301
Аллергияның IV типінің біріншілік медиаторлары – лимфокиндер (цитокиндер)
арнайы Т-лимфоциттерден
бөлінеді және хемотоксикалық, бластрансформациялық,
цитолитикалық, реттеушілік әсерлері бар.
Аллергиялық ауруларды анықтауды келесі ұстанымдар бойынша жүргізеді:
- Туысқандарында аллергиялық реакцияларды және ауруларды анықтау мақсатында
отбаслық шежірені зерттеу.
- Жеке басының аллергиялық шежіресін талдау.
- Аллергиялық аурулардың клиникалық белгілерін анықтау үшін Баланы объективті
зерттеу.
Аллергологиялық зерттеу:
∙ in vivo – терілік скарификациялық сынамалар немесе прик-тестлер:
∙ in vitro – жалпы және арнайы Ig E-ні анықтау.
Респираторлық жолдың аллергиялық ауруларында
сыртқы тыныс қызыметін
бронходилятаторлармен ингаляциялық фармакологиялық сынамалармен зерттеу.
Атопиялық ауруларды емдеу ұстанымдары:
1. Элиминациялық ем – аллергендермен байланысты төмендету немесе жою.
2. Аллергиялық қабынудың иммунологиялық, патохимиялық,
патофизиологиялық
кезеңдерінде дәрімен әсер ету:
∙ клеткалық мембраналардың стабилизаторлары (кромондар);
∙ аллергия медиаторларының антагонистері (антигистаминді, антилейкотриенді әсері
бар дәрілер);
∙ созылмалы аллергиялық қабынуды төмендететін қабынуға қарсы заттар (жүйелі
және жергілікті әсерлі глюкокортикостероидтар, пимекролимус);
∙ анти- Ig E- антиденелер.
3. Аллергиялық қабынудың иммунологиялық, патохимиялық және патофизиологиялық
сатыларына дәрі емес тәсілдермен әсер ету:
∙ Антигенспецификалық иммунотерапия (АСИТ):
∙ емдеудің фармакологиялық емес көмекші әдістері (баротерапия, иглорефлексотера-
пия, галотерапия, климатотерапия, тыныс гимнастикасы және басқалар).
4. Балаларды және олардың ата-аналарын оқыту.
8.1. ТЫНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ.
Респираторлы аллергоздар –
жинақ түсінік, оған жоғары тыныс жолдарының
аллергиялық аурулары (респираторлық аллергоздардың аздаған түрлері), бронх демікпесі
Достарыңызбен бөлісу: