292
өкпенің стафилококкты деструкциясынан соң пайда болған өкпе қызметінің бұзылуында
байқалады және одан кейін көп жағдайда созылмалы
пневмонияның дамуына жағдай
жасайды. Созылмалы пневмонияның қалыптасуының бір себебіне – бронхтардың бөгде
денелермен тығындалып қалуы жатады. Бронхтардың өткізгіштігінің, тіптен жартылай,
бұзылуы олардың әрекетін, әсіресе эвакуациялық қызметін күрт өзгертіп жібереді.
Осының салдарынан секрет жинақталып қалады да, одан
әрі ателектаздық пневмония
дами бастайды. Әсіресе, бөгде дененің трахеобронхиальдық жолда ұзақ уақыт (7
тәуеліктен астам) тұрып қалуы қолайсыз жағдай болып есептеледі. Бөгде дененің пішіні
мен сипаты, оның инфекциялануы, бронхтың тығындалу дәрежесі, бөгде денені алып
тастау әдісі және оны одан әрі жеткіліксіз емдеу созылмалы пневмонияның қалыптасуына
қолайлы жағдай жасайды. Созылмалы пневмонияның қалыптасуына туберкулездің
нәтижесінде пайда болатын метатуберкулездік пневмосклероз да себепкер болады.
Созылмалы пневмонияның қалыптасуының әртүрлі тағы басқада
себептеріне туа біткен
ателектаздар жатады. Жас сәбидің өкпесінің кейбір бөліктерінің жазылмауының себептері
болуы мүмкін. Сөз жоқ, ұрық маңы суын аспирациялау және бронхтардың клегеймен
бітеліп қалуы да патогенетикалық фактор болып табылады. Қандайда бір деңгейде
бронхтардың туа біткен өзгерістері белгілі бір дәрежеде олардың дренаждық функциясын
бұзып, соның нәтижесінде секреттің әркілісіне әкеледі және бронхтар мен өкпе
тіндеріндегі қабыну процесстерінің дамуын тудырады. Бронхтардың ауа өткізгіштік
қызметінің бұзылуы бронхиттің созылмалы түрде өтуіне, пневмонияға және бронхтары
деформацияланған пневмосклерозға әкеліп соқтырады. Қазіргі
уақытта бейарнамалық
бронхоаденитке, яғни бронхтар өткізгіштігінің (сыртынан басылып қалуы және т.б.
арқылы) бұзылуына әкелетін көкірек ішіндегі лимфа түйіндерінің туберкулелезсіз-ақ
(бейарнамалық) үлкеюіне көп көңіл бөлінуде. Созылмалы пневмонияның қайта өршуін
көбіне аралас вирусты-бактериялы, микоплазмалы-бактериялы, вирусты-микоплазмалы-
бактериялы және басқа да аралас флоралар тудырады. Созылмалы
пневмонияның қайта
өршу кезінде бронхтардан көбіне гемофильді таяқша, геолитикалық стрептококк, алтын
түсті стафилококк, пневмококк және басқа да стафило-, стрептококктар табылады.
Достарыңызбен бөлісу: