279
Д. Пневоцисттылы пневмонияда жоғары дозада котримаксол (триметоприм 8 мг/кг және
40 мг/кг сульфаметоксазол көктамырға 8 сағат сайын немесе күніне 3 рет) 3 апта
бойына тағайындалады.
Е. Ұсақ саңырауқұлақтар этиологиялы пневмонияда: итраконозол 5 мг/кг/күнге 14 к8н
бойына немесе амфотерицин Б (0,5 мг/кг/доза күніне 1 рет 10-14 күн бойына)
қолданылады.
Ж. Антибиотиктер көп мөлшерде қолданылғанда микоздың пайда болуының алдын алу
үшін итраконазол, 5 жастан асқан балаларға, 5 мг/кг тағайындалады.
Негізгі патологиялық синдромдарды емдеу
І.
Гипертермиялық синдром
: Физикалық әдістер – денесін спиртпен, сірке суымен
ысқылау, үлкен тамырлар маңына (желкесіне,
қолтық астына, шабына, бауыр маңына)
салқын су басу, салқын ауамен үрлеу (вентилятордан салқын ауа айдайды) және т.б.
Дәрілік әдістер:
Пневмонияны емдеу хаттамасы (р - 012) бойынша қызба 38,5
о
асса
парацетамолбен (емшек жасындағы балаларға 0,025-0,05, 2-5 жаста 0,1- 0,15 г, 6-12
жаста 0,15-0,25 г (10-15мг/кг) әрберілгенде, күніне 4 ретке дейін қолданылады) түсіру
ұсынылады. Сонымен қатар, «Цефекон» балаузы, Найз (1,5мг/г 2-3 рет), балалар үшін
Нурофен (5 мл суспензияда 100мг ибупрофен бар, ішуге 6-12 айда 2,5мл-ден тәулігіне
3-4 рет, 1-3 жаста 5мл-ден 3 рет, 4-6 жаста 7,5мл-ден күніне 3 рет, 7-9 жаста 10мл-ден
3 рет, 10-12 жаста 15мл-ден тәулігіне 3 рет), Ацелизин (тәуліктік дозасы барлық жаста
10-25мг/кг
ацетилсалицил қышқылын құрайды, немесе 0,1-0,25мл/кг дайындалған
ертінді есебінен беріледі (тәуліктік доза 2-3 қабылдауға бөлінеді), Анальгин (50%
ертіндіден 0,1мл/кг), Колдрекс (6-12 жаста 1 таблеткадан күніне 4 ретке дейін),
Литикалық қоспа (пипольфен 2,5% – 1,0 + Аминазин 2,5% – 1мл + Новокаин 0,25% – 8
мл: осы қоспадан 0,3-0,4 мл/кг есебінен (күніне 3-4 рет болады) қолданылады. Егер
әсері байқалмаса, антипиритиктерді 1,5-2 сағаттан кейін қайталауға болады.
Қатерлі
гипертермияда жүргізілген емге Дроперидол (0,25% -0,1 мл/кг) қосу нәтижесін
жақсартады.
Гипертермияның барлық емі оксигенотерапиямен қатар жүргілуі керек.
Гипертермияның бұл емі көмектеспейтін қатерлі гипертермия ӨЖЖ ауыстыру көрсеткіші
болып келеді.
ІІ. Құрысу синдромы:
1.
Құрысуға қарсы дәрілер:
Седуксен (0,5% ерте және мектепке
дейінгі кезеңде 0,07-0,1 мл/кг, одан ересек жастарда 0,05-0,07 мл/кг, бірақ 2 мл-ден артық
болмау керек), Магний сульфаты (25% ертінді 0,2-0,5 мл/кг тәулігіне новокаинмен
бұлшықетке), Натрий оксибутираты (20% ертінді көктамырға немесе б/етке 50-120мл/кг,
орта есеппен 0,5 мл/кг).
Гангиоблокаторлар:
Пентамин (5% ертінді, бір жасқа дейін – 2-4 мг/кг, бір жастан
асқасын – 1-2 мг/кг), Бензогексоний (2,5% ертінді, бір жасқа дейін –1-2 мл/кг, 1 жастан
асқасын – 0,5-1 мл/кг) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: