296
Өкпе эмфиземасы – өкпе созылмалы обструктивті эмфизема. Қазіргі кезде эмфизе-
маның әлеуметтік мәні бар. Клиникалық суреттемеде алдыңғы орында ауыр дәрежелі
тыныс жетіспеушілігі (тыныштық кездегі демікпе, құрғақ жөтел, өте аз қақырық, перкус-
сиялағанда – өкпе дыбысының қысқаруы) тұрады. Тыныс әлсіреп, тыңдағанда құрғақ
ысқырықты және ылғалды сырылдар естіледі. Жүре шектері кішірееді, тондары әлсірейді.
Рентгенде өкпе тіні эмфизематозды түрде кеуіп, қабырғалар көлденең орналасады,
көк ет төмен ығысады. Өкпе эмфиземасына тән белгілерге өкпенің жалпы
сиымдылығындағы тыныс көлемінің тұрақты ұлғаюы жатады.
Cor pulmonum – патогенетикалық негізінде өкпе гипертензиясы жатады. Сонымен
қатар, іріңдіктер, пиопневмоторакс, спонтанды пневмоторакс, амилоидоз анықталуы
мүмкін. Бронх-өкпе жүйесінің ақаулары нәтижесінде қалыптасқан созылмалы қабыну
аурулары бөлек топ құрайды. Бірақ, оларда да емдеудің әсерінен процесс тұрақталуы
мүмкін. Созылмалы пневмониясы өте ауыр брохиальдық обструкциямен өтетін ауруларға
көп көңіл аудару керек. Обструктивті зақымдалдың болуы қортындыны қиындатады,
кейде балалық шақта өкпе-жүрек жетіспеушілігінің пайда болу мүмкіндігі арытады.
Созылмалы пневмонияның ажырату диагнозы тыныс мүшелерінің ауруларымен
жүргізіледі. Яғни, созылыңқы сегментарлы пневмония, тыныс мүшелерінің ауруларымен
қатар, жүйелік және тұқым қуалайтын аурулар, өкпе туберкулезімен жүргізілуі керек.
Анамнезінде – клиникалық мағлұматтармен қатар, рентгенобронхолық зерттеулердің
шешуші маңызы үлкен. Диагноз тек бронхографиядан кейін ғана күмәнсіз қойылады.
Созылмалы пневмонияның толық және дұрыс арнайы бөлімдерде жүргізіледі.
Тұқым қуалайтын дерттің бар-жоғын ажырату үшін мұқият жиналған анамнез бен
ата-тектеріндегі ауру шежіресін анықтау өте қажет. Өкпе дертінің басқа бір (жүйелі)
аурудың салдары болуы мүмкіндігін (муковисцидоз, тұқым қуалайтын иммундық жетіс-
пеушіліктер және т.б) ұмытпаған жөн. Муковисцидоз диагнозын қою үшін біраз сынақтар
қолданылады, бірақ олардың ішінен ең кең таралған – генетикалық тексеріс және тер
құрамындағы натрий мөлшерін пилокарпин электрофарезі арқылы анықтау [сау балалар
50 ммол/л-ден кем, ал, ауруда – 60 ммоль/л-ден артық болады]. СП-мен ауыратындардың
арасында А-иммундық глобулиннің мөлшерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Өкпе туберкулезінен ажыратқанда, анамнез (туберкулезбен ауыратын адамммен
қатынаста болу, туберкулезге қарсы егілу, биологиялық сынақтар жайы, дене қызуы),
клиникалық-рентгендік көрсеткіштер, биологиялық сынақтар еске алынуы керек. Күдікті
жағдайларда Манту сынамасы, Пирке реакциясы қойылып, жергілікті туберкулин сынама-
сы нәтижесіне және басқа тексерулер нәтижелеріне баға беріліп, қортынды жасалады.
Туберкулезде көбінен өкпенің жоғарғы бөлігі ұшыраса, СП төменгі және ортаңғы
бөліктерде жиі байқалалады. Туберкулезбен ауыратын балаларда физикалық белгілер аз
болып келедіде, науқастың жалпы хал-жағдайы қалыптыдан көп өзгере қоймайды.
Емі.
СП-мен ауырған науқастардың емі сатылы, әр ауруға жеке оңтайландырылып
(кеселдің кезеңі, қайталау жиілігі, қосалқы аурулардың болуы) жүргізілуі керек. Қайталау
кезінде науқастар ауруханада емделгендері жөн.
Достарыңызбен бөлісу: