9 ТАҚЫРЫП. МҦЗДЫҚТАРДЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТІ. Лекция тезистері:
Мұздықтар Жерде құрлық бетінің 16 млн. ш.ш. алады (11%),
ал полюс алқаптарында мұздық жамылғы теңіздің саяз сулы
(шельф-қайраң) алқабына да таралады. Мұздықтардағы мұздың
жалпы кӛлемі 30 млн. т.ш. шамасында деп бағаланады.
Мұздықтардың геологиялық әрекеті, басқа да экзогендік
факторлар сияқты, тау жыныстарын қирату, сынықтарды
тасымалдау және оларды қайта түзу жұмыстарын қамтиды.
Мұздықтардың құрылысын, дамуын және әрекетін гляциология
ғылымы айналысады.
Мұздықтардың табанындағы тау жыныстарды қирату және
айғыздау жұмысы экзарация (мұздық эрозиясы) деп аталады.
Экзарация мұздық құрамында кӛбінесе мұзбен бірге қатып, басты
қирату құралы болып табылатын тау жынысының сынықтарын
болуына байланысты.
Мұз жамылғысында, терең атыздар, айғыздала тырналған
дӛңбектастар, тегістеле жылтырланған бедер пішіндері жаралады.
Мұздық эрозиясының іздері бар дӛңгелектенген ассиметриялы
тау жыныс блоктары қоймаңдайлар, ал олардың жиынтығы бұйра
жартастар ландшафт пішінін жасайды.
Негізгі әдебиет – 1-10
Қосымша әдебиет – 11-22