Негізгі қозғалыстардың маңызы. Негізгі қозғалыстар-бұл адам үшін ӛмірлік
қажетті қозғалыстар, адам бұл қозғалыстарды: жүруді, жүгіруді, секіруді,
лақтыруды, ӛрмелеуді ӛзінің сан алуан қызметінде қолданады, бұл
қозғалыстардың тұрақты, қажетті компоненті тепе-теңдік сезімі болып
табылады. Негізгі қозғалыстар динамикалық сипатқа ие. Олар бұлшық
еттердің кӛптеген бӛлігін әрекет етуге қатыстырады және барлық
физиологиялық процестерді жандандыра отырып, бүкіл организмнің тіршілік
қызметін арттырады. Сӛйтіп негізгі қозғалыстар баланың денесінің дамуына,
денсаулығының жақсаруына жағдай жасай отырып, органимге тұтастай әсер
етеді. Жүйке жүйесінің реттеуші қызметі негізгі қозғалыстардың жетілдірілуін
айқындайды. Сонымен бірге кері тәуелділік жүйке жүйесінің қызметін
жаттығудың әсерімен жетілдіру де байқалады. Мақсатты басшылық жасау
жағдайында негізгі қозғалыстарды дамыту психикалық процестерді: таным
процесін-зейінділікті, қабылдауды, ойша болжауды, кӛз алдына елестетуді,
ойлауды; жігерлілік процесін-назар аударуының жинақтылығын, бала танып
білген әрекеттердің мақсаттылығын, ӛз әрекетін үйлестіре білуін, жалпыға
бірдей міндетті бірлесіп орындауын; эмоциялық процесін-жалпы ӛмірлік
181
кӛңіл күйді ӛсіруді, сезімталдыққа, мүдделілікке және ӛз іс-әрекетіне белгілі
бір кӛзқарасқа баулуды қалыптастырумен байланысты.
Негізгі қимыл-қозғалыстар баланы түрліше бағдарлай білуге
тәрбиелеуге: кеңістікте-қозғалыс бағытын, заттың алыстығы мен тұрған
орнын, заттардың кеңістіктегі арақатынасын бағдарлай білу, кӛзбен бақылап
білуді дамытуға; уақыт жӛнінде-жаттығулардың орындалу ұзақтығын және
олардың жеке фазаларының дәйектілігін, қозғалысты белгіленген немесе жеке
қарқынмен орындауды бағдарлауға; ұжым арасындағы қозғалыс кезінде
бағдарлауға-қайта сапқа тұрғызу және барлық топты сапқа тұрғызу кезінде,
балалардың арасында бытырап жүріп келе жатқан кезде ӛз орнын табуға
кӛмектеседі. Мұның бәрі ӛзін қоршаған ортаны ескере білуге және соған
сәйкес мақсатты түрде әрекет етуге тәрбиелеуге кӛмектеседі.
Негізгі қимыл-қозғалыстар эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуде де
маңызды: олар тұлғаның әдемі де дұрыс қалыптасуына, қозғалыстың дәл, әсем
әрі үйлесімді болуына, ұжымда әрекет ете білуге және кеңістікті толық
пайдалануға кӛмектеседі.
Негізгі қимыл-қозғалыстар-тәрбие және үйрену процесінде біртіндеп
пайда болатын күрделі шартты рефлекстер. Мектеп жасындағы бүкіл кезеңде
негізгі қозғалыстар дамиды, жетіледі және қозғаушы стереотиптер
қалыптасады. Қозғалысты белгілі бір жүйелілікпен, мысалы, жүру, жүгіру,
лақтыру және басқа да жаттығулар кезінде сан рет қайталау осы
қозғалыстардың әрбірінің жекелеген элементтері арасында уақытша
байланысты тудырады. Буын-бұлшық еттің алғашқы қозғалысты орындаудан
басталатын сигнал беру жүйесі тікелей барлық, келесі сигнал беруді туғызады,
олар сол жүйеде қалыптасып автоматтанады. Осы кезде балаларда пайда
болған динамикалық стереотиптер тамаша тұрақтылыққа ие болады. Алайда
негізгі қимыл-қозғалыстарды балаларға үйрету және олардың бойында
дамыту процесінде икемді қозғалыс стереотипін, қозғалысты тез ӛзгерту
қабілетін, қоршаған ортаның ӛзгермелі жағдайына бейімділікті біртіндеп
қалыптастыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Бұл тапсырмалар қозғалыс
қарқынын, қозғалыс шартын ӛзгертетін жаттығулардың әртүрлі нұсқаларын
орындау жолымен жүзеге асырылады.
Негізгі қимыл-қозғалыстар циклді және ациклді болып бӛлінеді.
Біріншісі үнемі біркелкі циклдерді (айналымдарды) орындау болып табылады,
мұндайда бүкіл дене мен оның жекелеген мүшелері үздіксіз бастапқы
жағдайына қайтып келеді (мысалы, жүру, жүгіру). Циклді типтегі қимыл-
қозғалыс тез меңгеріледі және автоматтанады. Мұның ӛзі бұл жүйеде осы
циклдің қозғағыш элементтерінің дәйектілігін қалыптастыратын циклдерді
қалыпты қайталаумен түсіндіріледі. Қозғалыстардың алмасуымен және
олардың қайталануы кезінде тиісті бұлшық еттің сезінуімен байланысты
циклдердің
қайталанатын
дәйектілігі
осы
қозғалыстың
ырғағын
қалыптастырады.
Ациклді типтегі қимыл-қозғалыста қайталанатын циклдер болмайды (лақтыру,
секіру). Мұндай әрбір қимыл-қозғалыс қозғалыс фазалардың белгілі бір
182
дәйектілігін сақтайды, жекелеген фазаларды орындаудың белгілі бір ырғағына
ие. Циклді қозғалыс типіне қарағанда, ациклді қимыл-қозғалыс типі ұзақ
уақыт бойы біртіндеп меңгеруді талап етеді. Оларды орындау кезінде қимыл-
қозғалыстарды неғұрлым күрделі үйлестіру, барлық әрекетті бір мақсатқа
шоғырландыру және жігерлі қимыл жасау қажет.
Жүру-адамды қозғаушы, циклді қимыл-қозғалыс типіне жататын,
негізгі, табиғи әдіс. И.М.Сеченов жүру механизмінің барлық күрделі актісін
ашты. Қозғалысты тікелей реттеуші нақты тері-бұлшық ет түйсіктері алғаш
сигнал беретін тітіркендіргіштер болып табылады. «Әрбір қадам жасау
барысында екі аяқ бірдей жерге тиіп тұрған кезде, мынадай бір сәт болады,
осындай сәтте сезіну ақыл-ой үшін бір аяқтың табанын жерден кӛтеру және
екінші аяқты тіреу сигналы-уақыт пен кеңістікте екі бірдей аяқтың қызметін
дұрыс ауыстыруды реттеуші сигнал ретінде қызмет етеді». Жүрудің дұрыс
дағдысын қалыптастыратын жаттығудың міндеті бала тұлғасының біркелкі
ӛсуіне, аяқ басуын қалыптастыруға кӛмектесетін дұрыс жүруге, икемділікпен
аяғын ілгері қарай басуға, қолдары мен аяқтарын үйлесімді қорғауға
тәрбиелеу болып табылады. «Дағдылы жүріс кезінде ілгері басқан аяқтың
ӛкшесі жерге тиеді, ал содан кейін дененің салмақ орталығының ілгері қарай
жылжуы кезінде тірек ӛкшеден біртіндеп аяқтың ұшына ауысады. Бала
жүрген кезде кеудесінің қандай қалыпта тұрғанын бақылау қажет: ол алға
қарай бағытталуы керек, сондай-ақ оның тӛменгі бӛлігіндегі тыныс алу
қозғалыстары үшін кедергі жасайтын нәрсенің бәрін жою қажет. Бұл жағдайда
бас еркін алға қарай бағытталуы керек, мұның ӛзі де дұрыс тыныс алуға
кӛмектеседі». Жүру кезінде денеге түсетін ауыртпалық жүрістің қарқынына
және сол кезде жұмсалатын күшке байланысты. Жүрістің дағдылы, қалыпты,
жедел қарқыны кӛптеген бұлшық еттерді ширақ қимылға келтіре отырып,
жүрек-қан тамырлары мен тыныс жүйелері қызметін күшейтеді, мұның ӛзі
тұтас алғанда зат алмасудың жақсаруына кӛмектеседі. Бұлшық еттердің
ширақ жұмыс істеуіне қарамастан белгілі бір мӛлшерде жүру баланы
шаршатпайды. Бұл жүрістің ырғақтылығымен және автоматтандырылуымен,
бұлшық еттердің жұмыс істеу кезінде тартылу және босаңсу сәттерінің кезек
алмасуымен, жүйке жүйесі жұмысының үйлесімділігімен түсіндіріледі.
Мұндай кезде аяқ тірек ретінде бүкіл дененің салмағын кӛтеріп тұрады да,
екінші жерден кӛтерілген аяқ жұмыс істеп, маятник сияқты қозғалыс
жасайды, ал оның жұмысқа қатысы шамалы болады (П. Ф. JIесгафт). Жүріс
қарқынын баяулатқан кездегі аяң жүріс шапшаң қозғалыстан — жүгіруден,
секіруден және т.б. кейін денеге түсетін ауыртпалықты біртіндеп бәсеңсітуге
кӛмектеседі және қан тамыры соғуының жиілігін мӛлшерге келтіреді. Бала бір
жасқа толғаннан кейін жүруді игере бастайды. Бұл жасында және екі жасқа
қараған кезінде де қозғалыстардың автоматтылығы мен үйлесімділігі нашар
дамиды. Алғашында бала аяқтарының арасын кең ашып, қолдарын екі жағына
сермеп, алға және жоғары созып, құлашын жайып жүре бастайды. Бұл тепе-
теңдікті сақтау қажеттігіне байланысты: денесі тік тұрған кезде баланың
бойындағы салмақ орталығы ересектерге қарағанда, салыстырмалы түрде
жоғары болады, сондықтан ол тез құлайды. Адым жасаған кезде бала аяғын
183
толық жазбайды, аяқтары тізесі мен белінен бүгулі тұрады, табандарын бір-
біріне қатар қойып, тіпті аяқ ұшын ішке қарай сәл бұрып тұрады. Жерге аяқ
басқанда бала жүрісті ӛкшесінен аяқ ұшына ауыстырмай табанымен тырп-
тырп басады. Кӛпшілік балалар жан-жағына теңселіп тұрады, екі қолын
бауырына басып немесе ептеп қана бір қолын ербеңдетеді, аяғын жерден әрең
кӛтереді (тыпырлайды). Қимыл-қозғалыстың әркелкі қарқыны байқалады:
бала бірде жүгірген сияқты тез жүреді, бірде аяқ алысын баяулатады. Екі
жасқа қараған кезінде әр бала ӛзіне ыңғайлы қарқынмен жүреді. Қол мен
аяқтың ӛзара үйлесімді қозғалыстары 2,5-3 жастағы балалардың шамамен
25%-нен, 4 жасқа келгенде олардың тең жартысынан байқалады.
Табандарының жерге басылуы параллель қалпында қалады. Балалар бірінің
артынан бірі тізбекпен, кӛрсетілген бағдарлардың бағытын сақтай отырып,
екеу-екеуден, шеңбер бойлап жүре алады. Олар қимыл-қозғалысқа келтіретін
тапсырмаларды жақсы қабылдайды және ӛз бетінше орындауға тырысады.
Саналылық тапсырманы орындауға дұрыс қимыл-қозғалыс жасауға жеке-
жеке, бірінің ізінен бірі жүруге, әр жерге қойылған заттардың арасымен
бағдар ұстап, оларды айналып, аттап ӛтіп, қолына ұстап жүруге мүмкіндік
береді. Балалар бастап жүруші болуға, кеңістіктегі кӛріністі қабылдауға және
жүрген кезінде кӛрсетілген затқа (орындық, жалауша, ойыншық және т.с.с.)
саналы түрде бағдар ұстауға үйренеді.
Жасы беске қараған, әсіресе, бес жарым жасқа толған бала үйрену
процесінде біртіндеп дене тұлғасын дұрыс қалыптастыру, қолдар мен
аяқтардың ӛте-мӛте үйлесімді қимылын, кеңістікте бағдар ұстаудың, бағытты
ӛзгертудің мол еркіндігін игереді. Дұрыс дағдылы жүріс тӛмендегі
белгілермен сипатталады, кеуде тік қалпында, иық керілген, іш тартылған, бас
сәл ғана (жолды бақылап кӛру үшін) аяқтан 2-3 м озыңқы болуы тиіс. Тыныс
алу мұрын арқылы ырғақты, қалыпты. Адым белгілі бір қалыпта және
ырғақта, аяқ пен қолдың үйлесімі дұрыс болуы қажет. Балалардың жас
мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбиеші кимыл-қозғалыс қасиетіне неғұрлым
жоғары талап қояды. Бұрынғы топта игерілген жүріс дағдылары нығаяды,
жетіледі, жүріс аяқтың ұшына, ӛкшеге, табанның сыртқы жағына және т.с.с.
кезекпен ауысады. Балалардың бәрі де бастап жүруші бола алады және
кеңістікте тәрбиешінің тапсырмасымен де, ӛз бетінше де бағдар ұстай алады.
Жасы алтыға қараған баланың жүрісі неғұрлым орнықты, баяу
қарқынмен, адымының кеңдігімен сипатталады. Тәрбиеші әрбір баланың
тұлғасының дұрыс қалыптасуын, қолдары мен аяқтарының үйлесімін, тыныс
алуының біркелкілігін (3 адым-мұрын арқылы терең дем алу; 4 адым ұзақ дем
шығару) және жүрістің әдістерін ӛзгерте отырып, сенімді, байыпты мәнер
жасауын (тізені бүкпей, жартылай отырып, тізені биік кӛтеріп және т. б.)
бақылауға назар аударады. Жүрісті жетілдіру, сондай-ақ балаларды үйреткен
кезде жалпақ табанды болдырмау мақсатында бірқатар арнаулы жаттығулар
пайдаланылады. Аяқтың ұшымен жүру тірек алаңы тар жерде орындалады
және балтыр мен табан бұлшық еттерінің ширығуын тудырады, сол арқылы
табанның жерге тірелуін нығайтады. Бұл жаттығу қысқа адым жасап, қолды
жай сермеуге мәжбүр етеді және омыртқаны түзетуге кӛмектеседі. Табанның
184
сыртқы қырымен аяқты қисайтып жүру («маймақ қонжық»). Аяқты жартылай
бүгіп, бұқпалап жүру. Жерде жатқан сатымен жалаң аяқ оның кӛлденең
басқыштарын аяқтың саусақтарымен іліп жүру. Белгіленген ауыстыру арқылы
ӛкшеден аяқ ұшына жүрісті ауыстыру. Жас ӛскен кезде арқаның, құрсақ
шандыры мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтатын, қолды кең сермеуді талап
ететін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға, байланыс және буын
аппаратын нығайтуға кӛмектесетін жүріс-санды жоғары кӛтеріп жүру; әртүрлі
тапсырмалар мен кеңістікте бағдар ұстауға, қарқын мен бағытты ӛзгертуге
сигнал беру арқылы орындалатын, сан алуан ӛзгерістер мен, заттардың
арасында жүру; ептілікті дамытатын шалыс жүріс, қосымша адым жасап
жүру; қолды қосымша қозғалтып, зат ұстап жүру; жоғарыға біртіндеп
кӛтерілетін, тарылтылған тірек алаңымен жүру, сондай-ақ тепе-теңдікті
сақтау, тӛзімділік, жинақылық, ептілік, қимылды үнемдеу сезімін тәрбиелеуге
кӛмектесетін әртүрлі биіктікте (белдіктің тақтайдың, бӛрененің үстінде) жүру
қолданылады. Иық белдеуінің, құрсақ шандырының, аяқтың, табанның
бұлшық еттерін күшейтетін, аяқтың ұшына салмақ салып, қолды кең сермеп
жүретін гимнастикалық жүріс. Жүріп жасалатын жаттығу жүрісті немесе аяқ
алыс кезінде дене тұлғасын қалыптастыратын қозғалыс стереотипінің пайда
болуына кӛмектеседі. Жүрісті жетілдіру мектеп жасына дейінгі бүкіл балалық
кезең бойына жалғасады. Жасқа байланысты жүріс дағдысын игерудің
сапалық қана емес, сандық кӛрсеткіштері де ӛзгереді: адымның ұзындығы 4
жасар балаларда 39-40 сантиметрден, 7 жасар балаларда 51-53 сантиметрге
дейін ӛседі, тиісінше адым саны минутына 170-180-нен 150-ге дейін азаяды.
Жүгіру-циклді қозғалыс типі. Ол да жүру сияқты циклдердің
қайталануымен, тегістікте тіректердің кезектесу сәттерімен, аяқтардың алға
қарай кезектесіп ауысуымен, қол қимылының үйлесімділігімен ерекшеленеді.
Алайда, жүгірудің жүруден елеулі айырмашылығы бар. Жүгіру кезінде,
жүгірген адамның екі аяғы бірдей жерге тимей кетіп бара жатқан кезде
кӛтерілу фазасы болады. Кӛтерілуі сәті бұлшық ет босаңсып алға қарай
екпінмен қозғалу мүмкіндігін бере отырып, адамның ілгерілеу тездігін
күшейтеді, адымның ұзындығын ұлғайтады. Жұмыс істеп тұрған жүйке
орталықтарының қызметінде осы кезде пайда болған тежеудің күшіне қарай
олардың жұмыс істеу қабілетін, сондай-ақ бүкіл жүйке-бұлшық ет жүйесін
қалпына келтіру қамтамасыз етіледі (E.Г.JIеви-Гориневская). Жүгіруге үйрену
кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы үйлесімімен жеңіл,
тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады.
Жүгіру процесінде кӛптеген бұлшық еттер тобының кезектесіп қысқаруы
және босаңсуы жүріп жатады. Жүгіру кезінде энергия шығыны күрт артады,
сондықтан тыныс алу ауқымы, қан айналу жылдамдығы, газ алмасу ұлғаяды.
Дұрыс мӛлшерленген жүгіру жалпы денені дамытуға, орталық жүйке жүйесі
қызметін жетілдіруге, жүрек-қан тамырлары мен тыныс жүйелерін
тынықтыруға кӛмектеседі. Тез, екпінді жүгіріс денеге түскен күшті біртіндеп
азайтумен-ізінше баяулайтын жүріске кӛшумен аяқталуы керек, мұның ӛзі
тамырдың соғуының мӛлшерге түсуіне кӛмектеседі. Тез қимылдан тұрақты
жағдайға (тұруға немесе отыруға) бірден ауысу жүрек-қан тамырлары
185
жүйесінің жеткіліксіз шынықтырылуына қарай жағымсыз құбылысты
туғызады, мұны балалармен жұмыс істеген кезде ескеру қажет.
Жүгіру екі жасқа толған кезде қалыптасып, үш жасқа қарағанда жетіле
түседі. 2,5-3 жасар баланың жүгіруіне қысқа, кібіртік адым тән. Кӛптеген
балалар жерден аяғын әрең кӛтереді және табанын тегіс басып, балпаңдап
жүгіреді. Бұл жаста балалар жүргеннен гӛрі жүгіргенді жақсы кӛреді.
Дағдыны игере бастаған кезде олар аяқтарын қинала басып, қалыпты
ырғақсыз жүгіреді, бағытты дұрыс ұстамайды. Yйретуге қарай дұрыс
жүгірудің белгілері: ұшқырлық-кеуде аздап алға қарай еңкеюі, бастың
кӛтеріңкілігі, қолдың шынтақтан бүгілуі, қол мен аяқ қимылының
үйлесімділігі қалыптаса бастайды. С.Я.JIайзаненің мәліметі бойынша кӛтерілу
фазасы бір жас 10 айдан 2 жас 8 айға дейінгі балалардың 30%-нан байқалған,
ал 8 айдан кейін кӛтерілу фазасының нысаналы әрекеті балалардың 92%-нан
байқалған. Балаларды жүгіруге үйрету ширақ қимылдайтын ойындар, жаттығу
ойындары арқылы жүзеге асырылады (тура бағытпен, ал кейінірек-бытырап
және бірінің артынан бірі жүгіру). Қол мен аяқ қозғалысының жақсы үйлесімі
балаларда жүруден гӛрі жүгіру кезінде тез қалыптасады, бұл 3 жасар
балалардың 30%-да, 4 жасар балалардың 70-75%-да, 7 жасар балардың 90%-да
байқалады. 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жүгіру тездігі айтарлықтай
ӛзгереді. 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жүгіру адымы ұзындығының
тұрақты кеңейетіндігі олардың 28-30%-нан байқалады. Мектепке дейінгі
жаста жүгіру адымының жиілігі аз ӛзгереді: 4 жасар ұлдардың жүгіру
адымының жиілігі 4,45 адым (секундына, қыздардың—4,18 адым) секундқа, 7
жаста тиісінше 4,26 адым (секундқа және 4,24 адым) секундқа тең. Бұл
мәліметтер мектепке дейінгі жастағы балалардың жүгіру тездігінің артуы
айтарлықтай дәрежеде олардың жүгіру адымының кеңеюі есебінен келіп
шығады деп есептеуге негіз жасайды (E. Н. Вавилова). 4 жасқа қарағанда,
жаттығудың ықпалымен жүгіру кезінде қол мен аяқтың үйлесімі жақсарады,
ұшқырлық, ырғақтылық жетіледі. Алайда, бала адымының ұзындығы әлі де
жеткілікті болмайды. Сондықтан балалар жүгіру кезінде сызылған сызық,
шеңбер арқылы, сондай-ақ қатты жүгіргенде жалтарып кететін және ұстап
қалатын жаттығулар беріледі. Бала 5 жасында жүгіру техникасының дәлдігін,
жеткілікті, дәрежеде толық болмағанымен, негізінен меңгереді. Yйрету
кезінде жүгіру техникасының дәлдігін, оның жеңіл орындалуымен тездігін
жетілдіруге назар аударылады. Балалар 6 жасында ӛздеріне қолайлы жүгіру
техникасын меңгереді. Жеңіл, ырғақты, құштарлықпен, бір қалыпты,
қимылдардың жақсы үйлесімділігімен, ұшқырлықпен, бағытты сақтап
жүгіреді. Yйрету кезінде жүгіруді жетілдіруге, оның тездігін дамытуға басты
назар аударылады (қашықтық 30 м). Балалар әртүрлі тапсырмаларды орындап,
жалтара жүгіріп жаттығады. Балалардың жүгіру қасиетін жетілдіру
мақсатымен, жүру кезіндегі сияқты жүгірудің сан алуан түрлерін: аяқтың
ұшымен жүгіруді, адымды кең ашып жүгіруді, құрсақ шандыры, жауырын,
табан бұлшық еттерін шынықтыратын санды биік кӛтеріп жүгіруді, қимылдың
үйлесімі мен икемділігін тәрбиелеуге ықпал ететін музыка үнімен жеңіл,
ырғақты жүгіруді, заттардың арасымен және қолына зат ұстап жүгіруді
186
(секіргіш, шеңберлер), кедергілерді жеңе отырып және кеңістікте бағдар
белгілеу мен қимыл үйлесіміне кӛмектесетін шектеулі тегістікте (сызылған
шекаралар) жүгіруді, сигнал бойынша және кеңістіктегі бағдарға қарап,
әртүрлі тапсырмалармен жүгіруді, жарыса жүгіруді, кеңістікте және ұжымда
бағдар ұстау үшін жақсы жаттығу ретінде қызмет ететін ептілікке және
баланың қоршаған жағдайды тез сезінуіне тәрбиелейтін жалтарып кетіп және
ұстап қалып, бытырап жүгіруді пайдалану тиімді болады. Жүгіру кезіндегі
жаттығулардың тәрбиелік маңызы, балалардың сан алуан пайдалы бағдар
алуында.
Ӛрмелеу циклді қозғалыс типіне жатады. Ӛрмелеу және тӛмен түсу
процесінде жүрумен ұқсас элементтердің кейбір қысқа мерзімдік қайталануы
болады: әрбір аяқтың саты басқышына тірелген және екі аяқтың да басқышты
басып тұрған сәтіндегі қол мен аяқтың кезек қимылы. Ӛрмелеу кезіндегі
циклдер қайталануының үздіксіздігі гимнастика жасайтын қабырғаның 1-1,5-2
м биіктігімен айқындалады. Мектепке дейінгі жаста ӛрмелеудің тӛмендегі
түрлері пайдаланылады: кӛлденең және еңіс жазықпен еңбектеп ӛрмелеу,
асылып түсу, еңбектеп ӛту, еңбектеп жүру (еденде, гимнастика
отырғышында), тік биікке ӛрмелеу (гимнастика жасайтын қабырғада, жеңіл
баспалдақта, арқаннан жасалған басқышта). Ӛрмелеу сан рет қайталау
процесінде игерілетін күрделі шартты рефлекс болып табылады. Ол бұлшық,
еттердің айтарлықтай бӛлігін жұмысқа қосады және осыған байланысты
баланың бүкіл организмінің әрекет ету қызметін арттыруға, сондай-ақ
тұлғаны дұрыс қалыптастыруға кӛмектеседі. Ӛрмелеу бұлшық еттердің алма-
кезек тартылуымен және босаңсуымен сипатталады, мұның ӛзі қимылдауға
жұмсалған энергия шығынын қалпына келтіруге және дене күшімен неғұрлым
ұзақ уақыт әрекет етуге мүмкіндік береді. Ӛрмелеу кезінде жасалатын
жаттығу қимыл-қозғалыс үйлесімін жақсартады, тыныс алу және қан
айналымы функциясын жетілдіруге кӛмектеседі, зат алмасуды жақсартады.
Баланың 8-9 айлығында игеретін еңбектеу кезінде, ӛрмелеу кезіндегі сияқты
арқаның, құрсақ шандырының, аяқтың бұлшық еттері нығаяды. Оның үстіне
қол-аяқтың бірдей тірек болуының арқасында еңбектеу кезінде баланың
омыртқасына түсетін күш азаяды, мұның ӛзі баланың ӛсу кезеңінде ӛте
маңызды. Әуелі балалар жер бауырлап жылжиды, ал кейін алақанымен,
тізесімен жер тіреп еңбектейді. М.Ю.Кистяковскаяның мәліметі бойынша,
кейбір балаларда еңбектеудің неғұрлым жетілген формасы бірден пайда
болады: олар қолдары мен аяқтарын бірінен соң бірін алма-кезек басады.
Жасы ӛскен сайын жаттығу біртіндеп күрделендіріледі-кӛлденең және еңіс
қалыпта тұрған тақтайдың, одан кейін отырғыштың, бӛрененің үстімен
жүргізеді. Мұнан да басқа балалар қақпаның, орындықтың астында еңбектеп
жүру, жіптің, қақпаның астына еңбектеп кіру, бӛрененің, отырғыштың үстінен
асып ӛту кезінде жаттығады. Омыртқаны түзету мақсатында бұл
жаттығулардан кейін балаларға допты лақтыру және ұстап алу, жалаушаны
жоғары кӛтеру және т.с. ұсынылады. Бала жеткілікті дәрежеде дербес қимыл
жасай алатын кезде жантайып қойылған және тік тұрған, биіктігі 1 метрлік
сатыны бойлап ӛрмелейтін жаттығу ұсынылады. М.Ю.Кистяковская мен
187
3.С.Уварованың мәліметі бойынша ӛрмелеу екі жасқа қарағанда қалыптасады.
Ӛрмелеу кезінде қозғалыста циклдік біртіндеп байқала бастайды, бағдар және
қол-аяқ қимылының ауытқу шегі айқындалады. Бастапқыда бұл кӛзбен кӛріп
талдау, одан әрі кинестетикалық талдау арқылы реттеледі. Қосымша адым
аттау әуелі аралас, ал кейін аяқтардың кезекпен аттауымен алмастырылады.
Тіпті, үйреткеннің ӛзінде аяқтардың кезекпен аттауын жантайтып қойылған
сатыға ӛрмелеу кезінде 2 жасар балалардың тек 20%-да, 3 жасар балалардың
60%-да және тік қойылған сатыға ӛрмелеу кезінде 3 жасар балалардың 40%-да
ғана қалыптастыруға болады. А.Д.Удаланың мәліметі бойынша, бес жаста
аяқтардың кезектесіп адым аттауы іштей әсер етумен, үйретусіз пайда болады.
Осылай адым аттайтын балалардың ең кӛп саны 6-6,5 жаста байқалады.
Алайда, 7,5 жасқа дейінгі ұлдардың 40%-ы және қыздардың 47%-ы ӛрмелеу
кезінде және әсіресе, сатыдан түскен кезде қосымша адымды кӛбірек
жасайтын аралас адымды кӛбірек қолданады. Мұндайда қол мен аяқтың
ерсілі-қарсылы қимылының үйлесімі кӛрінбейді. Ӛрмелеу кезінде тездіктің
барынша ӛсуі 5-5,5 жаста байқалады, оның үстіне ұлдар тез ӛрмелеп, 7-7,5
жаста ең жоғары тездікке жетеді. Жүйелі түрде үйреткен жағдайда ересектер
мен дайындық тобының балалары қосымша тапсырмаларды орындай отырып,
трибунаға шығуда және оның екінші бӛлігіне адымдап ӛтуде, трибунадағы
алаңға жетіп, жалаушаны кӛтеруде, трибунаның ең жоғарғысына жүгіріп
шығуда («Mаймылдар мен аңшылар», «JIентамен ұстау» және басқа ойындар)
тез және ырғақты ӛрмелейді. Бұл жаттығулар барлық жастағы топтарда
тәрбиешінің тікелей бақылауымен ӛткізілуі керек. Күн сайын ӛрмелеу
жаттығуын жасау баланың бойында қажетті ӛмірлік дағдыны қалыптастырады
және қозғалыстар үйлесімділігіне тәрбиелейді. Бұл үшін топ бӛлмесіне ең
болмағанда бір басқышты гимнастикалық саты, балабақша ауласына
мұнаралы трибуна, шағын дуалшалар орнату ұсынылады. Ӛрмелеу процесінде
бала қажетті дәрежеде қажырлыққа тәрбиеленеді (батылдық, табандылық,
зеректік, ептілік). Мектеп жасына дейінгі балалар жүйке жүйелері
кемелденуінің жеткіліксіздігіне, сүйек-буын сіңірі аппаратының әлсіздігіне,
кеудеге қарағанда білезік бұлшық еттері күшінің аздығына байланысты
бӛрененің, арқанның үстімен жүру қиын. Мектеп жасына дейінгі балалардың
қолымен асылып тұруына болмайды: бұл бұлшық етке ұзақ уақыт тұрақты
күш түсіруді, буындар мен сіңірлердің уақытынан бұрын созылуын туғызады,
жүйке жүйесін шаршатады.
Секіру-ациклді қимыл-қозғалыс типі. Онда циклдердің қайталануы
болмайды және секіруді орындаудың барлық процесі бір-ақ рет жасалып
аяқталатын қозғалыс болыл табылады. Секіруде қозғаушы элементтер мен
ырғақтың белгілі бір дәйектілігі бар. Секіру үш фазадан: дайындалу-ұмтылу
және тізе бүгу немесе жүгіру, негізгі-серпілу және кӛтерілу, соңғы-жерге
түсуден тұрады.
Д а й ы н д ы қ ф а з а с ы - бір орыннан секіру кезіндегі дененің бар салмағын
тұтастай тӛмен түсіретін отыру, серпілу кезінде неғұрлым күшті екпін алу
үшін екі қолды да артқа қарай созу, келесі фазада жақсы тартылуы үшін
188
аяқтың бұлшық еттерін созу. Жүгіріп келе жатып секіру-алға қарай күш сала
жүгіру, серпілуге бір аяқпен іркілмей ауысу.
Н е г і з г і ф а з а - серпілу және кӛтерілу. Біріншісі-кӛтерілудің алғашқы
тездігін және дұрыс бағдарды қамтамасыз ететін аяқтың иілген бұлшық
еттерінің қатты тартылуымен байланысты, екіншісі-денеге биіктеу кезінде
және жерге түсуге дайындалуға қажетті қалыптылықты туғызатын кӛтерілу.
С о ң ғ ы ф а з а - кӛтерілудің күрт сілкініссіз және соққысыз аяқталуы, жерге
түсу. Бұл жағдайда тепе-теңдікті сақтау үшін барлық қимылдардың үйлесімі
қажет.
Ұзындыққа бір орында тұрып және жүгіріп келіп секіру кезінде жерге
түскенде екі аяқ бірдей, әуелі ӛкше, сосын аяқ ұшы жерге тиеді. Бір орында
тұрып (жіп, шағын текше арқылы) биікке секіру жерге аяқтың ұшымен түсіп,
біртіндеп табанның тұтастай басылуын талап етеді, мұның ӛзі табанның
серпінділік рӛлін атқаруға мүмкіндік береді. Аяқты жартылай иіп, жерге
жайлы түсу соққы күшінің бір буыннан екінші буынға біртіндеп ӛтуін
қамтамасыз етеді және ішкі органдарды, миды шайқалудан, сондай-ақ
табанды жанышталудан сақтайды. Балаларды жүйелі түрде жаттықтыру
барысында біртіндеп қимылдаудың қажетті үйлесімі қалыптасады. Секіру
белгілі дәрежеде ми қыртысының дамуын, саусақ пен бармақ сүйектерінің
беріктігін, бұлшық ет пен кӛз мӛлшерінің икемділігін талап етеді. Аталған
барлық қасиеттер жаттығу процесінде дамиды, олар қыртыстың қозғағыш
орталығын жаттықтырады, олардың қызметін және осыған байланысты
қимылды меңгеру қабілетін жақсартады. Секірулердің организмге
физиологиялық ықпалы орасан маңызды. Сондықтан балалармен жаттығу
жасаған кезде шаманы сақтау, секіруге дейінгі жаттығуларды қолдану және
барлық балалардың жағдайына назар аудару қажет. Секіру дағдысының
дамытылуы оны толық жүзеге асырудан кӛп бұрын басталады: бірінші жылы
балалар ересектердің кӛмегімен аяқтарын жерден кӛтермей ырғақпен жүрелеп
отырады, ал содан кейін ырғақпен секіре бастайды. Ересектердің кӛмегі
немесе бірдеңеден ұстау балаларға тепе-теңдікті сақтауға кӛмектеседі. 2 жасқа
қарағанда балалар ӛз бетімен бір орында жүрелеп отыруды, серпілуді,
аяқтарын жерден жеңіл кӛтеріп, бір орында секіруді игереді. Бір орында
тұрып, тереңге секіру (қарғып түсу) және ұзындыққа секіру (еденде жатқан екі
жіп немесе екі сызық арқылы) балаларға биікке секіруден гӛрі жеңіл болады.
Жерге түскен кезде қателесулер жиі байқалады: аяқтың жеткіліксіз иілуі және
табанды тегіс басып жерге ауыр түсу. 3.С.Уварованың деректеріне қарағанда,
3 жасқа дейінгі балалардың дұрыс секіруі сирек кездеседі. Олар әлі де бұл
үшін қажетті қимыл үйлесімінің, тепе-теңдіктің дамуына, тірек-қимыл
аппараттың дайындығына жеткен жоқ (сүйек-бұлшық ет жүйесі мен буын
сіңірлері нашар дамыған, табанның басылуы толық қалыптаспаған, сондықтан
да оның серіппелік қажеті жеткіліксіз). 2,5 жаста, ал кейде ертерек те
балалардың ӛздері бір орында тұрып секіре бастайтынын, шағын биіктіктен
қарғи бастайтынын тәжірибелік бақылау кӛрсетіп жүр. Жүйелі түрде
айналысқан кезде 2,5 жасар балалардың үштен бірі бір орында тұрып, азды-
кӛпті аяғының ұшымен серпіліп секіреді және 20 см биіктіктен қарғиды. 3
189
жасқа қарағанда мұндай қимылдарды балалардың 90%-ы игереді. Мынаны
ескеру керек: биіктіктен қарғыған кезде олар әлі де болса жерге табанымен
түседі. Бір орында тұрып ұзындыққа секіруді үш жасқа қараған балалар ӛз
бетімен меңгере алмайды. Бұл қозғалысқа арнайы үйреткен кезде балалар оны
мейлінше тез игереді. 2,5 жастағы балалар бір орында тұрып, 10 см-ден 25 см-
ге дейін қашықтыққа, 3 жасқа қарағанда - 25-40 см қашықтыққа секіреді.
С.Я.JIайзаненің деректеріне қарағанда бұл кезеңде айтарлықтай сапалық
ӛзгерістер де болады: күшті серпіліс, секіру алдындағы жүресінен отыру, екі
аяғымен жерге түсу пайда болады. Одан кейінгі жылдарда секіру дағдысы,
оның сапалық және сандық кӛрсеткіштері жетіледі. Бес жасқа қараған бала
алға қарай жылжып, жеңіл секіреді, 15-20 см биіктіктен қарғиды, аяғының
ұшымен жерге жеңіл түсіп, содан соң табанын басады, бір орында тұрып
ұзындыққа секіруді (30-40 см) алғашқы қалпын сақтап, неғұрлым дәл
орындайды. Үйрету кезінде жерге жайлы түсуге басты назар аударылады.
Балаларды біртіндеп секіру техникасын одан әрі игеруге дайындайтын
қарапайым жаттығулар енгізіледі (аяқтарды бастапқы қалпында қатар қою,
аяқтарды тізеден бүгу-«серіппе», қолдарды артқа қарай еркін созу және алға
қарай сермеу және т. б.). Алтыға аяқ басқан балалар бір орында тұрып және
жүгіріп келіп, ұзындыққа және биіктікке (30-40 см) секіру техникасының
элементтерін меңгереді, қолдары мен аяқтарының қимылын жақсы
үйлестіреді. Алайда, серпілу сәті жеткілікті дәрежеде ширақ әрі пәрменді
болмайды. Yйрету кезінде екпінге, дер кезінде және пәрменді серпілуге, жерге
жайлы түсуге назар аударылады. Ұзын, қысқа және айналатын секіргіште
жасалатын жаттығу енгізіледі. Балалардың секіруін жетілдіру үшін қысқа,
ұзын және айналатын секіргішпен жаттығу, аяқты кезек ауыстырып бір аяқты
секіру, аяқтарды тура және шалыс басып, сан түрлі жүгіру, еденге қойылған
заттардың қатарлары арқылы секіру, бұрылыспен және қолдардың әртүрлі
қимылымен секіру, алға, артқа, жан-жаққа және басқаша жылжу арқылы
секіру.
Лақтыру-ациклді типті қимыл-қозғалыс. Мектепке дейінгі жаста
балаға жоғары, алға, тӛменге лақтыру қолайлы. Ол бұлшық еттердің барлық
топтарын, әсіресе, иіннің бұлшық етін дамытуға, сондай-ақ ептілікке,
икемділікке, тездікке, тепе-теңдікке, кӛзбен мӛлшерлеуге тәрбиелеуге
кӛмектеседі. Алысқа және нысанаға лақтыру жүзеге асырылады. Біріншісі
екіншісіне жол ашуы керек, ӛйткені алысқа лақтыру кезінде негізгі күш дұрыс
тәсілдерді игеруге бағытталады, сонымен бір мезгілде балалар қашықтыққа
сәйкес лақтыруына қарай жаттықтырылады. Нысанаға лақтыру кезінде
баланың назары лақтырылған заттың нысанаға тиюіне шоғырланады. Бұл
жағдайда ерік күші назар аударудың жинақтылығымен, шоғырлануымен,
нысаналылығымен және аралықты міндетті түрде кӛз мӛлшерімен бағалау
кезінде қимылдың үйлесімімен ұштасады. Мектеп жасына дейінгі балаларға
алысқа және нысанаға лақтырудың әртүрлі әдістері қолданылады: «қолды
артқа қарай кере иықтан асырып», «қолды астынан алып тік ұстап», «қолды
үстінен алып, тік ұстап», «қолды қапталдан алып, тік ұстап» лақтыру (Д. В.
Хухлаева). «Қолды артқа қарай кере иықтан асырып» оң қолмен лақтыру
техникасы тӛмендегіше түсіндіріледі: алғашқы қалыпта оң аяқты артқа салып,
190
иық аздап керілуі керек, кеуде лақтыратын қол жаққа аздап бұрылады, оң қол
кӛкіректің алдында шынтақтан жартылай иіледі, сол қол тӛмен түсіріледі. Қол
сермелген кезде кеуде лақтыратын қолға қарай бұрылып, артқа қарай
шалқаяды да дененің салмағы артқа басылған аяққа түседі, оң қол артқа қарай
созылады. Лақтырған кезде оң аяқ түзуленеді, кеуде тіктеле келіп, алға қарай
бұрылады, лақтырудың ақырғы фазасында дененің салмағы алға басылған
аяққа түседі. Оң аяқ сол аяқтың қатарына басылады. Сол қолмен лақтыру әдісі
осыған ұқсас болады. «Қолды астынан алып, тік ұстап» лақтыру әдісі:
алғашқы қалыпта аяқ иықтан кеңдеу керіледі, оң аяқ артқа салынып, оң қол
кеуде тұста шынтақтан жартылай иіледі. Сермеген кезде оң қол тӛмен
түсіріліп, барынша артқа сілтенеді, сӛйтіп лақтыру қолдың алға-жоғары қарай
қозғалуымен іске асады. «Қолды үстінен алып, тік ұстап» лақтыру әдісі:
алғашқы қалыпта аяқ иықтан сәл кеңдеу қойылады, оң аяқ артқа қойылады, оң
қол (доп немесе кішкентай қап ұстап)-кеудеден тӛмен түсіп тұрады. Сермеген
кезде оң қол жоғарылап, артқа қарай кетеді, содан кейін алға қарай
бағдарланады да кішкентай қап қол басымен лақтырылады. «Қолды қапталдан
алып, тік ұстап» лақтыру әдісі: алғашқы тұрған қалып аяқ иықтан сәл кеңдеу,
оң аяқ артқа қойылған, зат ұстаған оң қол денені бойлап тӛмен түсірілген.
Сермеген кезде кеуде шалқаяды, оң қол барынша артқа сілтенеді, дененің
салмағы тізеден бүгілген, оң аяққа түседі. JIақтырған кезде оң аяқ түзуленеді,
кеуде солға-ілгері қарай бұрылады, ал оң қол алға созылып, қол басымен зат
лақтырылады. Лақтырудың дайындық формасы допты (немесе басқа затты)
тастап жіберу, сондай-ақ сырғанату, домалату болып табылады. Кӛтеріп
тастау дағдысы жарты жастан асқанда, бала ӛз қолынан затты шығарып
жіберуді, қол басымен ойыншықты итеріп тастауды үйренген кезде дами
бастайды. 9-10 айлығында бала кереует немесе манеждің сүйенішінен ұстап
тұрып допты тӛмен қарай тастап жібере алады. Тастап жіберу екі қолмен
бірдей және бір қолмен-оң, сол қолмен де жүзеге асырылады. Лақтырып
жіберу бағыты жоғары қарай, жан-жаққа, алға қарай, кӛлденең және тік
нысанаға бағдарлануы мүмкін. Екі жастың соңына қарай балаларда лақтырып
жіберу кезінде қолды сермеу элементтері пайда болады. Егер балаларды сол
қолымен лақтырып жіберуге арнайы үйретпесе, олардың кӛпшілігі кӛбінесе,
оң қолмен лақтыруга бейім болады. Жоғарыда атап кӛрсетілгеніндей, алысқа
лақтыру неғұрлым қарапайым форма болып табылады. 2,5 және одан
үлкенірек жасында бала лақтырып жіберу кезінде дұрыс қозғалу техникасын
біртіндеп игере бастайды. Кішкентай доптарды нысанаға қарай лақтырып
жіберуді игеру қиын. Қимылдың мұндай түрінде күшті, лақтырып жіберу
бағытын нысанаға дейінгі аралықпен және нысананың ӛзінің орналасуымен
үйлестіру қажет. Мұндай үйлесім үшін баланың орталық жүйке жүйесінің
дамуы, «бұлшық ет сезімінің» болуы, кӛргенін қабылдау дәлдігі, қозғалысты
есте сақтауы және елестете білуі талап етіледі. Н.П.Кочетованың деректеріне
қарағанда, 3-4 жасар балаларға алысқа және нысанаға қарай лақтырып жіберу
кезінде қалай болса солай тұру тән. Алғашқы қалыпта үш жасқа қараған
балалардың тек 10%-ы ғана және тӛрт жасқа қараған балалардың 14%-ы ғана
дұрыс тұра алады. Бұл жаста балалар кеудесін лақтыратын қолға қарай
191
бұруды білмейді. Баланың нысанаға қарай лақтырып жіберу кезінде нысананы
кӛздеуі ӛзіне қажет жаққа қадала қарау болып табылады. Нысана кӛздеу
ұзақтығы 1 секундтан 3-4 секундқа дейін ауытқиды. Баланың лақтыруы әлсіз,
оған лақтыру күшімен аралықты мӛлшерлеу қиын, сондықтан ол қысқа
аралықта ғана (1-1,5 м) нысанаға тигізе алады. 3-4 жастағы балаларға жоғары
қарай лақтырып жіберіп, кайта қағып алу да қиын. Жоғары қарай лақтырып
жіберу кезінде үш жасқа қараған балалардың тек 20%-ы, тӛрт жасқа қараған
балалардың 37%-ы, бес жасқа қараған балалардың 62%-ы, алты жасқа қараған
балалардың 94%-ы, жеті жасқа қараған балалардың 97%-ы бағдар ұстай
алады. Сондай-ақ, жастың ӛсуімен балалардың допты қағып алуды үйренуі де
жетіледі. Мәселен, 3 жасар бала допты қолынан шығармағандай дерлік сәл
ғана жоғары лақтырып (20-25 см) қағады, тӛрт жасқа қарағанда балалардың
30%-ы допты қағады, олардың 25%-ы қол басымен қаға алады. 5 жасқа
қарағандардың-52%-ы, 6 жасқа қарағандардың-95%-ы қол басы сүйектерімен
қағады (H.П.Кочетова). Орта және ересек балалар топтарында лақтырудың әр
түрлі жаттығулары (домалату, лақтырып жіберу және қағып алу, алысқа және
нысанаға лақтыру, тордан асырып лақтыру) күн сайын жасалуы, ал доп
балаларға еркін пайдалануға берілуі керек. Әр түрлі жаттығулар қаншалық
кӛбірек қолданылса балалар кӛздеу мӛлшерінің дамуын, қимылдар мен
икемділіктің үйлесімін талап ететін осы бір күрделі қимылдар тәсілдерін
соншалық жақсы меңгереді. JIақтырудың әр түрлі тәсілдері балалардың мұны
жақсы игеруге құлшынысын да туғызады. Доппен әр түрлі нұсқада жүйелі
түрде жаттығулар жасау балалардың ӛз мүмкіндігіне сай лақтыру техникасын
біртіндеп игеруін қалыптастырады. Балабақшамен қоштасар мерзімі таяу
қалған кезге дейін балалар домалатудың, сырғанатудың, допты лақтырып
жіберу мен қағып алудың, лақтырудың, допты біреуге берудің, оны қақпайлап
алып жүрудің, кері соғудың барлық түрлерін, «доп мектебін» игеруі керек.
Балалардың мүмкіндіктері молайған сайын оларға шығармашылық сипаттағы
тапсырма-доппен ойнаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу ұсынылады. Бӛлме
ішінде және далада волейбол, баскетбол, хоккей ойындарын игеру үшін
балаларға дӛңгелек тастағыш, доп тастағыш, кегель ойнайтын заттар, құрсау
лақтыратын заттар, городки, бадминтон, тор, доптар, кәрзеңкелер берілуі
керек.
Тепе-теңдікті сақтау қабілеті. Тепе-теңдік сезімі-кез келген
қозғалыстың және кез келген дененің тұру қалпын сақтаудың қажетті тұрақты
компоненті. Тепе-теңдік сезімінің дамуы адамның ми қыртысының қызметін,
ӛршіту және тежеу процестерін теңестіруді, адамның тұрған қалпындағы кез
келген ӛзгерістер мен ӛз денесі бӛліктерінің жағдайының ауысуларын
бағалауға кӛмектесетін сезім мүшелері аппаратының, бұлшық ет сезімінің
дамуын жетілдірумен байланысты біртіндеп жүзеге асырады. Мектеп жасына
дейінгі жылдар бойы тепе-теңдік қызметін дамыту денені белгілі бір қалыпта
ұстаудан бастап (отырған, тұрған, еңбектеген, ал кейін жүрген кезде) кез
келген қозғалыс кезінде және тұрған қалыпта дененің берік қалпын сақтау
мүмкіндігіне дейінгі жолдан ӛтеді. Тепе-теңдік қызметін жетілдіруде
жаттығудың, атап айтқанда, әртүрлі дене тәрбиесі құралдарын пайдаланудың
192
зор маңызы бар. 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың статикалық және
динамикалық тепе-теңдігін зерттеу (T.И.Осокина) жасқа байланысты тепе-
теңдік қызметін сипаттайтын барлық кӛрсеткіштердің жақсаруын анықтауға
мүмкіндік берді. Осыған орай неғұрлым жедел даму 5 жаста болатыны атап
кӛрсетілген. Тепе-теңдік, дененің берік қалпын сақтау сияқты жинақы
сергектікті, қимылдар үйлесімін, белгілі бір жағдайда бағдар белгілеуді,
оларды тез, дұрыс сезінуді, батылдық пен ӛзін-ӛзі билеуді талап етеді.
Сондықтан, тепе-теңдікке баулу жаттығуы жедел қарқында, ӛте ширақтықпен
- жүгіру, секіру және тағы басқа әрекеттермен орындалатын қозғалыстан
бұрын жүргізіледі. Тепе-теңдік сезімі кішірейтілген тірек алаңындағы
жаттығу процесінде, мысалы, енсіз тақтайдың, бӛрененің, білте тақтайшаның
үстінен жүру, аяқтың ұшымен жүру, бір аяқта тұру, жүгіруден кейін тоқтап
тұру және т.б. жағдайда, денені құлаудан іркіп қалу, епсіз қимылды тежеу
талап етілген кезде шынығады және сыналады.
Тепе-теңдік сақтауға баулу жаттығуы сәби жастан жүргізіледі. Шектеулі
кеңістікке параллель тасталған екі жіптің арасымен (20-25 см аралыққа) ӛту
үшін сәби жастағы баладан зер салу, қимылдардың белгілі бір үйлесімі,
жігерлі жинақылық бағдарды сақтау талап етіледі. Одан әрі жаттығу
күрделене түседі: еденнен 15-20 см кӛтеріңкі тақтайдың, кӛлбеу қойылған
тақтайдың үстімен жүру, отырғыштың үстімен жүріп, оның үстінде жатқан
заттан аттап ӛту, отырғыштың үстімен қарсы келе жатқан баламен
соқтығыспай ӛтіп кету және т.с. ұсынылады. Бұл жаттығулардың бәрі тепе-
теңдікті сақтаудың қажетті түйсігін, ӛз денесін меңгере білуді, қимыл
үйлесімін, ептілікті, жағдайға қарап бағдар белгілеуді, дер кезінде дұрыс
сезінуді қалыптастырады. Жақсы нәтижелерге жеткен жағдайда жаттығу
бұрынғыдан да күрделене түседі бала әр түрлі заттарды алып жүреді (себет,
доп), ол жүріп бара жатқан заттың үсті дірілдетіледі (белгілі бір биіктікке
кӛтерілген, селкілдеп тұрған бӛрене), бала жіпті, сатының жақтауын бойлап
жүреді, күтпеген жерде аялдап жүрелеп отырып, дене қалпына кӛңіл аударып
және т.с. жүгіреді. Бұл жаттығулар балабақшаның ойындарында және
сабақтарында үйретіледі, сондай-ақ күнделікті ӛмірінде қолданылады. Тепе-
теңдік түйсігі спорттық жаттығуларда да (мұзды жолдармен сырғанау, шаңғы
тебу, коньки тебу, екі дӛңгелекті велосипедпен, роликті конькимен жүру)
жетіледі. Сӛйтіп, негізгі қимылдардың дұрыс дағдысын қалыптастыруға
бағытталған, жоғарыда кӛрсетілген жаттығулардың бәрі баланы сан салалы
ӛмір жолына дайындайды. Балалардың негізгі қимылын дамытуда жақсы
нәтижелерге жетудің басты шарты дамудың жасқа байланысты ерекшеліктері
мен мектеп жасына дейінгі балалардың функциялық мүмкіндіктері ескерілген
«Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған
бағдарламаның» талаптарына сәйкес үйрету болып табылады. Сонымен,
гимкастикалық жаттығулардың барлық топтары негізгі қимыл-қозғалыстар,
денені жалпы дамытатын және сапта орындалатын жаттығулар-бала
организміндегі функционалдық процестерді күшейтеді, дене күшінің жан-
жақты дамуына ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |