Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет194/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Болжамы 
ауыр дәрілік аллергияда, асқыну болғанда қолайсыз. 
Алдын-алу
. Біріншілік алдын-алу атопиялық дерматиті, аллергиялық ауруы бар 
балаларда дәрілерді тағайындарда өте сақ болу керек. Екіншілік алдын-алу балаға 
аллергия дамыған медикаментті тағайындауға жол бермеу. Бірінші аллергиялық реакция 
туралы емхананың даму тарихы мен стационардағы ауру тарихының бірінші бетіне қызыл 
қаламмен жазып қою керек.
Ата- аналар мен жасы үлкен балалар дәріге аллергиясы барын білу керек. 
8.6. ЖӘНДІКТЕРГЕ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ 
 
Жәндіктерге аллергиялық реакцияның негізгі түрлері


жәндіктер шаққанда терілік реакциялар; 

жүйелі анафилактикалық реакция; 

жәндіктер бөлетін заттарға респираторлы аллергиялық реакциялар 
Бірнеше секунд немесе минуттан соң дамып, бірнеше сағаттарға, күндерге созыла- 
тын жедел типті реакцияны және шаққаннан кейін 1- 2 күннен соң дамитын баяу аллерги- 
ялық реакцияны ажыратады. Токсикалық әсерлер көп жәндіктер шаққаннан кейін дамиды. 
Этиологиясы.
Аллергия тудыратын жәндіктер жарғақ қанаттылар. Ара мен сона 
шаққанда жүйелі ауыр әсер береді. Маса шаққанда айқын аллергия дамымайды, себебі 
олар у емес жергілікті реакция туғызатын сілекей бездерінің секретін бөледі.
Патогенезі.
Жәндіктер шаққанда ерекше әсер IgE және IgG-дің реагиндеріне 
байланысты болады. Удың құрамындағы негізгі аллергендер А
2
фосфолипаза, гиалурони-
даза, мелиттин, қышқылды фосфатазаның белсенділігімен жоғары молекулярлы фракция-
сы және С аллерген. Сонымен қатар, жәндіктер уы мен сілекейінде гистамин, ацетилхо-
лин, кининдер, басқа да биогенді аминдер мен олардың либераторлы, ферменттері бар. 
Бұл жағдайда аллергиялық емес жоғары сезімталдық жоғары орын алады.
Клиникалық көрінісі.
Айқын жергілікті реакция үлкен ісікпен, эритемамен көрінеді 
(d>10см), 24 сағат сақталады. Сонымен бірге, жедел аллергиялық реакцияның басқа да 
белгілері дамуы мүмкін: есекжем, ангионевротикалық ісік, беттің қызаруы, лоқсу, құсу, 
жұтқыншақ, дауыс желбезегінің, көмейдің, трахеяның ісінуі, бронхоспазм нәтижесінде 
тыныс алудың қиындауы, іште ауырсыну, диарея, артралгияның пайда болуы. 
Анафилактикалық шок (АШ) – ауыр аллергиялық реакция. Ол дененің кез келген 
жерін жәндіктер шаққанда дамиды, бірақ бас пен мойыннан шаққанда даму мүмкіндігі 
жиілейді. Көп жағдайларда АШ белгілері алғашқы он бес минутта дамиды, бірақ кейде 
баяу дамуы да мүмкін. Анафилактикалық шок клиникалық көрінісі төменде берілген. 
Бірінші шаққанда реакция неғұрлым ауыр болса, оның қайталауы соғұрлым жоғары. 
7-12 күн өткен соң сарысулық ауруға ұқсайтын реакция дамуы мүмкін. 
Диагноз анамнезге негізделеді. Терілік сынаманы ара және сона уының 
сығындыларымен жүргізеді. In vitro IgE анықталуы мүмкін. 


322 
Емі.
Арнамалы емес белгілеріне сәйкес ем тағайындайды. Жергілікті салқын 
компресс, қышынуға, қабынуға қарсы майлар, ішуге антигистаминді, стероидты емес 
қабынуға қарсы дәрілер қолданады.
Алдын- алу.
Аллергиясы бар адамдарға сақтану ережесі: 

жазды күндері далаға денені барынша жауып тұратын, ашық түсті киімдер киіп шығу; 

жәндіктер пайда болғанда күрт қимылдар жасамау; 

бас киім киіп жүру; 

орманда, далалық жерде, шалғында тамақ жегенде абай болу; 

прополис бар препараттарды қолданбау; 
Ата-аналары жәндік шаққанда дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу керек. 
8.7. АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК 
Анафилактикалық шок (дұрысы – коллапс) – 
гемодинамиканың декомпенсаци-
ялы бұзылысымен байқалатын жедел, жүйелі аллергиялық реакция, І аллергиялық реакция 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет