Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет177/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Негізгі ем бағыттары:
1. Организмнің өзгерген реактивтілігі мен өкпенің 
резистенттігін қалпына келтіру; 2. Инфекция және пневмослероздың үдеуімен күресу; 3. 
Бронх тарамдарының функциясын қалыптастыру. Рецидив кезінде негізгі инфекцияға 
қарсы бағышталып, зақымдалған бронхтарын қызметін қалыптастыруға бағышталған 
болса, ремиссия кезінде науқас организмінің жалпы реактивтілігін көтеруге және өкпе 
резистенттілігін артыруға, инфекция ошақтарын тазартуға, аэроемге бағышталады. СП-
ның өршу кезеңінде төсектік режим тағайындалады, дене қызуын төмендететін, токсикоз 
белгілерін азайтатын ем жүргізіледі. Тамақ калориясы белок (ет, ірімшік), май (сары май, 
балық майы) есебінен көбейтіледі. Емдәм құрамы асқорыту жағдайына және қосалқы 
аурулардың бар-жоғына да байланысты болып келеді. Өршу белгілері ауыр байқалса, ас 
тұзы мен көмірсулар мөлшерін азайтып, экстракты заттарды шектеген жөн. 


297 
Антибактериялық ем
ерте басталу керек. Антибиотиктерді
 
бронх немесе кеңірдек 
шырышынан себілген микробтардың сезімталдығының қортындысына қарай, тағайындау 
керек. Бірақ, in vivo мен in vitro сезімталдығы ылғи да үйлесе бермейді. Егерде 
қоздырғыштардың сезімталдығын анықтау мүмкін болмаса, өткенде қолданылған 
антибиотик бұл жолы тағайндалмау керек деген қағида сақталуы керек.
Муколитикалық дәрілер ішуге және ингаляция жолымен тағайындалуы керек. 
Бронхоскопиялық тазалау (санация) және анибиотиктерді, антисептикалық заттарды
эндобронхиальды енгізу іріңді эндобронхит анықталғанда жүргізіледі.
Муколитиктер:
Протеолитикалық 
ферменттер 
(химотрепсин, 
химопсин, 
рибонуклеаза); 10% N-ацетилцистеиннің ертіндісі 2-3мл, соңғы кезде жасына байланысты 
100-200мг-нан күніне 3 рет қолданылады. Ультрадыбыстық және компрессорлық 
аэрозольдық ингаляторлар пайдалынылады.
Физиоем
. Қозу кезінде Ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) электр тогы (3-4 процедура), 
одан әрі «Луч-2» аппаратымен ультратолқын емі, содан соң әртүрлі дәрілермен (дионин, 
платифиллин ертінділері және т.б.) электрофорез (обструктивті синдромда) 
тағайындалады. 
Емдік дене шынықтыру барлық кезеңдеріндеде тағайындалады. Қалыптық 
(позициялық) дренаж жасау өте маңызыды болып келеді 
(106 - сурет). 
106 сурет. 
Постдуральды массаж 
Массаж.
Кеуде қуысының массаждық дренажы жасалады. Квинке қалпында (бас 
жағы төмен, бөксе жағы көтереңкі етіп жатқызу) кеуде қуысына массаж жасалады. 
Процедура күніне 2-3 рет, біріншісі ертеңгі ұйқыдан тұрған бойда жасалады. Тыныс алу 
гимнастикасының да пайдасы бар.
Кортикостреоидтармен емдеу
: преднизолон – 1-1,5 мг/кг, ұзақтығы 5-6 апта, 
тәуеліктік дозасы күн сайын 2,5 мг-ға төмендетіледі. Емдеу курсын дәрінің өте аз 
мөлшерімен аяқтайды (1,25 -2,5 мг), ол 7-10 күнге созылады. 
Спазмолитиктер мен анигистаминді дәрілер:
Эфедрин, эуфиллин, антигистаминді 
дәрілермен бірге ішуге беріледі, инъекция және ингаляция түрінде тағайындалады. Және 
т.б. витаминдер тағайындалады. 
Қуаттандырушы және витаминдік емдер
. В тобындағы витаминдер, аскорбин 
қышқылы, никотин қышқылы, дибазол, элеутерококк, женьшень, апилак, пантокрин 
тағайындалады. 


298 
Т-лимфоидты жүйенің жетіспеушілігі лабораториялық зерттеулермен дәлелденген 
жағадайда левамизол (декарис) және т.б. иммундық жүйеге әсер ететін препараттар 
тағайындалады. 
Хирургиялық емдеу
әдісі аурудың өкпе бөліктерінің зақымдалған, басқа ем 
көмектеспейтін жағдайда, тұрақты жергіліктенген іріңді эндобронхиттерде қолданылады. 
Екі жақты созылмалы пневмонияны хирургиялық әдіспен емдеуден бұрын іштен туа 
болған трахеобронхиальды жолдардың ақауларының және жүйелі аурулардың бар-жоғын 
ұқыпты түрде тексеріп алу керек, өйткені бұндай жағдайларда ота жасауға болмайды. 
Көптеген авторлар отаны 7 жастан кейін, өкпе құрылымының толық жіктелуі 
аяқталғаннан бастап жасау керек деп, есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет