Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет160/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

І дәрежесі
: клиникасында бастың ауруы, тәбетінің нашарлауы, мазасыздануы, 
белсенді қимылдық қозғалыстардың пайда болуы, сандырақтау, галлюцинация, аяқ-
қолының дірілдеуі, рефлекстердің жоғары болуы (гиперрефлекция), тершендік сияқты 
қозу белгілері басым болып келеді. Дене қызуы 38-39
о
дейін көтеріліп, беті албырттанып, 
қызарады, бірақ, терінің түсі қалыпты жағдайда болады.
ІІ дәрежесі
: қозу және тежелу кезеңдерінің ауысып тұруымен сипатталады. Демек 
ұйқышылдық, әлсіздік пайда болады. Ақыл-есі қарауытып, рефлекстері төмендейді, кейде 
ақыл-есінен айырылады, бірақ, ауруды сезгіштік сақталады. Дене қызуы жоғары болады, 
денесінің тырысулары, пульс жиілігі байқалады, қан қысымы жоғары болады.
ІІІ дәрежесі
: клиникалық көрінісінде ОЖЖ тежелу белгілері байқалады. Осымен 
қатар дене құрысуы, сандырақтау, галлюцинация пайда болып, есінен танады. Дене қызуы 
жоғары болады. Терісі мрамор түстеніп, бозарады, бармақпен басқанда ақ дақтар қалады. 
Артериалдық қысым төмендейді. Аурудың сезгіштігі жойылады, бірақ, ми стволының 
бұзылуы белгілері, яғни брадикардия, брадипноэ немесе кезеңді тыныс алу байқалмайды.
IV дәрежесі
– өлім алдындағы жанталасумен (предагониялық жағдай сәйкес келеді. 
ОЖЖ-нің өте қатал тежелу белгілеріне тахикардия, брадипноэ және тыныс алудың басқа 
бұзылыстары сияқты белгілер қосылады. Артериялық қысым төмендейді, гипорефлексия, 
дене құрысуы, бұлшық ет гипотониясы. 
Нейротоксикоз гипертермиялық және гипервентиляциялық болып, екіге бөлінеді: 
нейротоксикозды нейроинфекциялардан айыра білу керек.
Жедел ағымды пневмониялар диагностикасы. Пневмониялар диагнозы сұрасты-ру
клиникалық тексерулер, рентгенологиялық және лабораториялық зерттеулер нәтижесі-не 
сүйеніп қойылады. Қосалқы аурулармен басқа жағдайлардың барлығына көңіл аудару 
керек.
ДДҰ бірінші шептегі денсаулық сақтау қызметкерлері үшін пневмония диагнозын 
қою мен антибиотиктер қолдану шарттарына мыналарды ұсынған (1986):
1. Жөтел. 2. Қабыраралық ойыстың ішке кіруі. 3. Сұйықтан бас тарту. 4. Тыныс 
алуының минутіне 50-ден асуы (жастан асқан балалаларда 40-тан жоғары). 
Пневмонияға күдік туса, баланы рентгенге түсіру қажет, себебі, кішкене балаларда 
(әсіресе нәресте мен емшек жасындағыларда) бұл ауруға тән айқын белгілер өкпенің 
суретінде (анық ошақтық, ошақтары өзара қосылған, сегментарлық және т.б. көлеңкелер) 
аурудың клиникалық сипатынан ертерек көрінетін ескерген жөн. Клиникалық қан 
анализдеріде өте қажет. 
Ажырату диагнозы
. Пневмонияны негізінен бронхиттер мен бронхиолиттерден 
ажырату керек. Негізгі белгілері 
74 кестеде 
берілген. 
 
 
 
 
 


276 
74 КЕСТЕ 
ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ ПНЕВМОНИЯНЫ АЖЫРАТУ ДИАГНОЗЫНЫҢ ЖОБАСЫ 
(В.К. ТАТОЧЕНКО, 1980) 
Пневмонияға тән 
Пневмонияға тән емес 
Дене қызуы 38
о
жоғары 
Дене қызуының 38
о
жоғарлауы үш күннен 
аса 
Цианоз 
Ыңқылдап тыныс алу 
Обструктивтік синдромсыз ентігу 
Жөтел 
Жергіліктенген белгілер: жергілікті ылғалды 
сырылдар, қатаң немесе әлсіреген 
бронхиальды тыныс, бронхофония, 
перкуторлық дыбыстың қысқаруы 
Нейтрофильді лейкоцитоз 12×10
9
/л-ден 
жоғары ЭТЖ 20 мм/ сағаттан жоғары 
Дене қызуы 38
о
төмен 
Дене қызуының38
о
жоғары, бірақ үш 
күннен аз 
Цианоз жоқ 
Ыңқылдап тыныс алу жоқ 
Обструктивті синдром 
Жөтел жоқ 
Шашыранды құрғақ және ылғалды 
сырылдар (оның ішінде ұсақ 
көпіршіктілеріде бар) 
Қан сынағы көрсеткіштері қалыпты 
Пневмонияларды ең алдымен респираторлық аллергоздар, тыныс жолдары 
бітелулері (бөгде денелер, аспирация, кейде ларингоспазм, кеңірдектің даму ақаулары), 
плеврит, туберкулез, гельминтоздардағы өкпе өзгерістерінен, ал крупозды түрі, тіпті 
барлық бөліктік пневмониялар, аппендицит, ішек бітелісі, перитонит, менигит тәрізді 
кеселдерден ажыратылуы тиіс. 
Ж е д е л а ғ ы м д ы п н е в м о н и я л а р д ы е м д е у 
Жедел пневмонияны емдеу келесі кезендерге бөлінуі тиіс: 
1. Ауруханаға дейінгі учаскелік дәрігердің әрекеті. 
2. Аруханаға жатқызғаннан кейінгі, ауруханадағы дәрігерлер әрекеттері. 
3. Емделіп шыққаннан кейінгі учаскелік дәрігердің, пульмонологтың, бала-бақша, 
мектеп медиңина қызметкерлерінің әрекеттері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет