А. Ж. Сисенбердиева


 Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының



Pdf көрінісі
бет40/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


5. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының 
санитариялық-техникалық жабдығына қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
 
45.ББМДҰ-ның  ғимараты  қалалық  және  ауылдық  елді-мекендерді 
жоспарлауға  және  тұрғызуға  қойылатын  гигиеналық  талаптарға  сәйкес 
шаруашылық-ауызсу,  ӛртке  қарсы  және  ыстық  сумен  жабдықтау,  кәріз 
жүйелерімен және су ағындарымен жабдықталады. 
ББМДҰ-да сумен жабдықтау және кәзір орталықтанған болуы тиіс. 

 
359 
Орталықтанған сумен жабдықтау болмаған кезде ас блогына, изоляторға 
және  медициналық  мақсаттағы  басқа  да  үй-жайларға,  кір  жуу  орнына,  барлық 
топтық бӛліктердің дәретханаларына суды механикалық беруді қамтамасыз етуі 
керек. Қолжуғыштарға және себезгілерге берілетін судың температурасы 37ºС-
тан аспауы және 60ºС-тан жоғарыламауы тиіс.  
Ыстық  сумен  жабдықтаудың  дербес  жүйесін  ұйымдастыруға  жол 
беріледі. 
46.Орталықтандырылған  елді-мекен  және  қалалық  су  құбыры  желілері 
мен  кәріз  болмаған  жағдайда,  сумен  жабдықтау  мен  кәріздің  жергілікті 
жүйелерін таңдау және құрылғысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  органның  нормативтік  құқықтық 
актілерге сәйкестігін куәландыратын қорытындысы болған кезде жүргізіледі
.  
Кәрізденбеген  аудандарда  ББМДҰ-ы  септик  құрылғысы  бар  ішкі  кәріз 
жүйесімен  жабдықталады,  оны  тазалау  оның  2/3  кӛлемі  толуына  қарай 
жүргізіледі.  Сұйық  қоқысты  шығаруды  мамандандырылған  автокӛлік  ұйымы 
жүзеге асырылады.    
47.Асүй, буфет, балаларға және персоналға арналған дәретханалар,  кір 
жуатын орындар, изолятор және медициналық мақсаттағы басқа да үй-жайлар, 
қолжуғыштар  және  араластырғыш  кран  құрылғысы  бар  шаруашылық 
қажеттілікке  арналған  су  тарату  краны  ыстық  және  салқын  судың  келуімен 
қамтамасыз етіледі.  
48.Балаларға  арналған  санитариялық  аспаптарды  еденнен  орнатудың 
мынадай биіктігі кӛзделеді: 
1)сәби  жастағы  және  кіші  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  арналған 
қолжуғыштар - 0,4 м;   
2)орта ересек мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қолжуғыштар - 
0,5 м;  
3)постаменттегі ванналар - 0,6 м;  
4)сәбилер  тобындағы  және  бірінші  кіші  топтағы  балаларға  арналған 
терең себезгінің табандығы (себезгі торының табандық түбіне дейінгі орналасу 
биіктігі – 1,5 м болғанда) – 0,6 м;  
5)мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  арналған  саяз  себезгінің  табандығы 
(себезгі торының табандық түбіне дейінгі орналасу биіктігі – 1,6 м болғанда) – 
0,3 м. 
ББМДҰ  жобалаған  және  қайта  жаңартқан  кезде  ересек  және  дайындық 
топтарында ұл балалар мен қыз балалар үшін бӛлек дәретханалар кӛзделеді. 
49.ББМДҰ  ғимараттарын  қоғамдық  ғимараттар  мен  құрылыстардағы 
жылуға, желдетуге және ауаны баптауға қойылатын талаптарға сәйкес орталық 
жылу және желдету жүйелерімен жабдықтайды. 
Автономдық немесе газбен жылытуды қолдануға рұқсат етіледі.    
         50.ББМДҰ-ның  ғимараттарын  жылумен  жабдықтауды  орталық  жылу 
жүйесінен (ОЖЖ), аудандық және жергілікті қазандықтардан қарастыру керек. 
Ауылдық  елді  мекендердегі  кӛлемі  елу  орыннан  аспайтын  бір  қабатты 

 
360 
ғимараттарда  жеке  кіретін  есігі  бар,  оқшауланған  үй-жайда  пешпен  жылыту 
құрылғысына жол беріледі.  
Жылыту  аспаптары  ретінде  радиаторларды,  бетон  қабырғаларға 
жапсарлас салынған құбыр тәрізді жылыту элементтерін пайдалануға болады.  
Балалардың  күйуі  мен  зақымдануын  болдырмау  мақсатында  жылыту 
элементтерін алынып-салынатын ағаш торлармен қоршаған дұрыс.  
Ағаш-жоңқа  тақтайшасынан  және  басқа  да  полимер  материалдардан 
жасалған қоршау құрылғыларын пайдаланбау керек.  
         51.ББМДҰ  үй-жайларында  +19ºС  -  +22ºС  ауа  температурасы  кӛзделеді. 
Балалар болатын үй-жайлардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55%; 
ас үйде және кір жуатын бӛлмеде 60-70% дейін қабылданады.  
 
6.Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдары  үй-жайларының 
жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
 
52.ББМДҰ  жабдығы  балалардың  бойы  мен  жас  ерекшелігіне  сәйкес 
болады, оларды пайдалануға сәйкестік және сапа сертификаты бар болған кезде 
жол беріледі.  
Топтардың 
үй-жайларында 
кереуеттер, 
үстелдер, 
орындықтар, 
ойыншықтар  мен  оқу  құралдарына  арналған  шкафтардың  болуы  кӛзделеді. 
Қабылдау  және  шешінетін  бӛлмелерде  балалар  мен  персоналға  арналған 
шкафтар қарастырылады.  
Бір топтың және таңбаның үстелдері мен орындықтары жинақталады.  
Балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың негізгі ӛлшемдері осы 
санитариялық ережелерге 5-қосымшаға сәйкес кӛзделеді.     
53.Сабақ  ӛткізуге  арналған  жиһаздарды  орналастыру  кезінде  мынадай 
талаптарды сақтау қажет: 
1)  үстелдер  сол  жақтан  жарықтандырыла  отырып,  жарық  түсетін 
қабырғаға орналастырылады;  
2)  тӛрт  орындық  үстелдер  екі  қатардан  артық  емес,  ал  екі  орындық 
үстелдер үш қатардан артық емес етіп орналастырылады. Үстел қатарларының 
арасындағы арақашықтық кемінде 0,5 м кӛзделеді;  
3)  үстелдердің  бірінші  қатарының  жарық  түсетін  қабырғадан 
арақашықтығы - 1 м;  
4) бірінші үстелден тақтаға дейінгі арақашықтық - 2,5-3 м;  
5) қабырғаға ілінген тақтаның астыңғы жиегінің еденнен биіктігі 0,7-0,8 
м;  
6) қабырғаға ілетін тақтаның кӛлемі - 0,75-1,5 м;  
7)  балаларды  денсаулықтары,  кӛру,  есту  жағдайларын  ескере  отырып 
отырғызу керек.    
54.Сәби  тобының  ойын  бӛлмесіндегі  манеж  және  барьер  терезеге 
параллель, одан бір метр арақашықтықта орналастырылады.  

 
361 
55.Сәби  жасындағы  бірінші  топта  қолжуғыштың  жанына  құндақтау 
үстелі,  орамалдарға  арналған  ілгіш  пен  «кір  киімдерге  арналған»  таңбасы  бар 
бак орнатылады.  
56.Жатын  бӛлмелер  жеке  таңбалары  бар  стационарлы  кереуеттермен 
жабдықталады. Кереуеттердің ӛлшемі:  
1)  үш  жасқа  дейінгі  балалар  үшін  кереуеттің  ұзындығы  120  сантиметр 
(бұдан әрі – см), ені 60 см, қоршауы мен тӛсегінің биіктігі ӛзгереді;  
2)  үш-жеті  жастағы  балалар  үшін  кереуеттің  ұзындығы  140  сантиметр, 
ені 60 см.  
57.Мектепке  дейінгі  топтарда  екі  қабатты  кереуеттерді  және  тӛсегі 
қатты  жиналмалы  кереуеттерді  (жайылатын  тӛсектер)  пайдалануға  жол 
беріледі.  
58.Қабылдау  және  шешінетін  бӛлмелер  балалар  мен  персоналдың 
сыртқы  киімдеріне  арналған  шкафтармен  жабдықталады.  Киімдерге  арналған 
шкафтарда  бас  киімге  арналған  сӛрелер  мен  сыртқы  киімдерге  арналған 
ілгіштері бар жеке таңбаланған ұяшықтары болады.  
59.Балалар  топтарының  дәретханаларында  балалардың  сүлгілері  мен 
жеке  бас  гигиенасы  құралдарына  арналған  жеке  ұяшықтары  бар  қабырғаға 
ілінетін немесе аспалы ілгіштер; сәби топтарында жеке таңбасы бар түбектерге 
арналған шкафтар орнатылады.  
60.Теледидар  бағдарламаларын  қарау  үшін  экран  кӛлемі  кемінде  59 
сантиметр  теледидарлар  пайдаланылады.  Теледидарларды  1-1,3  м  биіктікте  
орнату  кӛзделеді.  Диапроектор  экраны  еденнен  кемінде  бір  метр  және  1,3  м 
артық  емес  биіктікте  ілінеді.  Теледидар  экранынан  кӛрермендерге  дейінгі 
арақашықтық  4-тен  6  м  дейін,  диапроектор  экранынан  1,2-ден  2,4  м  дейін 
болады.  Орындықтар  тӛрт-бес  қатарға  орналастырылады.  Орындықтар 
қатарларының  арасындағы  қашықтық  0,5-0,6  м  кӛзделеді.  Балаларды  бойын 
ескере отырып отырғызу керек.  
61.Кешкі  уақытта  теледидар  бағдарламаларын,  диафильмдерді, 
бейнефильмдерді  қарау  жасанды  жалпы  немесе  жергілікті  жарықтандыруда 
жүзеге асырылады.  Күндіз терезелерді жеңіл ақшыл перделермен жабу керек. 
Теледидар бағдарламалары мен диафильмдерді кӛру ұзақтығы тӛрт-бес жастағы 
балалар үшін жиырма минуттан, ал алты жастағы балалар үшін отыз минуттан 
аспайды.  
62.Ас  блогы  мен  кір  жуатын  орындарға  арналған  жабдықтар  тізбесі 
қолданыстағы «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық  талаптар»  санитарлық  ережелері  мен  нормаларын  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  2003  жылғы 
25 шілдедегі № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу  тізілімінде  №2526  болып  тіркелген)  және  «Коммуналдық  гигиена 
бойынша  санитарлық-эпидемиологиялық  ережелері  мен  нормаларын  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрі  міндетін 
атқарушының  2005  жылғы  24  наурыздағы  №  137  бұйрығымен  (Нормативтік 

 
362 
құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №3629  болып  тіркелген) 
анықталады. 
 
7.Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдарының  учаскесін  және                 
үй-жайларын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар 
 
63.Барлық үй-жайларды жинау желдетумен күнделікті, жуу құралдарын 
қолдана  отырып  ылғалды  әдіспен  жүргізіледі.  Әйнектердің  ішкі  беттері  апта 
сайын сүртіледі, айына бір рет жуылады; сыртқы беті ластануына қарай, бірақ 
тоқсанына  кемінде  бір  рет.  Еден  күніне  екі  рет  жуылады;  жиһаздар, 
радиаторлар,  терезенің  алды,  балалардың  киім  шкафтары  күн  сайын  сүртіледі 
және  аптасына  бір  рет  жуылады.  Музыка  және  гимнастика  сабақтарына 
арналған бӛлмелерде жинау әр сабақтан соң жүргізіледі.  
64.Барлық 
үй-жайларды 
күрделі 
жинау 
ай 
сайын 
және 
эпидемиологиялық 
кӛрсеткіштер 
бойынша 
жүргізіледі. 
Жуу 
және 
дезинфекциялау  құралдарын  қолдану  Қазақстан  Республикасында  қолдануға 
рұқсат етілген ӛнімдер мен заттардың тізіліміне сәйкес.  
65.Сору желдеткіш жүйелерінің жалюз торкӛздері шаңнан тазартылады, 
оларды  тек  сыртқы  ауа  мен  үй-жай  ауасының  температурасы  күрт  ӛзгерген 
кезде жабу керек.  
66.Сору  желдеткішінің  шахталарын  тазалау  жылына  кемінде  екі  рет 
жүргізіледі.  Әйнектерін  сыртқы  және  ішкі  жағынан  тазалай  отырып  терезе 
ойықтарын жуу жылына екі рет (кӛктемде және күзде) жүргізіледі.  
67.Топтық бӛліктердің қызмет етуі кезінде күрделі жӛндеу және жӛндеу 
жұмыстарының басқа да  түрлерін жүргізуге  жол берілмейді.  
68.Жаңадан  сатып  алынған  ойыншықтарда  олардың  сапасы  мен 
қауіпсіздігін  растайтын  сертификаттары  болуы  тиіс.  Жұмсақ  және  түкті 
ойыншықтарды қоспағанда, ойыншықтар пайдалану алдында 2% сабынды-сода 
ерітіндісін  қолдана  отырып  жуылады,  ағын  сумен  шайылады,  содан  соң  
кептіріледі.   
69.Бірінші топтағы сәбилер үшін пайдаланылған ойыншықтар күніне екі 
рет  2%  сабынды-сода  ерітіндісін  қолдана  отырып  жуылады,  содан  соң  ағын 
судың  астында  шайылады  және  кептіріледі.  Ересек  балаларға  арналған 
пайдаланылған ойыншықтар күнделікті күннің соңында жуылады. Қуыршақтың 
киімі  ластануына  қарай  жуылады  және  үтіктеледі.  Ойыншықтарды  жуатын 
ыдыс таңбаланады.   
70.Іші 
жұмсақ 
материалдармен 
толтырылған 
ойыншықтар 
пайдаланылғаннан  кейін  күн  соңында  бактерицидті  шаммен  30  минут  бойы,    
25  сантиметр  арақашықтықта  дезинфекцияланады.  Пенолатекс,  түкті  
ойыншықтар дайындаушы-зауыттың нұсқауы бойынша ӛңделеді.   

 
363 
Сәби  жастағы  балаларға  және  изоляторда  іші  жұмсақ  материалдармен 
толтырылған 
және 
пенолатекстен 
жасалған 
түкті 
ойыншықтар 
пайдаланылмайды.  
71.Барлық  тӛсек  әбзелдері  (матрацтар,  жастықтар,  кӛрпелер) 
таңбаланады,  тӛсек  әбзелдері  жиналмалы  (жайылатын)  кереуеттерді 
қолданғанда  таңбаланады.  Үш  тӛсек  әбзелінің  жиыны  және  екі  матрац  тысы 
болуы қажет.    
72.Тӛсек  әбзелдерін,  сүлгіні  ауыстыру  ластануына  қарай,  аптасына 
кемінде бір рет жүргізіледі. Тӛсек әбзелдері мен жаялықтар пайдаланылғаннан 
кейін арнайы таңбаланған ыдыстар мен қаптарға салынады. Кір тӛсек әбзелдері 
кір  жуатын  орындарға  (клеенка  және  мата)  қаптарда  жеткізіледі.  Мата  қаптар 
жууға  беріледі,  клеенка  қаптар  сабынды-сода  ертіндімен  ӛңделеді.  Топқа  таза 
тӛсек әбзелдері жуылған қаптарда жеткізіледі. Тӛсек әбзелдерін: матрацтарды,  
жастықтарды, кӛрпелерді, жатын қаптарын әрбір күрделі жинау кезінде тікелей 
жатын  бӛлмелерде  терезені  ашып  желдетіп,  мерзімімен  сыртқа  шығару  керек. 
Эпидемиологиялық  кӛрсеткіштер  бойынша  камералық  әдісті  қолдану  арқылы 
дезинфекциялау жүргізіледі.  
73.Кілемдер күнделікті шаңсорғышпен тазартылады, ал ауқымды жинау 
кезінде  қағылады  және  ылғал  щеткамен  сүртіледі,  жылына  бір  рет  химиялық 
ӛңдеуден ӛткізіледі. Құндақтау үстелдерін, балалардың жаялық астына салатын 
клеенкаларын,  манеждердің,  тӛбешіктердің  жапқыштарын  күніне  екі  рет  және  
ластануына қарай сабынмен жуу керек. Нәжіспен былғанған жағдайда жуу және 
дезинфекциялау  құралдарын  пайдалана  отырып  арнайы  бӛлінген  шүберекпен 
бӛлінділерден тазалау жүргізіледі.    
74.Жеке  түбектерді  пайдалану  қызмет  кӛрсететін  персоналдың 
қадағалауымен  жүргізіледі.  Түбектер  қолданылғаннан  кейін  ыстық  сумен 
(температура  60ºС  тӛмен  емес)  жуылады.  Унитаздар,  ванналар,  есіктердің 
тұтқалары,  еден,  крандар,  қабырғалар  күнделікті  жуу  құралдарын  пайдалана 
отырып жуылады.   
75.Топтарға арналған үй-жайлардағы үстелдер тамақ ішер алдында және 
содан соң ыстық сумен жуылады, орындықтар күніне бір рет сүртіледі.  
76.Жабдықтың  әрбір  түрі  сүртіледі,  қолданғаннан  кейін  жуылатын, 
кептірілетін  және  құрғақ  күйінде  қақпағы  бар,  арнайы  таңбаланған  ыдыста 
сақталатын арнайы шүберекпен жуылады.  
77.Балалар  немесе  персонал  арасында  инфекциялық  аурулар  тіркелген 
жағдайда  белгіленген  тәртіппен  ағымдық  және  қорытынды  дезинфекциялау 
жүргізіледі.  
78.Сәби  топтарында  кәріз  болмаған  жағдайда  нәжіс  жинауға  арналған  
қақпағы  бар  шелек,  түбектерге  арналған  дезинфекциялық  ерітіндісі  бар 
сыйымдылық және оларды шаюға арналған таза суы бар шелектер болуы қажет.  
79.Дәретхананы  жинауға  арналған  жинау  мүкаммалының  (шүберектер, 
шелектер,  шӛткелер)  таңбасы  болады  және  дәретхана  бӛлмесіндегі  арнайы 
шкафта  сақталады.  Барлық  жинау  мүкаммалын  қолданғаннан  кейін  жуу 

 
364 
құралдарымен ыстық суда жуу қажет. Унитаздардың ішкі беттерін тазалау үшін 
бір  унитазға  кемінде  екі  щетка  қарастырылады.  Жуу  және  дезинфекциялау 
құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалардың қолы жетпейтін жерде 
сақталады.  Қолданылатын  дезинфекциялау  ерітіндісі  ерітіндінің  дайындалған 
күні кӛрсетілген  белгі  бекітілген,  таңбаланған  сыйымдылықта нұсқауға  сәйкес 
дайындалады.   
80.ББМДҰ-ның  үй-жайларына  шыбындардың  ұшып  кіруін  болдырмау 
үшін  желдету  үшін  ашылатын  терезелерге,  желдеткіштерге,  фрамугаларға  тор 
кӛздер орнатылады.   
81.Ғимаратқа  кіретін  жерде  қырғыштар,  торлар,  кілемшелер,  щеткалар 
орнатылады,  әр  үй-жайдың  кіретін  есігінің  жанында  балалардың  әрбір 
кіргенінен кейін тазаланып жуылатын ылғал кілемшелер тӛселеді.  
ББМДҰ-ның учаскесі таза ұсталады.   
Ойын  алаңының  жабдығы  және  кіші  сәулеттік  нысандары  балаларды 
серуендету  және  ойнату  алдында  күнделікті  сүртіледі,  құм  алаңындағы  құм 
ылғалданады,  аптасына  бір  рет  араластырылады.  Құм  айына  бір  рет 
ауыстырылады  немесе  7-10 күнде бір рет қайнаған сумен ӛңделеді және бетін 
жабатын бастырмасы болады. 
82.Кәріз  болмаған  жағдайда  су  ӛткізбейтін,  бетондалған  қоқыс  тӛгетін 
орларды, қоқыс  жинағыштарды олардың  2/3  кӛлемі  толған  кезде  тазалау  және 
қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен ӛңдеу керек. Ауладағы 
дәретханалардың  ішкі  беттері  мен  есіктерінің  тұтқалары  күн  сайын  жуылады 
және апта сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ӛңделеді.   
83.Бассейндерді 
пайдалану 
және 
күтіп-ұстау 
«Санитарлық-
эпидемиологиялық  ереже  мен  нормаларды  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрі  міндетін  атқарушының  2004 
жылғы  18  тамыздағы  №  632  бұйрығына  (Нормативтік  құқықтық  актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3074 болып тіркелген) сәйкес болуы тиіс.  
Кубатурасы 32 текше метр бассейн қосымша хлорлаусыз 30-60 баланың 
шомылуы  үшін  пайдаланылады.  Суды  ауыстыру  2  топтың  балаларын 
шомылдырғаннан  кейін  жүргізіледі.  Суды  ауыстыру  балалар  үшін  8  сағат 
бұрын суды  толығымен ауыстыруды қамтамасыз ету арқылы үздіксіз ағынмен 
жүзеге  асырылады. Бассейн  ваннасын  дезинфекциялау  суды  ағызғаннан  кейін, 
механикалық  тазалау  бір  шаршы  метрге  0,6-0,8  литр  есебінен дезинфекциялау 
құралымен екі рет сулау жолымен жүргізіледі. Дезинфекциялау ерітіндісін шаю 
ыстық сумен жүргізіледі.  
84.Жылына  кемінде  бір  рет  жаз  мезгілінде  ББМДҰ-ның  ғимараты  мен 
үй-жайларына  ағымды  жӛндеу,  сондай-ақ  қолданыстағы  инженерлік 
коммуникацияларға тексеру жүргізіледі. 
 
8.Білім берудің мектепке дейінгі ұйымының ауа-жылу режиміне  
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 

 
365 
85.Тікелей  немесе  бұрыштан  желдету  балалар  болмаған  кезде 
жүргізіледі.  Желдетудің  ұзақтығы  сыртқы  ауаның  температурасына,  желдің 
бағытына, жылу жүйесі жұмысының тиімділігіне байланысты және балалардың 
топтардың  бӛлмелеріне  қайтып  келуіне  отыз  минут  қалғанда  аяқталады. 
Дәретханалар  арқылы  желдетуге  тыйым  салынады.  Бір  жақты  желдетуді 
балалар бар кезінде жүргізуге жол беріледі. Жылдың жылы мезгілінде үй-жайда 
ауа  алмастыруды  тоқтаусыз  жүргізу  ұсынылады,  салқын  мезгілде  ересек 
балалар  үшін  үй-жайдағы  ауаның  температурасын  қосу  18°С  дейін  және  кіші 
мектепке  дейінгі  балалар  үшін  қосу  19°С  дейін  тӛмендетіп  желдетуге  жол 
беріледі.   
86.Жылдың  салқын  мезгілінде  фрамугаларды,  желдеткіштерді  балалар 
ұйықтағанға дейін жиырма минут бұрын жауып қою керек; ұйықтаған кезде бір 
жақтан  ашып,  оянар  алдында  отыз  минут  бұрын  жабу  керек.  Жылдың  жылы 
мезгілінде ұйықтау үй-жай ауасының температурасын ескере отырып терезелер, 
фрамугалар ашық кезінде жүргізіледі.  
87.Ауаның  температурасын  бақылау  балалар  бойының  ұзындығына 
байланысты ішкі қабырғада 0,8-1,2 м биіктікке ілінген тұрмыстық термометрдің 
кӛмегімен жүзеге асырылады.   
88.Балаларды  таза  ауада  серуендету  оқыту  және  тәрбиелеу 
бағдарламасына  сәйкес  күніне  кемінде  екі  рет  жүргізіледі.  Ауаның 
температурасы -15°С-тен тӛмен және желдің жылдамдығы 7 м/с артық болғанда 
серуендеудің ұзақтығы қысқартылады. 4 жасқа дейінгі балалар үшін серуендеу 
ауаның  температурасы  -15°С-тен  тӛмен  және  желдің  жылдамдығы  15  м/с 
болғанда, ал 5-7 жастағы балалар үшін ауаның температурасы -20°С-тен тӛмен 
және  желдің  жылдамдығы  15  м/с  артық  болғанда  жүргізілмейді.  Барынша 
сауықтыру әсерін қамтамасыз ету үшін:  
1)бағдарламада  кӛзделген  балалардың  таза  ауада  болу  мерзімін 
қысқартуға жол бермеу керек;  
2)балалар  киімдерінің  ыңғайлы  жағдайында  серуендеу  уақытында  
балалардың қимылдау белсенділігін барынша қамтамасыз ету қажет. 
 
9. Балалардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
 
89.Жалпы  типтегі  ББМДҰ-ның  ас  блогы  үй-жайларының  жиыны 
қолданыстағы «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық  талаптар»  санитарлық  ережелері  мен  нормаларын  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  2003  жылғы 
25  шілдедегі  №  569  бұйрығына  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік 
тіркеу  тізілімінде  №  2526  болып  тіркелген)  сәйкес,  ББМДҰ-ның  жобалық 
сыйымдылығын ескере отырып анықталады.   
Ас  блогының  құрамына  мыналар  кіреді:  дайындау  және  ыдыс  жуу 
бӛлмесі  бар ас үй, тоңазытқыш қондырғысы  бар құрғақ  азық-түлікке  арналған 

 
366 
қойма және кӛкӛністер қоймасы. Ыдыс жуу, дайындау және ӛңдеу бӛлмелері ас 
үйден қалқалармен бӛлінеді немесе мақсатына қарай аймақтарға белгіленеді.  
90.Ас  блоктарында:  кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  бірінші  қабатында, 
жекеменшік  үй  иеліктерінде,  сондай-ақ  осы  санитариялық  ережелер 
бекітілгенге дейін салынған мектепке дейінгі ұйымдардың технологиялық және 
тоңазытқыш  жабдықтармен  жабдықталуы,  тамақ  қабылдау  жағдайлары 
ББМДҰ-ның  қуатына  байланысты  тиісті  аумақтағы  халықтың  санитариялық-
эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  органымен 
келісіледі.      
91.Тамақ  ӛңдеу  және  дайындау  үшін  арнаулы  электр  жабдығы 
орнатылады, газ плитасын қоюға жол беріледі. Ас үй үй-жайлары механикалық 
сору желдеткішімен жабдықталады. Елуге дейін орны бар селолық ББМДҰ-да 
оттығы  бӛлек  үй-жайға  шығатын,  қатты  отынмен  жанатын  ас  үй  плитасын 
қолдануға  жол беріледі.  
92.Термометрлері  бар  тоңазытқыш  қондырғылары  қарастырылады. 
Тоңазытқыштарда  немесе  тоңазытқыш  қондырғыларында  ӛнімдердің  әр  түрін 
сақтауға арналған орындарды нақты анықтау керек.  
93.Бір  жастағы  балаларға  арналған  ӛнімдер  (қоспалар)  бӛлек 
тоңазытқыштарда  сақталады.  Кӛкӛністер  кӛкӛністер  қамбасында  (кӛкӛніс 
қоймасында),  құрғақ  ӛнімдер  сӛрелермен,  шкафтармен  немесе  стеллаждармен  
жабдықталған  қоймаларда  сақталады.  Ӛңдеуге  арналған  үстелдердің  беттері 
тұтастай  металдан  жасалған  тотықпайтын  болаттан  немесе  дюралюминийден 
қарастырылады.  Бетіне  мырышты  темір  тӛселген  үстелдерде  тек  шикі  ет  пен 
балықты  ӛңдеуге  жол  беріледі.  Қамырға  беті  тегіс  сүрленген,  ағаштың  қатты 
түрінен жасалған үстел қарастырылады.  
94.Шикі  және  дайын  ӛнімдерді  бӛлшектеу  үшін  бӛлек  бӛлшектеу 
үстелдері,  ағаштың  қатты  түрінен  жасалған,  тегістелген  жарықтары  мен 
саңылаулары  жоқ  пышақтар  мен  тақтайлар  болуы  керек.  Пластмассадан  және 
престелген  фанерадан  жасалған  бӛлшектеуге  арналған  тақтайларды 
пайдалануға жол берілмейді.  
Тақтайлар мен пышақтар былай таңбалануы тиіс: «ШЕ» - шикі ет, «ШТ» 
- шикі тауықтар, «ШБ» - шикі балық, «ШК» - шикі кӛкӛністер, «ПЕ» - піскен ет, 
«ПБ»  -  піскен  балық,  «ПК»  -  піскен  кӛкӛністер,  «Гастрономия»,  «Майшабақ», 
«Н» - нан, «Ас кӛк».  
95.Қалдықтар қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады, оларды тазалау 
олардың  2/3  кӛлемінен  артық  толуына  қарай  жүргізіледі.  Сыйымдылықтар 
күнделікті  тазартылады  және  2%  кальцийленген  сода  ерітіндісімен  жуылады, 
содан кейін ыстық сумен шайылып, кептіріледі.  
96.Сапасы 
мен 
қолданылу 
саласы 
сапа 
және 
қауіпсіздік 
сертификаттарымен  расталатын  тотықпайтын  болаттан,  шойыннан  (таба), 
қалайыланбаған  темірден  (қаңылтыр  таба)  жасалған  эмальданған  ас  үй 
ыдыстарын қолдануға жол беріледі. Ас үй ыдыстары арнайы сӛрелерде немесе 
стеллаждарда, ұсақ мүкаммал шкафтарда сақталады.  

 
367 
97.Ас  үй  ыдыстарын  жуу  үшін  жуатын  ванналар  орнатылады  немесе 
оларға ыстық және суық суы жүргізіледі. Ваннаның кәрізге қосылатын жерінде 
ауа айырғыш қарастырылады.  
98.Ас  блогының  үй-жайларында  жуу  құралдарын  қолдану  арқылы  
ылғалды тәсілмен күнделікті жинау, кейіннен барлық үй-жайларды, жабдықтар 
мен  мүкаммалды  дезинфекциялау  арқылы  айына  бір  рет  ауқымды  жинау 
жүргізіледі.   
99.Бӛлшектеу  мүкаммалы  (тақтайлар,  қалақшалар,  араластырғыштар) 
және ас үй ыдыстары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу 
құралдарын  қолдану  арқылы  ыстық  сумен  (50°С)  жуылады,  ыстық  сумен 
шайылады, содан соң стеллаждарда кептіріледі.  
Металл  мүкаммал  жуғаннан  кейін  духовкада  қыздырылады;  ет 
турағыштарды  қолданғаннан  кейін  бӛлшектейді,  жуады,  ыстық  сумен  шаяды 
және  кептіреді.  Ыдыстарды,  ас  үй  мүкаммалын  және  үстелді  жуып  болғаннан 
кейін  шүберек  жуылады,  жиырма  бес  минут  бойы  қайнатылады,  кептіріледі 
және жабық ыдыста сақталады. Щетка, ерштер жуылады және арнайы бӛлінген 
жерде сақталады.  
100.Дератизациялау,  дезинфекциялау,  дезинсекциялауды  кӛрсетілген 
қызмет түріне лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.  
101.ББМДҰ-ға  жеткізілетін  тағам  ӛнімдерінде  сертификаттары  немесе 
олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын басқа да құжаттары болады. Шикі 
және дайын ӛнімдер бӛлек сақталады.   
Тез 
бұзылатын 
ӛнімдер 
тоңазытқыш 
камераларында 
немесе 
тоңазытқыштарда  2-6
0
С  температурада  және  осы  санитариялық  ережеге  7-
қосымшаға 
сәйкес 
сақталады. 
Тоңазытқыш 
камераларындағы 
және 
тоңазытқыштардағы температураны бақылау үшін термометрлер қолданылады. 
Бір  тоңазытқыш  жабдығы  болған  кезде  ет,  балық  пен  сүт  ӛнімдерін  сақтау 
орындары  жеңіл  жуылатын  және  ӛңделетін  арнайы  сӛрелердің  міндетті 
құрылғысымен қатаң шектелген болуы тиіс.    
102.Сусымалы ӛнімдер құрғақ, желдетілетін үй-жайларда қабырғадан 20 
см  және  еденнен  15  см  қашықтықта  орналасқан  стеллаждардағы  қаптарда 
немесе қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда сақталады.  
103.Ақ нан мен қара нан бӛлек, есіктерінде желдетуге арналған тесіктері 
бар шкафтарда сақталады, астыңғы сӛренің еденнен арақашықтығы кемінде 35 
см  қарастырылады.  Шкафтардың  сӛрелері  қоқымнан  арнайы  щеткалармен 
тазартылады  және  1%  асханалық  сірке  су  ерітіндісін  қолдану  арқылы 
шүберекпен сүртіледі.  
104.ББМДҰ-да  балаларды  ыстық  тамақтандыру  балалар  кемінде  тӛрт 
сағат  болған  кезде  ұйымдастырылады.  Балаларға  арналған  тамақты  ББМДҰ-
ның арнайы қызметкері дайындайды.  
Балалардың  тамағы  толыққанды,  ӛнімдердің  құрамы  бойынша  әртүрлі, 
ӛсіп  келе  жатқан  ағзаның  физиологиялық  қажеттіліктерін  негізгі  тағамдық 
заттармен  толығымен  қанағаттандыратын  болуы,  тағам  картотекасы  және 

 
368 
санитариялық-эпидемиологиялық  қызметтің  мемлекеттік  органымен  келісілген 
ӛнім  тізбесінің  ассортименті  бойынша  ұсынылатын  жеті  және  он  күндік  ас 
мәзірі негізінде жасалуы тиіс.  
Жазғы  сауықтыру  кезеңінде  рационға  жемістерді,  шырындарды,  сүтті 
қосу арқылы қосымша тамақ ішу (екінші таңғы ас) есебінен тамақ ішу жиілігі 
кӛбейеді және түске дейін кемінде 1,5-2 сағат бұрын беріледі.  
105.Күнделікті  дайын  ӛнімнің  тәуліктік  сынамасы  қалдырылады. 
Тәуліктік  сынаманы  таңдау  және  сақтау  медицина  қызметкерлерінің 
бақылауымен  жүргізіледі.  Сынамалар  қақпағы  бар  таза  (қайнатып  ӛңделген) 
шыны ыдысқа салынады және тоңазытқыштың арнайы бӛлінген жерінде +2oС -
тан  +6oС –қа дейінгі температурада сақталады. Тәуліктік сынамалар келесі күні 
немесе  демалыс  күннен  кейін  (демалыс  күнінің  санына  тәуелсіз)  дайындалған 
таңғы  аспен,  түскі  аспен,  түстен  кейінгі  жеңіл  тамақпен  немесе  кешкі  аспен  
ауыстырылғанға дейін сақталады.  
106.Осы санитариялық ережелерге 6-қосымшада: 
 ББМДҰ-да  тәрбиеленетін  балаларға  арналған  тамақтану  нормалары (1-
кесте); 
 балаларға арналған қуат, ақуыздар, майлар мен кӛміртектер тұтынудың 
ұсынылатын шамалары (2-кесте);   
 тәуліктік рационның құнарлығын бӛлу (3-кесте); 
 балалар үшін жастарына байланысты үлестерінің массасы (4-кесте); 
 бір азық-түлікті басқа азық-түлікпен ауыстыру кестесі (5-кесте); 
 
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет