А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


                                  Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.Қимыл-қозғалыстарға үйретудің қандай  дидактикалық принциптерін білесіз? 
2.Дене шынықтыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдерге сипаттаңыз. 
3.Әдістерді жіктеңіз (кӛрнекілік, сӛйлесу, тәжірибелік, жарыстық, проблемалық, 
оқыту және тәрбие әдістері). 
4. «Оқыту», «тәрбиелеу», «дамыту» ұғымдары және олардың бірлігі туралы не 
айтар едіңіз? 
5.Қандай жалпы педагогикалық принциптерді білесіз? 
6.Оқыту әдістері және тәсілдеріне анықтама беріңіз. 
7.Оқыту әдістердің жіктелу және оны мектепке дейінгі тәрбиеде қалай 
қолдануға болады? Ой-тұжырымыңыз. 
             Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға                             
                                             арналған материалдар 
1.Қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыру және дене қуаты қасиетін 
тәрбиелеу жалпы зандылықтарға бағынады, ол әдістемеде қалай аталады? 
А.  Қағидалар 
Ә.  Әдістер 
Б.  Ұғымдар 
В.  Түсініктер 
2.Сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене 
қуаты дайындығы деңгейін түсірмеу қандай қағиданың міндетіне кіреді? 
А.  Түсініктілік 
Ә.  Жүйелілік 
Б.  Бірізділік 
В.  Саналылық 
3.Саналылық принципін ең алғаш ғылыми талдап жасаған  кім? 

 
164 
А.  И.Иванов 
Ә.  Т.И.Осокинв 
Б.  П.Ф.Лесгафт 
В.  А.Быкова 
4.Қимыл-қозғалыстарды механикалық түрде меңгеруге үзілді-кесілді қарсы 
тұрған кім? 
А.  Е.Славинцкий 
Ә.  Е.А.Аркин 
Б.  П.Ф.Лесгафт 
Б.  А.Быкова  
5.Жаңа қимыл-қозғалыстарды үйрену кезінде тәрбиешінің қимыл-
қозғалыстарды практика жүзінде мүлтіксіз кӛрсетуі жолымен-эстетикалық 
қабылдаудың пайда болуына, қимыл-қозғалыстарды нақты елестетуге, дұрыс 
қимыл-қозғалысты түйсік пен дәл беруге ұмтылумен жүзеге асырылатын 
қағида: 
А.  Кӛрнекілік 
Ә.  Белсенділік 
Б.  Тұрақтылық 
В.  Тарихилық  
6.Қиын элементтерді, қимыл-әрекеттерін іштей қайталау (ойша) 
А.  Шартты  қайталау 
Ә.  Идеомоторлық қайталау 
Б.  Суретті қайталау 
В.  Екеуара қайталау 
7.Табиғи кӛру кӛрнекілігі: 
А. Адамның дене жаттығуларын орындауы 
Ә. Әңгімелеу арқылы орындау 
Б.  Есту арқылы орындау 
В.  Сезу арқылы орындау 
8.Есту кӛрнекілігі: 
А.  Секіріп кӛрсету 
Ә.  Алақан шапалақтау 
Б.  Сурет кӛрсету 
В.  Доп ойнау 
9.Тура бақылауға қиын тиімсіз элементтерді ұқыпты түрде түсіндіру есебінде, 
қозғалыс қимылы туралы түсінікті қалыптастыруға не қолданылады: 
А.  Кӛз кӛрнекілігі 
Ә.  Есту кӛрнекілігі 
Б.  Сӛз кӛрнекілігі 
В. Сезу кӛрнекілігі 
10.Қозғалыс дағдыларының бірте-бірте қалыптасуы және кӛп кӛрсету арқылы 
арнаулы білімнің қалыптасу тиімділігін кӛрсететін қағида: 
А.  Жекелік 
Ә.  Реттілік 
Б.   Қайталау 

 
165 
В.  Жүйелілік 
11.Баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруді және осыған 
байланысты оның күші келерліктей тапсырмаларды анықтауды қарастыратын 
қағида: 
А.  Шамаға лайықты болу 
Ә.  Ескеру 
Б.  Салыстыру 
В.  Ғылымилылық 
12. «Жеңілден - қиынға» дидактикалық ережесін басшылыққа алатын қағида: 
А.  Тарихилық 
Ә.  Реттілік 
Б.  Жекелік 
В. Ұстамдылық 
13.Кӛздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтіретін қызмет жүйесі: 
А.  Қағида 
Ә.  Әдіс 
Б.  Ұстаным 
В.  Анықтама 
14. Толық немесе ішінара уақыт жӛнінен шектелуімен, жаттығуларды ойындық 
түрде (бейнелі) ӛткізуімен, жарыс элементтерін пайдаланумен сипатталатын 
әдіс: 
А.  Ойын 
Ә.  Сӛздік 
Б.  Интерактивтік 
В.  Практикалық   
15.Қандай әдіс кезінде балалардың алдына нақты міндет қойылады, оны 
балалар ӛз беттерімен шешеді: 
А.  Әңгімелесу 
Ә.  Проблемалық 
Б.  Пікірталас 
В.  Сауалнама 
16.Қимыл-қозғалыстарды дыбыспен реттеу тәсілі: 
А.  Кӛрнекілік-есту 
Ә.  Кӛрнекілік-кӛру 
Б.  Кӛрнекілік-сезу 
В.  Кӛрнекілік-тактилді 
17.Қимыл-қозғалыс мәнерлілігін дамыту және ойындық бейнеге жақсы ену 
мақсатында қолданылатын тәсіл: 
А.  Сӛйлесу-ақылдасу 
Ә.  Әңгімелесу-сырласу 
Б.  Сӛйлесу-нұсқау беру 
В.  Бейнелі-мазмұнды  
1 8 . Белгілі жоспармен  бағдарлама бойынша жүйелі түрде балаларға білім 
беру: 
А.  Оқыту 

 
166 
Ә.  Тәрбиелеу 
Б.  Қалыптастыру 
В.  Дамыту 
19.Адамның іс-әрекетінің мәдени қалыптасқан үлгілерін тасымалдау процесі: 
А.  Мәдениет 
Ә.  Білім 
Б.  Сана 
В.  Ұғым 
20.Қарама- қарсылықтардың, жаңа мен ескінің күресі: 
А.  Даму 
Ә.  Тәрбие 
Б.  Оқу 
В.  Іскерлік 
21.Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, әсіресе, жалпы және 
жеке адами қасиет-сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске 
асырылатын принцип: 
А.  Ізгілендіру 
Ә.  Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі 
Б.  Үлгі-ӛнегені насихаттау 
В.  Еңбекке тәрбиелеу 
22.Егер ӛз тәрбиеленушісінен педагог тырнақтай да жақсылық нышанын 
байқап, оны тәрбие процесінде пайдаланатын болса, оның шәкірт жанына жол 
тауып, тезірек табысқа жетуі сӛзсізҚандай принциптің мазмұнына кіреді? 
А.   Еңбекке тәрбиелеу принципі 
Ә.  Тәрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. 
Б.  Ұнамды тәрбие пайдалану принципі 
В.  Тәрбиеде ӛнеге-үлгіні сүйеніш ету принципі 
23.Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай әдістерді топтастырған 
кімдер? 
А.  И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин 
Ә.  К.Д.Ушинский, А.Быкова 
Б.  П.Ф.Лесгафт, Е.А.Аркин 
В.  Н.К.Крупская. А.С.Макаренко 
24.Оқытудың диалогтық әдісі: 
А.  Сұрақ 
Ә.  Жауап 
Б.  Әңгіме айту 
В.  Әңгімелесу  
25.Ой майданы әдісін 1939 жылы бірінші рет қолданған кім? 
А.  Д.В.Хухлаева 
Ә.  А.Ф.Осборн 
Б.  Б.Е.Райков 
В.  К.П.Ягодовский 
26.Заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық 
құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден кӛрсетіледі. Қандай әдіс? 

 
167 
А.  Кӛрсету 
Ә.  Түсіндіру 
Б.  Ойын 
В.  Демонстрация  
27.Бұл әдіс арқылы  іскерлік, дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, 
ӛзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік, дағдыларын балаларға қайталатады: 
А.  Репродуктивтік 
Ә.  Эвристикалық 
Б.  Түсіндірмелі 
В.  Зерттеушілік 
28.Оқыту әдістерінің басты қызметі: 
А.  Оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру 
Ә.  Жаттықтыу, қалыптастыру 
Б.  Тәжірибе жинау, дәлелдеу 
В.  Тәрбиелеу, ұйымдастыру 
29.Педагог әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, 
фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін кӛрсетеді 
және оқушыларға тапсырмалар береді. Қандай әдіс: 
А.  Монологтық баяндау әдісі 
Ә.  Екеуара әңгімелесу 
Б.  Ӛнегелі  педагог пен бала әңгімесі 
В.  Диалогты әңгіме 
30.Балаларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар беріледі. Қандай әдіс 
қолданылып тұр? 
А.  Сұрақ жауап 
Ә.  Кӛрнекілік 
Б.  Эвристикалық 
В.  Зерттеу 
 
10- тақырып. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру 
 
1.Қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгерту және оларды оқыту процесінде 
балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары 
2.Сана мен эмоцияның рӛлі 
3.Тапсырманы алға қоюдың, іс-әрекет мотивтерінің, психологиялық 
бағдардың әсері 
3. Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға музыканың әсері  
4.Дене жаттығулары. Дене жаттығуларына үйрету кезеңдері мен әдістемесі 
Үйрету 
процесiнде 
балалардың 
қимыл-қозғалыс 
дағдыларын 
қалыптастыру  заңдылықтары.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың 
дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру процесі оларды мектептегі 
жылдарда одан әрі дамыту және жетілдіру үшін іргетас болып  табылады. Бұл 
заңды процесс үш сатыға бӛлінеді. 

 
168 
Бірінші  саты-бастапқы  іскерлікті  қалыптастыру-балалар  жаңа  қимыл-
қозғалыстармен  танысатын  кездегі  уақыт  жӛнінен  қысқа  сатыға  ми 
қыртысында  қозу  процесінің  кең  иррадиациялануы  және  ішкі  тежелістің 
жетімсіздігі  тән.  Осыған  байланысты  балалардың  қимыл-қозғалыстарында 
сенімсіздік,  бұлшық  еттердің  жалпы  жиырылғыштығы,  артық  қимыл-
қозғалыстардың  болуы,  кеңістікті  және  уақытты  дұрыс  бағдарламайтыны 
байқалады.  Бұл  қозудың  иррадиациялағыш  процесінің  қимыл-қозғалыстық 
анализатордың басқа орталықтарына да тарауы салдарынан болып жатады. 
Екінші  саты  –  уақыт  жӛнінен  әлдеқайда  ұзақ.  Ол  шартты  рефлекстік 
мамандандырылу  процесімен  айрықшаланады.  Осы    саты  барысында 
балалардың  дағдысының  дамуы  қайталау    жаттығулары  ыңғайында  үйреніп 
жүрген  қимыл-қозғалыстардың  дұрыстығы  бірте-бірте  жақсара  түседі.  Бұл 
жеке  қимыл-қозғалыстық  рефлекстерді  және  олардың  жүйесін  тұтас 
нығайтудан  болып  жатады.  Екінші  сатыға  қозу  процестерінің  тарауын 
шектейтін  ішкі  сараланған  тежелістің  бірте-бірте  дамуы,  екінші  сигналдық 
жүйе  рӛлінің  артуы  тән.  Осыған  байланысты  бала  міндеттер  мен  ӛз 
әрекеттерін  санаға  молынан  сіңіргендігін  кӛрсетеді.  Дегенмен,  бұл  сатыда 
қимыл-қозғалыс дағдылардың  құрылуы  толқынды  түрде  ӛтеді.  Бұл  әрекеттің 
жақсаруы  немесе  нашарлауының  кезектесіп  келуінен  кӛрінеді.  Зерттеулер 
үйрету  кезіндегі  қимыл-қозғалыс  сатысының  жалпы  ілгерілеу  процесінде 
мұндай  ауытқулардың  үйретудің  алғашқы  кезінде  болатындығын  кӛрсетті. 
Қимыл-қозғалыстық  іскерліктердің  барған  сайын  нығайып,  жетілуіне  қарай 
ми  қыртысында  уақытша  байланыстардың  күрделі  жүйесі  -  динамикалық 
стереотип  пайда болады. 
Үшінші  саты  –  әрекеттің  негізгі  нұсқасына  сай  дағдының  тұрақтануы, 
динамикалық  стереотиптің  нығаюы.  Бала  дағдыны  меңгереді.  Оның  қимыл-
қозғалыстары  екінші  сигналдық    жүйенің  жетекші  рӛлінің  арқасында 
ықтиярлы,  үнемді,  еркін,    жеткілікті  мӛлшерде  дәл  бола  түседі.  Ол  әрекетті 
оның негізгі міндетін жете түсіне отырып, ӛз бетімен және сенімді атқарады, 
пайда болған нақты жағдайда (ойындық және  ӛмірлік) қалыптасқан дағдыны 
шығармашылықпен  қолдана  алады.  Мұнымен  бірге  дағды  дамуының  осы 
сатысында қимыл-қозғалыстық әртүрлі нұсқалармен сәйкес қосымша қимыл-
қозғалыс реакциялар қалыптасады. Қимыл-қозғалыс дағдылар ӛзара әрекеттес 
болуы мүмкін. Бұрын игерілген дағды тасымалдану механизмі бойынша жаңа 
іскерлік  немесе  дағдының  пайда  болуына  кӛмектесе  алады.  Tасымал  мәні  - 
тәсілдер  немесе  амалдарды  жаңа  объектілерге,  процестерге  (коньки  тебу  - 
роликті  коньки  тебу)  қолдануда.  Дағдыны  тасымалдаудың  қажетті  шарты  - 
белгілі  бір  әрекетті  орындау  элементтерінің,  олардың  құрылымының 
ұқсастығы,  орындаудың  жалпы  принциптерін  жете  түсіну  болып  табылады. 
Мұндай  жағдайда  бала  ӛзінде  бар  тәжірибе  мен  іскерлікке  сүйеніп,  жаңа 
дағдыны  тезірек  меңгереді.  Мұндай  кезде  қимыл-қозғалыс  актілердің  басты 
фазаларының  ұқсастығы  міндетті  шарт  болуы  тиіс  (мысалы,  гимнастикада). 
Айтылған тасымал жақсы жағынан анықталады. 
Дағдылар  ұқсастығы  олардың  дайындық  фазалары  үшін  тән,  бірақ  бұдан 
кейінгілері,  әсіресе,  бастылары  арасында  айырмашылық  болса,  кері  ӛзара 

 
169 
әрекеттесу  -  қимыл-қозғалыс  актілерді  меңгеруге  жәрдемдеспейтін  кері 
тасымал немесе интерференция тууы мүмкін. Дағдылар интерференциясының 
бір  себебі  -  жаңа  дағды  пайда  болуы  кезінде  кейін  туғандарымен 
салыстырғанда,  бұрынырақ  пайда  болған  уақытша  байланыстардың  беріктігі 
болуы мүмкін. Сонымен бірге интерференцияның себебі жаңа әрекеттерде әр 
әрекеттің        ӛзіндік  ерекшеліктерін  ажыратуға  кедергі  жасайтын  бұрынғы 
әрекеттермен  бірқатар  ортақ  компоненттердің  сақталуы  мүмкін.  Күрделі 
қимыл-қозғалыс  актілерін  меңгеруге  туа  біткен  автоматизмдер  әсерін  тигізуі 
мүмкін.  Мәселен,  дағдыны  меңгеруге  жүру,  жүгіру  т.б.  сияқты  әрекеттердің 
табиғи  негізі  болып  табылатын  туа  біткен  қарама-қарсы  үйлесімділік  жақсы 
әсерін тигізеді 
Қимыл-қозғалыс  әрекеттерге  үйрету  процесіндегі  сана  мен  эмоцияның 
рӛлі. Yйрету кезінде эмоцияның, ынтаның, балалардың ӛз іс-әрекетіне деген 
саналы  қарым-қатысының  үлкен  мәні  бар.  Yйреніп  жатқан  жаттығу  немесе 
