306
Сиыр сүтінде 25 антиген бар, олардың ішінде аллергенділігі жоғары β-лактоглобулин,
казеин, сарысулық альбумин, α-лактоальбумин болып келеді. Олардың көбінің антиген-
дік қасиеті қайнатқанда жоғалады (β-лактоглобуллин мен казеин
төзімдірек болады).
Түрлі арнамалы ақуыз болып табылмайтын казеинге
сенсибилизация байқалғанда қилы-
стық реакция басқа жануарлап сүтіне байқалуы мүмкін. Балық аллергендері ыссылыққа
берік болып келеді де, өзінің антигендігін гидролизденгенде сақтап қалады. Тауық жұ-
мыртқасының ақуыздарының (овальбумин, кональбумин, лизоцим, овомукоид, жұмырт-
қаның сарысында да болатын вителлин) айқын аллергендік антигендік қасиеті болады
және ол қыздырғанда (қайнатқанда) сақталып қалады.
Жұмыртқа ақуыздары арнаулы
емес, сондықтан әртүрлі құстар жұмыртқасына қиылыстық реакциялар байқалуы мүмкін
Өсімдік тектес тағамдардың ішінде ең жоғары аллергендік қасиет келесі тағамдар-
да байқалады: цитрустар, шабдалы, алма, құлпынай, бүлдірген, қаражидек және т.б.
Жиірек бидай, сұлы, жасыл бұршақ, арахис
ақуыздарына сенсибилизация
анықталады.
ТА-да жиі қилыстық аллергия дамиды. Мысалы: саңырауқұлаққа сенсибилизация-
ланған науқаста ашытқы қамырына, сырға (сүзбеге), ащысүт тағамдарына аллергия
байқалса, алмаға сенсибилизация байқалатындарда қайың тозаңына аллергия байқалады,
жүзімге аллергиясы бар балаларда алабота (көкбек) тозаңына сенсибилизация білінеді.
ТА байқалатын балалардың көпшілігіне поливалентті немесе құрамдас сенсибилизация
тән болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: