38
Рационға қышқыл сүт өнімдерін, әсіресе йогурт қосу арқылы организмнің
қартаю процесін тежеу және адамдарды сауықтыру 100 жыл бұрын орыс
микробиологы И.И.Мечниковпен ұсынылған. Оның ойынша,
антагонистік
белсенділігі жоғары қышқыл сүттің микроорганизмдері көмегімен ішектен
шіріген микрофлораның элиминациясы және олардың токсинді метаболизмінің
қанға сіңірілуінің тоқтауы адам өмірінің ұзақтығы жоғарылайды. Осы ойлары
1920-1922
жылдары
Америкада
терапевтік
мақсатта
ацидофильді
лактобацилдерді пайдалану тәжірибесін іске асырыла бастаған. Зерттеушілер
бұл сұрақтарды зерделеуге 50-ші жылдары кірісті.
«Пробиотиктер» термині ең алғаш R. Parker 1974 жылы өсу және стреске
төзімділікті ынталандыру мақсатымен жануарларға қорек ретінде енгізілген тірі
микроорганизмдерді белгілеу үшін қолданған. Кейін (1989 жылы), R. Fuller бұл
түсінікті жануарлар организміне «ішек
микрофлораларының сауықтыру
жолымен қолайлы әсер ететін тірі микроорганизмдер бар қоректерге қосымша»
деп құрастырған. Бұл анықтама микробты экологиялық жүйенің қалыптасу
есебінен иесінің тіршілік сапасын жақсартатын және АІЖ-на түсетін тірі
микроорганизмдерді біріктіретін түсініктер жиынтығы түрінде кең таралған
[70,71].
Көптеген мамандар мен зерттеушілер бактерия-пробиотиктерге негізінен
эубиотиктерді (организмнің қалыпты ішек микрофлорасын және басқа
қуыстарын көрсететін) және жиі бифидобактерия мен
Lactobacillus
туыстығына
жататын сүт қышқылды микроорганизмдерді жатқызады.
Бұл адамдарға көп
мөлшерлі қолайлы әсер ететін ішектен бөлінетін бактериямен байланысты және
осы бактериялармен АІЖ-н колонизациялап, оған қатысып, басқа
микроорганизмдер транзиторлы байланысты
жағдайда негізгі қорғаныш
функциясын өзіне алады. Бұдан басқа пробиотиктердің көптеген түрлері
кездеседі: адамның ішектерінде кездеспейтін сүт қышқылды таяқшалары мен
колониялары басқа да микроорганизмдер - грамм оң (пропионобактериялары,
Bacillus
) және грамм теріс (
Esherichia coli, Citrobacter
) бактериялар, дрожжылар
(
Saccharomices, Candida pintolepjesii
) мен саңырауқұлақтар (
Aspergillus, Rizopus,
Cordiceps
) [72,73].
Қалыпты жұмыс істейтін резидентті
микрофлора ішектегі токсин
өнімдерін бақылап, олардың көп мөлшерде бөлініп қанға өтіп кетуін
болдырмайды. Детоксикациялаушы және протеолитикалық қасиеттері бар
пробиотиктер метаболизмі нәтижесінде ішекте аллергендер мен антигендер,
эндотоксиндердің протеолизі қамтамасыздандырылады.
Бұл ішекте жартылай
қорытылған белоктар сіңірілуімен, тамақты көтере алмау және тері
ауруларының пайда болуымен байланысты. Әрине, микробиоценоз бұзылған
кезде бұл заттар қанға түседі. Қазіргі
уақытта созылмалы экземалы
зақымдалулардың тікелей байланыстары: эритемалы волчанка, псориаз және
т.б. организмдегі пробиотиктердің функциясының белсенділігінің төмендеуі
немесе жетіспеушілігі көрсетілген [74,75].
Ие организмінің ұлпалары мен иммунокомпонентті
клеткалардың қызметі
және
морфогенезіне
белсенді
қатысатын
пробиотиктер
ретінде
39
лактобацилдердің
рөлі
жеткілікті
толық
зерттелген.
Сол
уақытта
иммунодефицит кезінде қолдануға бағытталған пероральді және ректальді
препараттардың ішінен – коккты микроорганизмдер
Достарыңызбен бөлісу: