30
радикалдардың
ДНҚ–ны
бөлшектеуіне
немесе
ДНҚ-полимеразамен
байланысуға кедергі келтіре отырып, антиоксиданттарды тежейді. Бифидо-және
лактобактериялардан тұратын сүт қышқылды өнімдерді қолдану мутагендердің
алғы затын мутагендерге айналдыратын β-глюкозидаза, β-глюкуронидаза,
нитратредуктаза, азаредуктаза және α-дигидроксилаза деңгейінің төмендеуіне
әкеліп соқтырады.
Пробиотикалық бактериялар антиоксидант бола отырып, микроорганизм
клеткасын бос радикалдардан қорғайтын глютатионның миллимолярлы
концентрациясын қоректік ортаға бөліп шығарады.
Сонымен қатар, антиоксидантты және антирадикалды белсенділікке
супероксиддисмутаза, каталаза және пероксидаза ферменттері де ие.
Қан сарысуындағы холестерин мөлшерінің жоғарылауы жүрек-қантамыр
ауруларының пайда болу мүмкіншіліктерін жоғарылатады. Xiao J.Z. және
басқалары
бифидобактериялардың
штаммдарын
қолдану
сарысудағы
холестериннің төмендеуін белсендіретінін көрсетті. Бірақ бұл әрекеттің
механизмі соңына дейін зерттелмеген. Өт гидролазының өндіретін тұздары қан
сарысуындағы холестерин деңгейінің төмендеуіне жауап береді [63].
Осыған қарамастан преципитация жолымен in vivo жағдайында
бифидобактериялармен холестеринді жою механизмі жасалынды.
B.breve
-дің
холестеринге әсерін зерттеу кезінде қоректік ортада өскен клеткалар
холестеринді жоюға қабілетті екені де дәлелденді.
Tahri және басқалары
Bifidobacterium spp.
-ні холестерол бар pH – 5.4
төмен ортада өсіру кезінде бифидобактерияның клеткалық сығындысында
холестерол табылмайтынын көрсетті [64].
Ал Dambekodi және Gilliland холестеролды
B.longum
клеткалық
қабырғасының беткі қабатынан тапқан [65].
Достарыңызбен бөлісу: