Қайталау қағидасы. Қайталау қағидасы қозғалыс дағдыларының бірте-бірте
қалыптасуы және кӛп қайталау арқылы арнаулы білімнің калыптасу тиімділігін
кӛрсетеді. Қайталау-үйрену нәтижесінде қол жеткен, нәтижені біріктірудегі
басты және жалғыз ғана тәсіл. Оқу материалы үнемі қайталануға тиіс. Қайталау
қағидасын іске асыру барысында тәрбиелік маңызы бар үлкен міндеттерді
шешуге мүмкіншілік пайда болады.
Қайталау қағидасын жүзеге асыру үш негізгі жағдайға байланысты:
1.Дене жаттығулары үнемі қайталанып тұруға тиісті. Осы талап сақталған
жағдайда ғана пайдаланатын жаттығулар адамның денесіне тұрақты түрде
және нық әсер етеді.
2.Дене жаттығулары адамды шаршатып шалдықтырады, сондықтан да демалыс
үшін үзілістер міндетті түрде болу тиісті.
3.Дене жаттығулармен айналысқан кезде, адам денесінде бейімделу процестері
болады, бірақ ол жағдайлар ұзаққа созылуы мүмкін емес. Сондықтан
жаттығудың тек қана қайталану саны емес, сонымен қатар екі ортада берілетін
демалыс үзілісінің саны мен ұзақтылығын бақылауға тиістіміз. Жай қайталау
еске түсірудің тұрақты жағдайында қозғалыс қимылының негізгі нұсқасын
игеруге мүмкіндік туғызады. Қайталаудың екі түрі болады: жәй жане іріктеп
қайталау. Жай қайталауды кӛшірме жолымен оқыту деп білеміз. Мысалы,
үйретуші стандартты техниканы түсіндіріп әрі кӛрсетеді, ал оқушы оны сол
күйінде орындауға ұмтылады, орындауды кӛрген үлгісіне жақындатуға
тырысады. Жай қайталау оқыту ісінде кӛп қолданылғанмен, оның
дидактикалық мүмкіншіліктері шектеулі. Іріктеп қайталау басқа міндеттерді
қарастыра отырып қозғалыс қимылын әртүрлі жағдайларда орындауға
болатындай қылып бағыт береді. Іріктеп тиімді қолданған жағдайда үлкен
дидактикалық тиімділікке қол жетеді. Іріктеп қайталау амалдарының
әртүрлілігі жаттығуға деген қызығушылықты арттырумен бірге балалардың
жаңа тапсырмаларды белсенді түрде орындауына жағдай туғызады. Іріктеп
қайталауда жоғары тиімділікке тӛмендегі ережелерді сақтағанда ғана қол
жеткізуге болады:
1.Үйренушілер берілген жаттығуларды жеткілікті деңгейде игерген жағдайда,
сонымен қатар қозғалыс қимылға қажетті талдау жасауды меңгерген кезде ғана
131
вариативтік жаттығулардың ауыз толтырып айтарлықтай тиімділігін атай
аламыз.
2.Іріктеп қайталау амалдары белгілі бір шектен асып кетпеуі керек.
3.Негізгі қимылдың орындалу тұрақтылығы болған сайын іріктеу ӛлшемі де
жоғары болады.
4. Оқуға бӛлінген уақыт ішінде қимыл нұсқалар санын кӛбейтіп орындау
тиімді болып келеді.
Қайталау қағидасын жүзеге асыра отырып, мына ережелерді ұстанған жӛн:
берілген тапсырмалардың қайталау санын және олардың арасындағы
демалыстың ұзақтығын белгілей отырып, бала денсаулығының жағдайын,
дене тәрбиесі туралы білімі мен дене дайындығының деңгейін, сонымен
қатар оқушыға түсетін үлестің деңгейін есепке алу керек.
Шамаға лайықты болу және индивидуалдандыру қағидасы. Бұл принцип
баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруді және осыған
байланысты оның күші келерліктей тапсырмаларды анықтауды қарастырады.
Балалардың дене тәрбиесі саласында бұл қағиданы сақтаудың маңызы ерекше,
ӛйткені әр түрлі жаттығуларды орындау баланың бекімеген ағзасының ӛмір
үшін маңызды функцияларына тікелей әсер етеді және денеге күш түсіруді
шамадан тыс арттыру денсаулық жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Шамаға лайықты болудың ықтимал мӛлшері баланың жас мүмкіндігі және
тапсырмалар
қиындығы
дәрежесінің
сәйкес
келуімен
анықталады.
Бағдарламаның нормативтік талаптары барлығына қарамастан баланың
индивидуалдық әл-қуатын және оның әлдеқайда жоғары талаптарға әзірлігін
есепке алу қажет. Баланың мүмкіндіктері мәліметтерді – дене әзірлігі нормативі
бойынша сынақтан ӛткізу, дәрігерлік зерттеулер, тікелей педагогикалық
бақылау мәліметтерін қоса отырып анықталады. Шамаға лайықты болу
қиыншылықтардың болмауын емес, керісінше, оларды баланың дене және
психикалық күш жұмсауы жолымен ойдағыдай жеңуі мүмкіндігін ойластырады.
Шын мәніндегі шамаға лайықтылықтың тексерілуі пульсометрияларды,
хронометрияларды және т. б. қолданған жүйелі дәрігерлік-педагогикалық
бақылаумен мақұлданады немесе жоққа шығарылады. Шамаға лайықтылықтың
негізгі шарттарының бірі – дене жаттығуларын біртіндеп күрделендіру және
сабақтастығы болып табылады. Сабақтастық қимыл-қозғалыстардың әртүрлі
формаларының ӛзара байланысынан, олардың ӛзара әрекеттесуінен және
құрылымының жалпылылығынан кӛрінеді. Тәжірибе жүзінде бұған сабақтарда
материалды дұрыс таратумен қол жетеді. Барған сайын неғұрлым қиынырақ
тапсырмаларға кӛшу кезінде бірте-біртелікті сақтаудың да маңызы аз емес.
Осыған байланысты кӛптеген қимыл-қозғалыстық дағдыларды меңгеру үшін
алдын ала әзірлеу, жетелеу жаттығуларын пайдаланған жӛн.
Индивидуалдандыру - дене тәрбиесі процесін құру, сабақтардың
құралдарын, әдістері мен формаларын таңдау кезінде баланың индивидуалды
типологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Әр баланың ӛзіндік
функционалдық мүмкіндіктері бар. Қимыл-қозғалыстарды игеру процесі әртүрлі
132
ӛтеді, организмнің денеге түскен ауыртпалықтан алатын әсері, бейімделу
динамикасы әртүрлі. Дене тәрбиесі жүйесін құрған кезде индивидуалдандыру
проблемасы ӛзара байланысты екі бағытта – жалпы және мамандандырылған
дайындық бағыттарында шешімін табады. Балабақша, мектеп, жоғары оқу
орындары, т.б. бағдарламасы бойынша жалпы дене тәрбиесі ӛмір үшін маңызды,
міндетті қимыл-қозғалыстық дағдыларды, білімді игеруге және дене қасиеттерін
дамытуда бір деңгейге жетуге бағытталған. Мұндайда индивидуалдандырудың
мәні - жалпы бағдарламалық талаптарды орындаудың индивидуалдандыратын
қосымша құралдарды пайдалануда, үйрету мен тәрбиелеу әдістерін іріктеуде.
Мамандандырылған бағыт (мысалы, ересектердің спорттық мамандандырылуы)
мамандануды жетілдіруді қарастырады. Мұнда сабақтардың бар мазмұны
индивидуалдық
дарындылықты
есепке
ала
отырып,
құрылады.
Индивидуалдандыру белгілі бір баланың типологиялық ерекшеліктерін есепке
алуға ғана тәуелді емес: оларды оптималды үйрету және тәрбиелеу мақсатында
ескермей кетуге болмайды, дегенмен, бәрін анықтаушы да олар емес. Міндет
туа біткен нышандарды күшейте түсуден, жаңа жағымды қасиеттер, қабілеттер
тәрбиелеуден, қажет болған жағдайда жүйке жүйесінің типологиялық
ерекшеліктерін мақсатты бағытта ӛзгертуден тұрады.
Реттілік қағидасы. Қимыл-әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту
реттілігіне арналған талаптар: 1. Жеңілден-қиынға. 2. Карапайымнан-
күрделіге. 3. Меңгерілген қимыл әрекеттен-меңгерілмеген қимыл-
әрекетке сияқты үш дидактикалық ережеден турады.
Қағиданы жүзеге асыру дене жаттығуларын рет-ретімен үйренуді және олардың
арасындағы ӛзара байланысты ашып кӛрсететін оқу материалын жоспарлаудан
басталады. Бұл жағдайда баланың жасына байланысты дамуының
заңдылықтарын және оқу материалын құру логикасын бейнелейтін, дене
жаттығуларын үйренудің реттілігінің кӛп жылдық болашағы ескеріледі.
Бұрыннан қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген
қимыл ептілігін бір-бірімеи қауыштыра білу керек. Дене тәрбиесі процесінің
әдістемелік ерекшелігі жаттығулардың сабақтастығын камтамасыз ету, яғни оқу
материалын жоспарлағанда ӛткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып
жатуы қажет. Реттілік қағидасының негізіне бір сабақ және сабақтар
сериясының деңгейіне оқытудың міндеттерінің, құралдарының және әдістерінің
сабақтастығы жатады. Сабақтастық оқыту міндеттерінен құралдарына және
әдістеріне ауысуға негізделген реттіліктің шартты ретін білдіреді. Осы кездегі
ең басты міндет ӛткізілгенге сүйену арқылы келесі міндеттерді шешу үшін
алғышарттарды жасау болып табылады. Реттілік кағидасын жүзеге асыру оқу
материалдарын жоспарлаудан басталады. Оқу материалдарында міндетті түрде
дене жаттығуларының реттіліктері және байланыстары нақтылы түрде
белгіленуге
тиісті.
«Жеңілден
ауырға»,
«қарапайымнан
күрделіге»,
«меңгерілгеннен меңгерілмегенге», «білімнен дағдыға» деген ережелердің
дұрыс орындалуы реттілік қағидасын жүзеге асыруда үлкен табыстарға
жеткізеді. Ережелерді орындай отырып, мына үш кезеңге аса назар аударуға
133
тиіспіз. Біріншіден, қағиданы колдану тек қана реттілік қағидасын жүзеге
асыруды қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар басқа да қағидалардың
қолданылуын да талап етеді. Екіншіден, жекеленген талаптар реттілік
кағидасының кӛп жағдайда жеке жақтарын ғана кӛрсетеді. Сондықтан да,
үйретудің біртұтас процесінде барлық қағидалар байланысты болады.
Yшіншіден, барлық қағидалар реттіліктің барлық белгілерінен алшақ болып
келеді, тек жалпы тенденцияларды білдіруі мүмкін. «Жеңілден ауырға» деген
ереже бойынша жаттығумен айналысушы салыстырмалы түрде кӛп дене күшін
және психикалық күшті талап етпейтін жаттығуларды үйренуден бастағаны
дұрыс. Бірақ жағымды ауыстыру әсерін қарастыру қажет. Мысалы, гранат
лақтыру алдында кіші допты лақтыруды игеру жүргізілген болса, онда бірінші
дағдыны калыптастыру процесі екінші дағдының жағымды әсерін сезетін
болады. Алайда уақытты алдындағысы келесісіне кедергі келтірмейтіндей етіп
бӛлуге болады. «Біліммен дағдыға» ережесі, қажетті білімді пайдаланып соған
сәйкес дағдыларды қалыптастырудың алдында жүретіндей реттілікті
қарастырады. Бұл ереже дене тәрбиесіне тән, арнаулы білімнің бағалылығы
қозғалыс қимылы түрінде кӛрінеді. Екінші жағынан, қимылдың түрі тиісті
білімнің сапасы мен кӛлеміне де байланысты. «Қарапайымнан күрделіге»
ережесі,
үйренетін
жаттығулар
құрылымдық
күрделілігі
ретімен
орналасатындай реттілікті қарастырады. «Қарапайым» және «күрделі»
ұғымдары бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар. Кез келген жаңа жаттығу бала
үшін әрқашан күрделі болатынын ұмытпау керек. Жаттығудың құрылымы
жеңіл болса, ол шапшаң игеріледі деп қателесуге болмайды. «Меңгерілгеннен
меңгерілмегенге» деген ереже бір жағынан бұрын үйренген дағдыларды
қалыптастыру үшін пайдалануды, екінші жағынан – келесі жаттығуларды
үйретуге алғышарттар жасауға мүмкіндік тудыратындай реттілікті ұсынады.
Осы ережені пайдалана отырып жаттығушы қандай білім, дағдыларды
меңгергендігін педагог анықтайды және осыған негіздеп оның білімі мен
қозғалыс тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Егер алғашқы
қалыптасқан дағдының бұрын қалыптасқан дағдымен құрылымдық ұқсастық
элементтері болса, онда үйрену шапшаң ӛтпек. Мысалы, жаттығушы белгілі бір
жаттығудың үш тәсілін меңгерген болса, онда арқанға екі тәсілмен ӛрмелеуді
тез арада меңгеріп алады. Бірақ, әлдеқашан ӛткен, нашар үйренген, ұмытылып
қалған материалды игерілген деп есептеу қателік. Бұл жағдайда ережені сақтау
кӛрінісі ғана пайда болады. Осы ережені физиологиялық негіз деп те атайды.
Беріктілік қағидасы. Егер ғылыми қағиданың жүзеге асу деңгейін оқытудың
ӛз барысы бағалайтын болса, беріктілік қағида оқушының жұмысқа
дайындылығын бейнелейтін қорытынды нәтижені бағалауға мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтылған қағидалар мынадан кӛрінеді, біріншіден, үйренген
козғалыс дағдылары мен білімнің сақталуының қажетті ұзақтылығымен;
екіншіден стандартты емес жағдайда қажетті уақытта оларды пайдалану
мүмкіншілігімен, сонымен қатар әуелде үйреніп алған дағдылар мен біліммен
байланыстыруда; үшіншіден, ӛте күрделі оқу материалдарын алдағы уақытта
игеру үшін қажетті алғышарттар жасаудан кӛрінеді. Беріктілік қағидасы
134
оқушының жеке жетістігі болып қалатын оқу материалын игеруді камтамасыз
етеді, қимыл-қозғалыс дағдысын орнықты меңгеру деген мағынада
қарастырылады. Беріктілік қағидасын жүзеге асырудың бірден-бір шарты
барлық оқыту қағидаларын сақтау болып табылады. Басқа қағидалардың
ешқайсында бұндай жан-жақты тәуелділік жоқ. Беріктілік приципінің жүзеге
асырылуы екі бағытта жүреді. Бірінші бағыт - арнаулы білімдердің беріктік
бағытын қалыптастыру. Бұның негізіне педагогика және психология
курстарында ашылған теориялық түсініктерді бұрын бар біліммен
байланыстыру, негізгі идеяларды бӛліп қарау, баяндау кезінде әдістердің
әртүрін пайдалану, т.б. Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет, кейбір теориялық
түсініктерді еске сақтау қозғалыс қимылдарын игерумен қатар (бір мезгілде)
жүреді. Бұл ретте қимылды орындау дағдысы осы қимыл туралы алынған
ақпаратты орындау үшін материалдык негіз маңызына ие болады. Бала
теориялық материалды есту және кӛру қабілеттеріне сүйене отырып есте сақтау
мүмкіншілігіне ғана ие болып қалмай қимыл арқылы да бойында жинақтау
мүмкіншілігіне ие болады. Екінші бағыт - берік қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру. Қозғалыс дағдыларының беріктілігі кӛптеген факторларға
тәуелді. Алайда, түрлі қозғалыс міндеттерін шешуде есте сақтау механизмі
әртүрлі болады. Берік дағдыларды калыптастыру дене мүмкіншіліктерінің
қажетті даму деңгейі ғана емес (арқан бойымен ӛрмелегенде-күш касиетін),
басқа да қасиеттерді талап етеді (мысалы, шыдамдылық. икемділік).
Мүмкіншіліктерінің даму деңгейінің азайған кезінде қозғалыс қимылын жалпы
орындау мүмкіншілігін жоғалтып алуы мүмкін, бірақ оны орындаудың барлық
ережелерін сақтауы тиіс. Баланың игерген қозғалыс қимылдарының үлкен қоры
ол жаңа дағдыларды қалыптастырудың алғышарты ғана емес, онымен бірге
оның беріктілігінің іргетасы. Бұның барлығы да қозғалыс қимылдарын
үйренуге және оны ӛмірге пайдалануға, дене дайындығының беріктігі туралы
айтуға негіз болады.
Талапты біртіндеп кӛтеру принципі. Бұл принциптің негізгі шарттарының
мәні – бала алдына барған сайын қиын тапсырмалар қойылуында, мұны оның
орындауында және ауыртпалық кӛлемі мен қарқынын бірте-бірте арттырып
отыруда. Алуан түрлі, ӛмір үшін маңызды іскерліктер мен дағдыларға
орындайтын жаттығуларды жаңартып, ӛзгертіп отырғанда ғана қол жеткізуге
болады. Жаттығуларды жаңарту процесінде қимыл-қозғалыстың іскерліктер
мен дағдылар кӛлемі кеңейеді және байи түседі, бұл баланың қимыл-қозғалыс
әрекеттерінің жаңа формаларын игеруге, бұрын меңгергендерін жетілдіре
түсуге кӛмектеседі. Баланың әртүрлі қимыл-қозғалыс үйлесімдерін және
қиыншылықтарды жеңуді бірте-бірте игеруі кезінде онда бүкіл қимыл-
қозғалыстық іс-әрекеттерді үйлестіру және жетілдіру қабілетінің ӛзі дамиды.
Қимыл-қозғалыстық іс-әрекет формаларын күрделендіру мен бір мезгілде
баланың әлі келерліктей жүк түсіруді бірте-бірте ӛсіру қажет. Бұл дене
қасиеттері балаға шақталған күшті, тӛзімділікті, жылдамдықты дамыту
заңдылығымен сабақтас болады. Ағзада дене жаттығуларының әсерімен ӛтіп
жататын игі ӛзгерістердің дәрежесі ауыртпалық кӛлемі мен қарқынына сәйкес
135
келеді. Зерттеулер егер осы ауыртпалық шамадан тыс болмаса және
шаршатпайтын болса, онда кӛлем артқан сайын икемделе түсудің күштірек
болатынын, ал ауыртпалық қарқынды болған сайын қалыпқа келтіру процестері
күшейетіндігін кӛрсетті. Ауыртпалық шамасының бірегей болуына қарамастан
ағзаның жауап реакцияларының ӛзгеріп отыратындығын атап кӛрсету керек:
белгілі бір ауыртпалыққа бірте-бірте икемделу одан туатын биологиялық
ілгерілеушіліктерді азайтады, энергия жұмсау тӛмендейді, ӛкпенің жел үруі,
жүректің минуттық кӛлемі, оның жиырылу жиілігі және қан қысымы, қан
құрамындағы биохимиялық және морфологиялық ілгерілеушіліктер азая түседі.
Ӛзгермейтін
жұмысқа
икемделу
нәтижесінде
ағзаның
ӛсе
түскен
функционалдық мүмкіндіктерін, оған сол жұмыстың ӛзін әлдеқайда үнемді,
функцияларға кӛп күш түсірмей атқарып шығуға мүмкіндік береді.
Ауыртпалыққа икемденудің биологиялық мәні міне, осында. Бірақ бұл
ауыртпалық әдетке айналса, онда ол ағзадағы игі ӛзгерістер факторы болудан
қалды. Бұдан былай да функционалдық мүмкіндіктерді арттыра түсу үшін
ауыртпалықты жүйелі түрде жаңартып отыру, олардың кӛлемі мен
қарқындылығын ӛсіріп отыру керек. Дене тәрбиесі процесінің негізгі бір
заңдылығының мәні міне, осында. Талапты арттыру онымен байланысты
ауыртпалық баланың шамасы келерліктей болып, ағзаның функционалдық
мүмкіндіктерінен аспайтындай (жас және индивидуалдық ерекшеліктерге сай)
болғанда ғана жақсы нәтижелерге жеткізеді. Жүйелілік, үздіксіздік және
жұмысты демалыспен кезектестіру де міндетті шарт болып табылады. Жаңа,
неғұрлым күрделі жаттығуларға кӛшу бірте-бірте, қалыптасып келе жатқан
дағдылардың нығаюына және ауыртпалыққа икемделуге қарай ӛту керек.
Машықтанудың жаңа жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік туғызатын
икемделудің болып ӛтуі үшін белгілі уақыт талап етіледі. Қаралған
қағидалардың бәрі ӛз мазмұны жӛнінен ӛзара кірігіп және ішінара сәйкес келіп
жатады. Олардың бәрі біртұтас болып табылатын бір процестің белгілі бір
жақтары мен заңдылықтарын кӛрсетеді және шартты түрде ғана жеке-жеке
алып қарастырылады. Сондықтан аталып ӛткен қағидалардың бәрі олар ӛзара
байланысатын жағдайда ғана жүзеге аса алады.
Әдістер мен тәсілдерге сипаттама
Әдіс, метод (грекше odes-«бір нәрсеге жетудің жолы») – кӛздеген мақсатқа
жетудің тәсілі, тәртіпке келтіретін қызмет жүйесі. Әдіс философияда
зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып
табылады. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа
мағұлматтар алудың аса маңызды шарты. Танымның даму процесінде ғылыми
ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, салыстыру,
эксперименет, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қарастырылды. Нақты
ғылым түрлерінің арнайы әдістері болады. Ӛйткені олардың зерттеу
обьектілеріне тән ӛзіндік ерекшеліктері бар. Дене тәрбиесінің тәжірибесі
қаншама кӛп болғанымен, оның бәрі жан-жақты пайдаланыла бермейді.
Сондықтан олардың сипаттамаларын білу, біздің дұрыс бағыт алуымызға,
136
әртүрлі міндеттерді орындауға тиімді әдістерді таңдауымызға кӛмектеседі.
Әртүрлі жаттығулар тобымен әрқилы жағдайда белгілі бір міндеттер орындау
үшін қолданылатын дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілін әдіс дейміз. Әрбір
әдіс ӛзінің кұрамына кіретін әдістемелік әдістердің кӛмегімен жүзеге
асырылады. Мысалы, кӛрсету әдісінің орындалу тәсілдері: жаттығуларды айна
тәсілімен кӛрсету, керекті қарқынды немесе баяу қарқынды кӛрсету, т.б.
Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес іске асыратын әдіс жолын әдістемелік әдіс
дейміз. Әдістемелік тәсілдер кӛп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі
ӛзгеріп, ал келесі біреулері ізденіспен ӛмірге келіп жатады. Сабақ беру
деңгейінің әртүрлілігі педагогтың осы әдістемелік тәсілдерді кӛп білуіне,
кеңінен қолдануына байланысты. "Әдіс" деген түсініктен "әдістеме" түсінігін
ажырата білуіміз керек. Әдістеме-белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін
істелінетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі деген
ұғымды білдіреді. Іс-әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни
сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып
табылады. Ал, дене тәрбиесі процесінде әдістеме деп белгілі бір нәтижеге жету
жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады. Қай жағдайда да
әдістеме нәтижеге жетуге бағытталған әрекет.
Әдістер жүйеленісі. Барлық әдістер арнайы (тек кана дене тәрбиесі процесіне
тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында
қолданылатын) болып екіге бӛлінеді.
Әдістердің
жіктелуі
(кӛрнекілік,
сӛйлесу, практикалық, жарыстық,
проблемалық, оқыту және тәрбие әдістері). Мектеп жасына дейінгі балалармен
сабақ ӛткізу кезінде баланың психикалық және дене күштерін жұмсауға кететін
уақыт пен бұдан кейін дем алуға кететін уақыттың дұрыс қатынаста болуы
тәрбиешінің басты міндеті болуы тиіс. Осыған байланысты үйрету үстінде
балада қимыл-қозғалыс туралы едәуір толық және нақты ұғым пайда болуы
үшін қажетті сезініп қабылдау мен қимыл-қозғалыстық түйсіктердің
жарқындығын қамтамасыз ететін, оның сенсорлық қабілеттерін белсендіре
түсетін кӛрнекілік әдістер; балалардың санасына бағытталған, оның алдына
қойылған міндеттерді ойластыруға және қимыл-қозғалыстық жаттығуларды
саналы түрде орындауға кӛмектесетін, жаттығулардың мазмұны мен
құрылымын игеруде, оларды әртүрлі жағдайларда ӛз бетімен қолдану үлкен рӛл
атқаратын сӛйлесу әдістері; балалардың практикалық қимыл-қозғалыстық іс-
әрекеттерімен байланысты, қимыл-қозғалыстарды қабылдаудың дұрыстығын
ӛздерінің бұлшық еттік-қимылдық түйсіктерінде әрекетті тексерілуін
қамтамасыз ететін практикалық әдістер пайдаланылады.
Практикалық әдістер толық немесе ішінара уақыт жӛнінен шектелуімен,
жаттығуларды ойындық түрде (бейнелі) ӛткізумен, жарыс элементтерін
пайдаланумен сипатталады. Қимыл-қозғалыстық әрекеттерді немесе олардың
жеке элементтерін кӛп рет қайталағанда жаттығуларды уақыт жӛнінен шектеу
қажет. Оған қимыл-қозғалыстардың бірізді болуы, жұмыс пен дем алудың
137
нормалануы, олардың белгілі бір дәрежеде кезектесіп келуі тән. Практикалық
әдістер түрінің бірі - мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекетіне
жақын, олармен атқарылатын жұмыспен етене және эмоциялық жағынан тиімді
кӛрнекі-бейнелі және кӛрнекі-әрекетті ойлау элементтерін ескеретін ойындық
әдіс болып табылады. Ол әртүрлі қимыл-қозғалыстық дағдыларды, ӛзіндік
әрекетті, ӛзгеріп жатқан жағдайға тез жауап реакцияны, шығармашылық ынта
кӛрсетуді бір мерзімде жетілдіруге мүмкіндік береді. Ойын әрекеттері
процесінде балаларда моральдық-еріктік қасиеттер қалыптасады, таным күші
жетіледі, ұжым әрекеті жағдайында тәртіп сақтау және бағдар табу тәжірибесі
пайда болады.
Дене тәрбиесі процесінде спорттық және қозғалмалы ойындарды қолдану -
ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынадай ӛзіндік ерекшеліктері мен
белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі
арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттерінде бәсекелестік, жеңіске деген талас пен эмоциалдық
сезім.
3. Ойын барысында ӛз бетімен қимыл-әрекетке шешім қабылдау (ойынға
қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын ӛзі тандайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әртүрлі
жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
5.Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әртүрлі қарым- катынастары.
Ойын әдісінің кӛмегімен дене қуаты қасиеттерін (күш, тӛзімділік, шапшаңдық,
ептілік) кешенді дамытуды, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және
жаттығушылардың ӛзіндік қасиеттерін тәрбиелеуді (батылдық, тапқырлық,
ұйымдастырушылық, ӛз бетімен шешім қабылдаушылық) және бұдан басқа да
кӛптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Мысалы, мектепке дейінгі
ұйымдардың кішкентайлар тобында балаларды қимыл-қозғалыстарға үйрету
кезінде қимыл-қозғалыс сипаты жайлы ұғымды эмоциялық-бейнелік жағынан
жетілдіре түсуге кӛмектесетін ойындық тәсілдер кең қолданылады (мысалы,
«Tышқан сияқты аяқтарыңды жеңіл басып, дыбыс шығармай жүгіресіңдер»,
«Қоянша орғып секіру керек»). Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу
балаларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бір қалыптылықтан
құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі күш түсірудің мӛлшерін дәл біле
алмайтынымызда.
Практикалық әдістерге жарыстық әдіс те жатады. Мектеп жасына дейінгі
балаларды үйрету процесінде ол педагогикалық жетекшілік болатын жағдайда
қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды
жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі - жеңіп алу үшін
бәсекелесу. Күрес жағдайында - күш сынасу немесе жоғары кӛрсеткіштерге
жету. Бұл әдіс әртүрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады. Мысалы,
адамгершілік, жігерлілік, дене қуаты қасиетін тәрбиелеу, күрделі жағдайда
қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Бұл әдістің міндетті бір шарты:
138
бәсеке жаттығуларына балалар мұқият дайындықпен келуі керек, әйпесе,
олардың денсаулығына зиян келуі мүмкін. Бұл әдіс кӛбіне бұрын меңгерілген
қимыл-қозғалыс дағдыларында пайдаланылады (бірақ бірінші орын үшін
тартыс болмайды). Жарыстың міндетті түрдегі шарты - оның балалар
шамасына шақталуы, моральдық-еріктік қасиеттерді тәрбиелеу, сондай-ақ
қойылатын талапқа саналы қарау. Жаттығулар мазмұнын, балалардың жас
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиеші бір жағдайда
үйретудің бастапқы кезінде кӛрнекілікті - баланың қимыл-қозғалыс үлгісін
түсіндірумен үйлестіре қабылдауын, екінші жағдайда - сӛзді, жаттығулардың
мазмұны мен құрылымын түсіндіруді пайдаланады. Дегенмен, екінші жағдайда
педагог балаларда бұрыннан бар ӛмір тәжірибесіне және қимыл-қозғалыс
туралы нақты мағұлматына сүйенеді. Кӛрнекілік және сӛйлесу әдістерінің ізін
баса
балалардың
практикалық
әрекеттері
-
қимыл-қозғалыстарды
тәрбиешілердің жетекшілігімен, ӛз беттерімен орындауы керек.
Балалардың дене тәрбиесі процесінде проблемалық оқыту және тәрбие
Достарыңызбен бөлісу: |