Зерттеудің міндеттері. –
отандық пробиотикалық препараттар өндірісінде қолданылатын
сүтқышқылды бактериялары мен бифидобактериялардың биохимиялық және
технологиялық қасиеттерін зерттеу;
–
сүтқышқылды бактериялар мен бифидобактерияларды қазіргі заманғы
молекулярлық
әдістермен
классификациялау
(фруктозо-6-фосфат-
фосфокетолазға арналған тест, API тест-жүйелерді пайдалана отырып
идентификациялау,
MALDI
TOF
матрицалық-белсендірілген
лазерлік
десорбциясы, 16s rRNA генінің нуклеотидті бірізділігін талдау, полиморфты
ДНҚ кездейсоқ амплификациялау әдісі (RAPD-PCR));
–
Caco-2 жасушалық модельдерін пайдалана отырып, in vitro жағдайында
штаммдар жасушаларының адгезиялық қасиеттерін анықтау;
–
ас қорыту жүйесінің табиғи ингибиторларына белсенді штаммдардың
төзімділіктерін анықтау;
–
профилактикалық және емдік әсері бар іріктелген штаммдардың
биоқауіпсіздігін анықтау;
–
тамақ өндірісінде және ветеринарлық медицинада тиімді пайдалану
мақсатында
перспективті
пробиотикалық
штаммдардың
белсенді
композицияларын құрастыру;
–
биологиялық белсенділігі жоғары «Экопробиотик» пробиотикалық
препаратын өндірудің унификацияланған технологиялық процестерін әзірлеу;
–
жануарлардың жас төлдерінің асқазан-ішек ауруларын емдеу және
алдын алу кезіндегі пробиотикалық препараттардың тиімділігін зерттеу;
–
«Экопробиотик» үшін ұйым стандартын әзірлеу және оларды өндіріске
енгізу;