ойынның  мазмұнына  деген  ынта,  сондай-ақ  әртүрлі,  балаларды  еліктіретін, 
әдістеме    эмоциялық  ӛрлеу  туғызады.  Осыған  байланысты    ықылас  қою 
артады,  тапсырманы  орындауға  ұмтылыс,  қимыл-қозғалыстың  сапасын 
жақсарту  күшейеді.  Балаларда  қимыл-қозғалыс  дағдыларын  қалыптастыру 
жүйке  жүйесінің  оларды  игеру  қарқынына,  қимыл-қозғалыс  тәжірибесіне  ие 
болуға,  дене  қасиеттері  мен  қимыл-қозғалыс  дағдыларының  даму  деңгейіне 
әсерін тигізетін индивидуалдық типологиялық ерекшеліктерін ескеруді талап 
етеді.  Бұл  кӛрсеткіштер  әр  баланың  қимыл-қозғалыс  дағдыларын  ойдағыдай 
меңгеруіне  бағытталған  үйретудің  методикалық  тәсілдерін  таңдау    кезінде 
педагогқа балаларға жеке-жеке қатынасты   жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Тапсырманы  алға  қоюдың,  іс-әрекет  мотивтерінің,  психологиялық 
бағдардың әсері. Қимыл-қозғалыстық дағдылардың ойдағыдай қалыптасуына 
баланың  әлі  келетін,  ынта,  эмоция  тудыратын,  саналы  түрде  ӛз  бетімен 
қимыл-қозғалыстық  әрекет  етуге  талпындыратын  түсінікті  міндеттер  қою, 
қимыл-қозғалыстық іс-әрекеттердің оның мақсаттылығы мен шығармашылық 
ізденістеріне  әсер  ететін  мотивтері,  психологиялық  бағдар  (психиканың 
тұтастық  күйі)  әсерін  тигізеді.  «Aдам  алдында  пайда  болатын  мақсат,  осы 
мақсатты  жүзеге  асыратын  белгілі  бір  практикалық  әрекет  жасау  қажеттілігі 
психиканың барлық механизмдерін тапсырманы ойдағыдай орындап шығуын 
күшейтеді. Тәжірибенің бұрынғы қорында оны шешу үшін ең алдымен  керек 
болатын  деректер  мен  операциялардың  стереотиптері  естен  мейлінше  оңай 
алып пайдалануға әзірленеді». Қимыл-қозғалыс дағдыларының пайда болуына 
қажетті жағдайлар жасау. Балалардың білім мен қимыл-қозғалыс дағдыларын 
игеруінің  ойдағыдай  болуы  кӛбіне,  үйретудің  жүргізілуі  жағдайына 
байланысты.  Yйрету  қимыл-қозғалыс  тапсырмаларын  орындау  кезінде  ақыл-
ой дене және ерік-жігер күшін талап етеді, сондықтан байсалды жағдай және 
балалар  психикасының  эмоциялық  жағымды  күйде  болуы  қажет.  Сыртқы 
ортаның  жағдайы  қолайлы  болғанда  шартты  рефлекстердің  пайда  болуы 
табиғи, заңды түрде ӛтеді. 
И.  П.  Павлов  жаңа  уақытша  байланыстардың  пайда  болуы  мидың  үлкен 
сыңарының  қыртысы  сыртқы  бӛтен  қоздырудан  бос  кезінде,  яғни  әңгіме 

 
170 
болып  отырған  жағдайда  үйрету  кезінде  баланың  кӛңілін  еш  нәрсе  бӛлмесе 
(бӛлмеге  біреудің  күтпеген  жерде  кіруі,  тықылдатуы,  бӛлме  қабырғасының 
арғы  жағында  біреудің  ән  салып  жатуы,  балалардың  оларды  қызықтыратын 
объектіге қарай ыңғайсыз сап түзеуі, тәрбиешінің кей балаға жалпы түсіндіру 
барысын бұзып жиі-жиі ескерту жасауы, т. б.) тиімді болатындығын айтады. 
Демек,  балалардың  назары  мен  қабылдау  жинақылығын  қамтамасыз  ететін 
жағдайда ғана үйрету мейлінше тиімді нәтиже береді. 
Балаларда  қимыл-қозғалыс  дағдыларын  қалыптастыруға  музыканың 
әсері.  Музыка  ерекше  эмоциялық  әсер  ету  күшіне  ие  болғандықтан,  қимыл-
қозғалысты  сүйемелдей  отырып,  олардың  атқарылу  сапасын  -  мәнерлілікті, 
ырғақтылықты, 
айқындықты, 
үйлесімділікті, 
әсемдікті, 
тұтастықты 
жақсартуға  әсерін  тигізеді.  Мәнерлілік  және  қимыл-қозғалыстың  музыкамен 
үйлесімді  келуі  қабылдау  жинақылығымен  және  балалардың  музыкалық 
шығармалардың  кӛркем  образдарынан,  олардың  әртүрлі  сипатынан, 
музыкалық мәнерлілігінен (қарқыны, динамикасы, ӛлшем ырғағы) эмоциялық 
күйге  түсуімен  анықталады.  Музыкамен  байланыстағы  қимыл-қозғалыс 
сипатын  балалардың  қабылдауының  осындай  эмоциялық  бояуы  қимыл-
қозғалысты  жетілдіреді,  қимыл-қозғалысқа  қуат  немесе  жұмсақтық,  кең 
құлаштылық,  байсалдылық  бітіреді,  сонымен  бірге  оның  еркін  әрі  ықтиярлы 
болуына  кӛмектеседі.  Музыканың  сүйемелдеуімен  қозғалу  музыка  үнін 
қабылдау  қабілетін  дамытуға  жақсы  әсерін  тигізеді,  уақытты  бағдарлауды  - 
музыкалық  шығарманың  әртүрлі  ӛлшем-ырғақтық  құрылысына  сәйкес  ӛз 
қимыл-қозғалысын  белгілі  бір  уақыт  ішіне  сыйдыру  қабілетін  тәрбиелейді. 
Баланың  қимыл-қозғалысымен  байланысты  белгілі  бір  ӛлшем-ырғақ  бүкіл 
организмнің  үйлесімді  реакциясын  (тыныстық,  жүректік,  бұлшық  еттік), 
сондай-ақ психиканың эмоциялық жағымды күйін тудырады, бұл организмнің 
жалпы  толысуына  жәрдемдеседі.  Музыкамен  сүйемелдеу  балалар  негізгі 
қимыл-қозғалыстарды  (жүру,  секіру),  балаларға  ерекше  қызықты,  затпен 
атқарылатын  (лента,  жалауша,  шарф,  доп,  шығыр  т.б.),  жалпы  жетілдіретін 
жаттығуларды,  сапта  тұрып  атқаратын  жаттығуларды  орындаған  кезде 
қолданылады: ол қимыл-қозғалыс сипатын музыкалық шығарма сипатына сай 
ӛзгертуге  әсерін  тигізеді.  Марш  музыкасының  сүйемелімен  жүрген  кезде 
(әсіресе  кӛңілді  немесе  салтанатты  сипаттағы)  пайда  болатын  эмоциялық 
кӛтеріңкілік  және  баланың  соған  сәйкес  дене  жағдайы  тұлғаның  дұрыс 
қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді.  Қимыл-қозғалысты  музыка  сүйемелімен 
орындар  алдында  балаларға  шығарманы  толық  тыңдау,  музыкалық  образды 
қабылдау,  мазмұн  мен  кӛркем  форманы  бірлікте  сезіну  қажет.  Педагог 
балалардың  назарын  музыкалық  шығарманың  кӛркемдік  ерекшеліктеріне, 
музыкалық  мәнерлілік  құралдарына  аударады,  сӛйтіп  олар  үшін  қимыл-
қозғалыстарды  орындау  сипаты  ұғымды  бола  түседі.  Дене  шынықтыру 
сабақтарының  бәрінде  де  музыкалық  шығармалардың  орындалуы  жоғары 
шеберлікте  болып,  балалардың  қабылдау  кӛркемдігі  мен  талғамының 
қалыптасуына әсер етуі тиіс. 
Дене жаттығулары. Дене жаттығуларына үйрету кезеңдері мен әдістемесі 
Қимыл-қозғалыстық  іскерлік  пен  дағдылардың  қалыптасу  заңдылықтарын 

 
171 
ескеру  балаларды  үйретудің  әр  кезеңінің  жеке  практикалық  міндеттерін 
анықтайды. 
Бірінші 
кезең-қимыл-қозғалыс 
әрекеттерінің 
бастапқы 
үйретілуімен 
сипатталады;  екінші  кезең-тереңдей  үйренумен;  үшінші  кезең-қимыл-
қозғалыс әрекетін нығайту және жетілдірумен сипатталады. 
Бастапқы  үйретудің  бірінші  кезеңінде:  балаларды  жаңа  қимыл-қозғалыс 
әрекеттерімен  таныстыру,  бүкіл  қимыл-қозғалыстық  акт  жайлы  тұтас  түсінік 
тудыру  және  оны  меңгергенге  дейін  оны  жалпы  сипатта  орындай  отырып 
үйрене бастау міндеттері қойылады. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру 
үшін  баланың  тапсырманы  жан-жақты  қабылдауын  қамтамасыз  ету,  негізгі 
анализаторлардың  бәріне  -  кӛру,  есту,  қимыл-қозғалыс,  әсер  ету,  тұтас 
алғанда, қимыл-қозғалыстық акт жайлы түсінік тудыру керек. 
Бастапқы үйрену әдістемесі. Алға қойылған міндеттерді негізге ала отырып, 
тәрбиеші  әртүрлі  тәсілдер  жиынтығын  шамамен  мынадай  ретпен 
пайдаланады: 
1.Yлгіні  дұрыс,  айна  қатесіз  анық  кӛрсету.  Оны  тәрбиеші  басынан  аяғына 
дейін  тиісті  қарқынмен  эмоциялы  орындап  шығады,  бұл  балаларға  қимыл-
қозғалыстың  тұтас  образын  динамикалы  түрде  қабылдауға,  оларды 
қызықтауға және оны орындауға ұмтылуға мүмкіндік береді.  
2.Қозғалысты  құрайтын  қимыл-қозғалыс  әрекеттерінің  барлық  элементтерін 
түсіндіре отырып, едәуір баяу қарқында даралап кӛрсету. Мысалы, тәрбиеші: 
«Балалар, тағы да қараңдар, мен таяқты жоғары кӛтеремін де, соған қараймын, 
содан  соң  оны  бүгіліп  тұрған  сол  тізеге  түсіремін  де,  «тізеге  тигізіңдер» 
деймін,  ал  аяғымның  басы  тӛмен  қарай  созылып  тұрады»,-дейді.  Бұлайша 
даралап кӛрсеткенде еш уақытта есептеуді (бір, екі, үш т. б.) қолданбау керек, 
есептеудің  санаға  кӛмегі  тимейді  және  балада  қажетті  алдын  ала  бағдарлау 
тудырмайды,  сонымен  бірге  сӛз  балалардың  санасына  әсер  ете  отырып, 
кеңістікке (солға, оңға, жоғары, тӛмен) бағдарлау-зерттеу рефлексін тудырады 
және  ӛз  денесі  мүшелерінің  қимыл-қозғалысы  жайлы  (қолды  кӛтеру,  бүгіліп 
тұрған  тізеге  түсіру  т.  б.)  түсінік  береді.  Бұдан  кейін  балалар  тәрбиешінің 
нұсқауларын  тыңдай  отырып,  әрекетті  ӛз  беттерімен  жасайды,  яғни  ӛз 
саналарында  қалыптасқан  қимыл-қозғалыс  бейнесін  тәжірибе  жүзінде 
тексереді, ал тәрбиеші балалардың тапсырманы қалай түсінгенін қадағалайды. 
Бұл  тәсілдердің  барлығы  ми  қыртысында  уақытша  байланыстардың  пайда 
болуын  қамтамасыз  етуіне  және  осы  қозғалысты  құрайтын  қимыл-қозғалыс 
элементтерінің  бүкіл  ретін  баланың  есте  саналы  сақтауына,  бұлшық  еттік 
түйсікке  сүйеніп  олардың  тұтас,  қимыл-қозғалыстық  бейнеге  бірігуіне 
кӛмектесуі  тиіс.  Дегенмен,  егер  мұның  ӛзінде  балалар  қимыл-қозғалысының 
тапсырмаға  қалай  да  бір  сәйкес  келмеуі  кӛрініс  берсе,  ол  тәрбиешінің 
түсіндіріп айтуы немесе кӛрсетуі жолымен реттелінеді. 
Кӛрсетілген  тәсілдер  орта  топтан  бастап  қолданылады.  Балабақшаның 
екі  кішкентайлар  тобын  алатын  болсақ,  онда  бұл  жастағы  балалардың 
үйретілуіне  кӛбіне,  ойындық  тәсілдер  немесе  тәрбиешінің  түсініктеме 
беруімен және осы әрекеттерге балаларды тартумен бірге қалай жасау үлгісін 
кӛрсету  пайдаланылады.  Yйрету  әдістемесінің    осындай  ӛзіндік  ерекшелігі 

 
172 
кішкентай балалар назарының бір бағытта шоғырлануының жеткіліксіздігінен 
алдын  ала  бақылауға  қажетті  ұстамдылықтың  жоқтығынан,  балалардың 
ӛздерінің  кӛз  алдарында  ӛтіп  жатқан  нақты  қимыл-қозғалысқа  еліктеу 
процесінің  ӛзін  ғана  қанағат  тұтуынан  анықталады.  Кӛрсетілген  қимыл-
қозғалыстарды  орындау,  тәрбиешінің  мадақтауы  балаларда  дұрыс  қимыл-
қозғалыс  дағдыларын  қалыптастырудың  бастапқы  кезеңінің  табысты  болуын 
айқындайтын эмоциялық жағымды жағдай туғызады. 
Қимыл-қозғалыстарды тереңдете үйретудің екінші кезеңіндегі міндеттер 
үйреніп  жатқан  әрекет  техникасы  детальдарын  орындау  дұрыстығын 
анықтаудан,  бар  кемшіліктерді  бірте-бірте  түзетуден  және  қимыл  қозғалыс 
әрекетінің  тұтасынан  алғанда  дұрыс  орындалуына  қол  жеткізуден  тұрады. 
Шартты рефлекстердің пайда болу мехнизмін ескере отырып, педагог санада 
және  бұлшық  еттік  түйсікте  осы  әрекет  элементтерінің  бір  ізділігін, 
түйсіктердің  нақтылығын  қайта  қалыпқа  келтіруі  тиіс.  Қимыл-қозғалысты 
саналы  қайталау  процесінде  дифференциалды  тежеліс  бірте-бірте  дамиды, 
екінші  сигналдық  системаның  рӛлі  артады.  Ми  қыртысында  қозудың 
иррадиациялануы  бірте-бірте  олардың  барған  сайын  шоғырлануымен 
алмасады.  Қозу  тәрбиеші  нығайта  түскен  қоздырғыш  сипатына  сәйкес 
болатын  жүйке  клеткаларына  қарай  ұмтылады.  Сонымен  бірге  тәрбиешінің 
тежеу қоздырғышы сипаты бар нұсқаулары арқасында балаға кедергі болатын 
қимыл-қозғалыстардың  бәрі  бірте-бірте  тежеледі,  саптан  шығып  қалады. 
Нақты  кӛрсетуге  сай  келетін  немесе  тәрбиеші  сӛзімен  бекемдене  түсетін 
қимыл-қозғалыстар 
ғана 
орнығып 
қалады. 
Қимыл-қозғалыстар 
дифференциялы тежелістің барған сайын дамуы күшімен бірте-бірте реттеліп, 
нақтыланады.  «Бұдан  кейінгі  дифференциалану  кезінде  рефлекстің 
мамандандырылуы  басталады.  Дифференциалану  етек  алған  сайын  ішкі 
тежеліс  бекемденетін  байланыстардың  бәрін 
тежей  отырып,  ми 
қыртысындағы ошақтарды неғұрлым шектей түседі».  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет