салқындатып ӛңдегендегі шығындар (6-кесте);
жылумен аспаздық ӛңдегенде тамақ ӛнімдерінің шығындары (7-кесте)
келтірілген.
107.ББМДҰ-ның медицина қызметкері:
1)күнделікті ас мәзірін құрастырады және аспаздық ӛңдеудің
дұрыстығына, ӛнімдердің толық салынуына, тағамның шығымына және дайын
тағамның дәмдік сапасына бақылау жасайды;
2)үшінші тамақтарға С витаминін қосуды жүргізеді, ӛнімдерді сақтау,
ӛткізу мерзімдерінің және ас блогының санитариялық жағдайының сақталуын
бақылайды.
108.Дайын тамақ балаларға сынамасы алынып, бағаланып және дайын
тамаққа арналған бракераж журналына жазылғаннан кейін беріледі. Медицина
қызметкері әр тағам түрінің дәмдік сапасын бағалайды, үлестірілетін тағамның
салмағы мен кӛлемінің ас мәзірінде кӛрсетілген мӛлшерге сәйкестігін кӛрсетеді.
109.Тағам шығымын тексеру үшін он порция ӛлшенеді. Медицина
қызметкері айына бір рет тағамның құндылығына және ингредиеттеріне есептеу
жүргізеді.
110.Тамақ дайындау кезінде мына талаптар сақталады:
1) шикі және піскен ӛнімдерді ӛңдеу тиісінше таңбаланған бӛлшектеу
мүкаммалын қолдана отырып әртүрлі үстелдерде жүргізіледі;
2) ет-сүйек сорпалары сүзіледі;
369
3) салаттарға арналған шикі кӛкӛністер ӛңделеді және «ПК» - піскен
кӛкӛністер деген таңбасы бар тақтайшалар мен үстелдерде туралады;
4) кемінде екі ет турағыш қарастырылады, шикі және піскен ӛнімдерге
бӛлек;
5) ет немесе балық турамасынан жасалған котлеттер, биточкалар екі
жағынан кемінде он минуттан қуырылады және дайын болғанға дейін 220-
250°С температурада духовкада қуырылады;
6) бірінші және екінші тамақтарға қолданылатын піскен ет он минут
бойы 220-250°С температурада қайталап термиялық ӛңдеуге (сорпада, тұздықта
қайнату, тандыр шкафында қуыру) ұшырайды;
7) пісірмелер, омлеттер бес-алты минут бойы 220-250°С температурада
духовкада пісіріледі;
8) бірінші және екінші тамақтар ыстық плита үстінде екі-үш сағаттан
артық тұрмайды;
9) ашыған сүт нан илеуге ғана жұмсалады;
10) қатық, ірімшік және басқа да ашыған сүт ӛнімдерін, ет қосылған
құймақтар, флотша макарон, зельцтер, кремі бар кондитерлік ӛнімдер,
сусындар, морс, форшмак, фритюр ӛнімдерін, студень, паштеттерді,
гамбургерлерді, хот-догтарды, фритюрде қуырылған тоқаштарды, езілген
жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, майонез қосылған салаттарды
дайындауға жол берілмейді;
11) пастерленбеген, қайнатылмаған немесе термиялық ӛңдеуі жоқ сүт,
ірімшік және қаймақты, суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін, үйде
дайындалған консерві ӛнімдерін, газдалған сусндарды пайдалануға жол
берілмейді;
12) сүт ӛңдеу ұйымдарында ӛндірілген шағын орамадағы қаймақ пен
ірімшік арнайы термиялық ӛңдеуді қажет етпейді.
111.Ӛнімдерді аспаздық ӛңдеу кезінде витаминдерді сақтау ережесін
сақтау қажет: кӛкӛністердің қабығын жұқалап аршу, кӛкӛністерді түнде аршып
қоймау, аршылған кӛкӛністерді суда 1,5 сағаттан артық ұстамау, тамақ
дайындау үшін оларды қайнаған суға салу.
Гиповитаминоздың алдын алу мақсатында салқын сусындарды (компот,
кисель және т.б.) аскорбин қышқылымен жасанды витаминдеу жүргізіледі.
Компотты витаминдеу 12-15°С температураға дейін салқындатылғаннан кейін,
оларды ӛткізу алдында жүргізу ұсынылады, ал кисельге аскорбин қышқылының
ерітіндісін 30-35°С температураға дейін суығанда, оны араластырып және
ӛткізу температурасына дейін салқындата отырып құяды. С витаминінің
тәуліктік нормасы сәби жасындағы балалар үшін 50 миллиграмм, ал мектеп
жасына дейінгі балалар үшін 70 миллиграмм. Витаминделген тағамдар
жылытылады.
112.Тағам
ӛнімдерін
тасымалдауды
арнайы
жабдықталған
автокӛліктерде жүргізу қажет. Автокӛліктің «Объектіге және кӛлік құралына
санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін белгілеу туралы»
370
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18
қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5899 болып тіркелген) сәйкес
санитариялық паспорты болуы қажет.
Экспедитордың арнайы киімі және «Жеке медициналық кітапшаларды
беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы
№ 768 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5895 болып тіркелген) сәйкес жеке
медициналық кітапшасы болуы қажет.
Ӛнімдерге арналған ыдыстар таңбаланады және тағайындалуына қарай
қолданылады, қолданылғаннан кейін тазартылады, 2% кальцийленген сода
ерітіндісі бар ыстық сумен жуылады (1 литр суға 20 грамм), шайылады,
кептіріледі және сӛрелерде сақталады.
113.ББМДҰ-да фаянстан, фарфордан жасалған асханалық және шай
ыдыстары, тотықпайтын болаттан жасалған асхана құралдары пайдаланылады.
Шеті сынған, пластмассадан жасалған ыдыстарды және алюминийден жасалған
аспаптарды пайдалануға жол берілмейді.
114.Буфеттерде асханалық ыдыстарды жуу үшін тиісті таңбалары бар
үш ұялы жуғыш немесе ыдыс жуатын машина орнатылады. 2003 жылға дейін
салынған және қайта жаңартылған ББМДҰ-да екі ұялы жуғыштарға рұқсат
етіледі.
Алдымен 50-60°С температурада бірінші ұяда рұқсат етілген жуу
құралдарын қоса отырып шай ыдыстары жуылады, шайылады, содан соң асхана
ыдыстары жуылады. Ыдыстарды жуған кезде оларды тамақ қалдықтарынан
мұқият тазарту қажет, бірінші ұяда 50-60°С температурада жуу құралдарын
қоса отырып ыстық сумен жуады, екінші ұяда 65°С-дан тӛмен емес
температурада ағынды сумен шаяды, торкӛзді сӛрелердің үстіне кептіріледі.
Арнайы жуғыш және ағынды су болмаған жағдайда асханалық ыдыс үш
легенде рұқсат етілген жуу құралдарын қосу арқылы ыстық суда жуылады,
жуылған ыдыс ыстық суда шайылады, кейіннен кептіріледі.
115.Асханалық құралдар: қасықтар, шанышқылар рұқсат етілген жуу
құралдарын қоса отырып жуылады, 65°С температурадағы ыстық сумен
шайылады және кептіріледі. Емізіктер жуылады, он бес минут бойы
қайнатылады және қақпағы жабылатын шыны ыдыста сақталады. Сүт
қоспасына арналған кішкене бӛтелкелер қыл және майсыздандыратын
құралдардың кӛмегімен (қыша, ас содасы) жылы ағынды сумен жуылады, содан
соң он бес минут қайнатылады және таңбаланған жабық эмаль ыдыста
сақталады. Асханалық ыдыстарды жууға арналған шүберек жуылады,
кептіріледі, ашық эмаль ыдыста құрғақ күйінде сақталады.
Ыдыстарды зарарсыздандыру үшін эпидемиологиялық кӛрсеткіштер
бойынша әр топқа құрғақтай қуыратын шкафтар немесе дезинфекциялық
ерітіндісі бар ыдыстарды шылауға арналған сыйымдылықтар орнатылады.
371
116.Топтық үй-жайларда тамақ қалдықтарын жинау үшін таңбаланған
қақпағы бар сыйымдылық бӛлінеді, ол әр қабылданған тамақтан кейін
тазартылады, кальцийленген сода ерітіндісімен жуылады, ыстық сумен
шайылады және кептіріледі.
117.Ас блогының қызметкерлері кемінде арнайы киімнің үш жиынымен
және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау үшін қажетті жағдайлармен
қамтамасыз етіледі. Ас блогының қызметкерлері мынадай жеке бас
гигиенасының ережелерін орындайды:
1)жұмыс басталар алдында сырт киімін шкафқа іледі, қолын сабынмен
және шӛткемен ыстық суда жуады;
2)тек таза арнайы киіммен жұмыс істейді;
3)ас блогынан сыртқа шыққанда, дәретханаға барғанда арнайы киімді
шешеді, асханаға оралғаннан кейін қолын сабынмен және шӛткемен ыстық суда
жуады, содан соң арнайы киімді киеді.
10.Балалар мен персоналға медииналық кӛмек кӛрсетуге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
118.ББМДҰ «Білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің типтік штатын
және педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының және оларға теңестірілген
адамдар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес медицина қызметкерлерінің білікті
кадрларымен толықтырылады.
Медицина қызметкері болмаған жағдайда балаларды медициналық-
санитариялық қамтамасыз етуді аумақтық амбулаториялық-емханалық
денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады.
119.ББМДҰ-ның
медицина
персоналы
емдеу-профилактикалық
сауықтыру іс-шараларын ӛткізеді.
ББМДҰ-ның емдеу-сауықтыру жұмысының тиімділік критерийі ретінде
балалардың денсаулық жағдайларының жақсаруы болып табылады. Балалардың
денсаулық жағдайларын бағалауды ағымды қадағалаулар мен профилактикалық
тексеріп-қараулар негізінде жүргізеді.
Балалардың әр жас топтары үшін сырқаттанушылықты тӛмендетуге
және балалардың денсаулығын күшейтуге бағытталған сауықтыру іс-
шараларының кешенді жоспарын құрастырылады.
Декреттелген жастағы балаларды профилактикалық медициналық
тексеріп-қараулар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
жүргізіледі және дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған
кезеңдерді қарастырады. Басқа балаларға жыл сайын скрининг-тестілеу және
педиатриялық тексеріп-қарау ӛткізіледі. Кӛрсеткіштері бойынша балалар басқа
да дәрігерлерге тексеріледі.
120.Балалар мен персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген
жағдайда ББМДҰ-ның басшылығы, оның персоналы мен медицина
372
қызметкерлері
мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет
органдары белгілеген мерзімде және кӛлемде эпидемияға қарсы іс-шаралар
жүргізеді.
121.Ас блогының қызметкерлерін мейірбике күн сайын ас блогы
қызметкерлерін тексеріп-қарау журналына міндетті түрде белгілей отырып
іріңді аурудың барлығына тексереді.
ББМДҰ-да инфекциялық аурумен ауыратын немесе күдігі бар
қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді немесе тез арада жұмыстан шеттетіледі.
122.ББМДҰ-да осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес есепке
алу-есептілік құжаттамасы жүргізілуі қажет.
Шағын ББМДҰ-да (шағын орталықтарда) жарақтандыру және
жабдықтау, медициналық кабинеттердің медициналық құжаттама тізбесін
жүргізуі тиісті аумақтағы халықтық санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.
Медициналық кабинет осы санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес
жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталуы тиіс.
Аудан жеткілікті болған жағдайда ББМДҰ-ның медициналық блогына
осы санитариялық ережеге 10-қосымшаға сәйкес физиотерапевтиялық кабинет
жабдықталады.
123.ББМДҰ-ның қызмет кӛрсететін персоналында бӛлек шкафта
сақталатын арнайы киімдері болуы тиіс: костюм, халат, ауыстыратын аяқ киім,
орамал, бас киім, белдемше.
Дәретхана бӛлмесіне кірер алдында халатты шешіп және шыққан соң
қолды мұқият сабынмен жуу керек. Персоналға дәретханасы бар үй-жай
бӛлінеді. Персонал үшін дәретханасы бар үй-жай болмаған жағдайда
балалардың дәретхана алаңында персонал үшін бӛлек жабық санитариялық
кабина қарастыру керек.
124.ББМДҰ-ға барлық медициналық тексеріп-қараулар мен зерттеп-
қараулардың қорытындылары, гигиеналық оқытудан ӛткені және жұмысқа
жіберілгені туралы белгілері бар жеке медициналық кітапшасыз қабылдауға
жол берілмейді.
11.Балалардың білім берудің мектепке дейінгі ұйымында болуына
және
гигиеналық
тәрбиесіне
қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар
125.ББМДҰ-ға кірер алдында бала медициналық тексеріп-қараулардан,
қажет болған жағдайда сауықтырудан ӛтеді. Баланы бір ұйымнан екіншісіне
ауыстырған кезде дәрігер немесе учаскелік педиатр даму тарихының үзіндісін
жазады.
126.ББМДҰ-ға бала қабылданғанда дәрігер баланың ата-анасынан
баланың ӛсуі мен мінез-құлқының ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинайды,
оның денсаулық жағдайына, физикалық және жүйкелік-психикалық дамуына
373
баға береді, педагогпен бірге балаға күн тәртібі бойынша жеке тағайындаулар,
тамақтану және сауықтыру шараларын белгілейді.
Баланың денсаулық жағдайы туралы мәлімет медициналық картаға
жазылады.
127.Балаларды күнделікті таңертеңгі қабылдауды тәрбиеші ата-
анасынан баланың денсаулық жағдайын сұрау, тамағын, денесін қарау,
ыстығын ӛлшеу арқылы жүргізеді. Сәби топтарындағы балалардың бәрінің
температурасы ӛлшенеді, мектеп жасына дейінгі топтағыларда кӛрсеткіштер
бойынша жүргізіледі. Таңертеңгі қарау кезінде анықталған науқастар мен
ауруға күдігі бар балалар ББМДҰ-ға қабылданбайды.
Бір күн ішінде ауырған бала балалардан оқшауланады және ата-анасы
келгенге дейін оқшауланған үй-жайға ауыстырылады, шұғыл жағдайларда
емдік-профилактикалық ұйымдарға ауруханаға жатқызылады.
128.Ауырғаннан кейін немесе басқа да себептер бойынша үш және одан
да кӛп күн болмағаннан кейін балалар ББМДҰ-ға учаскелік дәрігер-педиатрдан
аурудың аты, ұзақтығы, жасалған емнің түрлері, инфекциялық науқастармен
байланыста болмағаны туралы мәліметтері кӛрсетілген анықтамасы бар
болғанда қабылданады.
129.Таңертеңгілік тазалық балалардың үйінде жүргізіледі, ата-анасы
таза, ұқыпты киіндіріп әкеледі. Балаларда жеке гигиенаны сақтау әдетін ата-
анасы мен ББМДҰ-ның педагогикалық персоналы қалыптастырады.
130.Санаториялық ББМДҰ-да себезгі бӛлмелері қарастырылуы тиіс,
балаларды жуындыру кесте бойынша жеті күнде кемінде бір рет тӛсек
әбзелдерін, үстіге киетін киімдерді және орамалдарды ауыстыру арқылы
қарастырылуы тиіс.
Тӛсек әбзелдері, орамалдар, жеке бас гигиенасының құралдары (тіс
щеткасы, тарақ, ысқыш) әр бала үшін бӛлініп беріледі. Жеке тіс щеткалары
және ауызды шаюға арналған ыдыс санитариялық блоктан оқшауланған үй-
жайда ашық ұяшықтарда сақталады.
131.Күн тәртібі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ұйқының,
демалудың, таза ауада болудың, оқу сабақтарын ӛткізу ұзақтығының, тиімді
тамақтануды ұйымдастырудың, дене тәрбиесінің гигиеналық нормасына сәйкес
болады.
Күні бойы қызметтің барлық түрлері мен демалысты ұйымдастыру
ББМДҰ-да балаларды тәрбиелеу және дамыту бағдарламасының негізінде
құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін осы санитариялық
ережелерге 11-қосымшаға сәйкес қабылдау қажет.
132.Балалардың қызметін жоспарлаған кезде оқу жүктемесін күн, апта,
жыл бойына тең бӛлу ұсынылады.
133.Оқу жылының басында дайындық тобында балалардың оқуға
функционалдық дайындығын анықтау керек. Оқуға дайын емес, тілінің
дамуында мүкісі бар және суық тиіп жиі ауыратын балалар үшін күн тәртібінде
374
мамандармен арнайы сабақтар және емдеу-сауықтыру іс-шараларын қарастыру
керек.
134.Қозғалыс режимінің негізін дене жаттығуларымен айналысу және әр
түрлі нысандағы ойындар мен балалардың ӛз бетімен қозғалу қызметі құрайды.
Дене тәрбиесі бойынша жұмыстарды медицина қызметкерінің бақылауымен топ
тәрбиешілері, дене тәрбиесі жӛніндегі нұсқаушылар жүргізеді.
135.Дене тәрбиесін медициналық және педагогикалық бақылау мына
түрде жүргізіледі:
1)балалар емханасы немесе мектепке дейінгі ұйымдар дәрігерлерінің
жоспарлы профилактикалық тексеріп-қараулары кезінде ӛткізілетін балалардың
денсаулық жағдайларын, физикалық дамуын және дене тәрбиесінің тиімділігін
бағалауды динамикалық бақылау;
2)қозғалыс режимінің ұйымдастырылуын, сабақтарды дене шынықтыру
жаттығуларымен және шынықтыру рәсімдерімен ӛткізу әдістерін бақылау;
3)ББМДҰ-ның
персоналы,
ата-аналар
арасында
дәрігердің,
мейірбикенің, ұйым басшысының, тәрбиешілердің, әдіскердің дене тәрбиесі
мәселелері жӛнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуі.
136.Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиеналық оқыту және
тәрбиелеу ӛскелең ағза функцияларының қалыптасуы, дененің және
психикалық даму динамикасын есепке ала отырып жүйелі жүзеге асырылады.
Гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты саналы мәдени-
гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
137.Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиеналық тәрбиелеу мен
оқытудың негізгі нысаны мына бӛлімдер бойынша тәжірибелік жұмыс болып
табылады:
1) дене тәрбиесі: денсаулықты нығайту, жаттығулар жасау, шынығу,
белсенді қозғалу режимі дағдыларын бойға сіңіру;
2) адамгершілік тәрбиесі: мінез-құлық мәдениеті, денсаулыққа саналы
қарым-қатынас;
3) еңбек және эстетикалық тәрбие: еңбек дағдыларын, ӛз-ӛзіне қызмет
кӛрсету дағдыларын бойына сіңіру, гигиеналық ұсынымдарды орындау
қажеттілігін қалыптастыру.
138.Балаларды дене, ауыз қуысының гигиенасы ережелерін сақтау, жеке
бас гигиенасы құралдарын сақтау және пайдалану ережелерін ұстау, тамақтану,
шомылу әдеттеріне дағдыландыру.
«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын
күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережелеріне
1-қосымша
ББМДҰ топтарының балалардың
жасын есепке ала отырып жинақталуы
375
Топтар
Жасы
Балалар саны
1
Сәби:
сәби жастағы топ
бірінші кіші
топ
топта екі жастағы балалар
бар болғанда
бір жастан екі жасқа
дейін
екі жастан үш жасқа
дейін
бір жастан үш жасқа
дейін
10
20-дан артық емес
10-нан артық емес
2
Мектепке дейінгі:
екінші кіші топ
орта топ
ересек топ
дайындық тобы
топта кез келген үш
жастағы
балалар
бар
болғанда
топта кез келген екі
жастағы
балалар
бар
болғанда
үш жастан тӛрт жасқа
дейін
тӛрт жастан бес жасқа
дейін
бес жастан алты жасқа
дейін
алты
жастан
жеті
жасқа дейін
үш жастан жеті жасқа
дейін
үш жастан жеті жасқа
дейін
25-тен артық емес
25-тен артық емес
25-тен артық емес
25-тен артық емес
20-дан артық емес
20-дан артық емес
Топтық бӛліктер үй-жайларының аудандары:
Киім шешетін орын (қабылдау бӛлмесі) – ауданы кемінде 18 шаршы м;
Топ бӛлмесі (ойын бӛлмесі) – ауданы кемінде 50 шаршы м (сәби топтарында 1
балаға кемінде 2,5 шаршы м, мектепке дейінгі топтарда кемінде 2,0 шаршы м
есебінен);
Буфет – ауданы кемінде 3,8 шаршы м;
Жатын бӛлме – ауданы кемінде 50 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемінде
1,8 шаршы м, мектепке дейінгі топтарда кемінде 2,0 шаршы м есебінен).
Дәретхана – ауданы кемінде 16 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемінде 0,8
шаршы м есебінен).
«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын
күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережелеріне
376
2-қосымша
Мектепке дейінгі ұйымдар ғимараттары
үй-жайларының құрамы және ауданы
Үй-жайдың атауы
Жобалық қуаты шаршы метр болғандағы
үй-жай ауданы
50
95
140
190
280
Сәбилер топтарының топтық бӛліктерінің үй-жайы
қабылдау бӛлмесі
18
18
18
18
18
ойын бӛлмесі
50
50
50
50
50
жатын бӛлме
50
36
36
36
36
дәретхана
16
12
12
12
12
буфет
3
3
3
3
3
Мектепке дейінгі топтардың топтық бӛліктерінің үй-жайы
қабылдау бӛлмесі
18
18
18
18
18
ойын бӛлмесі
50
50
50
50
50
жатын бӛлме
50
50
50
50
50
дәретхана
10
16
16
16
16
буфет
3
3
3
3
3
Медициналық үй-жайлар
медициналық кабинет
6
8
8
8
10
ем-шара кабинеті
-
-
-
8
8
изолятор:
қабылдау
бӛлмесі
2
2
2
4
6
палата
6
6
6
6
12
дәретхана
2
2
2
2
4
дезинфекциялау
құралдарын дайындауға
арналған үй-жай
-
2
-
2
2
Физиотерапевт кабинеті -
2
2
2
2
Ас блогының үй-жайлары
377
тарату бӛлмесі бар ас үй 15
23
23
28
30
дайындау цехы
6
8
8
12
14
асүй ыдыстарын жуу
бӛлмесі
4
4
4
5
6
салқындату камерасы
-
-
-
-
9
құрғақ
азық-түлік
қоймасы
7
8
8
11
6
кӛкӛністер қоймасы
4
4
4
5
8
тиеу бӛлмесі
-
4
4
5
6
Кір жуатын бӛлме
кір жуу бӛлмесі
12
14
14
16
16
үтіктеу бӛлмесі
-
10
10
12
12
Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар
меңгеруші кабинеті
10
10
10
9
9
шаруашылық
меңгерушісінің кабинеті
-
-
-
6
6
персонал бӛлмесі
-
8
8
10
12
шаруашылық қоймасы
4
5
5
8
12
таза тӛсек әбзелдерінің
қоймасы
4
6
6
8
10
кастелянша бӛлмесі
-
-
-
-
6
себезгі бӛлмесі
-
2
2
2
2
персоналға
арналған
дәретхана
3
3
3
3
6
әдістемелік кабинет
8
10
10
15
15
психологтың кабинеті
6
8
8
8
10
60-45° солтүстік ендіктегі аудандар үшін топтар, ойын, жатын бӛлмелердің,
залдардың, изолятор палаталарының, асүйлердің терезелерін 200-275° және 45°
оңтүстік ендіктегі аудандар үшін 90-290° азимутқа бағыттағанда күннен қорғау
құрылғыларын пайдалану қажет. Күннен қорғау құралдары ретінде жалюздер,
378
күн қағарлар, жарық ӛткізетін және жарық сейілдіретін қасиеті бар мақта-
матадан жасалған перделер ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |