27
төзімсіз. Ал таяқша тәрізділері ортада 1,5-2%-дай сүт қышқылы болғанның
өзінде тіршілік ету қабілеті бар.
Cүт қышқылды бактериялары көбінесе моно және дисахаридтерді
ашытады, ал крахмал және сол сияқты полисахаридтерді ашыта алмайды.
Соңғы жылдары шар тәрізді сүт қышқылы бактерияларының ішінде крахмалды
едәуір дәрежеде ашыта алатын топтары табылып, өндіріске ұсынылып жүр.
Кейбір сүт қышқылды бактериялары басқа, әсіресе шіріту бактерияларына
жойқын әсер ететін антибиотиктерді бөлетіні анықталды.
Cүт қышқылды бактериялары 7-ден 42
о
С жылылық арасында тіршілік ете
алады. Әрине, бұлар спора түзбейтіндіктен температура жоғарыласа-ақ болғаны
қырыла
бастайды.
Сөйтіп
ортаны
қышқылдандырып,
басқа
микроорганизмдердің тіршілік етуіне жол бермейді. Реакциясы бейтарап ортада
олар жақсы тіршілік етеді.
Гомоферментативті
ашу
процесі
шар
тәрізді
сүт
қышқылы
бактерияларының көмегімен жүреді. Бұлар
Достарыңызбен бөлісу: