338
Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде денеде тыныс алу жолдарының бұ-
зылыстары күрт пайда болады да (кейде анамнез көмектеседі), жедел тұншығу ұстамасы,
жалпы цианоз, ұстамалы жөтел байқалады. Кішкене бөгде
денелерде көбіне зорланып
ұстамалы жөтелу байқалады. Қандай жағдайда жөтел басталғанын, баланың қолында ұсақ
заттар болған-болмағанын, олардың түгел-түгел емес екенін анықтаудың маңызы зор.
Крупта (көмейдің тарылуы) тыныс бұзылыстары, әдетте кешке немесе түнде,
ЖРВИ-мен ауырған балаларда байқалады. Қызба, токсикоздың белгілері, даусының
қырылдап шықпай қалуы, үрмелі жөтел, инспираторлы ентікпемен сипатталады.
Жүрек астмасының бронхиальды астмадан айырмашылығы туа біткен және жүре
пайда болған жүрек ақауларында байқалады. Бұл астмаға салыстырмалы жүрек
тұйықтығының кеңеюі, шеткі цианоз,
аяқ-қолының мұздауы, шеткі ісіктер, бауырдың өсуі,
жүрек тондарының әлсіреуі және жүрек тұсындағы әртүрлі шулар, қырылдап тыныс алу
және өкпеде ылғалды сырылдардың естілуі, көбіне инспираторлы
ентікпе тән болып
келеді.
Бронхиальды астманың емі
БА-ның емі қамтиды:
1. БА-ның өршуін емдеу.
2. Базисті (қабынуға қарсы) ем.
1. БА-ның жедел ұстамасын емдеу.
БА-ның ұстамасында ауруханаға салу көрсеткіштері:
- ауыр ұстама;
- 1-2 сағат бойына жүргізілген бронхолитикалық емнің тиімсіздігі;
- астманың өршу кезеңінің ұзақтығы (1-2 аптадан артық);
- үйде шұғыл көмек көрсету мүмкіндігінің болмауы;
- от басының жағымсыз жағдайы;
- тұратын жерінің емдеу-профилактикалық мекемеден
қашық болуы;
- ұстамаың жағымсыз ақырының қаупі критерияларының болуы.
Жедел ұстаманы басуда қолданатын негізгі дәрілер болып қысқа уақыт әсер еттетін
β
2
-адреномиметиктер (агонистер) есептеледі. Олардың шығару түрі мен
дозасы
82
кестеде
берілген.
Аллергияны күшейтетін тағамдарды шектеу және қабылдамау керек.Үй жануарлары
мен оларға аурудың реакциясын қатаң бақылау қажет. Үй мүліктерінен – кілем, декора-
тивтік балықтар, терілер болмауы тиіс. Иіс суларды, кремдерді сақтықпен қолданған жөн.
Организмдегі созылмалы жұқпалы ошақтардың болуының әсері көп болуы мүмкін, ондай
жағдайда кең спектрлі антибиотиктерді тағайындап, тазарту жүргізу керек.
Адренергиялық рецепторларға әсер етуіне байланысты сипатомиметиктерді бірнеше
топтарға бөледі. Мысалы: адреналин α- және β-рецепторларды стимулдейді,
сондықтан,
тек бронхтар ғана кеңейіп қоймай, сонымен қатар тахикардия (миокардтағы β
1
рецепторларға әсер еткендіктен) және артериялық гипертензия (α-рецепторларының
қозуына байланысты) байқалады. Изопреналин қатарының дәрі-дәрмектерінің қосымша
жағымсыз әсерлері аз (изопротеренол, эуспиран, новодрин, изодрин), себебі, олар тек β
2
-
рецепторларға ғана әсер етеді, орципреналин қатарының дәрілерінің әсері де осы топқа
жақын ( алупент, астмопент).
82 КЕСТЕ
ҚЫСҚА УАҚЫТ ӘСЕР ЕТЕТІН АДРЕНОМИМЕТИКТЕР
Дәрілер
Рецеп
тор
Шығару түрі, дозасы
339
Адреналин
Сальбутамо
л
(венталин)
Тербуталин
(бриканил)
Фенотерол
(беротек)
α, β
β
2
β
2
β
2
0,1% ертінді б/етке, т/астына; 0,01 мл\кг- 0,5 мл-ден аспайды
Табл. 2 және 4мг; ретард 4 және 8мг, сироп 5мл-де 2мг-
тәуелігіне 3-8 мг
0,125% ертінді небулайзер арқылы ингаляция жасау үшін - 2,5
мл күніне 3-4 рет.
Мөлшерленген аэрозоль 0,1мг\доза – 1-2 дозадан күніне 3-4 рет
Табл. 2,5-5 мг. 3-7 жасар балаға күніне 0,65-1,25 мг-нан 2-3 рет.
Ингаляцияға арналған 0,5% ертінді- б\етке 0,1 -0,3 мл.
Натрий хлоридтің физиологиялық ертіндісінде Небулайзер
арқылы ингаляция жасауға арналған 0,5- 1,0 мл
Мөлшерленген аэрозоль 0,25 мг\доза- 1-2 дозадан күніне 3-4
рет.
Ингаляция үшін ұнтақ 0,5 мг\доза, 5 жастан асқан балалар үшн
1 дозадан, күніне 3-4 рет.
Мөлшерленген аэрозоль 100 немесе 200 мкг\доза, 6 жастан
асқан балаларға 200 мкг.
Небулайзер арқылы ингаляция үшін беротек:
1 мг\мл фенотерол, 6 жасқа дейінгі балаларға 50 мкг\кг (10
тамшыда -0,5 мл), 6-14 жаста 1,0 мл (20 тамшы) күніне 3-4 рет.
Селективті адреностимуляторларға – сальбутамолға, беротек,
тербуталинге соңғы
жылдары көп көңіл бөлінуде, олар тез және ұзақ уақыт бойы бронхолитикалық әсер етеді.
Тербутамолдан кейін қан сарысуындағы цАМФ көбейеді. Н.В. Гусеваның көрсеткіштері
бойынша селективті адреностимулятор – спиропентті 7-10 күн бойына қабылдағанда
ұстама кезеңінде 80% жағдайда бронх тарылуын таратқан. Сонымен қатар, емдеу кезенде
цАМФ жинақталуына әсер ететін дәрілер қоса тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: