12 ТАҚЫРЫП. КЕМБРИЙГЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ПАЛЕОГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӚЗГЕРІСТЕР. Лекция тезисі:
Палеогеография - ӛткен геологиялық дәуірлерде болған жер
бетінің физикалық-географиялық ӛзгеру жағдайларын зерттейді.
Палеогеография – географиялық және геологиялық ғылым
болып табылады. Ӛткен геологиялық уақытта болған физикалық-
географиялық жағдай мен ландшафттық-климаттық жағдайды
қалпына келтірумен тарихи геологияның құрамына кіретін негізгі
ғылыми пән – палеогеография айналысады. Палеогеографиялық
зерттеулер
процесінде
атмосфераның,
гидросфераның,
литосфераның жоғарғы бӛлігі мен биосфераның құрамы
реконструкцияланады,
палеогеографиялық
процестер
анықталады, геологиялық ӛткеннің ландшафт жағдайы қалпына
келтіріледі, климаттық белдемділік пен климаты сипаты
реконстукцияланады.