335
Пикфлоуметр
(107 сурет)
– қымбат емес және қолдануға жеңіл құрал. Шектік
экспираторлы ағымның қалыпты (пикфлоуметрия көрсеткіштері) көрсеткіштері баланың
дене даму деңгейіне және жасына байланысты болады. Пикфлоуметрия бала 5 жасқа
107 сурет.
Пикфлоуметр.
толғаннан кейін жүргізіледі. Оған дейін шежірелер және клиникалық мәліметтер негізінде
жүргізіледі. Базистік ем жүргізудің негізгі талабына баланың жағдайын пикфлоуметрия-
мен бақылап, график жасап отыру табылады. PEF-ті өлшеу ертеңгісін (PEFе) және кешке
(PEFк) жүргізіледі.
Бронх өткізгіштігінің тәуліктік көрсеткіштері келесі формула бойынша анықталады:
PEFе + PEFк
-------------------- х 100К% =... К%
2 х PEF қалыпты
PEF-ң өзгерістерінің тәуліктік көрсеткіштері
PEFмакс – PEFмин
-------------------------- х 100К% = ... К%
PEF макс
Көрсеткіштердің тәуліктік өзгерістері 20% артық болса, науқастың жағдайы тұрақты
емес екендігін (стабильді емес) көрсетеді. Бұл екі көрсеткіш БА-ның және оның
ұстамасының ауырлық дәрежесін анықтау үшін қолданылады. Науқасқа көмектесу және
оларды дұрыс бақылауды қамтамасыз ету үшін арнайы аймақтар жүйесі жасалған.
«Жасыл аймақ» – PEF көрсеткіші қалыпты деңгейден 80%-дан кем емес. Науқастың
жағдайы тұрақты, БА бақылауда деп есептеуге болады. Базистік ем тиімді астманың
ауырлық деңгейіне сәйкес немесе ұзақ клиникалық ремиссия жағдайында болса, ем
тағайындауға мұқтаж емес.
«Сары аймақ» – «назар салыңыз» деген белгіні білдіреді. Пикфлоуметр көрсеткіші
қалыпты деңгейдің 80-60% аймақты қамтиды. «Сары аймаққа»
ауысу өршу сатысының
басталып келе жатқанын немесе өршудің айқын даму сатысында екенін көрсетеді.
Науқастың жағдайының нашарлауына не себеп болғанын талдап, емін күшейту туралы
шешім қабылдау керек.
«Қызыл аймақ» – қауіпті аймақ. PEF көрсеткіштері қалыпты деңгейден 60%-дан
төмен түседі. Науқас жедел көмек көрсетуді талап етеді. Ем тиімді тағайындалғанда, PEF-
нің тәуеліктік өзгеруі «жасыл аймақ» деңгейінде болуы керек.
Астматикалық (демікпелік) бронхит – көбіне 1 жасқа дейінгі балаларда
кездеседі, ол демікпенің бір түрі болып саналады. Астматикалық ұстаманың патогенезінде
созылма бөлінуінің бұзылуының маңызы үлкен, соның нәтижесінде ұстама неғұрлым жәй
басталып, ұзақ жүреді және кілегей көп бөлінеді.
Балалардағы демікпенің қайталануы өте маңызды және 7-10 күнге созылады. Тыныс
жолдарының қабынуымен қатар, аралас ентігу, ауыр, шулы дем алу байқалады және
тыныс шығаруы ұзарып, қиындайды.
Демікпе ұстамасынан айырмашылығы демікпелік бронхитте тұншығу өте қатты бай-
қалмайды, көбіне дене қызуы көтеріліп, құрғақ ысқырған және әртүрлі ылғалды сырылдар
естіледі. Екеуінің бір-бірінен ажырататын ерекшелігіне спазмолитиктердің демікпелік
бронхитте әлсіз көмектесуі жатады. Қазіргі кезде бұндай термин қолданылмайды.
336
Астматикалық (демікпелік) жағдай (Status astmaticus)
Әдетте ауру қатаң өткенде байқалады. Науқастың жағдайы ұзақ уақыт қатаң болған
кезде ентігу, ауыр дем алу, өкпе-жүрек жарамсыздығы пайда болып, бір тәулік бойына
ауық-ауық, әрі өте жиі,
жалпы жағдайы нашарлап, тұншығу, жөтел байқалады, қан
айналысының бұзылуы, цианоз күшейе түседі. Көптеген мүшелер мен жүйелердің қызметі
бұзылады. Демікпеге қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер, аурудың жағдайын тек
уақытша ғана жақсартады. Терісі бозарып, цианоз, ысқырған ауыр тыныс мазалайды.
Өкпеде тыныс әлсіреп, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Демікпелік статустың
таралмаған ұстамасы кезінде жаңадан қапыл ұстама басталып, асфиксия болуы мүмкін.
Ұстама аралық кезеңде демікпе белгілері болмайды, ол ұстамалық тұншығудан соң
бірнеше күннен соң басталады. Егер демікпе өте ауыр түрде өтпесе, бұл кезеңде
клиникалық белгілер болмайды. Орташа және ауыр түрде өткен ұстамадан соң бозару,
енжарлық, көз астының көгістенуі,
дене дамуынан қалыс қалу, кеуде пішінінің әртүрлі
өзгерулері байқалады. Өкпе үстінде тимпаникалық дыбыс, әлсіз тыныс пен құрғақ
сырылдар сақталып қалады.
Астматикалық жағдайды үш сатыға бөледі. (А.Г. Чучалин)
1 сатысы (компенсацияланған сатысы) симпатомиметиктерге және кейбір басқа
бронхолитиктерге беріктілігімен сипатталады. Көбіне ұстама түрінде байқалмайды,
керісінше, біртіндеп басталып, бірнеше күн, тіптен апталап, айлап созылады. Ақшыл
(бозғылт) цианозбен, экспираторлы ентігумен, кеуде қуысының кебуімен, қатты
жөтелмен,
тынысының әлсіреуімен, аздаған инспираторлы сырылдармен қатар, демін
шығарғанда естілетін азды-көпті ызыңды сырылдармен сипатталады. Алыстан естілетін
тыныс шулары мен аускультация жасағандағы естілетін шуылдар сай келмейді.
Науқастың қасында тұрған дәрігердің көп сырылдар естимін деген болжамы
аускультацияда дәлелденбейді. Әдетте, жүрек гликозидтері әсерін тигізбейтін тахикардия,
эмфиземаға байланысты жүректің салыстырмалы тұйығының шекарасының тарылғаны,
ал, ол ұзақ дамыған кезде невротикалық бұзылыстар байқалады. Кейде тыныстық
бұзылыстарға балалар үйреніп те кетеді де, шағым айтпайды.
2 сатысы обструктивті типтес үдемелі тыныс тапшылығы, науқастың жағдайының
өте қаталдығы, бозғылт цианоз, айқын білінетін тахикардия, тахипноэ және олигопноэ
сияқты белгілермен сипатталады.
Бұл жағдайда сырылдар болмайды, немесе өте аз
мөлшерде шамалы ғана бөлігінде құрғақ сырыл естіледі. Өкпенің төменгі шекарасы
барынша төмендейді, өкпенің қозғалысы (экскурсиясы) шектеледі. Жөтел жойылып
кетеді. Пульс жиілеп, толықтығы әлсірейді, ал, артериальды қысым төмендейді.
Астматикалық жағдайдың бұл сатысында ұсақ бронхтар мен бронхиолдар жабысқақ
секретпен бітеледі де, жайылған өкпе обструкция синдромы пайда болады. Сондықтан,
уақытында тиісті шара қолданбаса, гипоксиялық кома дамиды. Жалпы қозуы,
қорқыныштық сезімі селқостықпен ауысады.
3 сатысы (гипоксиялық кома, асфексиялық синдром) декомпенсацияланған
тыныстық және метаболикалық ацидоздың, айқын гиперкапнияның әсерінен дамиды. А.Г.
Чучалин гипоксемиялық команың жедел және баяу дамитын екі түрін бөледі.
Жедел
дамитын гипоксемиялық комада үдемелі жайылған цианоз, ұлғайып отыратын тахикардия
және тахипноэ мен артериялық қысымның төмен құлдырауы, мойын веналарының ісінуі,
бауырдың үлкеюі байқалып, науқаста селқостық пайда болады. Баяу дамитын
гипоксемиялық комаға осы белгілер тән болып келеді, бірақ олар біртіндеп дамиды.
Ауырлығы бойынша жеңіл, орташа, ауыр түрде өтеді
Достарыңызбен бөлісу: