11
Әлеуметтік әріптестік мынадай
нысандарда жүзеге асырылады:
Әлеуметтік әріптестік
1) ұжымдық
шарттардың, келісімдердің
жобаларын әзірлеу және оларды жасасу
жөніндегі ұжымдық келіссөздер;
2) еңбек қатынастарын және олармен
тікелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу, қызметкерлердің еңбек
саласындағы құқықтарының кепілдіктерін
қамтамасыз ету және Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасын
жетілдіру мәселелері бойынша өзара
консультациялар (келіссөздер);
3) қызметкерлер мен жұмыс берушілер
өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін
шешуге қатысуы нысандарында жүзеге
асырылады.
Әлеуметтік әріптестіктің
міндеттері:
1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты
экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;
2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру
негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді
қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының
кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды
әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;
4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары
арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне
жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-
тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған.