Биология-география факультеті География кафедрасы «Геология»


ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚЫРТЫСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#79752
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
геология лекция

11 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚЫРТЫСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ 
ТАРИХЫ. 
 
Лекция тезисі: 
Біздің планетаның ішкі құрылысы туралы қазіргі түсініктер 
мен аймақтық геологиялық зерттеулердің негізінде, жер 
қыртысының пайда болған кезінен бүгінгі күнге дейінгі 
қалыптасу тарихын біле аламыз. Жер қыртысы қалыптасуының 
күрделі тарихын сызбалық түрде бірнеше кезеңге бӛліп 
қарастыруға болады.
Геологияға дейінгі кезең (осыдан 4,6 – 4,0 млрд. жылдар 
бұрын) бастапқы базальт қабатының қалыптасу уақытына сәйкес 
келеді. Бір жағынан, базальттардың гидратсыздануы судың 
бӛлінуі мен гидросфераның жаралуына әкелсе, екінші жағынан, 
бастапқы базальттар метаморфизм нәтижесінде жасылтасты 
негізді тау жыныстарға айналған. 
Алғашқы архей кезеңі (эоархей – осыдан 4,0 – 3,6 млрд. жыл 
бұрын) біздің планетаның ең аз зерттелген беті. Осы кезеңде 
қазіргі континенттердің негізінде жатқан гранитті қабат жаралған. 


31 
Архейдің соңғы кезеңдерінде (3,6 – 2,5 млрд. жыл бұрын) 
біздің планетада алғашқы геосинклин алқаптары қалыптасқан. 
Геосинклин формацияларының қалың қатқабаттары жиналып
олар қарқынды метаморфизмге ұшыраған. 
Палеопротерозой кезеңінде (2.5 – 1,6 млрд. жыл бұрын) 
геосинклиндер ауқымында қыртыстың консолидациясы басталып, 
қатпарлы және ӛрлеме қозғалыстар дамыған. Кезеңнің соңында 
литосфераның мұхиттық және континенттік блоктары дараланып, 
протоплатформалар мен протогеосинклиндер қалыптасқан. 
Протерозойдың соңғы кезеңдерінде (1,6 – 0,6 млрд. жыл 
бұрын) барлық платформалар тұтас бір континент – Пангеяға 
біріккен, Тынық мұхит ойпаңы пайда болған. Байкал (рифей) 
тектоникалық циклінің нәтижесінде жер қыртысының бірқатар 
жаңа бӛлікшелері платформалық кезеңге ӛтіп, кӛне платформалар 
қалыптасуын аяқтаған.
Негізгі әдебиет - 2, 5, 6. 
Қосымша әдебиет - 11, 13, 18, 24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет