Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет19/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96
Байланысты:
Диссертация

. L. Chaitov
және басқа да авторлардың ойынша микроорганизмдердің антибиотиктерге 
төзімділігі өсуін ескере отырып, бұл мақсатта пробиотиктерді кең қолдану 
антибиотиктер мен химиопрепараттарды қолданудың төмендеуіне мүмкіндік 
туғызу қажет.
Сонымен, ішекте пробиотикалық әрекеттер АІЖ микробиоценозындағы 


20 
қозғалыстардың коррекциясына ғана бағытталмаған және де организмнің 
гомеостазын толығымен қамтамасыз ету мағынасында сипатталады. 
Ең алғаш 
R. Gibson
құрастырған «пребиотиктер» түсінігі заттарды немесе 
диеталық қоспаларды белгілеу үшін қолданылады. Олар адамның организмінде 
адсорбцияланбайды, 
бірақ 
өсудің 
селективті 
стимуляциясы 
немесе 
микрофлораның пайдалы метаболизмін белсендіру жолдарымен иесінің 
организмінде қолайлы әсер етеді, яғни пребиотиктерді стимулятор немесе 
пробиотиктердің промоторы деп те атауға болады [26]. 
Пребиотиктер ретінде бифидобактериялар қарастырылады, сирек – 
Lactobacillus,
ал кейбір авторлардың мәліметтері бойынша және 
Emerococcus 
faecium 
де қолданылады. Концепция авторы пребиотиктерге келесі талаптарды 
ұсынады:
-
олар АІЖ-ң жоғарғы бөлімінде гидролизденуі және адсорбцияланбауы 
керек. 
-
өсуін немесе метаболизмдік белсенділікті стимулдеп, ішектің қалыпты 
микрофлорасының бір немесе шектелген пайдалы мөлшерлі селективті 
зат болуы керек. 
-
ішектің микрофлорасының құрамын жақсартуды қамтамасыз ете алу 
керек. 
-
микроорганизмдер жағдайын жақсартатын, яғни иесінің денсаулығын, 
гастроинтестинальді немесе жалпы әсері болуы керек. 
Бүгінгі күнге дейін толық анықталған пребиотиктердің бірі – ерігіш 
фруктоолигосахаридтер (ФОС). ФОС 80-ші жылдарда Японияда қант 
алмастырғыш ретінде қолданыла бастаған, кейін функционалдық қасиеттеріне 
байланысты маңызды орынға ие болды.
Қазіргі уақытта ҚМО синтетикаларын өндіру аса өзекті мәселе, кейбір 
елдерде 
олар 
өндірістік 
негізге 
қойылған. 
Сахарозаға 
әр 
түрлі 
микроорганизмдердің сәйкес ферменттерінің әсерімен ФОС алудың 
биотехнологиялық әдістері экономикалық тұрғыда бағаланады. Кореяда 
жақында 
Aureobasidium 
puppulans
продуцентінің иммобилизацияланған 
клеткаларын қолдану жолымен ФОС өндіру сәтті жүргізілген. Өсімдіктерден 
ФОС бөлінуінің тиімділігі төмен, себебі әсер ететін факторлар саны жоғары – 
температураға тәуелді. Табиғи көздерден тазаланған ФОС синбиотиктерін 
өндіру кезінде қолданылады. Мысалы, жоғары технологиялық сапалы актилайт 
(қызылшаның фруктоолигосахариді), тағам ЕЭС (SFC) бойынша ғылыми 
комитетінің қолдауымен сүтті байыту үшін ұсынылған [34,35]. 
Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша, диетаға ФОС қосқанда, 
псевдомембранозды колит моделіне, антибиотиктік күш кезінде индуцирленген 
C.difficile
тәжірибесінде атжалмандардың орташа өмір ұзақтығы жоғарылаған.
Ішекте ферменттердің токсинді метаболиттерін жылдамдатылған 
шығарулары 
мен 
канцерогенезге 
қатысатын 
пребиотиктермен-ФОС 
ингибирлену мүмкіндіктері туралы хабарлар бар. 
Клиникалық бақылау нәтижесінде кальций, магний адсорбциясына, 
триглицеридтер мен сарысулы холестерин деңгейіне ФОС-дің оң әсері 
анықталған; гиперлипидемиясы бар егде адамдарда қан қысымын төмендетеді, 


21 
өт қышқылының метаболизмін реттейді. Клиникада белсенді зерттелген ФОС 
қасиеттерінің бірі болып, олардың ішекте көмірсулар мен липидтердің 
адсорбциясын төмендету қабілеттілігі, қанның глюкоза мен сарысулы 
липидтердің деңгейін қалыптастыруы жатады. Бұл қасиеттер жоғары 
тәттілікпен және төмен құндылықпен (1,0-1,5ккал/г) қантты шектеулі 
қабылдайтын 
адамдардың 
тамақтануына 
қолдануға 
болады. 
ФОС 
артықшылығы, олар аш ішекте гидролизденбей тоқ ішекте ішек 
микрофлорасының екінші ретті метаболит түрінде – май қышқылының қысқа 
тізбегі түрінде қант диабетімен ауыратын адамдарға қауіпсіз [36,37]. 
1.1.1
 
Пробиотикалық препараттардың жіктелуі (классификациясы) 
Қолданыстағы 
жіктемелердің 
негізіне 
препаратқа 
кіретін 
микроорганизмдер саны, не олардың тектік тиістілігі немесе препарат 
құрамында қосымша компоненттердің болуы жатады. Осыған сәйкес, 
пробиотиктер 
монокомпонентті 
(монопробиотиктер), 
монокомпонентті 
сорбирленген, поликомпонентті болып бөлінеді. Полипробиотиктер, аралас 
(синбиотиктер), құрамында бифидобактериялар, лактобациллалар, колис бар 
(құрамында ішек таяқшасы бар) және құрамында споралы бактериялар мен 
сахаромицеттерден тұратын түрлері бар. Сонымен қатар, ішек микробиотасын 
қалыпқа келтіретін препараттар болып төрт буынға бөлінеді. 
I ұрпақтарға монокомпонентті препараттар – «Колибактерин», 
«Бифидумбактерин» және «Лактобактерин» жатады. Олар 1 штамм 
бактериясынан құралған. II-ші буын препараттары («Бактисубтил», 
«Биоспорин» және «Споробактерин») адамға тән емес микроорганизмдерге 
негізделген және өзін-өзі емдейтін антагонистер болып табылады. Оларды 
дисбактериоздың ауыр түрлерін емдеу үшін қолдануға болады, бірақ міндетті 
түрде ішектің микробиоценозын қалыпқа келтіру үшін қажетті құрамында 
бифидо - және лактобактериялары бар пробиотиктермен бірге қабылдау 
ұсынылады. III буын препараттарына бір түрдегі («Ацилакт», «Аципол») 
немесе әр түрлі («Линекс», «Бифиформ») бактериялардың бірнеше 
симбиотикалық штаммдары бар, өзара күшейтетін әсері бар поликомпонентті 
пробиотиктер кіреді. I буын препараттарынан олар теңдестірілген құраммен 
ерекшеленеді және дисбактериозды емдеудегі жаңа кезең болып табылады. 
Әсіресе 
ІІІ 
буын 
препараттарының 
артықшылығы 
ішек 
суб-және 
декомпенсирленген дисбактериозы бар науқастарда байқалады. IV буынға 
сорбент құрамында бифидобактериялар бар пробиотиктер түріндегі 
(«Бифидумбактерин форте», «Пробифор») иммобилизденген препараттар 
жатады [38].
Ең танымал биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ): «Наринэ» және 
«Примадофилус». ББҚ арасында әртүрлі жас топтары үшін формулалар бар, 
соның ішінде арнайы балалар пробиотиктері кездеседі (Анықтамалық: дәрілік 
заттар; дәрілер энциклопедиясы, 2004; Лыкова, 2005; дәрілер анықтамалығы, 
гомеопатия, ББҚ, 2009). Көршілес Ресей мемлекетінде және шет елдерде 
қолданылатын пробиотикалық ББҚ туралы толық мәліметтер 1-кестеде 
көрсетілген. 


22 
Кесте 1 - Ресейде тіркелген және қолданылатын пробиотикалық ББҚ (Лыкова, 
2005) 
Атауы 
Құрамы 
Қай жастан 
қолдануға 
болады 



Ресейде өндірілген биологиялық белсенді қоспалар 
Капсула түріндегі «Аципол»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет