303
қорытындысынан бөлек аллергиялық риниттің дәлелі болатын мұрын жағындысында
эозинофильдердің анықталуы.
Аллергиялық ларингит
жиі үш жасқа дейінгі балаларда тағамдық аллергендерге,
сирек басқа да топ аллергендеріне туындайды. Әдетте ауру қайталамалы. Жиі түнгі
мезгілде өршиді. Қатаң, үрген тәрізді жөтел, дауыс қарлығуы дамиды. Жиі аллергиялық
қабынуға трахея мен бронхтарда ұшырайды (аллергиялық қайталамалы ларинготрахеит,
ларинготрахеобронхит). Көмей ісінуі даму мүмкіндігі жоғары.
Аллергиялық трахеит
клиникалық көрінісі құрғақ қатты жөтел, жиі түнде өршиді
және төсартының ауырсынуымен жүреді. Азапты жөтелге қарамастан, баланың жағдайы
өзгере қоймайды. Пароксизмальды жөтел, құсу, бала жағдайының түнде өршуі көкжөтел
деп қате диагноз қоюға ұшыратады. Аллергиялық трахеиттің жиі себебі тұрмыстық
аллергендер.
Аллергиялық обструктивті бронхит
төменгі тыныс жолдарының ауруына жатады.
Қазіргі күнде бұл ауру этиологиясы мен патогенетикалық механизмі демікпемен бірдей
болғандықтан бронхиальды демікпенің жеңіл түрі деп қарастырылады.
Диагноз.
Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларының аллергиялық немесе
инфекциялық екенін ажырату қиын. Кейбір анамнездік, клиникалық, лабораториялық
ажырату белгілері төмендегі кестеде
(78 кесте)
берілген:
78 КЕСТЕ
ТЫНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АУРУЛАРЫНЫҢ АЖЫРАТУ ДИАГНОЗЫ
Аурулардың клиникалық және
параклиникалық белгілері
Аллергиялық
этиологиялы
Инфекциялық
этиологиялы
1. аллергиялық ауруларға отбасылық
бейімділік
2. анамнезінде өкпеден тыс аллергиялық
жағдайлар
3. аурудың тұрақты қайталамалығы
4. өршу кезінде клиникалық көріністерінің
фенотиптілігі
5. күдікті аллергенді элиминациялағанда
клиникалық белгілерінің азаюы немесе
жоғалуы
6. дене қызуының жоғарылауы
7. баланың тәртібі
8. тәбеті
9. қан анализінде
10. антибактериальды емнің нәтижесі
11. антигистаминді препараттарды қолдану
нәтижесі
12. аллергологиялық тесттер
13. сарысуда жалпы IgE деңгейі
14. мұрын жағындысында
өте жиі
жиі
тиісті
тиісті
бар
болмайды
қозу,
гиперактивтілік,
сөйлегіштік
сақталған
эозинофилия
жоқ
жақсы
оң
жоғарылаған
эозинофилдер
сирек
сирек
тиісті емес
этиологиясына қарай
әртүрлі клиникалық
белгілер
жоқ
болады
әлсіздік,
шаршағыштық
төмендеуі мүмкін
вирусты немесе
бактериальді қабыну
белгілері
жақсы болуы мүмкін
жоқ немесе аз
теріс
қалыпты
нейтрофильдер
Достарыңызбен бөлісу: