күшейтуге кӛмектесетін сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл
әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі.
Тәрбие-білім беру міндеті оқу іс-әрекеті (сабақ) процесінде баланың жеке
басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, дене шынықтыру мен
спорт саласының кейбір қарапайым білімдерін хабарлау, дұрыс қимыл-
қозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі, Мұның
бәрі баланың танымын, ерік және эмоционалдық күшін, оның ақыл-ой
қабілетін, адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді
дамытуға бағытталған. Сабақ қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш, алға
қойылған тапсырмаға сай нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын
тәртіпті адамдарды тәрбиелеуге кӛмектеседі. Сӛйтіп, алға қойылған барлық
міндеттерді сабақ процесінде жүйелі түрде орындау балалардың рухани және
дене күшін қалыптастырады, оларды мектепке, спортпен және одан әрі
қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға дайындайды.
Сабақтың мазмұны мен құрылымы. Әрбір жастағы топтарға арналған
бағдарламадан туындайтын және балалардың қимыл әрекеттерінен кӛрінетін
дене жаттықтырулары сабақтың мазмұнын құрайды. Дене жаттықтырулары
мазмұны жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті, бағдарламаның
жүргізілу жүйелілігін сақтау, сондай-ақ балалардың жасына байланысты, жеке
басының ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қажет. Сабақтың құрылымы
дене жаттықтыруларын жүйелі түрде орындауынан кӛрінеді. Ол қойылған
міндеттермен, жүйке жүйелерінің, баланың бүкіл организмінің жасына байла-
нысты дамуының әрбір жекелеген кезеңінде жұмыс істеу қабілетінің
ерекшеліктерімен анықталады. Бала организмі жағдайының динамикасына,
оның сабақ жӛніндегі психикасына бақылау жасау - тәрбиешінің негізгі
міндеттерінің бірі, үйрету мен тәрбие берудің бүкіл процесінің тиімділігі
осыған байланысты. Баланың мүмкіндіктерін анықтау физиология мен психо-
логия мәліметтеріне негізделеді. Сабақ кезіндегі қозғалыс әрекеті процесінде
жүрек соғуы жиілігінің кӛрсеткіштерін зерттеу сабақтың бас кезінде оның
біртіндеп жоғарылағанын және барынша жоғары дәрежеге жеткенін, одан соң
сабақтың аяғына қарай біртіндеп тӛмендегенін кӛрсетеді. Мұндай жүйелілік,
бір жағынан, қан айналысы жүйесінің қызметімен, организмнің жұмыс істеу
қабілеті жағдайымен, екіншіден - психикалық процестердің ағымымен - назар
аударумен, жинақылықпен, сезімталдық тездігімен және осыған байланысты
қимылдың барынша дәлдігінен анықталады. Сабақ барысында организмде және
психикада болатын ӛзгерістер орталық жүйке жүйесінің бақылауымен жүзеге
асады. Бұл орайда оның ӛзінің жұмыс істеу қабілеті күшейеді, ол жүйке
орталықтары қоздырғыштарының артуынан, жүйке процестерінің ширақ
қимылынан кӛрінеді. Сабақ барысындағы бүкіл организмнің барынша жұмыс
істеуі кезінде жұмыс істеп тұрған организмдер мен жүйелердің әрекет үйлесімі
жақсарады, жұмыс істеудің дұрыс ырғағын табу мүмкіндігі және осыған
байланысты эмоционалдық жағдайдың артуы пайда болады. Осы кезеңде
246
жұмыс істеу қабілетінің барынша жоғары дәрежесі белгілі болады, ол әрекеттің
кейбір жақтары сипатының ӛзгеруімен ауытқиды (қимылдарды орындау,
тәрбиешінің қимыл үлгісін бақылау оның нұсқауларын ұғыну т.б.). Дене
шынықтыру сабақтары ӛзара байланысты үш бӛлімнен кіріспе-дайындық
(мотивциялық-қозғаушылық), негізгі (ұйымдастыру-іздестіру) және қорытынды
(рефлексивті-түзетушілік) бӛлімдерден тұрады.
Сабақтың әрбір бӛлімі үшін барлық-білім беру, тәрбиелеу және
сауықтыру міндеттерінің бірдей зор маңызы бар. Кӛрсетілген міндеттердің
орындалуы балаларға жан-жақты ықпал етуді қамтамасыз етеді. Баланың
ойының ширақ жұмыс істеуіне, сезіміне, игерген дағдыларына байланысты
тапсырмаға реакциясы сабақтың кез келген бӛлімнен және әрекеттің бүкіл сан
алуандығынан кӛрінуге тиіс.
К і р і с п е - д а й ы н д ы қ б ӛ л і м і сабағының міндеттері мен мазмұны.
Дене шынықтыру сабағының бірінші бӛлімі сабақтың негізгі бӛліміндегі
жаттығудың алға қойған міндеттері мен мазмұнына байланысты әртүрлі болуы
мүмкін. Сондықтан ол бір жағдайда тек қана кіріспе, ал екінші жағдайда
кіріспе дайындық бӛлімі болуы мүмкін. Бұл бӛлімнің міндеттері балалардың
сабаққа қызығушылығы мен эмоциялық кӛңіл күйін туғызу, кӛңіл аудару
дайындығы дәрежесін тексеру, кейбір қимыл-қозғалыс дағдыларын пысықтау,
бала организмін сабақтың негізгі бӛліміндегі неғұрлым интенсивті жұмысқа
біртіндеп дайындау болып табылады. Осы мақсатпен балаларға тұлғаны дұрыс
қалыптастыруға, жалпақ табандылықты болдырмауға кӛмектесетін, кеңістікте
және ұжымда бағдар ұстаумен байланысты, орындауға кӛп уақытты талап
етпейтін ӛздеріне таныс ойындар немесе олардың нұсқалары ұсынылады.
Кіріспе бӛлімі балаларды үш-тӛрт тізбекті сапқа, шеңберге, бытыраңқы, т. с.с.
тұрғызумен аяқталады. Мұның ӛзі сабақтың негізгі бӛлімінің басында
балаларды денені жалпы дамытатын жаттығуларды үйренуге ӛту қызметін
атқарады. Бұл бӛлімнің ұзақтығы кішкентайлар тобында 2 минуттан 4 минутқа
дейін, естиярлар тобында 3 минуттан 5 минутқа дейін, ересектер тобында 4
минуттан 6 минутқа дейін созылады. Егер сабақтың бірінші бӛлімі к і р і с п е -
д а й ы н д ы қ ретінде жоспарланса, онда бұл жаттығулардың бас кезінде де
кіріспе бӛліміне арналған жоғарыда кӛрсетілген жаттығу беріледі. Алайда,
сабақтың осы бӛлімінің ӛзінде оның артынша денені жалпы дамытатын
жаттығулар келеді, олар үйретуді қажет етпейтін қайталау және вариациялы
жаттығуларға ғана құрылады. Белгілі бір жағдайдағы олардың міндеті -
сабақтың негізгі бӛлімінде балалардың организмін неғұрлым жоғары дене
күшіне түсетін ауыртпалыққа дайындау, мұнда жеткілікті дәрежеде дене
күшіне түсетін орасан зор ауыртпалықты туғызатын күрделі үйлесімді негізгі
қимыл жаттығулары немесе жедел сипаттағы спорттық жаттығулар
жоспарланады. Мұндай жағдайда сабақтың негізгі бӛлімі балаларды негізгі
қимылға үйретуден басталады.
Кіріспе дайындық бӛлімінің ұзақтығы кішкентайлар тобында 3 минуттан
4 минутқа дейін, естиярлар тобында 4 минуттан 6 минутқа дейін, ересектер
тобында 5 минуттан 10 минутқа дейін созылуы мүмкін.
247
Сабақтың н е г і з г і б ӛ л і м і н і ң міндеттері мен мазмұны. Сабақтың
бұл бӛлімінде, бір жағдайда балаларды денені жалпы дамытатын жаттығуларға
үйрету жӛніндегі, одан кейін негізгі қимылдар мен дене қасиетін тәрбиелеу
міндеті кӛзделеді, екінші бір жағдайда-негізгі қимылдардағы жаттығуларға
үйрету жӛніндегі міндет белгіленеді, олар жаңа қимыл материалдарымен
таныстыруды, бұрыннан белгілі жаттығуды, оның әр түрлі нұсқаларын
пайдалану арқылы қайталауды, толық игеру сатысындағы қозғағыш
дағдыларды жетілдіруді кӛздейді. Бұдан кейін барлық балаларды шапшаң
қимылға қатыстыратын ережесі бар қимыл-қозғалыс ойыны ӛткізіледі.
Балалардың психикалық тиімді жұмыс істеу қабілетінің ұзақ еместігі ескеріліп,
неғұрлым қиын міндеттер негізгі бӛлімнің бас кезіне белгіленеді (мысалы,
балаларды жаңа материалдармен таныстыру немесе жаттығуларды неғұрлым
күрделі үйлесіммен орындау). Денені жалпы дамытатын жаттығуларды балалар
майда заттармен - жалаушалармен, таяқтармен, құрсау дӛңгелектермен,
ленталармен, жіптермен орындайды. Оларды іріктеп алу бүкіл организмнің
функционалдық жағдайын жақсартуға әсер ететін ірі бұлшық ет топтарын
бірте-бірте интенсивті жұмысқа тарту міндетінен туындайды. Ең алдымен,
тұлғаны дұрыс қалыптастыру процесін тәртіпке келтіру мақсатында иіннің
бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығу беріледі (мысалы,
қолдарды жан-жаққа сермеу және кеудеге айқастыру және т.б). Екінші, құрсақ
шандырының және аяқтың, сондай-ақ табанның да бұлшық еттерін дамыту,
нығайтуға арналған жаттығулар (жүрелеп отыру, аяқты кӛтеру, тізе бүгу т.б.).
Yшіншісі - арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштігін дамытуға
және нығайтуға арналған жаттығулар (оңға, солға қарай қисайып, тіктелу,
еңкею және оңға, солға бұрылу - кеудемен айналу). Бұл жаттығуларды орындау
және оларды қайталау кезінде бала организмін біртіндеп үлкен ауыртпалыққа
дайындау кӛзделеді. Бұдан кейін негізгі қимылдарды үйретуге кӛшеді, олардың
ішінде біреуі балалар үшін жаңа болуы мүмкін, ал басқалары толық үйрену
және жетілдіру кезеңінде болады.
Мектепке даярлық тобында, Ю.Ю.Рауцкистің деректері бойынша, бір
дене шынықтыру сабағында негізгі қимылдармен орындалатын екі жаттығудан
тӛрт жаттығуға дейін жоспарлау тиімді болады. Олардың бірі тәрбиешінің
ерекше назар аударуын талап ететін жетекші жаттығу ретінде қабылданады,
қалғандары қайталау және жетілдіру мақсатында балаларға бұрыннан белгілі
жаттығулардан іріктеп алынады (мысалы, лақтыру мен жер бауырлап жүрумен
ұштасқан секіру немесе балаларды лақтыруға үйрету үшін жүрумен, жүгірумен
ұштасқан лақтыру). Бұл қимылдарды ұштастыру кезінде олардың шапшаңдығы
ескеріледі. Шапшаңдық дәрежесі жоғары жаттығуларды шапшаңдық дәрежесі
тӛмен жаттығулармен ұштастыру немесе шапшаңдық дәрежесі орташа әртүрлі
жаттығуларды ұштастыру неғұрлым тиімді болады. Бұл арқылы балалар
әрекетінің сан алуандығы, ауыртпалық дәрежесін түрлендіру кӛзделеді, мұның
ӛзі баланың жұмыс істеу қабілетінің қажетті дәрежесін қамтамасыз етеді (Ю. Ю.
Рауцкис). Барлық бұлшық еттер жүйесінің қатысуын талап ететін негізгі
қимылдарды орындау елеулі дәрежеде организмнің функционалдық жағдайын
жақсартады және оны тез, күшті, нысаналы қимылдармен сипатталатын қимыл
248
орындарында неғұрлым жоғары ӛрлеуге жеткізеді. Қимыл-қозғалыс ойыны
эмоционалдық және физиологиялық ӛрлеудің неғұрлым жоғары дәрежесімен
ерекшеленеді. Балаларды жарысу сәттері жиі кездесетін ойынның процесімен
еліктіру, жинақылықты, ӛз бетінше қимылды реттеуді талап ететін ойын
жағдайының сигналына қимыл реакциясының тездігі мен дәлдігі - осылардың
бәрі баланың ӛмірлік күші ӛрлеуінің шарықтау шегі болып табылады. Денені
жалпы дамытатын жаттығуларды үйрететін сабақтың негізгі бӛлімінің ұзақтығы
бірінші кішкентайлар тобында 10 минуттан 15 минутқа дейін, естиярлар
тобында 15 минуттан 20 минутқа дейін, ересектер тобында 25 минуттан 30
минутқа дейін созылады. Денені жалпы дамытатын жаттығулар үйретілмеген
жағдайда оның ұзақтығы кішкентайлар тобында 8-12 минутқа, естиярлар
тобында 12-15 минутқа, ересектер тобында 15-20 минутқа созылады.
Сабақтың қорытынды бӛлімінің міндеттері мен мазмұны. Ойынның
соңындағы қорытынды бӛлім жалпы қозушылықты тӛмендетуге және
тамырдың соғуын қалыпқа келтіруге кӛмектесетін, біртіндеп баяулайтын
шапшаң қарқынды жүрісті қамтиды. Жүру кейбір жағдайда барлық балаларды
баяу қимылға қосатын, ширақ қимылдан кейін организмге кері ӛтетін
статикалық жағдайды жоятын қимылы аз ойынмен алмастырылуы мүмкін
(«Tап та үндеме», «Ӛзіңе ұнағанын әкел» деген сияқты және қол ұстасып жүріп
билейтін үлгідегі ойындар). Жүру немесе оны алмастырған ойын аяқталғаннан
кейін ӛткізілген сабақтың қорытындысы жасалады да балалар әрекетке кӛшеді.
Сабақтың қорытынды бӛлімінің ұзақтығы кішкентайлар тобында 2 минуттан 3
минутқа дейін, естиярлар мен ересектер тобында 3 минуттан 4 минутқа дейін
созылады. Бүкіл дене шынықтыру сабағы процесінде балалардың қимыл
дағдылары дамуымен бірге тездік , ептілік, тӛзімділік, икемділік, күш сияқты
дене қасиеттері қалыптасады. Бұл қабілеттердің қалыптасуы балалардың
барлық әрекеттерімен және кӛрінуге тиісті жекелеген қимыл тапсырмаларын
(жүгіруде, лақтыруда, секіруде және басқа жаттығуларда) орындаумен
байланысты. Дене шынықтыру сабақтары белгіленген оқу жұмысының
сипатына сай жоспарланады. Олардың бірінде негізгі назар балаларды ӛздері
бұрын игерген жаттығулармен-ұштастыра жаңа жаттығуды үйретуге
аударылады; екіншісінде балалардың қимыл материалдарын игеру дәрежесі,
оның орындалу сапасы және үйретудің белгілі бір кезеңі ішіндегі сандық
нәтижелері тексеріледі; сабақта жетілдіру және с. с. мақсатта балаларға белгілі
жаттығулар енгізу арқылы қайталануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |