Кросс
Кросс (ағыл. Cross – кесіп өту, өтіп кету) – ойлы-қырлы жерлерден,
табиғи кедергілерден жүгіріп өту. Мұнда жекелей және командалық
нәтижелер есепке алынады. Жекелей жарыста ең ұздік нәтиже көрсеткен
спортшы, ал командалық жарыста барлық команда мүшелерінің көрсеткен
нәтижелерінің қосындысы есепке алынады. Кросс жолына әрбір 125м (140
ядр) кейін жалаушылар қойылады. Халықар. Жарыстарда ерлер үшін – 12
км.(7,5 миль шамасында), жасөспірімдер үшін 8 км (5 миль шамасында),
әйелдер үшін 6 км (3 ¼ миль шамасында), қыздар үшін 4км (2,5миль
шамасында) қашықтық алынады. Кросс ж/атл-ның бұқаралық түрі болып
есептелінгендіктен, оған әр командадан қанша болса, сонша спортшылар
қатыса береді. Бірақ есепке команданың ең үздік 6 нәтижесі ғана алынады.
Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады.
Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі.
Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі.
Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің
бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы – кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде
өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан
бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге
шығады еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді,
т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.
Дала жарысының негізгі мақсаты – табиғи жағдайда кездесетін
кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер
секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге
болады.Екінші жағдайда , бір-ақ адам аяқ киімді шешіп басқаларды
көтеріп өткізіп алуына болады.
Жарқабақ өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның
шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы
басқаларға қолын беріп көмектеседі.
Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай
түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен студент басқалардың жарақат алмай,
құлап қалмай дұрыс түсуін бақылайды.
Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай
бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп
екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі
оқушының өтуіне болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін
білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.
Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек.
Алдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білу керек. Себебі
сазды – томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты
31
болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға
шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау
керек. Қалың қолайлы жерден өткенде де осы ереже орындалады. Тік
беттен сапен жүріп түсуге болады. Себебі біреуі тайғанап кетсе, екіншісі
ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек . көлденең
құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіндік болмаса, онда бір
аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.
Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша,
дала жарысының жолымен жәй жүріп танысып алу керек. Содан кепйін
ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп, қай жерінде жүріп өтуге болатыны
анық. Жаттығу кезінде мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді
алмастырып отыру абзал.
Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін
жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының
ыңғайына қарай кию керек.
«Спорт падишасы» атанған жеңіл атлетиканың бір тарауы – кросс.
Мектептегі дене тәрбиесі бағдарламасы климат жағдай-ларына
байланысты шаңғы даярлығымен, конькимен айналысуға мүмкіндігі жоқ
жерлерде кросспен айналысуды қарастырады.
Оқушылар дала жарысының организмге қаншалықты әсер ететіндігін
білулері қажет. «Жүгіруші аяғымен ғана жүгіріп қоймайды, жүрегімен
және өкпесімен де соншалықты жүгіреді» деген сөз бар. Бұл шындығында
да солай. Организмді оттекпен қамтамасыз ету үшін жүрек пен өкпеге көп
жұмыс жасауға тура келеді.
Кросспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа
тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін болашақта
әскер қатарынада қызмет ету үшін маңызды ерік-күш дамытады.
Әрбір оқушы жүгіру барысында, әсіресе күз бен қыста өзінің жүгіру
күйінен назар аудару қажет. Тіпті салқын тиіп, жеңіл сырқаттанғанның өзі
организмнің науқасқа қарсылығын төммендетеді, жағдайдың қиындау
себебінен айналады.
Дала жарысы дегеніміз – табиғи ойлы-қырлы жерлермен жүгіру.
Жүгіргенде мыналар есте болу керек: шөбі жоқ тегіс жерлермен
жүгіргенде , өткен сыныптарда айтылған тәсілдермен жүгіру қажет. Қатты
жерде, мысалы, асфальт жолда жүгірумен көп айналысқанда, сирақ
еттерінің ауырғаны білінеді. Қатты жолда жүгіру жалпақ табанды балалар
үшін қиын. Сол себепті, жүгірудің көп бөлігін онша қатты емес жерде
өткізу керек. Бұлшық еттер мен буындар ға артық күш түссе, мұның өзі
елеулі ауруға себепші болады. Қашықтыққа кездесетін түрлі табиғи
кедергілерден өтерде ерекше мұқияттылық қажет. Аяқ жерге сәтсіз тисе,
тізе буындарының, тобықтың зақымдануы немесе өзге де жарақаттар алып
қалуы мүмкін.
32
Жолшыбай кездесетін онша енді емес ордан (ені 1,5м дейінгі) секіріп
өткен дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |