Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет201/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Анықтау шектері:
созылмалы ұстама, бронхтарды кеңейтетін дәрілердің тиімділігі 
орташа болады, кейде кортикостероидты гормондармен қосып қолданғанда ғана әсер 
етеді. Ұстама кезінде дене қызуы субфибрильді немесе фибрильді көрсеткіштерге дейін 
ғана көтеріледі. Сауығу (ремиссия) кезінде өкпеде әртүрлі, функциялық обструктивті 
тежеулі сипатты көріністер сақталады. Тері сынамалары инфильтрация түрінде болады да, 
сынама қойылғаннан кейін 6-12 сағаттан соң пайда болады (атопиялық түрімен 
қосарланғанда, қос сатылы болуы мүмкін, 20 минуттан соң күлбіреу пайда болады да, 1 
сағаттан кейін жәйлап кетіп, содан соң инфильтрат пайда болады, 24 сағат бойына пайда 
болуы да мүмкін) Гемограммада лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы байқалады, қанда 
иммундық кешендер анықталады. Бұл өзгерістер, әсіресе ұстама кезінде айқын білінеді. 
Паторецепторлы түрі. Бірінші ретте дамуы мүмкін, бірақ, көбіне атопиялық даму 
(эволюциялық) вариантының түрі болып келеді. Анықтау белгілері әртүрлі антиген емес 
тітіркендіргіштің (метео-факторлар, ингаляция арқылы әсер ететін заттар, денеге салмақ 
түсу) әсерінен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жиі қолданылуға байланысты бронх 
кеңейтетін адреномиметикалық қатардың ксантиндерге және басқа дәрілерге сезім-
талдығы пайда болады. Сауығу кезеңінде бронхиальдық обструкция гипервентиляциялық, 
мөлшерлеп денеге салмақ түсіру, ацетилхолинмен және гистаминмен басқа бронх тарыл-
татын дәрілермен жүргізетін сынамалардың әсерінен пайда болады. Сауығу кезеңінде 
бронходилататорлармен жүргізілген фармакологиялық сынамалармен бронхтардың 
өзгерімпаздығы тән болып келеді. 
Дисметаболикалық түрі. Сирек кездеседі, ал нәтижесінде шектен тыс «астмо-
генді» метаболиттер пайда болатын, зат алмасудың туа біткен алғашқы бұзылыстармен 
байланысты. Мысалы: ß-тәуелді бронхиальды астма, «аспириндік» бронхиальды астма, 
гипербрадикининемия синдромында байқалатын бронхиальды астма және басқалар. 
Жіктелмеген түрі бронхиальды астмамен ауыратын балалардың 5-10%-ында 
байқалады. Аурудың бұл тобы ұзақ бақылаудан соң және жан-жақты тексеруден кейін 
ғана анықталады. 
Негізгі этиологиялық факторлар.
Инфекциялық емес сенсибилизация екендігі 
аллергологиялық анамнез мәліметтерімен анықталып, аллергологиялық кабинетте терілік
сынамалар, ал кейбір ауруларда болжанған аллергендермен жүргізілген провокациялық 
және лабораториялық сынамалардың көмегімен жүргізіледі. Ал, инфекциялы 
сенсибилизацияны анықтау үшін терілік, ингаляциялық провокациялық және 
лабораториялық сынамаларды қатар жүргізу керек. 
Инфекциялық бейімділігі.
Бронхиальды астма ұстамасының тыныс жолдарының 
жедел инфекциялық зақымдалуымен, қайталама және созылмалы тыныстық инфекцияның 
өршуімен байланысты болуымен анықталады. 
Жүйкелік (психогенді) тәуелділігі
әдетте дерт ұзақ, қатал дамығанда пайда болады, 
тұншығу ұстамасы жүйкелік жарақаттармен, жүйкелік күйзелістермен байланысты 
болуымен сипатталады. 


332 
Балалар бронхиальды астмасының жіктелісі бойынша аллергиялық және 
инфекциялық-аллергиялық түрлерін бөледі. 
Аллергиялық түрі. Экссудативті диатезбен ауыратын, жанұялық анамнезі 
асқынған балаларда кездеседі. Аллергендер әсер еткен кезде, қапыл ұстамалы ентігу 
басталады. 
«Аллергизация» кезеңі болмайды немесе жасырын өтеді. 
Инфекциялы-аллергиялық түрі баяу дамиды. Міндетті түрде жедел 
респираторлы аурудан кейін немесе созылмалы инфекция ошақтарының өршуінен кейін 
басталады. 
Клиникасы.
Демікпенің негізгі клиникалық белгілеріне – ауық-ауық пайда болатын 
ұстамалы тұншығу жатады. Демікпе әр жастағы балаларда кездеседі, бірақ көбіне 2-3 
жастан асқан кезде жие байқалады. Олардың көбінде демікпе жайлап, бірте-бірте 
басталады. Алғашқы жылдардан тіпті, айлардан бастап оларда қайталама респираторлы 
аурулар байқалып, кейін тыныс алуы қиындап, ысқырған құрғақ сырылдар пайда болады. 
Демікпе ұстамасының алғашқы белгілері, көбіне, тыныс мүшелерінің әртүрлі 
ауруларынан кейін, мысалы, созылмалы тонзиллит, аденеоидит, синусит, ал кейде осы 
аурулардын бірнешеуінің қатар жүруінен кейің пайда болады. 
Балалардың көбінің кеуде қуысының пішіні эмфизематозды кеуіп (әсіресе ұстама 
кезінде), өзгеруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет