319
І. Болжауға болатын (дәрімен емдеудің асқынуларының шамамен 75-85%):
дәрілердің токсикалық әсері артық мөлшерде қолданағанда, метаболизмі, шығарылуы
бұзылғанда, туа пайда болған және жүре пайда болған мүшелер зақымдалуында,
дәрілік заттарды
қосарлап қолданғанда дамиды;
дәрілердің кері әсері фармакологиялық қасиеттеріне де байланысты, қолданылған
препарат тек зақымдалған мүшеге ғана емес – басқа да мүшелерге әсер етуі мүмкін;
мысалы, Н1-гистаминоблокаторлардың М-холинолитикалық және седативті әсері;
бронхиальды демікпеде қолданған эуфиллиннің ОЖЖ стимуляциясы; цитостатикалық
емде лейкопоездің қажуы;
фамакологиялық қасиетіне байланыссыз екіншілік әсері дамуы; мысалы,
антибиотикпен емдегенде ішек дисбактериозы дамиды.
ІІ. Болжауға болмайтын:
дәрілік аллергия;
идиосинкразия – науқастың генетикалық зат алмасу ерекшеліктері, олар дәріні көтере
алмаушылық пен оның кері әсерін анықтайды: мысалы, Г-6-ФД
тұқым қуалайтын
жетіспеушілігі
бар
науқастарда
қызу
түсіретін
және
малярияға
қарсы
сульфаниламидтер мен нафтихинолондарды қолданғанда гемолитикалық криз дамиды.
Дәрілік аллергия (ДА) – дәрілерді қабылдаумен туындайтын иммупатология-лық
механизмдерге негізделген реакциялар мен ауруларды біріктіретін түсінік.
Аллергиялық емес жоғары сезімталдық медикаменттердің ізашар иммунологиялық
стадиясыз биогенді аминдердің (гистамин, т.б) босап шығуын белсендіруіне негізделген
(ацетилсалицил қышқылы – антидене қатынасысыз комплемент) белсендіретін
простогландиндердің липоксигеназды жолмен синтезін стимуляциялайды).
Достарыңызбен бөлісу: