Жедел агымды іріңді плеврит
күрт басталып, гектикалық қызумен кенеттен
басталған диспноэ, бүйір ауыруы, токсикоз бен үдемелі ТТ сипаттары, кейде естен тану,
құсу арқылы білінеді. Баланың түрі бозарып, ауыз төңірегіңде цианоз болады, төсекте
зақымдалған жақ бүйіріне жатуға тырысады. Кеудені ауыртатын, қысқа жөтел байқалады.
Көкіректің ауру жағы тыныс алуда қалынқы, шығынқы, тері астының ісіңкілігі,
қабырғааралығының тегістелгені байқалады. Перкуссияда ауыратын жағының дыбысы
тұйықтау шығады, бірақ, рентгенде айқын Соколов-Дамуазо сызығы көрінбейді. Гарлянд
ұшбұрышы сирек, кеуде қуысының ығысуына (медиастинум) байланысты Грокко-
Раухфус үшбұрышы өте жиі кездеседі. Ірінді плеврит сол жақта болғанда Траубе кеңістігі,
әдетте, толы болады. Аускультацияда тыныстың әлсіздігі, плевра үйкелісі, ал, «сау»
өкпеде – катаралдық өзгерістер анықталады.
Плевриттін клиникалық диагнозын растау үшін, ауруды рентгенге түсіріп, оған
плевра пункциясын жасайды.
Пиопневмоторакс.
Өкпедегі ірің плевраға ақса, бронх пен плевра қуысы арасында
қатынас пайда болады, сөйтіп пиопневмоторакс өрбиді. Пиопневмоторакстың клиникалық
ағымының үш түрін ажыратады.
Бірінші түрі – жедел,
күрт жүреді. Әсіресе, клапандық
(кернеулі) пневмоторакс ағымы аса ауыр. Бала халі аз уакыт ішінде күрт нашарлайды,
дәрігерлік шұғыл көмек жасалмаса, бала тез арада өліп кетеді.
Екінші түрі –
жұмсақ, бала-
ларда жиі кездеседі. Ол жеңіл, беткейлік өкпе іріңінің шығуымен сипатталып, пневмото-
ракстың клиникалық белгілері баяу өрбиді.
Үшінші түрі –
көмескі, пневмоторакс өрбуі
белгісіз, тіпті перфорация болғанда да қиын. Ол тек рентген тексерісінде ғана анықталады.
Өкпесыртылық іріңді бұзылыстар (ірінді перикардит, медиастинит, қабырға және
басқа сүйектер остеомиелиті, сепсис) көбінесе өкпедегі ірінді ошақтардан тарайды.
Өкпенің ірінді бұзылыстарының салдары жалпылама пневмосклероз, бронхоэктаздар,
созылмалы пневмония дамуына жиі душар етеді.
Обструктивті синдромның патогенезінің негізінде тамыр өткізгіштігінің артуы,
гиперсекреция, бронхоспазм әсерінен бронхтардың кілегей қабықтарының ісінуі және
үлкеюі себебінен бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы жатыр.
Бронхоспазм патологиялық процесстің жоғарғы және төменгі тыныс жолдарындағы
интерорецепторларды тітіркендіру, антиген-антидене комплексінің бронх бұлшық еттерін
тікелей қоздыру және катехолеминдердің көп шығуының әсерінен пайда болады.
Обструктивті синдром пневмонияның басталу кезінде-ақ білінуі мүмкін. Кейбір балаларда
3-5-ші күндері, ал, кейде 2-3 апта өткесін байқалады. Обструктивті синдром 1 күннен 10
күнге дейін созылады. Аурудың барысында обструктивті синдром қайталануы мүмкін.
Клиникасы.
Айқын ентігу, тыныс алу саны минутына 60-қа жетіп, одан да жоғары,
дем шығару қиын да ұзақ, жиі, құрғақ және қинайтын ұстамалы жөтел болады. Өкпеде көп
ысқырықты құрғақ, ылғалды кіші көпіршікті сырыл және крепитация естіледі. Бұл
өзгерістер тұрақты болып келеді. Перкуссия кезінде өкпе дыбысы қорапты немесе
шартылдақ болып келеді. Жүрек тондарының орташа тахикардиясы (пульсі минутына 150
рет немесе одан да жоғары), тондары тұйықтанып, одан әрі айқын әлсірегені байқалады.
ЭКГ, әдетте оң типтес, Р тісше – ұзарған болады. Бауыры өсіп, іші кебеді. Қанда
диспротеинемия, гипоальбуминемия анықталады. Қақырықта көбіне гемолитикалық емес
және ақ стафилококк табылады.
Рентгенограммада өкпе аймағының кеңіп, өкпе суретінің қатайып, өкпенің түбір
аймағында мөлдірлігі төмендегені және ошақтық көленкелер, сиректеу инфильтрациялық
өзгерістер байқалады.
275
Нейротоксикоз: токсикалық энцефалопатия. Перифериялық гемодинамикалық
үдемелі жетіспеушілігінің фонында, неврологиялық (жүйкелік) бұзылыстар басым
болатын, жиі кездесетін вариант. Көбіне нейротоксикоз ЖРВИ қосылғанда кездеседі және,
әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаларда өте ауыр болып келеді. Нейротоксикоз әдетте күрт
басталады. Инфекциялық аурулардың белгілерімен қатар, нейротоксикоздың тамақ ішуге
байланыссыз және жеңілдік бермейтін қайталап құсу, бас ауруы, сезімталдығы арту
(гиперстезия) сияқты белгілері пайда болады. Бала қозып, шыдамсызданады, ұйқысы
мазасыз, кейде шошынып оянады, күндіз әлсіреп, ұйқышыл болады. Денесінің қызуы 39
о
дейін, одан да жоғары болады. Ауыр жағдайларда мидың ісінуінің белгілері пайда болып,
құрысу және біртіндеп ақыл-есі қарауытып, есінен айырылады да комалық жағдай
дамиды. Жүрек-тамыр, тыныс жетіспеушілігі және басқа бұзылыстар үдей түседі.
Нейротоксикозды 4 дәрежеге бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: |