47
-
табиғи
адсорбенттерде
иммобилизацияланған
пробиотикалық
кешендер.
Ветеринариялық медицинада пробиотиктерді қолдану үшін жануарлар
ағзасында олар тудыратын оң әсерлер негіз болып табылады. Пробиотиктердің
негізгі әсерлеріне ас қорытуды жақсарту, иммуностимуляциялық әсер ету және
жануарлардың өнімділігін арттыру жатады [82].
Ас қорыту процесінің жақсаруы биологиялық белсенді заттарды
өндіретін шартты-патогенді энтеробактериялардың антагонистері болатын
пробиотиктер микроорганизмдерімен (көбінесе лакто-бифидобактериялар бар)
ішектің отарлануы есебінен жүреді. Нәтижесінде микробтық протеин мен
витаминдердің синтезі, қоректік заттардың сіңуі артады.
Пробиотикалық препараттар сипатталған қасиеттер есебінен мал
шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыруға қабілетті. Мысалы,
рационға пробиотик Витафорт қосқан кезде құстардың өсуі мен дамуының
қарқындылығы белгіленді, бұл олардың ет өнімділігін арттырды.
Достарыңызбен бөлісу: