19
қайталанатын инфекциялары, антибиотикотерапияға төзімді әртүрлі аурулар,
ревматикалық аурулар, остеопороз, жүктілік, психикалық стресс, созылмалы
шаршау, күйзелу) [18].
Адамзат өмірінде инфекциялық аурулармен күресу жолдарында
жаңалықты бәрі күткен. Бұндай қажеттілік әртүрлі инфекциялық аурулардың
әсерінен миллиондаған адамдардың өмірлерінің үзілуінен болды. Соған
байланысты А. Флемингтің пенициллинді ашуы әлемдік деңгейде үлкен
жаңалық болды. Пенициллин бүкіл континентте белгілі болып, миллиондаған
адамдардың өмірін сақтады. Флемингтің жаңалығы ғылыми жаңа бағыт,
биология мен медицинада пенициллин эрасының ашылуы болды.
Кейінгі
кезде
патогенді
микроорганизмдердің
антибиотиктерге
резистентті түрлерінің дамып, көптеген антибиотиктердің тиімділігінің
төмендеу проблемасы туды. Бұл жөнінде Американдық ғалымдардың
мәліметтерінде
адамдар
антибиотикке
төзімді
микроорганизмдермен
зақымданса, ауру өте ауыр өтетіні немесе өліммен аяқталатыны айтылған.
Бұндай жағдаймен күресу өте қымбатқа түседі. Мысалы антибиотикке төзімді
микобактериямен зақымданған адамды емдеу, сезімтал микроорганизммен
күресумен салыстырғанда 15 есеге артық болады. Сонда не істеу керек деген
сұрақ туады. Зерттеулер нәтижелеріне қарағанда көптеген антибиотиктердің
ауру адамдарға қажеті жоқ, өйткені адамдар осы препараттарды жиі суық
тигенде, асқазан-ішек жолдарының ауруларында, қызу жоғарылағанда береді.
Соның әсерінен микроорганизмдер оларға төзімділік танытады [19-23].
Екіншіден, дәрігерлер қай ауру болса да тиімділігі жоғары кең спектрлі
антибиотиктермен емдеуге асығыстық жасайды. Соның орнына қоздырғыштың
антибиотикке сезімталдығын анықтап алып, бұрынғы антибиотиктерді
қолданса мұндай болмас еді.
Осы жағдайларға байланысты медицина мен ветеринария практикасында
альтернативті организмге қауіпсіз препараттар шығару проблемасы туды. Осы
тұрғыдан пробиотиктердің маңызының зор екендігіне ешкім теріс ой айта
алмайтыны анық [24,25].
Жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, пробиотиктер қазіргі кезде
адам қорғанысының қажетті құралының бірі болып табылатынын
мойындауымыз керек. Біріншіден, рационалды емес антибиотикті терапия
нәтижесінде, ішек сырқаттарынан кейін, стероидты емес ісікке қарсы
препараттарды ұзақ қолданғанда, цитостатикалық терапия, дұрыс тамақтанбау
және әр түрлі стесстердің әсерінен пайда болатын АІЖ дисбактериозынан
қорғану керек. Бұдан басқа бұзылған биоценоздарды қалпына келтіру және
урогениталды жолдардың, ауыз қуысының сырқаттарын емдеу кезінде
жергілікті ғана емес сонымен қатар пероралды қолданғанда да қалыпты
микрофлоралары бар препараттардың эффективтілігі байқалады
Достарыңызбен бөлісу: