А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет18/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


белгілері.  Жаттығудың  басталуы  мен  аяқталуын  есту  және  кӛру,  ырғақ, 
амплитуда,  қарқын,  жаттығуға  жұмсаған  күш  мӛлшері  уақытын  метроном 
кӛмегімен ӛлшеу, суда жүзу жолдарын кӛрсететін түрлі-түсті жарық белгілері, 
жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға кӛмектеседі.  
 
«Оқыту»,  «тәрбиелеу»,  «дамыту»  ұғымдары  және  олардың  бірлігі. 
Кез  келген  ғылым  саласының  ӛзінің  мәнін,  байланыстарын,  қатынастарын 
сипаттайтын  ұғымдары  болады.  Педагогика  ғылымы  ӛзінің  даму,  қалыптасу 
нәтижесінде: тәрбие, оқыту мен білім беру, дамыту, қалыптастыру ұғымдарын 
анықтады. 
Тәрбие  -  педагогиканың  негізгі  категориясы.  Тәрбие  тарихи    жағдайда 
«Oқыту»,  «Білім»  категорияларын  ӛзіне  қосады.  «Tәрбие»  категориясы  - 
ұрпақтардың  тарихи  және  мәдени  тәжірибелерін  бір-біріне  беру  болып 
табылады. Тәрбиеші жас ұрпаққа:   
-адамзат жинақтаған тәжірибені береді
-мәдениет әлеміне ендіреді
-ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге үйретеді; 
-ӛмірлік  түрлі  жағдайларды  (ситуацияларды)  түсінуге  және  одан  шығудың 
жолдарына кӛмектеседі. 
Тәрбиеленуші ӛз тарапынан: 
-адамдар  қарым-қатынасының  тәжірибелерін  және  мәдениет  негіздерін 
меңгереді; 
-ӛз бетімен жұмыс істейді, ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылады
-қарым-қатынас тәсілдері мен мінез-құлық ережелеріне үйренеді. 

 
146 
Тәрбиелеу  дегеніміз-алға  белгілі  мақсат  қоя  отырып  тәрбиеленушілердің 
психикасына  жүйелі  турде  әсер  ету,  бойына  моральдық  қасиеттерді, 
саналылықты, 
тәртіптілікті, 
қоғамдық 
ӛмірге, 
еңбекке 
кӛзқарасты 
қалыптастыру.  Тәрбие  жұмысы  мектепке  дейінгі  шақтан  бастап  балалардың 
жас  ерекшелігіне,  түсінігіне  лайықты  жүргізілсе,  балалар  тәрбие  процесінің 
әсеріне кӛнгіш, еліктегіш, белсенді келеді, олар ӛзін қоршаған адамдардың іс-
әрекетіне  баға  беруді  үйренеді;  алғашқы  моральдық  қасиеттер  жайында 
түсінік  алады,  жақсы  іс-әрекет  істесем  деген  талпынысы  пайда  болады,  бұл 
талпыныс  күнделікті  жаттығудың  нәтижесінде  бірте-бірте  баланың  тұрақты 
тәртібіне  айналады.  Баланың  адам  бойындағы  моральдық  жақсы  қасиеттерді 
білуі,  ұнамды  іс-әрекеттерге  белсенді  жаттығуы,  ӛзінің  тәртібіне  қойған 
талабы,  саналы  түсінігі,  сол  талапқа  сай  ӛзін-ӛзі  ұстауы-оқу-тәрбие  әсерінің 
нәтижесі,  сонымен  қатар  моральдық  тәжірибені  қалыптастырудың  негізі 
болып табылады. 
Тәрбие  балаға  екі  жақты  әсер  ету  процесі:  1)  моральдық  нормаларды 
меңгертуі  2)  тәртіп  пен  мінез-құлықтың  моральдык  тәжірибесін  жинақтау. 
Тәрбиенің  міндеті  -  қоғамның  талабына  сай  жас  ұрпақты  дайындау,  оның 
қоғамдық  және  әлеуметтік  рӛлін  кӛтеру.  Әлемдік  тәжірибеде  «спартандық», 
«рыцарлық», қазақта мергендік,  жыраулық тәрбие болған. Тәрбие мен оқыту 
ӛзара тығыз байланысты, ӛйткені олар түгелдей адамға бағытталған. Платон: 
«оқытудағы  нағыз  маңызды  нәрсе  шын  мәніндегі  тәрбие  деп  түсінеміз»  - 
деген.  Дегенмен,  ғылыми  түсінікте  және  ұйымдастыруда  оқыту  мен  тәрбие 
процестерінің ӛзіндік ерекшелігі болады.  
Оқыту дегеніміз белгілі жоспармен  бағдарлама бойынша жүйелі  түрде 
балаларға  білім  беру,  іскерлік,  жағымды  әдеттер  мен  дағдыларды 
қалыптастыру, баланың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Оқыту 
-  баланың  білімін  молайтып,  ой-санасын  дамытудың,  іскерлігі  мен  дағдысын 
қалыптастырудың  маңызды  құралы.  Оқыту  -  балаға  білім  беру,  іскерлікті, 
дағдыны,  таным  әрекеті  тәсілдерін  игерту  процесі.  Оқыту  процесі  оқытушы 
мен  оқушының  іс-әрекетін  қамтиды.  Оқытудың  ең  негізгі  формасы  -  сабақ 
(ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекет).  Қазіргі  кездегі  сабақтың  түрлі  типі  бар: 
аралас  сабақ,  жаңа  білімді  алғаш  меңгерту,  бекіту-жаттығу,  есеп-бақылау, 
қайталау  жалпылау,  т.б.  Сабақты  ұйымдастырудың  қызықтау,  серуен,  ойын, 
еңбек,  дӛңгелек  үстел,  жарыс,  топтық,  т.б.  формалары  мектепке  дейінгі 
мекемелерде кеңінен тарауда. Мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту оларды 
бастапқы  қарапайым  біліммен  қаруландыру,  ұнамды  әдет-дағдылардың 
алғашқы  нышандарына  баулу,  ақыл-ой  қабілетілігін,  білуге  құштарлығын 
дамыту.  Балалардың  зейін,  ес,  ойлау,  сӛйлеу  сияқты  дүниетанымдық 
қабілеттерін,  мақсаттылық,  белсенділік,  қиыншылықты  жеңе  білу  сияқты 
қасиеттерін  тәрбиелейді.  Оқу-тәрбие  процестері  тығыз  байланысты. 
Әрқайсысының ӛзіндік ерекшелігі болғанымен, олар ӛзара тығыз байланысты, 
бір  заттың  екі  жағы  сияқты,  біртұтас  оқу-тәрбие  процесін  құрайды. 
Сондықтан  оқыта  отырып,  тәрбиелейміз,  тәрбиелей  отырып,  білімді, 
іскерлікті,  дағдыны  меңгертеміз.  Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  оқу-тәрбиенің 
басты мақсаты - жас ұрпақты құзыретті тұлға етіп  қалыптастырудың негізін 

 
147 
қалау.  Педагогиканың  басты  категориясы  -  білім  беру.  Білім  -  жинақталған 
мәдени  құндылықтар  мен  білімдерді  ұрпақтардың  бір-біріне  беру  процесі. 
Білім  арқылы  адамдар  мәдени  құндылықтарды  игереді.  Әлем  бүгін  білім 
саласында күш біріктіреді, сӛйтіп әлемдегі және бүкіл ғаламдағы азаматтарды 
тәрбиелеуге ұмтылады. Әлемдік білім кеңістігі интенсивті түрде дамып отыр. 
Сондықтан да әлемдік қоғамдастық адамның білім стратегиясын ғаламдастық 
түрде  қалыптастыру  жайында  міндеттерді  негіздеуді  талап  етіп  отыр. 
Адамның  тұрағына  немесе  оның  туған  еліне,  алған  білімінің  деңгейіне 
қарамай-ақ ғаламдастыруды ұсынады. Білім – адамды әлеуметтендірудің және 
ұрпақтар  сабақтастығының  практикасы.  Білімнің  басты  міндеттерінің  бірі  – 
жас  ұрпақты  келешек  дербес  ӛмірге  дайындау  және  келешектің  бейнесін 
қалыптастыру.  Адам  ӛмірі  –  ұрпақтар  жалғасы.  Білімнің  әлеуметтендіру 
қызметі,  бір  жағынан,  ұрпақты  келешек  ӛмірге  дайындау  болса,  екінші 
жағынан, қоғамның болашақ негізін қалайды және адамның келешек бейнесін 
қалыптастырады. Білім адамның қоғамдық және рухани ӛмірін қалыптастыру 
және ӛндіріс саласын дамыту механизмі болып табылады. Білімнің әлеуметтік 
құндылығы  қоғамдағы  адамның  білімділігімен  айқындалады.  Білімнің 
гуманитарлық  (ізгілік)  құндылығы  адамның  танымдық  және  рухани 
қажеттілігін  дамыту  мүмкіндігінен  кӛрінеді.  Білімнің  тұтас  жүйесі  арқылы 
елдің  интеллект  және  адами-рухани  потенциалының  барлық  түрі,  дәрежесі, 
деңгейі  кӛтеріледі.  Білім  –  адамның  іс-әрекетінің  мәдени  қалыптасқан 
үлгілерін  тасымалдау  процесі.  Оқыту  және  тәрбиелеу  процесінде  адам 
мәдени-тарихи  мәні  бар  әлеуметтік  мәдени  нормаларды  меңгереді.  Білім 
аймақтық  жүйені  және  ұлттық  дәстүрлерді  дамыту  қызметі,  сондай-ақ 
әлеуметтік  институт  болып  табылады.  Ол  арқылы  қоғамның  мәдени 
құндылықтарының  және  қоғамның  даму  мақсаттарының  базалары 
жинақталады және беріледі. Білім жүйесі елдің қажетіне қарай ӛзінің мақсаты 
мен  міндеттерін  ӛзгертіп  отырады.  Білім  беру  мекемелері  әлеуметтік  салаға 
жатқызылады.  Олар  елдің  халқына  білім  беру  қызметін  атқарады.  Білім  – 
қоғамдық  ӛмірдегі  не  жеке  адамдағы  мәдени  ӛзгерістер  мен  ӛркендеуді 
тездетудің  белсенді  құралы.  Білім  адамның  тұлға,  субъект  және  жеке  адам 
ретінде  қасиеттері  мен  ерекшеліктерін  дамытуды  тездетеді.  Білім  беру 
дегеніміз жас ұрпаққа жүйелі ғылыми білім негіздерін меңгертіп, табиғат пен 
қоғамның  даму  зандылықтарын  игерту,  іскерлік,  әдет,  дағдыларын,  дүниеге 
материалистік  кӛзқарасын  қалыптастыру.  Білім  беру  оқыту  арқылы  іске 
асады. Білім – оқытудың нәтижесі. Мектепке дейінгі педагогикада білім беру 
деген  түсінік  қолданылмайды,  ӛйткені  балабақшада  балалар  аяқталған  білім 
жүйесін меңгермейді.  
Оқыту,  тәрбиелеу,  білім  беру  мекемелері:  мектепке  дейінгі  мекемелер 
(ұйымдар),  мектеп,    мектеп-гимназия,  мектеп-интернат,  лицей,  колледж, 
институт, университет, академия, жастар үйлері, шығармашылық үйі, дамыту 
орталығы,  оқушы  бӛлмелері  болып  табылады.  Олар  ұзақ  уақыт  бойы 
қалыптасып бірыңғай оқу-тәрбие жүйесі болып ӛмірге келді. Оқыту, тәрбилеу, 
білім  беру  -  ұйымдасқан  іс-әрекеттің  ерекше  түрі, оның  нәтижесі  –  адамның 
дамуы.  

 
148 
Педагогика категорияларының бірі - дамыту мен қалыптастыру.  Даму - 
жеке  адамды  жетілдірудің  ӛте  күрделі  және  диалектикалық  процесі.  Балада 
анадан  туа  біткен  белгілі  идеялар  мен  түсініктер  және  ӛжет,  жұмсақ  немесе 
байсалды  мінез  болмайды.  Баланың  адамгершілік,  әуестік,  белсенділік, 
батылдық  сияқты  қасиеттері  даму  процесінде  қалыптасады.  Даму  -  болып 
жатқан  ӛзгерістердің  сипаты  мен  бағытын  білдіретін  үғым.  Даму  идеясы 
адамтану  ғылымдар  тарихының,  соның  ішінде  педагогиканың  ең  басты 
идеяларының,  педагогикалық  категориялардың  бірі.  Даму  идеясын  тұңғыш 
ашқан ежелгі грек философы Гераклит болды. Дамудың негізгі қайнар кӛзін, 
сипатын  және  бағытын  ашатын  диалектика  заңдары  болып  табылады.  Даму 
дегеніміз  -  қарама  қарсылықтардың,  жаңа  мен  ескінің  күресі.  Даму  процесі 
алуан  түрлі  қоршаған  жағдайға  байланысты  эволюциялық  жолмен  жүреді. 
Даму  күрделі  жан-жақты  процесс.  Даму  -  қарапайымнан  күрделіге  қарай, 
тӛменнен  жоғарыға  қарай  жүретін  процесс,  сол  арқылы  біртіндеп    сандық 
ӛзгерістер  жиналып  сапалық  ӛзгерістерге  ауысады.  Қазіргі  замандағы 
психологтер  мен  педагогтердің  жинақтаған  тәжірибелері  бойынша  оқытуды 
тиімді  ұйымдастырудың  әсерінен  баланың  зейіні,  қабылдауы,  есі,  ойлауы, 
сӛйлеуі  (сӛзі),  ақыл-ой  операциясы,  эмоциясы,  еркі,  қызығушылығы,  жалпы 
және арнаулы қабілеті дамиды. Соның нәтижесінде олардың оқу қызметі, ой 
еңбегі де  артады.  Оқыту  процесі  арқылы  тек  білім  алып  қоймайды, олардың 
дағдысы,  іскерлігі  қалыптасады,  дүниетанымы  кеңейеді,  адамгершілік, 
эстетикалық,  дене  және  басқа  да  сезім  қасиеттері  ӛзгерістерге  түседі.  Оқыту 
процесінде  тәрбиеленушілердің  жеке  ерекшеліктері,  олардың  бейімділігі, 
қызығушылығы,  қабілеті  ескеріледі,  бұл  балалардың  дұрыс  дамуына 
мүмкіндік  береді.  Әр  жастағы  баланың  даму  ӛзгешеліктеріне  сай  келетін 
оқыту  мен  тәрбиенің  тиімді  жолдарын  таба  білу  оқу  материалын  дамудың 
құралы  ете  білу  -  педагогтің  басты  міндеті.  Ол  үшін  баланың  таным 
процестерін,  қабілеттерін  дұрыс  бағалау,  оқу-тәрбие  процесінде  кездескен 
қиыншылықтарды  жеңе  білуде  кӛмек  кӛрсету,  жоғары  талап  қоя  білу,  ақыл-
ой, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оның болашақ бейнесін алдынала 
болжай алу, баланың инициативасы мен белсенділігін ылғи да қолдап отыру 
тек педагогтік мамандыққа тән қабілеттер және оның айбынды құзыреттерінің 
бірі.  Адамның  жасына  сәйкес  даму  заңдылықтары  бар.  Жас  дамуы  адамның 
үздіксіз ӛзгерістерге түсуіне әсер етеді.  
  
Дамудың  бір  кезеңінен  келесі  кезеңіне  ӛту  динамикасы  кейде  қиын, 
кейде баяу, кейде кенет, кейде біртіндеп ӛтуі мүмкін. Мысалы, адамның ӛсуі 
мен жетілуін Швед этнографы  Э.Эриксон 8 кезеңге бӛлінеді: бӛбек - туғаннан 
1 жасқа дейін, сәбилік - 1 -3 жас; мектепке дейін - 3-7 жас, жас ӛспірім -7-12 
жас, кәмелеттік 13-18, жігіттік, жастық шақ - 30, орта жас 40-50, ақсақалдық - 
60-70, қартаңдық - 80-100 жас. Бұл кезеңдердегі даму  динамикалары әртүрлі 
келеді. 
Жалпы педагогикалық принциптер. Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие 
принциптері)  бұл  тәрбие  процесінің  мазмұнына,  әдістеріне,  ұйымдастыру 
жолдарына  қойылатын  негізгі  талаптарды  айғақтайтын  жалпы  бастау 
тұжырымдары.  Олар  тәрбие  процесінің  аңдатып,  педагогтарға  нақты 

 
149 
педагогикалық  міндеттерді  шешуде  бағыт-бағдар  береді.  Тәрбие  процесіне 
арқау болар принциптер ӛз алдына жүйеге бірігеді.  
Осы жүйедегі гуманистік педагогика принциптеріне:  
-тұлғалық бағыт принципі;  
-тәрбиенің жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі;  
-тәрбиенің ӛмір, еңбекпен байланыстылық принципі;  
-тәрбиеде ұнамды ӛнегені пайдалану принципі;  
-тәрбиелік ықпалдар бірлігі принципі жатады.  
Тұлғалық  бағыт  принципі.  Тәрбие  процесінде  тұлғалық  бағыт  принципі 
тәрбиеленушілердің  жас  ерекшеліктері  мен  даралығын,  әсіресе,  жалпы  және 
жеке  адами  қасиет-сапалары  мен  мүмкіндіктерін  ескеру  негізінде  іске 
асырылады.  Адами  қасиет  сапалар  мәні:  тұлғаның  ӛмірлік  бағыт-бағдары, 
тіршілік  жоспары,  құндылықты  бағамдары,  қалыптасқан  жандүниелік 
ұстамдары,  іс-әрекеті  мен  мінезіндегі  басымды  сеп-түрткілер.  Тұлғаның  осы 
аталған  жетекші  сапаларынан  бӛлектене  қарастырылатын  жас  не  даралық 
ерекшеліктер  (мінез,  темперамент,  ерік  және  т.б.)  жоғары  дәрежелі  кісілік 
қадір-қасиеттерді  қалыптастыруға  бағышталған  тәрбиені  қамтамасыз  ете 
алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, 
жоғарыда  аталған  сапалардың  жетекшілік  рӛлін  тану  ғана  баланың  жас 
мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың кӛзін ашады.  
Тұлғалық бағыт принципінің тәрбиеші алдына қоятын талаптары:  
1)  тәрбиеленушілердің 
жеке  темпераменттік  ерекшеліктерін,  мінез 
бітістерін, кӛзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін үздіксіз зерттеп, жете 
білу;  2)  тәрбие  процесін  диагностикалаумен  бірге  баланың  ойлау 
қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, ӛмірлік бағыты, ӛмір мен еңбекке 
деген  кӛзқарасы,  құндылықты  бағамдары,  тіршілік  жоспарлары  секілді 
тұлғалық  сапалардың  нақты  қалыптасу  деңгейін  түбегейлі  тану;  3)  әр 
оқушыны  тұлғаның  ілгерілей  дамуын  қамтамасыз  етуші  күш-қуатына 
сәйкес  әрі  біртіндеп  күрделеніп  баратын  тәрбиелік  істерге  ұдайы 
қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді ӛз 
уақытында  анықтау  әрі  аластау,  ал  егер  бұл  мүмкін  болмаса,  жаңа 
жағдайлар  мен  шарттарға  тәуелді  тәрбие  бағытына  дер  мезетінде 
ӛзгерістер  енгізу;  5)  барынша  тұлғаның  ӛз  белсенділігін  арқау  ету;  
6)  тәрбиені  тұлғаның  ӛзіндік  тәрбиесімен  ұштастыру,  оқушыға  ӛзіндік 
тәрбие  мақсаттарын,  әдістері  мен  формаларын  таңдауға  жәрдем  беру;  
7)  оқушыда  дербестік,  ынталылық,  ӛзіндік  іс-әрекет  қабілеттерін 
дамыту,  тек  басшылықпен  шектелмей,  табысқа  жеткізер  іс-әрекеттерді 
ұтымды ұйымдастыру және бағыттай білу.  
Осы  талаптардың  бірлікті  орындалуы  бұрыннан  танымал  жас  ерекшеліктері 
мен  даралық  ескеру  принциптерінің  қарабайырлығын  жояды,  тәрбиешіні 
процестің  үстірт  белгілеріне  шегеленбей,  тереңде  жатқан  мән-мағыналық 
байланыстарға  назар  аударуға  бағыттайды,  осы  процесте  кӛрінетін  тәрбие 
заңдылықтары мен себеп-салдарлы қатынастарды тануға жетекшілік етеді.  
Тәрбиенің  жеке  тұлғалық  және  қоғамдық  бағыттарының  бірлігі 
принципі.  Озат  ойлы  педагогтер  тәрбиені  «ӛсиет  пен  ӛнеге,  сендіру  және 

 
150 
зорлау  жәрдемімен  адамдарды  нәзік  шақтан  іс-әрекетке  қосып,  игерілген 
ережелерді тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым» (Г. Сент-Джон) 
ретінде  таныған.  Әр  дәуірде  бұл  принцип  мәні  ауысып  отырған:  бірде  жеке 
тұлғалық  бағыт  басымдау  болып,  кейде  қоғамдық,  мемлекеттік  бағыттар 
жетекшілік  еткен.  Алайда,  тәрбиенің  басты  міндеті  -  адамды  белсенді 
қоғамдық  әрі  рақат  жеке  ӛмірге  дайындау  -  қай  заманда  да  сақталып  қала 
береді.  Бұл  принцип  бойынша  педагогтің  барша  қызметі  ӛсіп  келе  жатқан 
әулет тәрбиесін мемлекеттің тәрбиелік стратегиясына сәйкес орындауға және 
әлеуметтік  үйлесімге  келген  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс. 
Мемлекет  қызметіндегі  тұлға  ретінде  тәрбиеші  тәрбие  саласындағы 
мемлекеттік  тапсырысты  орындайды.  Егер  мемлекет  және  қоғам  мүдделері 
сәйкес  келсе,  азаматтардың  жеке  мүдделерімен  үйлесімді болса,  онда  тәрбие 
принциптері  де  тәрбие  мақсаттары  мен  міндеттерінің  саласында  ӛзіне  тиісті 
орын  алады.  Ал  бұл  жағдай  керісінше  болса,  принцип  іске  аспай  қалады, 
себебі тәрбиешінің тәрбие істері қорына толыққанды тәрбие үшін қажет нақты 
деректер  түспейді.  Бұл  принципті  іске  асыру  барысында  әсіре  ұрандаудан, 
желікпе үндеулерден, бӛспе сӛзділіктен аулақ болған абзал, себебі тәрбие ең 
алдымен  құнды  әрекет-қылық  және  қарым-қатынас  тәжірибесін  жинақтауға 
мүмкіндік  беретін  пайдалы  іс-әрекет,  қызмет  процесінде  жүзеге  асады. 
Алайда, оқушы араласқан нақты іс-әрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу, 
спорттық және т.б.) тәрбиелік мәнге ие болуы үшін, оның субъектісі - балада 
сол әрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер 
олар жоғары ізгілікті, қоғамдық мән-мағынасымен елеулі болып келсе, әрекет-
қылықтар  нәтижесінде  орындалатын  қызмет  те  үлкен  тәрбиелік  ықпалға  ие 
болады.  Әр  тұлғаның  әлеуметтік  сапаларын  орнықтыруда  оқушылардың 
қоғамдық  пайдалы  еңбегі  олардың  мақсатты  бағытталған  сана-сезімін 
қалыптастыру  істерімен  ұштасуы  қажет.  Баланы  қандай  да  іс-әрекетке 
ойыстыруға  қолданылған  сӛз,  ауызекі  нұсқау,  нақты  тұрмыстық  пайдалы 
қызмет пен ұнамды әлеуметтік тәжірибеде ӛз шешімін табуы тиіс.  
Тәрбиенің  ӛмір  және  еңбекпен  байланыстық  принципі.  Ежелгі  Рим 
мектептері ӛз оқушыларын «Мектеп үшін емес - ӛмір үшін», - ұранымен күтіп 
алады  екен.  Адамзаттың  алғашқы қадамдарының  ӛзінде-ақ  адам  тәрбиесімен 
шұғылданған  тұлғалар  ӛмір  мен  тұрмыс  тәжірибесінен  ажыраған  тәрбиенің 
мағынасыз  болатынын  түсінген.  Адам  тұлғасын  қалыптастыру  оның  іс-
әрекетімен,  қоғамдық  және  еңбектік  қатынастарға  келуімен  тікелей  тәуелді 
байланыста.  Адамның  ұнамды  сапалары  еңбекте  ғана  дамиды:  неғұрлым  ол 
ауқымды,  мақсатқа  орай  болса,  тұлғаның  дамуы  мен  әлеуметтену  деңгейі  де 
жоғары  келеді.  Тең  құқықты  мүше  ретінде  еңбек  процесіне  қатыса  отырып, 
бала  адамгершілікке  баулынады,  рухани  және  тәндік дамуға  келеді,  еңбектің 
қоғамдық мәнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, ӛзінің моральдық сапа-
қасиеттерін бекітеді, одан әрі жетілдіреді.  
  
Тәрбиені  ӛмірмен  байланыстыру  принципі  педагогтерден  екі  бағытта 
белсенді  қызмет  атқаруды  талап  етеді:  1)  тәрбиеленушілерді  адамдардың 
қоғамдық  ӛмірі  және  еңбегімен  қолма-қол  әрі  кең  таныстырып,  жалпы 
тұрмыста болып жатқан әлеуметтік ӛзгерістерді мезетінде түсіндіріп беру; 2) 

 
151 
тәрбиеленушілерді  шынайы  ӛмір  қатынастарына  тартып  араластыру, 
қоғамдық  пайдалы  іс-әрекеттердің  сан-алуан  түрлеріне  қызығулары  мен 
бейімділіктеріне сәйкес қосып, оның нәтижесінен рахат сезінуге баулу.  
Аталған  принципті  іске  асыру  барысында  педагог  орындауы  тиіс  міндеттер 
тӛмендегідей:  
-қоғам мен адам ӛміріндегі еңбектің маңызын әр балаға жете түсіндіру;  
-материалды  және  рухани  дүние  ӛндіруші  еңбек  адамдарына  деген  құрметке 
баулу;  
-шаршап-жалықпай  еңбектену  қабілетін  дамыту,  қоғам  және  ӛз  мүддесі  үшін 
адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін ӛрістете түсу;  
-қазіргі заман ӛндірісінің жалпы негіздері жӛніндегі ақпараты жеткізу;  
-еңбек аясында ӛз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре білуге, 
қоғам қажеттері мен ӛз ниеттеріне орай кәсіп таңдауға үйрету;  
-қоғамдық  игілік  және  табиғат  байлықтарына  құндылықпен  қатынас  жасауға 
баулу;  
-қоғамдық  мүлікке  байланысты  ысырапшылдыққа,  жауапкерсіздікке,  талан-
тараждыққа,  табиғат  байлықтарына  болған  айуандыққа  тӛзбеушілік  сезімін 
ояту.  
Тәрбиені  ӛмір  және  еңбекпен  ұтымды  ұштастыру  мақсатында  келесі 
ережелерді ұстанған жӛн:  
1.Желең  сӛз  емес,  балалардың  нақты  әрі  қолынан  келер  ісі  пайдалылау. 
Осыған  орай  тәрбиеші  сабақ  және  сабақтан  тыс  жұмыстарға  қойылатын 
талаптар  бағдарламасын  түзіп,  оларды  бірізділік  принципі  негізінде  іске 
асыруы шарт.  
2.Ӛз  әрекеттерін  жанұя  талаптарымен  үйлестіре  отырып,  тәрбиеші  әр  балаға 
оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым. Бұған қосымша - үйге 
жәрдемдесу, әлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.  
3.Бала,  әдетте,  қандай  да  істі  орындауға  құштар;  енжарлық,  селқостық, 
іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.  
4.Дәрістер  (сабақтар)  мен  топтан  (сыныптан)  тыс  тәрбие  жұмыстарында 
ӛлкетану материалдарын пайдаланған ӛте тиімді.  
5.Ересектермен  қатар  еңбекке  араласуынан  балалар  қолға  алған  жұмыстарды 
жауапкершілікпен  бағамдауға  үйренеді,  ал  бұл  олардың  азаматтық 
сапаларының дамуына жәрдем береді.  
6.Бала  тәрбие  процесінде  ӛз  еңбегінің  басқа  адамдарға,  қоғамға  қажет  әрі 
пайдалы екенін сезінуі тиіс.  
Тәрбиеде  ӛнеге-үлгіні  сүйеніш  ету  принципі.  Егер  ӛз  тәрбиеленушісінен 
педагог  тырнақтай  да  жақсылық  нышанын  байқап,  оны  тәрбие  процесінде 
пайдаланатын  болса,  оның  шәкірт  жанына  жол  тауып,  тезірек  табысқа  жетуі 
сӛзсіз.  Дана педагогтер  тіпті,  тәрбиесі жетімсіз балалар  мінезінен  де ұнамды 
бітістер  тауып,  оларды  тәрбие  мақсатына  орай  басқа  да  қасиет-сапаларды 
қалыптастырып,  тұрақтандыруда  шеберлікпен  қолдана  алған.  Ұнамды  үлгі-
ӛнегелерді  сүйеніш  ету  принципінің  талаптары  қарапайым:  педагог  баланың 
ұнамды  мінез  бітісін  табады,  оны  пайдаланып,  басқа,  әлі  қалыптаспаған  не 
кері  кеткен  мінез  бітістерін  дамытады,  қажетті  деңгейге  жетілдіріп,  ӛзге 

 
152 
әрекет-қылық  сапаларымен  үйлестіреді.  Баланың  ұнамды  сапалары 
(жануарларға  мейірім,  тума  қайырымдылық,  ықыластылық,  жомарттық 
және.т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уәдесіздік, ӛтірік айту, еріншектік және т.б.) 
бірге  жүреді.  Бірақ  түгелдей  «бұзық»  не  тума  «сүйкімді»  бала  болмайды. 
Адамдағы  болымды  қасиеттерді  молынша  кӛбейтіп,  кері  сапаларды 
мүмкіндігінше азайту - тұлғаны ізгілендіру жолындағы тәрбие қолынан келер 
маңызды міндет.  
  
Тәрбиеші қызметі табысты болып, тез әрі ұнамды нәтижеге жетуі үшін, 
ол келесі ережелерді ұстануы қажет:  
1.Тәрбие  процесінде  дау-дамайға,  тәрбиеші  мен  тәрбиеленуші  арасындағы 
қайшылыққа,  күш  және  кӛзқарас  тайталасына  жол  бермеу  міндетті.  Тек 
қызметтестік,  ымырашылдық  пен  шыдамдылық  және  бала  тағдырына 
мүсіркей араласумен ғана ұнамды нәтижелерге жету мүмкін.  
2.Бала  қылық-әрекетіндегі  тек  олқылықтар  мен  кемшіліктерге  ғана  назар 
аудара  беру  қателік.  Әрдайым  жақсы  нышандарды  тауып,  қолдау  шарт, 
әлбетте,  келеңсіз  сапаларды  түзету  қажет.  Дегенмен,  мүмкін  болғанша, 
алдымен ұнамды қасиеттерді анықтап, қажет болса қалыптастырып, одан әрі 
оларды жетілдіре түсу тиімді.  
3.Педагогикалық  тұрғыдан  тәрбиеленушілердің  ұнамды  қызығулары  мен 
бейімділіктеріне 
(танымдақ, 
эстетикалық, 
табиғат, 
жануарларға 
қайырымдылық  және  т.б)  арқа  сүйеген  тиімділеу,  олардың  жәрдемімен 
кӛптеген еңбек, имандылық, эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуге болады. 
Ұнамды  үлгі-ӛнегені  пайдалану  принципі  тәрбие  процесінің  табиғатына 
берілген жетекші ӛзекті таба білуге байланысты. Әр нақты жағдайға орай осы 
ӛзекті  табу-бала  тәрбиесі  жолында  жанпидалыққа  түскен  қай  педагогтің  де 
қолынан келетін іс.  
4.Ұнамды  тәрбие  аясын  (фон)  түзу-ӛнеге  пайдалану  принципінің  және  бір 
шарты.  Бұл  -  тәрбиеленушілердің  тіршілік,  іс-әрекет  ауқымы  мен  тәрбиелік 
қатынастар  стилі.  Байыпты,  іскерлік  жағдай  жасалып,  әркім  ӛз  ісімен 
шұғылданып,  басқаларға  кедергі  болмаса,  еңбектену  мен  тынығу  жоғары 
дәрежеде  ұйымдастырылса,  «қабырға  да  кӛмектесіп»  дегендей  сергек  те 
сенімді  алға  ілгерілеу  болады.  Жұмыс  орнының  барша  қолайлылықтары 
алдын  ала  ойластырылып,  үйлесімді  әрекеттер  мен  бірдің  екіншіге  болған 
қамқорлығы сезілсе, мұның бәрі қызмет бабындағы адамға ұнамды әсер етпей 
қоймайды.  
5. Қателіктерінен үздіксіз кері әсерге ұшыраған бала ӛзіне, ӛз күш-қуаты мен 
мүмкіндіктеріне  сенуден  қалады.  Тәжірибелі  педагогтер  ғұлама  Гомерден 
қалған  «Мадақ  бар  жерде,  Жаратқан  мен  сәби  жүреді»  деген  қанатты  ойды 
ұстанып,  балаға  деген  жылы,  қолдау  лебізін  бір  де  аямайды,  болашақтағы 
жетістіктері үшін де алдын ала мақтауға жомарт келеді. Олар баланың жақсы 
қылығын күні бұрын жобалап, оның нәтижелі боларына баланы сендіреді, ӛз 
шәкірттерін қызметтес жолдасына айналдырып, қателескен жерінде қол ұшын 
береді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет