Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет196/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Диагнозы.
АШ диагнозын қоюда анамнез бен клиникалық белгілеріне арқа сүйейді. 
Ажырату диагнозын басқа шоктармен жүргізеді: жарақаттық, постгеморрагиялық, 
кардиогендік, септикалық; вазовагальді коллапспен; жайылған есекжеммен; бөгде дене 
аспирациямен жүргізеді. Вазовагальді коллапсқа брадикардия, лоқсу, аллергиялық 
респираторлық және терілік көріністердің болмауы, тұрақты артериальдық қысым тән.
Бұл белгілер науқасты горизонтальді қалыпта жатқызғанда жойылады.
Емі.
Құсық аспирациясынан асфиксия болмауы, тілмен қақалмауы үшін баланы бір 
қырына жатқызады. Құсық болмаса арқасына жатқызып, бас жағын көтеріп қояды. 
Науқасты жылы жауып, тыныс жолдарын босатып, таза ауаға жол беріп, оттегі емін 
бастайды.
Бір уақытта және тез қарқынмен келесі шараларды жүргізеді: 

теріастына 0,1% адреналин ерітіндісін, 1% мезатон ерітіндісін, немесе 0,01мг/кг дозада 
норадреналин (адреналинді бұлшықетке егуге болмайды, ол қаңқа бұлшықеттерінің 
тамырларын кеңейтіп, қан айналымының децентризациясын күшейтеді.) 

0,1- ден 1,0 мл-ге дейін кофеин ерітіндісі немесе кордиамин 0,1- 1,0 мл жіберіледі. 
Бұл препараттарды енгізуді 15-20 мин қайталауға болады.
Егер артериялық қан қысымы көтерілмесе, жалпы әлсіздік сақталса – келесідей ем 
жүргізеді: 

0,01% адреналин ерітіндісі (1мл ампуладағы 0,1% адреналин ерітіндісін 9мл 
изотоникалық натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді); алынған ерітіндінің 0,1 мл/кг 10-
20мл 5% глюкоза ерітірдісіне қосып, көктамырға жібереді (минутына 0,2мкг/кг-нан 
бастап, оны 1,5-2,0 мкг/кг минутына дейін көтереді); 

көктамырға тез арада каллоидты қаналмастырғыштар мен натрий хлоридінің 
изотоникалық ерітіндісін құяды.

олигурия, жүрек әлсіздігі байқалса, оттегі емі фонында допамин құяды (200мг 250мл 
натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісіне, 1 мл алынған ерітіндіге 800 мкг сәйкес),
5мкг/кг минутына, кейін 10-14-20 мкг/кг минутына көтереді. 

бұлшықетке 3% преднизолон ерітіндісі (0,1-0,2мл/кг) немесе гидрокортизон (4-8мг/кг) 

бронхоспаз, басқа да тыныс жолдарының бұзылыстарында көктамырға 2,4% эуфиллин 
ерітіндісі (5-4мг/кг 20 мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісіне) енгізіледі. 

жүрек әлсіздігінде глюкогон және жүрек гликозидтер (строфантин) тағайындалады. 
Тыныс жолдарының өткізгіштігін үнемі тексеріп, қажет болғанда, ауаөткізгіш енгізе-
ді. Интубациялық түтіктің ішкі диаметрін келесі формуламен есептеп шығаруға болады: 


324 
түтік диаметрі = [16+аурудың жасы (жылмен)]: 4
Мысалы:
екі жасар бала үшін диаметрі 4,5мм интубациялық түтік қолданады.
Тұрақты артериялық гипотония болғанда (20мин) – ИВЛ-ді бастау керек.
АШ-тың ауыр емес түрінде ішке немесе көктамырға Н
1
-гистаминоблокаторлар 
қолданады. Пиполфенді оның гипотензивті әсеріне байланысты тағайындамайды. 
Құрт-құмырсқа шағып алғаннан кейін немесе дәрілік заттар еккеннен кейін дамыған 
АШ- та иньекция немесе жәндік шаққан (мойын мен бастан басқа жерді) жерді 5-6 
жерден 10 мл физиологиялық ертіндіде сұйылтылған 0,1%-ды адреналинмен егеді. Аяқ-
қолына дәріні еккен немесе жәндік шаққан жерден жоғары бұрау салады (10 минут өткен 
сайын 1-2 минутқа босатып тұрады). Препарат енгізілген жерге, дәрінің сорылуын азайту 
үшін, мұз қояды. 
Пенициллин енгізгеннен соң дамыған АШ-та науқасты коллапс және асфиксия 
жағдайнан шығарып алған бойда, бұлшықетке пециллиназа (1 000 000 ХБ) егеді. Барлық 
науқастар ауруханаға жатқызылуы керек, себебі, АШ толқын тәрізді дамиды. Әдетте, 
науқастың жағдайы ауру басталған соң 5 немесе 24 сағат ішінде нашарлайды. 
Науқастарды тек өміріне төнген қауіптен құтқарған соң ауруханаға жеткізеді. Ауруханада 
жоғалған сұйықтық мөлшерін толтыру үшін және жалпы қан мөлшерін арттыру үшін 
инфузиялық ем жүргізеді. Көп ауруларда ТІШҰ синдром дамуы мүмкін, сондықтан 
антикоагулянттар (геприн) мен антиагреганттар (курантил) дайын болу керек. Миокардит, 
гломерулонефрит, сарысу ауруы, энцефалит дамуы мүмкін болғандықтан ауруханадан 10 
күннен соң шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет