Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет154/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

ағымы жедел обструктивті бронхит 
эпизодтарымен білінетін қайталама бронхиттер.
Кейбір науқастарда хламидийдің 
маңызы анықталған. Клиникалық белгілерімен, емі жедел отруктивті бронхиттермен 
бірдей. Негізінен қайталама обструктивті бронхит 3-4 жасқа дейін қойылады. Бір түрлі 
этиолгиялы ЖРА барлық балаларда бірдей обструктивті бронхиттің қайталауын шақыра 


265 
бермейді. Сондықтан, брохтар гиперреактивтілігіне және обструкцияның қайталануының 
эндогенді себепкерлері болса керек деген пікір туады 
(72 кесте)
.
72 КЕСТЕ 
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БРОНХ ОБСТРУКЦИЯСЫНЫҢ 
ҚАЙТАЛАНУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ 
Ж и і 
Онша жиі емес 
С и р е к 
Брохиальды астма 
Дәнекер тіндер дисплазиясы 
байқалатын балаларда 
трахеобронх ағашының 
дискинезиясы 
Гастроэзофагальды рефлюкс 
Туылғанда тыныс 
жолдарының тар болуы 
Бронхөкпе дисплазиясы 
Муковисцидоз 
Бронх бөгде денелері 

Жүрек ақаулары. Тамырлық 
ақаулар 
Көкрек қуысындағы ісіктік 
процесстер 
Облитерация байқалатын 
созылмалы бронхиолит 
Иммундытапшылық жағдай. 
Трахея мен брохтардың даму 
ақаулары 
Рецидивті обструктивті бронхитті (РОБ) бронхиальды астма ұстамасынан ажырату 
қиынға соғады. РОБ-та отбасылық анемнез аллергияға тән болмайды, атопияның өкпеден 
тыс көріністері болмайды, жалпы және арнайы IgE көрсеткіштері қалыпты болады, 
обструкция ұстамалы түрде болмайды және аллергендердің инфекциялық емес түрлерімен 
байланысты болмайды, астмаға қарсы емдік сынама тиімсіз болып келеді. РОБ 
байқалатын балалардың 20% анамнезінде бронх гиперреактивтілігінің туа біткен 
себептерін анықтауға болады: төмен салмақпен туылу, анасының жүктілік кезінде шылым 
шегу нәтижесінде тыныс жолдарының саңалауының тар болуы. РОБ өршуі барлық 
жағдайда вирусті инфекциялармен байланысты. 3-4 жасқа жақындағанда обструкция 
эпизодтары тоқтайды. РОБ байқалатын біразырақ балаларда ғана сиректеу кездесетін 
жағдайлар анықталады: муковосцидоз, туа біткен ақаулар және т.б. 
РОБ себебін анықтағанда, нәрестелік кезеңнің өту кезеңіне көңіл аудару керек: шала 
туылу, нәрестелік кезеңде респираторлы бұзылыстардың болуы, өкпені жасанды желден-
дірудің қолданылу, өйткені оларда бронхөкпе дисплазиясының даму себебі болуы мүмкін. 
6.2. БАЛАЛАР ЖЕДЕЛ ПНЕВМОНИЯЛАРЫ 
Жедел пневмония – 
ерте жастағы балаларда жиі кездесетін жұқпалы 
(инфекциялық) ауру. О
сы жас тобындағы сәбилер жедел пневмониямен жиі ауырады. 
Аурудың жоғарғы деңгейі бірінші жылы байқалады, ал екінші жылда бұл көрсеткіш 
үштен бірге, 3-ші жылда – үш есе, ал 10-14 жаста – жеті есе кем болып келеді. Ерте 
жастағы балаларда бейарнамалы өкпе аурулары ішінде жедел пневмония 55,5% құрайды, 
ал 5-9 жаста бұл көрсеткіш 2 еседей (26%) төмендейді.
Этиологиясы.
Ерте жастағы балалардың этиологиялық құрылымына 5 түрлі фактор 
кіреді: микробты, вирусты, микробты-паразитарлы, саңырауқұлақты, микоплазмалы. 
1. Қазіргі уақытта балалардағы жедел пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышы – 
пневмококк (20% Пфейфер гемофиласы, стрептококк) жатады. Патогенді 
стафилококк грам бойынша боялмайтын теріс грам флораныңда (протей, ішек 
таяқшасы, клебсиелла, көк-жасыл рең таяқшасы және т.б.) алатын орындары ерекше.
2. Вирустар 5 категорияға бөлінеді: 
а). Микровирустар (грипп, парагрипп, респираторлы-сентициальды); 
б). Аденовирустар; 
в). Ішек вирустары (ЕСНО және коксаки); 
г). Ротавирустар (1, 2, 3 типтері); 
д). ДНК – цитомегалия вирусы; 
Вирустар маңызы:


266 
1) Вирустар пневмонияның тікелей қоздырғышы болуы мүмкін. 
2). Олар тыныс алу жолының кілегей қабығы мен альвеолдардың эпителиясын бұзып, 
микробтың әрі қарай енуіне жол ашады. 
3). Вирусты инфекция тұрақты түрде тамыр жүйесін бұзып, микробты және басқа да
инфекцияның генерализациялануна жағдай жасайды. 
4). Вирусты инфекцияның сенсибилизациялау әсері туралы да деректер бар. 
5). Респираторлы вирустар көп мөлшерде гуморальды және тіндік имунитетті 
төмендетеді, сонымен қатар, агрессивтілігі мен вирулентілігін күшейтеді. 
3. Микоплазма – микоплазмалы пневмония қоздырғышын 1944 жылы М. Итон (АҚШ) 
ашқан. 
4. Pneumocyti carini (микроскопиялық паразит, Карини пневмоцистісі). 
5. Саңырауқұлақты факторлар (кандидомикозды).
Ерте сәбилік жаста аталмыш пневмония қоздырғыштары не жеке этиологиялық 
фактор есебінде, немесе түрлі ассоциацияланған түрінде кездеседі: микробпен - микроб
вируспен - вирус, вируспен - микроб, вирус - микоплазмалы, микробты - пневмоцисттік 
және басқалар. 
Ерте жастағы балалардың пневмониясының патогенезінің өзіндік ерекшеліктер бар, 
ол организмнің өзіндік реактивтілігі және қарсыласуымен, бала организімінің анотомия-
лық-физиологиялық ерекшелігімен айқандалады. Өкпенін функциялық элементтерінің, 
оның сегментерінің жеткіліксіз жіктелуі бронхтардың эластикалық және бұлшық ет 
тінінің әлсіз дамуы, сонымен бірге өкпе тінінде қан және лимфа тамырының болбыр 
дәнекер тканін көп болатындығын ескерту қажет.
Бронхтардың қорғаныс механизмдері, жыбырлағыш элителийдің функциясы және 
жөтелу реакциялары әлсірейді, ол тыныс жолдарында секреттің түзілуінің тоқтауына және 
онда микроорганизмдердің көбеюіне себепкер болады. Көмей кеңірдек, бронхтар салыс-
тырмалы тар, ал, кілегей қабығы қан тамырлары мен лимфа тамырларына бай, мұрынның 
кілегей қабығының сәл ісуінен, мұрынның тар жолынан ауаның өтуі қиындайды. Сондық-
тан, бала ауыз арқылы демала бастайды. Ол өкпенің аэрогенді инфекциялануын жеңілде-
теді және тыныс алу жолдарының кілегей қабықтарының салқындауына әсерін туғызады.
Сәбидің өмірінің алғашқы бірінші айлығында кеуде қуысынң тыныс алу экскурсиясы 
әлсіз, ол қабырға аралық бұлшық еттердің көлденең орналасуна байланысты. Егерде осы 
жастағы балалар көп уақыт көлденең жағдайда болатындығын ескерсек, онда неліктен 
пневмонияның пайда болуын жеңілдететін өкпенің артқы төменгі бөлігінде қан 
айналысының іркілісі болатындығы түсінікті болады. Ерте жаста тыныс алу бұлшық 
еттерінің нервті реттелуі жетілмеген, сонымен бірге клеткалық және гуморальдық 
имунитеттің жеткіліксіз болуыныңда маңызы бар. 
Пневмонияның дамуына жағдай жасаушы факторлар болып төмендегілер саналады: 
а) Эпидемиологиялық режимді сақтамау; 
б) Тиімді тамақтанбау, күтімнің нашарлығы, күн тәртібінің тиімсіздігі; 
в) Баланың салқындауы немесе ыссылауы; 
д) Дене шынықтырудың жеткіліксіз болуы.
Тыныс жеткіліксіздігінің пайда болу себептеріне альвеолда вентиляцияның азаюы, 
альвеола-капиллярлық мембранадан газдардың диффузиясының шектелуі, периальвеоляр-
лы қан айналысының бұзылыстары жатады. Тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы, 
саңалауда кілегейдің, іріңнің, эпителийдің десквамация өнімдерінің жинақталуымен және 
өкпе тінінің ыдыраумен, сонымен бірге кілегей қабықтың ісінуімен (шеменімен), бронхтар 
мен бронхиолалардың тарылуымен түсіндіріледі.
Альвеолалық вентиляцияның шектелуі альвеола қуысында экссудаттың және басқа 
заттардың жинақталуына, сурфактанттың жетіспеушілігіне және альвеола қабырғасының 
өзара жабысуына да байланысты болады. Тыныс жетіспеушілік және циркуляторлы 
бұзылыс нәтижесінен гипоксемия мен гиперкапния пайда болады. Гипоксемия жағдайын-
да қара-пурпур түсті тотықпаған (қанықпаған) гемоглобин мөлшері азаяды. Сондықтан – 


267 
тері жамылғысы және кілегей қабықтарында цианоз пайда болады. Гипоксемия жүрек 
бұлшық еттерінің вагустық әсерге сезімталдығын жоғарылатады, ал, ол жүрек 
жұмысының кұрт әлсіреуіне, кейде жүректің тоқтап қалуына дейінгі жағдай туғызады.
Козғалыс қозғыштығы, дірілдеу, кома, естен тану, гипертермия, анық бозару,
кезеңді түрдегі тыныс алу, тахикардия болуы мүмкін. Гиперкапния әсерінен демікпе 
күшейеді, ми тамырлары кенейеді, ми сауыты ішінің қысымы көтеріліп (қатты бас ауру 
пайда болады) вагус жүйесінің қозуы күшейеді де, брадикардия пайда болып, жүрек 
ырғағы бұзылып, жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Гиперкапнияның әсерінен тері 
тамырлары кенейеді (тері гиперемиясы) жүрекке түсетін салмақ ұлғаяды.
Калий мен хлоридтер азаяды. Бүйректің қан ағысының жылдамдауына байланысты 
гиперкапнияның әсерінен газды ацидоз қосылады. Себебі, ацидоз гемоглобин мен 
оттегінің байланыстылығын төмендетіп, оттегінің өкпеден тканьдерге тасымалдауын 
тежеп, тіндегі демалыс құбылысын шектейді. Айтылған патофизиологиялық өзгерістер, 
орталық жүйке жүйесі, жүрек, бауыр, бүйрек өте сезімтал болып келетін, оттегінің 
жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Тін демалысының бұзылуы клеткалардың 
демалыстық ферменттерінің активтілігінің әлсіреуіне байланысты. 
Токсикоз гипоксиясымен қосылып, бала организмінің қорғаныс күштерін төменде-
теді, спецификалық иммунитетті әлсіретеді немесе толық тежейді. Мүшелердегі трофика-
лық және дегенеративтік өзгерістердің пайда болуына, эндогенді гипервитаминозға
алмасу ауытқуларына және тағы басқа бұзылыстарға әкеліп, соқтырады. Жаңа туылған 
сәбилердің және преморбидті жағдайы нашар балалардың иммунитеті әлсіз және 
адаптациялық қорғаныс механизмі жетілмеген болғандықтан, пневмония өте ауыр және 
ұзақ дамитын болып келеді. Ерте жастағы балалардың өкпе қабынуының морфологиялық 
және рентгенологиялық көріністерінің әртүрлігі түсіндіріледі.
Бала организмінің реактивтілік қабілетінің өзгерістерін жастық және жекелік 
ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Егер бала организмінің конституциялық-аллергиялық бейімділігі бар гиперэргиялық 
реакциясы болса, туғаннан кейін-ақ жедел басталатын және күшті динамикалық круппоз-
ды (бөлікті, сегментті, көп сегментті) пневмония дамуы мүмкін. Егерде бала организмінің 
реактивтілігі әлсіресе, онда емшек жасындағы балаға тән ошақты пневмониялар жиі пайда 
болады. Балалар жедел пневмониясының жіктелісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет