Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет156/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

деген терминін процесстің орналасқан 
орынын анықтау үшін емес 
(бұл жағдайда өкпедегі барлық процесстер сегментарлы неме-
се полисегментарлы болады
), ол бронхтардың өткізу мүмкіншілігінің бұзылуы жағдайын-
да бір немесе бірнеше сегменттермен шектелген қабыну процессінің белгілі бір сапалық 
қасиетін белгілеу үшін қолданулуы керек. 
Сегментарлы пневмониялар, жақсы дене және 
жүйке-саналық даму көрсеткіштері бар, бір жастан асқан балаларда жиі кездеседі.
Сонымен қатар 1 жасқа дейінгі балаларда, ал, кейде жана туған кезенде де кездесуі 
мүмкін. Пневмонияның бұл түрі барлық пневмония түрлерінің ішінде 4-10% құрайды. 
Сегментарлы пневмониялардың этиологиялық факторы болып табылады.
Клиникасы.
Жедел респираторлы вирусты инфекция басталғаннан кейін 3-6 күннен 
соң ауыр басталып, жедел дамиды. Дене қызуы 39-40
о
дейін көтеріледі. Қүрт токсикоз 
пайда болады, кейде эксикоз белгілері білінеді, терісі сұр тартып, бозарады, кейде мрамор 
түстенеді, айқын білінген тыныс және жүрек-тамыр жетіспеушілігі байқалады. Жөтелі 
құрғақ, жөтелгенде көнірдек, бронх бойы аурады, сиректеу жөтелі жұмсақ, ылғалды 
болуы мүмкін. Қиналып, ыңқылдап дем алады. 
Перкуссия кезінде өкпе бетінде өкпе дыбысының қысқарғаны, өкпе сегментінің 
қабыну процесімен зақымдалған аумағына сәйкес перкуссиялық дыбыстың тұйықталғаны 
байқалады. Аускультация кезінде өкпенің бұл бөліктерінде тыныстың әлсірегені, кейде 
бронхиальды немесе амфоралық үннің қосылғаны байқалады. Әдетте инфильтрация 
кезінде өкпеде сырылдар естілмейді. Іштің кебуі, нәжістің сұйықтануы, құсу, бауырдың 
өсуі сияқты диспепсиялық өзгерістер болуы мүмкін. 
Қан жағынан аурудың жедел кезінде лейкоцитоз (лейкоциттер саны 20-35*10
9
және 
одан жоғары, солға ығысқан нейтрофилез: таяқша ядролы (20-25% дейін), миелоциттер (4-
5%) және жас (2-3% дейін) ЭТЖ көп ұлғаяды (сағатына 35-72 мм-ге дейін), норма немесе 
гипохромды анемия дамиды, γ - глобулиндер фракцияларының көп көбеюі (17-22 % дейін) 
дифениламин реакциясы мен С-реактивті белоктардың деңгейінің жоғарлағаны 
анықталады. Осы деректер қабыну процессінің ауырлығын, организмдегі тотығу немесе 
алмасу процесстерінің терең бұзылыстарын көрсетеді.
Сегментарлы пневмония ауруларын анықтауда рентгенологияның зерттеудің үлкен 
маңызы бар, онда анық сегментарлы шекаралары бар интенсивті гомогенді қараюлар 
байқалады. Қараю өкпенің бір, екі және одан көп сегменттерінің немесе бүкіл бөліктің, 
бірнеше бөлігін алады, қабынған инфильтративті процесс жиі оң өкпенің жоғары 
бөлігінде (1, 2 сегменттер), оң және сол өкпенің төменгі бөлігінде (8, 9, 10 сегменттер), тіл 
сегменттерінде орналасады. Процесс көбіне бір жақты болып келеді. Сегментарлы
пневмония кезінде абсцесс түзілетін өкпе тканінің деструкциясы, ірінді-фибринозды 
плеврит, пиопневмоторакс сияқты асқынулары пайда болуы мүмкін. 


270 
6.2.3. КРУППОЗДЫ ПНЕВМОНИЯ 
Круппозды пневмония негізінен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда 
кездеседі. Бұл пневмонияның бір жасқа дейін сирек кездесуін – бұл жастағыларда 
пневмококке сенсибилизация пайда болмағандығынан деп түсінеді. 
Балаларда крупозды пневмония өкпенің бөлігін түгел қамтымай, тек бірнеше 
сегментпен шектелуі де мүмкін. 
Клиникалық көрінісі.
Ауру дене қызуының кенеттен 39-40
о
көтерілуімен, басы 
ауырып, халының күрт нашарлауымен (сандырақтау, ес аууға дейін), «дат түсті» 
қақырықты жөтелмен, кеудесінің ауруымен басталады. Аурудың алдында, аз уақыт бойы, 
ең көбі бірнеше сағатқа ғана созылатын, жалпы әлсіздік, сүйектердің сырқырауы, 
басының ауруы болуы мүмкін. Науқастардың көпшілігі ішінің оң жақ бөлігінің 
ауыратынына шағымданады. Осы кезде құсу, іштің кебуі, іш өтуі байқалып, жедел 
аппендицит, жедел ағымды гастрит немесе перитонитке ұқсас болады. Науқас аяқтарын 
кеудесіне бүгіп, «ауру» жағына жатуды ұнатады. Науқасты қарағанда, аурудың бастапқы 
кезінде көңіл аударатын жайлар: кейбір тежелулер, тері қуқылдығы, бетінің қызаруы 
(көбіне тек қабыну жағында), ернінің құрғауы, көздің «жайнауы», ерін мен мұрын 
аймағында ұшықтың (герпес) шығуы, қосымша еттердің қатысуымен ентігуі (желбезек 
желбіреуі, төс сүйегінің жоғарғы ойысының ішке тартылуы). Науқас баланы тексергенде 
кеуде қуысының ауру жағының тыныс алудан қалыс қалуы, өкпенің төменгі шегінің 
қимылының азаюы, дауыстың дірілінің әлсіреуі, бронхофонияның күшеюі, дерт ошағы 
орналасқан жағының беткі терісінің ісінуі және қысқарған тимпаникалық дыбыс 
байқалады. Науқас алғашқы сағаттарда ыңқылдап (уһілеп) дем алады. Қысқа және 
ауырсынған жөтелден кейін азғантай, қою, мөлдір, біраздан кейін сарғыш түске енетін 
қақырық түседі. Демін тереңірек ішке тартқанда, кеудесінде ауырсыну байқалады. Қабыну 
процессі өкпенің жоғарғы бөлігінде орналасса, ауру жағында Керниг жазықтығының 
тарылғаны анықталады. Дене қызуы үнемі жоғары болады, жөтел күшейеді, бірақ 
ауырсынуы, мазасыздануы азайып, жөтелі ылғалданады (кейде қақырық қызыл-қошқыл 
түстенеді). Ентігу күшейіп, цианоз және ерні мен беті ісінеді. Физикалық тексеруде 
аурудың 2-3-ші күнінен-ақ бронхтық тыныс, перкуторлық дыбыстың қысқаруы, тұрақсыз, 
нәзік крепитация естіледі. Кейде сырылдар кейінірек естіледі.
Круппозды пневмонияда қабыну құбылысы түгелдеу дерлік плевраныда қамтысада, 
науқастардың бәрінде плевра үйкелісінің дыбысы естіле бермейді. Сау өкпе мен қабыну 
жоқ бөліктерде перкуторлық дыбыс қорапты болады. Круппозды пневмонияның қызған 
кезеңінде өкпеден тыс өзгерістерде орын алады: жүрек-қантамыр (жүрек дыбыстарының 
көміскіленуі, салыстырмалы жүрек шекарасының аздап кеңеюі, нәзік систолалық шу, 
ЭКГ-дегі өзгерістер), нерв жүйесі (ұйқының қашуы, басының ауруы, сіңір және тері 
рефлекстерінің өзгерістері), бауыр (аздап ұлғаюы, ауырсыну, лабораториялық 
тексерістерде – залалсыздандыру қабылетінің кемістігі), бүйрек (альбуминурия, кейде 
эритро- және цилиндрурия, хлоридтер бөлінуінің азаюы).
Қанда айқын лейкоцитоз, көбірек солға жылжыған нейтрофилез, ЭТЖ арытуы 
анықталады. Бұл пневмонияның ауыр ағымында ауру басталған кезде эритроциттердің 
5х10
12
-ден асып кететін компенсаторлық полиглобулинемия байқалуы мүмкін. 
Ретгенограммада қабыну инфильтратының ошағының бүкіл өкпе бөлігін қамтығаны 
анықталады. 
Ағымы.
Аурудың ұзақтығы берілген ем мен организм беріктігіне байланысты. 
Антибиотик қолданғаннан кейін, баланың халы біртіндеп жақсарып, жөтел ылғалданады, 
бірақ, үлкендердегідей сарғыш қақырықты жөтел балаларда сирек болады. Аурудың 
басында естілетін крепитациялық (crepіtatio indux) сырыл жоғалып, айығу кезінде 
(crepitatio redux) қайта естіледі. 


271 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет