Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет35/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96
Байланысты:
Диссертация


1,5, глюкоза 

10, агар 
– 
20. Құрғақ майсыз сүт 
құрамында майлар – 1%, белоктар – 36%, лактоза – 52%, минералды заттар – 
6% болады. Сүттің казеин бөлігі буферлік жүйені құрайды, казеинатқа қышқыл 
метаболиттердің көп мөлшерін байланыстырады. Казеиннің коагуляциясын 
болдырмау үшін сүтті негізге күшті тұрақтандырғыш және буферлік 
қасиеттерге ие лимон қышқылы натрий ерітіндісін енгізеді. Қоректік ортаның 
өсу қасиеттерінің артуы оның құрамында лактоза мен глюкозаның болуына 
ықпал етеді. 
Обрат (майсыздандырылған 
сүт). 
Қоспасыз сүтте 
бос 
амин 
қышқылдарының шамамен 0,01% - ы бар, бұл бактериялардың оңтайлы өсуін 
қамтамасыз ететін ортада болатын амин қышқылдарының 20%-дан кемін 
құрайды. Сүт казеині бар ортада азоттың негізгі көзі ретінде қалыпты өсуге қол 
жеткізу үшін организмдерде протеолизге белгілі бір қабілеттілік болуы тиіс. 
Сүттегі май кейбір микроорганизмдердің өсуіне қолайсыз әсер етуі мүмкін 
болғандықтан, сүт майсыздандырылады. Бұл үшін тұтас сүтті 700-1500г кезінде 
15 мин. центрифугалап, содан кейін қайнатады және тоңазытқышта 2 тәулік 
бойы тұндырады. Содан кейін 0,5 атм. қысымда автоклавта 30 мин. 
стерильдейді.
Стерильдеу алдында өнімнің қышқылдығы 22
0
Т аспауы тиіс, әйтпесе сүт 
ұйып 
қалады. 
Автоклавта 
стерилдеу 
кезінде 
кейде 
лактоза 
карамелизациясының және казеиннің пептонизациясының салдарынан сүттің 
шылымдануы 
байқалады. 
Ұзақ 
стерилдеу 
кезінде 
түбіне 
ішінара 
пептонизацияланатын казеин шөгінділері түседі. Қызған сүтті қоректік орта 


54 
ретінде қолдануға болмайды. Сүт қышқылды микроорганизмдердің өсуі үшін 
2:1 қатынасында сумен сұйылтуға болады. 
2.1.3 Сүт қышқылды бактериялардың таза өсінділерін бөліп алу және 
қасиеттерін зерттеу 
Сүт қышқылды бактериялардың өсінділерін бөліп алу үшін қоректік 
заттарға бай гидролизденген сүт қоректік ортасы, МРС қоректік ортасы, 
Бифидум қоректік ортасы, Блаурокко қоректік ортасы салыстырмалы түрде 
зерттеу жүргізу үшін дайындалды. Ең алдымен гидролизден сүт қоректік 
ортасына егіп, нәтижесінде өсудің баяу жүретініне көз жеткіздік.
Бифидобактериялардың таза өсінділерін бөліп алу үшін соя пептоны бар 
анаэробтық Уилкинс-Чалгрен (Wilkins-Chalgren) қоректік ортасы қолданылды. 
Оған қосымша 100 мг/л мупироцин (Oxoid) және 1 мл/л сірке қышқылы (Sigma-
Aldrich) қосылды [92,93]. Сынамаларды Уилкинс-Чалгрен сорпасында сериялап 
сұйылту арқылы селективті Уилкинс-Чалгрен агарына анаэробты жағдайда 
себінді жасап, анаэробты банкіде (Oxoid) 37°С температурада 72 сағат бойы 
инкубацияланды. 
Бактериялардың өскен колонияларын Уилкинс-Чалгрен анаэробты 
сорпасынан тұратын пробиркаларға ауыстырдық. Изоляттарды 24 сағат бойы 
37°С температурада өсірдік.
 
Ішектің шырышты қабығына адгезиялану жөнді пробиотикалық 
микроорганизмдерді іріктеу үшін қажетті қасиеттердің бірі болып табылады 
және отарлау үшін қажетті баға ретінде қарастырылады. Адгезияның маңызды 
сипаттамасы – пробиотикалық штаммдардың денсаулық үшін пайда әкелу 
қабілеті. 
Lactobacillus gasseri

бұрыннан елеулі адгезиялық қабілеттерге ие 
екендігі мәлімделінген, бірақ 
Lactobacillus plantarum S2
штаммымен бірлесіп 
өсіру кезінде салыстырмалы түрде біршама адгезиялық қасиеттерімен 
басымдық танытады. Әдетте, осы зерттеу үшін іріктелген екі лактобацилл 
штаммдары Caco-2 және HT29-MTX бірлескен өсіру жасушаларына өте жақсы 
жабысқан [94]. 
Қышқыл-гидролизденген сүттің адгезияның төмендеуіне әсері pH 
спецификалық 
емес 
өзгерістерінен, 
көпіршікті 
катионнан 
және 
гидрофобтық өзара әрекеттесуге негізделген жасушалық бетінде сүт 
ақуызы мен гликопротеин арасындағы ерекше құзыреттіліктен бастап 
әртүрлі механизмдерден туындауы мүмкін.
Адгезия 
фибронектин-байланыстырушы 
ақуыз 
(FpbA), 
муцин 
байланыстырушы ақуыз (Mub) және беттік ақуыз (SlpA) немесе олардың 
гомологтары сияқты беттік қабаттың ақуыздарының үлкен молекулалық 
массасының қатысуымен жүреді [95,96,97]. Бұл ақуыздар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет