Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет34/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96
Байланысты:
Диссертация

 
қоректік ортасы
:
қайнатылып 45
0
С 
дейін суытылған 1л майсызданған сүтке (рН=7,6-7,8) 0,5г панкреатин ұнтағы 
(алдын ала жылы суға езілген) мен бірнеше минуттан соң 5мл хлороформ 
қосады. Осыдан соң әбден шайқап, 3 тәулік бойы термостатта 40
0
С температура 
жағдайында ұстайды. Үш тәулік өткен соң хлороформнан ажырату үшін 
ыдыстың бетін ашып, сұйықтықты сүзіп, 2-3 есе сумен сұйылтып, рН=7,0-7,2 
дейін жеткізеді. Қоректік ортаны 121
0
С 30 минут залалсыздандырады. 
Майсызданған сүт
 
қоректік ортасы
:
қою сүтті қаймағынан сүзу арқылы 
немесе центрифугирлеу (700-1500g айналым 15 минут) арқылы бірнеше рет 
қайнатып, бетіне жиналған қаймағынан ажыратып айырады. Көбінесе сумен 2:1 
қатынасында сұйылтады да 121
0
С температурада 30 минут бойы 


52 
залалсыздандырады.
Гидролизденген сүт қоректік ортасы Ресей және ТМД елдерінде құрғақ 
бифидумбактерин өндірісінде, оған қоса сүт қышқылды өндірісте де 
бифидобактерияның биомассасын өсіру үшін кең қолданылады. Бұл қоректік 
орта 10
8
-10
9
КТБ/мл концентрациядағы бифидобактерияларын алуды 
қамтамасыз етеді. Ол дайындалуы жағынан да өте қарапайым. Оған қоса, ГС 
біршама кемшіліктері бар. Олардың негізгілері – бифидобактериялардың баяу 
өсуі. Бұл қоректік ортада бифидобактериялар 18-24 сағат ішінде жоғарғы өсу 
концентрациясына жетеді. 
Қоректік орта даярлау үшін гидролизденген сүт қолданылады. 
Гидролизатты тоңазытқышта сақтау керек болғасын, оған хлороформ 
қосылады. Қоректік орта даярлар алдында гидролизатты 1:1 қатынасында 
сумен араластырып, рН-6,8-7,0-ге жеткізеді. Гидролизаттан қоректік орта 
даярлағанда сүт қышқылды бактериялардың өсуіне кері әсер ететін белоктық-
қанттық кешен түзілмеу үшін стерилизацияны жеңіл режимде (0,15 МПа, 30 
мин.) жүргізеді. 
Бифидум қоректік ортасы пробиотикалық препараттар өндірісінде 
бифидобактерияларды өсіру үшін, сонымен қатар клиникалық материалдардан 
бифидобактерияларды бөліп алу мақсатында бактериологиялық зерттеулер 
жүргізу үшін қолданылады. Бифидум қоректік ортасы - ұсақ дисперсті, 
гигроскопиялық, ашық-сарғыш түсті ұнтақ. Дайындалу үрдісі: 50 г ұнтақты 1 
литр дистилденген сумен жақсылап араластырып, 1 сағат көлемінде 
қыздырылады. Агар пайда болғанша кезекті араластырылады. Қажет болған 
жағдайда сүзгіден өткізу ұсынылады. Пробиркаларға 9 мл құйып, 112°С 
температурада 30 мин. залалсыздандырылады. Дайын болған қоректік орта – 
түссіз, сары немесе қоңыр-сары түсті болады.
Ереже бойынша залалсыздандырылған қоректік ортаны 2-8°С 
температурада 2 күннен артық сақтамау қажет.
Блаурокко қоректік ортасы

модифицирленген бауыр ортасы. Сиырдың 
балғын бауырын алып, артық қабықтарынан тазалап, майдалап, 1л
дистилденген су қосып 1,5-2 сағат қайнатылады. 1 л ерітіндіге 5,0 г хлорлы 
натрий, 10,0 г пептон қосылады. 10% NaOH көмегімен pH 6,0-6,5 жеткізеді. 
Кейін 
10 
минут 
қыздырылады. 
121
0
С 
температурада 
15 
минут 
залалсыздандырылады, келесі күні бауыр сорпасын пайда болған тұнбадан 
тазалап алып, оны 1 дм³ көлемге дейін дистилденген сумен жеткізеді. 1 дм³
сорпаға: глюкоза – 5г, агар – 0,8 г, цистеин – 0,3 қосылады. 10 мин. қайнатып, 
тағы залалсыздандырылады.
Қоректік ортаны 37ºС температурада 2 күн ұстау арқылы стерилдікке 
тексереді. Бифидобактериялардың таза өсінділерін бөліп алу үшін негізгі 
материал ретінде бифидобактерия штаммдары қолданылады. Алғашқы 
материалды 10
10
дәрежесінде сұйылту жүргізіп, сегізінші, тоғызыншы, оныншы 
сұйылтулардан Блаурокко ортасына және 0,05% цистеині бар MRS ортасына 
ектік. Бифидобактериялардың таза өсіндісін алу үшін осы қоректік орталарда 4 
рет қайта егу арқылы толығымен тазартып алынады. 
Микроорганизмдердің морфологиясын анықтау үшін ең алдымен 


53 
алғашқы материалды Грамм оң әдісімен бояп, боялған жұғындыны 
микроскоппен зерттейді: Грамм әдісімен боялуына қатысы, клеткалардың 
орналасуы, қозғалғыштығы; Грамм әдісімен боялуын жалпы методика бойынша 
«Micros» MS 300X зертханалық микроскопымен зерттеледі. 
Соя пептоны бар анаэробтық Уилкинс-Чалгрен (Wilkins-Chalgren)
қоректік ортасы 
– 
анаэробты бактерияларды бөліп алуға арналған қоректік 
орта, бұл қоректік орта анаэробты бактериялардың сезімталдығын анықтауда да 
кеңінен қолданылады. Құрамы төмендегі 7 кестеде көрсетілген қатынаста 
әзірленеді.
Кесте 7 - Соя пептоны бар анаэробтық Уилкинс-Чалгрен (Wilkins-Chalgren)
қоректік ортасын әзірлеу рецептісі 
Су (мл) 
Wilkins (г) 
Соя 
пептоны 
Цистеин (г) 
Tween 
(мл) 
50 
2.15 
0.25 
0.025 
0.05 
100 
4.3 
0.5 
0.05 
0.1 
300 
12.9 
1.5 
0.15 
0.3 
Сүт қышқылды бактерияларды өсіру үшін қолданылатын сүтті қоректік 
орта – құрамы 1000 мл дистилденген суға (г): құрғақ майсыздандырылған сүт -
100, натрий лимон қышқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет