48
қоспаларына (70/524/ЕЕС) қатысты 1970 жылғы 23 қарашадағы Кеңес
Директивасымен бекітілді.
Жануарларды тамақтандыруда қолдануға рұқсат етілген антибиотиктер
түрлерінің саны үнемі шектеулі. 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуроодақ
стимуляторларды ауыл шаруашылығы
жануарларына арналған жемде
қолдануға толық тыйым салды. Тыйым ЕО-ның барлық елдерінде бір уақытта
енгізілді. Сол уақыттан бастап антибиотиктерді дәрі ретінде тек жануарларға
арналған емдік жемдерде немесе профилактикалық қоспалар түрінде қолдануға
рұқсат етіледі. Жануарларды азықтандыруда пайдаланылатын қоспаларға
Еуропарламент және ЕО 2003 жылғы 22 тамыздағы № 1831/2003 регламенті
жемдік қоспалар ретінде пробиотиктерді және антибиотик-стимуляторларға
баламаларды қамтиды.
Мал шаруашылығында микробтық препараттарды қолдану кезінде
жемнің
сапасы мен пайдаланылуы артады, жануарлардың өсуі, олардың
өнімділігі тездейді, сондай-ақ өнімнің өзіндік құны төмендейді және ауру мен
өлім жағдайларының саны күрт азаяды.
Қазіргі кезеңде құс шаруашылығы проблемаларының бірі өндірістің
жоғары рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге,
құстарды мал басының жоғары шоғырлануы және техногендік сипаттағы
факторлардың елеулі әсер етуі жағдайында
қарқынды пайдалану ағзаның
резистенттік деңгейінің төмендеуімен, сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің
артуымен қатар жүреді. Осыған байланысты органикалық өнім өндіру кезінде
сыртқы орта факторларының зиянды әсерлеріне мал басының тұрақтылығын
қамтамасыз ету проблемасы тұр.
Осылайша, ауыл шаруашылығы жануарларының,
құстардың және
балықтардың төлдерін азықтандыру кезінде асқазан-ішек ауруларынан алдын
алу және емдеу құралы ретінде лактобацилл негізінде пробиотикалық
препараттарды қолдану жануарлардың иммунитетін арттыруға, олардың
денсаулығын сақтауға және экологиялық қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін
алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: