326
Демікпенің негізінде – организмнің, әртүрлі аллергендермен сенсибилизациялану
нәтижесінде дамитын, аллергиялық активтілігі жатады. Аллергиялық реакциялардың
негізінде – антиген-антидене конфликтісі жатады, бұл конфликт «шокты»
немесе
«күйреген» мүшедегі клеткаларда жүреді.
Демікпенің себебі болып, ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) түрткілерге
(аллергендер) болып есептеледі.
Аллергендерді келесі топтарға бөлуге болады:
1. Жұқпалы емес аллергендер (шаң, тозаң. өнеркәсіптік, дәрі-дәрмек, кене, жәндіктер, үй
жануарлары аллергендері).
2. Жұқпалы аллергендер (вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, ашытқы және т.б.)
3. Механикалық және химиялық аллергендер (метал, ағаш ұнтағы, кірпіш тозаңы, мақта
тозаңы, қышқылдар буы т.б.)
4. Физикалық, ауа-райының өзгеруі (ауаның қызуы мен ылғалдығының өзгеруі,
барометриялық қысымның, жердің магнит өрісінің және т.б. өзгеруі).
5. Жүйке іс-әрекетіне қапыл қатты әсер ету, күйзеліс (стресті) жағдайлар.
Жұқпалы емес аллергендердің ішінде үй шаң-тозаңдарының маңызы үлкен.
Жасқа
дейінгі балалар үшін тамақ аллергендердің маңызы зор болып есептелінеді. Көбіне
бірнеше аллергендердің қосылуы байқалып отырады (поливалентті сенсибилизация).
Жұқпалы аллергендердін арасында бактериальды аллергияға көп көңіл бөлінеді. Көбіне
стафилакокқа, протейге және ішек таяқшасының аллергеніне аса сезімтал, көп валентті
бактериальды аллергия кездесіп отырады. Демікпенің даму барысында қайталап соққан
жедел респираторлы аурудың, тыныс жолының қайталап қабынуларының маңызы зор.
Балалар демікпесінің дамуында өкпе тінінің антигендеріне, әсіресе, бронх бұтағының
кілегей қабаты мен бронхтардың жұмсақ еттерінің
антигендеріне организмнің
сенсибилизациялануынан пайда болатын аутоиммунды механизмдердің маңызы ерекше
болып саналады. Бұл жағдайда бронх-өкпе аппаратына, өкпе тіндеріне жайғасып алатын
микроорганизмдердегі жалпы антиген детерминанттарының болуының маңызы бөлек
(А.Ф. Адо). Сонымен қатар, вирусты инфекциялардың ықпалынан, бронхтарда ткандік
аутоантигендердің пайда болуы (Л.Е. Лезовская және т.б.), Т-лимфоциттердің – супрес-
сорлардың функциялық жарамсыздығының дамуымен жүретін,
организмнің иммунды
жүйесін, Т-лимфоциттерінің, реттеу қызметінің бұзылуының маңызы бар (Р.В. Петров).
Сенсибилизация факторларынан басқа, аллергиялық реакцияларға, тұқым
қуалаушылық бейімділікте үлкен әсер етіп отырады. Тыныс жолының ткандерінің
тосқауылдық қызметінің тұқым қуалаушылықтан пайда болған жетіспеушіліктің аллер-
гиялық антиденелердің жинақталуына организмнің
аса жоғары қабілеттілігі, бронх-өкпе
аппаратының аллергиялық қабыну медиаторларына жоғары сезімталды болуы, эндо-
катехоламиндерге ß
2
-адренорецепторларының сезімталдығының төмендеуі де әсер етеді.
Екінші сатысында гистаминнен басқа да биологиялық активті субстанциялардың,
атап айтқанда – серотонин, гепарин, ацетилхолин, брадикинин, баяу әсер ететін зат –
анафилаксиндер түзіледі. «Мес» клеткалардан бұл медиаторлардың өте көп бөлінуі жедел
типті аллергиялық реакцияның нәтижесі болып есептелінеді, ол аллергендердің (үй шаңы,
жануарлар жүнінің тозаңы т.б.) көп мөлшерде бөлінетін реагинмен
әсерлесуінен пайда
болады. Аллергиялық реакциялардың іске асылуы циклді нуклеотидтер жүйесіне
байланысты, ß
2
-адренергиялық жүйенің бұзылуынан көп бөліне бастайды. Демікпе
кезіндегі ß
2
-адренорецепторлардың жарамсыздығы генетикалық детерминирленген деп
есептейді. ß
2
-адренорецепторлардың
материальдық субстраты болып саналатын
клеткалық мембрана ферменті ß
2
-адренилциклазаның
белсенділігінің төмендеп,
антиспастикалық әсерінің іске асуына бағытталған реакциялар тізбегіне қатысатын клетка
ішіндегі циклдік АМФ жеткіліксіздігі пайда болады.
Артюс феномені бойынша жүретін гиперсезімталды реакцияның үшінші түрі –
иммунды конфликтіге қатысатын IgЕ-ге жататын антиген-антидене преципитиндерімен
327
сипатталады. Иммунды кешендер өкпе тамырларының қабырғаларына бекітіліп,
оларды
зақымдай бастайды да, өкпе васкулиті дамиды.
Аллергиялық реакцияның төртінші түрі баяу типті реакцияға жатады да, Т-
лимфоциттердің қатысуымен жүреді, реакция негізінен бактериальды аллергияларда
байқалады.
БА-мен ауыратын балаларда, вирустарға сенсибилизация сау балаларға қарағанда,
жоғары. Бұл жерде грипптің вирустарын, парагрипптерді,
адено- және РС- вирустарды
атап айтқан жөн. Жоғары тыныс жолдарында созылмалы инфекцияның болуы БА-ның
дамуында вирустардың арнайы маңызын артыра түседі.
Химиялық заттар (ксенобиотиктер) өздері тікелей аллерген болып келеді немесе
организм белоктарына адсорбцияланғаннан кейін осындай қасиеттері пайда болады
(гаптендер).
Пассивті немесе белсенді шылым шегу, сыртқы ортаның поллютанттарының (күкір-
ттің тотықтары, озон, азот тотығы, автокөліктер шығаратын газдар, нитраттар, сульфит-
тер) және тұратын мекендердегі поллютанттардың (азот тотығы, көміртегінің тотығы мен
қос тотығы, формальдегид) мөлшеріні БА-ның дамуында алатын орындары ерекше.
Тамақ-тағамдардан – көбіне балық, жұмыртқа, ет, шоколад,
апельсин, мандариндер
және олардың иісі аллерген болып табылады. Тұрмыстық шаң, өсімдік, әсіресе гүлдердің
тозаңдары да, аллергенге жатады.
БА-ның дамуына тікелей ықпал ететін ішкі түрткіле р:
Достарыңызбен бөлісу: