Омарова аккенже бердихановна


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



Pdf көрінісі
бет14/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96
Байланысты:
Диссертация

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Пробиотиктер өндірісін оңтайландыруда технологиялық унификациялау
принциптерін 
қолдану 
және 
алынған 
препараттардың 
биологиялық 
ерекшеліктерін есепке алуды үйлестіретін ғылыми-әдістемелік тәсілдер 
әзірленді. Отандық пробиотикалық препараттарды жасау үшін перспективті
сүт қышқылды мен бифидобактериялар штаммдарын алу әдістері ұсынылған. 
Биохимиялық және технологиялық қасиеттерді едәуір жақсартуға және 
биологиялық белсенділікті сақтауға мүмкіндік беретін түйе сүтінен 
Bifidobacterium crudilactis
жаңа штаммын бөлудің және идентификациялаудың 
оңтайлы параметрлері анықталды.
Жаңа пробиотикалық препараттың сапалық және сандық құрамы 
зерттелді. Әзірленген препараттардың пробиотикалық, микробқа қарсы 
белсенділігі, сондай-ақ Caco-2 жасушалық модельдерін пайдалана отырып in 
vitro жағдайында штаммдар жасушаларының адгезивті қасиеттері анықталды. 
Математикалық жоспарлау әдісінің көмегімен тамақ өндірісінде және мал 
дәрігерлік 
медицинада 
тиімді 
пайдалану 
мақсатында 
перспективті 
пробиотикалық штаммдар композицияларының құрамы оңтайландырылды. 


13 
Биологиялық белсенділігі жоғары пробиотикалық «Экопробиотик» препаратын 
өндірудің технологиялық процесі біріздендірілді. Жануарлар төлінің асқазан-
ішек ауруларын емдеу және алдын алу кезінде пробиотикалық препараттардың 
тиімділігі көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет