Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет208/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Жүйелік кортикостероидтар.
БА-ның ауыр ұстамаларын емдеу үшін парентеральды 
преднизалон 2мг\кг мөлшерінде (тәулігіне 5-10 мг\кг) тағайындайды. Ішкізуге
преднизолон 1-2мг\кг беріледі. Тәулігіне гидрокортизон 25мг\кг, дексаметазон 0,8 -1,0 
мг\кг күніне 4-6 рет беріледі. 
Глюкокортикоидтар
клиникалық әсерінен басқа теріс әсер етуі мүмкін, Фликсотид 
Иценко-Кушинг синдромы, бой өсуінің бұзылысы, остеопороз және т.б. гормон тәуелді 
аурулар дамиды. Глюкокортикоидтар әртүрлі аллергиялық реакцияларға әсер етіп, 
гистаминнің пайда болуын тежейді, оның қан сарысуы мен ткандеріндегі белоктармен 
байланысуын күшейтіп, оған рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді. Эксперемент-
тік жұмыстарда дәлелденгендей, глюкокортикоидтар клеткалық мембранадағы 
фосфолипазалардың белсенділігін тежеп, фосфолипазалардың және бронхоконстрикция-
ға ықпал етуші лейкотриендердің көзі – арахидин қышқылының гидролизінің алдын 
алады. Сонымен қатар, глюкокортикоидты гормондар мембраналардың физикалық-
химиялық қасиетін өзгерте отырып, өкпедегі β-адренорецепторлардың санын көбейтеді. 
Демікпемен ауыратын науқастарға глюкокортикоидтарды қолданғанда, симпатомиметик-
тердің әсеріне қарсы β-рецепторлардың сезімталдығы күшейеді. Кортикостероидтар 
демікпенің өте ауыр түрлерінде жаксы емдік әсер береді. Адренергиялық реакцияның 
айқын блокадасында, глюкокортикоидтарға сезімталдығы азайғанда (нысанада – яғни, 
ткандердегі глюкокортикоидтық рецепторлар азайғанда), гипоталамус-гипофиз-бүйрек 
үсті безі жүйесінің функциональдық жағдайына байланысты науқаста аортико-тәуелділік 
дамиды. Глюкокортикоидтарды басқа емдік әдістер мен емдеу шаралары көмектеспеген-
де ғана, қолдану керек (асфексиялық синдром, демікпелік жағдай, тұншығудың 
таралмайтын ауыр түрі). Мөлшері, егу жолы, қолдану ұзақтығы жеке-дара, анамнезі, 
клиникалық көрінісіне байланысты, анықталады. Егер ауру анамнезінде бұрын 
кортикостероидтардан кейін тарайтын, жиі ұстайтын тұншығу және демікпелік жағдай 
қалыптасып, ал ұстама арасындағы кезең қысқа болса, бұндай науқастарда жаңа ұстама 
кезеңінде эндогенді глюкокортикоидты жарамсыздық дамиды. Көбіне глюкокортикоид-
тарды демікпенің өте ауыр түрлеріне, әсіресе даму барысында аллергиялық реакцияның 
үшінші түрі басым болғанда, қолданады. Реакцияның бұндай түрінде тамырларда IgJ-ге 
жататын аллергендер мен преципитиндерден құралған иммунды комплекс пайда болады. 


344 
Бұл комплекстер ұсақ өкпе ткандеріне бекітіліп, оны зақымдай бастайды. Иммунды 
комплекстердің деңгейі жоғары демікпеде басқа емдеу әдістері нәтижесіз болғандықтан
тек қана глюкокортикоидтармен емдейді. 
«Аспириндік демікпеде» де глюкокортикоидтарды қолдануға тура келеді (полинозды 
риносинусит демікпелік триада), аспирин, анальгин, индометацин, бутадион, амидопирин-
ді қабылдамау, яғни, бұл дәрілерді қолданғанда, ауыр ұстамалы тұншығу басталады. Бұл 
дәрілер арахидин қышқылының метаболизмінің циклооксигеназды жолын ингибирлеп, 
липооксигеназды жол күшейеді де, лейкотриендер пайда бола бастайды. Глюкокортикоид-
тар бұл құбылыстарды тежейді. 
Науқасты демікпелік және асфиксиялық жағдайдан шығару үшін интенсивті ем 
жүргізілгенде глюкокортикоидтарды тағайындайды. Бұл жағдайда преднизалон тәуліктік 
мөлшері 1кг дене салмағына 2-3мг-нан есептеліп алынады, әсері 1-2 сағаттан кейін 
басталады. Демікпелік жағдай таралмаған жағдайда инфузиялық емді 2-3 күн бойына, 
және одан да ұзақ мерзімге қайталайды. Глюкокортикоидтарды, сонымен қатар, ішуге де 
береді, әсіресе, аурудың ауыр түрлерінде және егер науқас бұрын – соңды гормон 
қабылдаған болса, әуелі тез нәтиже беретін алғашқы мөлшерін беріп, жағдайы 
жақсарғаннан кейін, оның мөлшерін азайта бастайды. Ұзақ мерзімге тағайындалғанда 
дәрінің тәуліктік мөлшерін аз беру керек (2,5-3 мг әрбір кг салмағына). 
Бүйрек үсті безінің қызметіне теріс әсер етпеу үшін, үзік курспен емделу керек. 
Аэрозоль түрінде және жергілікті қолдануға болады. 
Кейбір авторлар бүйрек үсті безінің қызметін күшейту үшін глицерам тағайындауды 
ұсынады: 4–7 жаста 0,05-0,1; 8–12 жаста 0,1-ден, тәулігіне 2-3 рет, ұзақтығы 10 күннен 4 - 
5 аптаға дейін.
Асфиксиялық синдром бронхтардың және бронхиолдардың патологиялық 
бөлінулерімен бітеліп қалуы болып табылады. Сондықтан, гиповентиляция, гипоксия 
және гипоксемия, жүрек-тамыр және бүйрек үсті безінің жарамсыздығы пайда болады. 
Қою, созылмалы резеңке тәрізді кілегей бронх ағашының кірпік тәріздес эскалаторын 
тежейді де, бірте-бірте кілегей қоюланып, қатып, тығын пайда болады, сөйтіп бронх 
қуыстары синдром бронхтардың және бронхиолдардың патологиялық бөлінулерімен 
бітеліп қалуы болып табылады. Сондықтан, гиповентиляция, гипоксия және гипоксемия, 
жүрек-тамыр және тамыр жетіспеушілігі байқалса көктамырға корглюкон, ацидоз болса – 
4% натрий бикарбонатын жібереді. Бронхоскопияны бронхолог пен анестезиолог-
реаниматолог жүргізуі керек. 
Ыстық сусын, муколитик, бронхолитиктермен бу аралас дем алдыру (эфедрин, 
сальбутамол, эуфиллин), оны мукалитиктермен аралас қолдану жақсы нәтиже береді 
(сода, ацетилцестеин, химотрипсин).
Гемосорбция демікпелік жағдайды тарату үшін ересек адамдарға да, балаларға да 
қолданылады және гемосорбция кезінде глюкокортикоидты емнің интенсивтілігі 
төмендеп, реанимациялық саты қысқарады. 
Интенсивті ем кезінде, сонымен қатар, полипрогмазияға мұқият болу керек. 
Демікпенің еміне аллергиялық қабыну медиаторларын тежейтін дәрілер, яғни 
антигистаминдер (димедрол, пипольфен, супрастин, тавегил, фенкарол және т.б.) жатады. 
Олар Н
1
-рецепторларын блокадалайды, Н

рецепторлары арқылы гистамин тегіс еттерге. 
Бірақ, бұл барлық уақытта клиникалық нәтиже бермейді, себебі, демікпенің клиникалық 
көрінісінің дамуына басқа да биологиялық активті субстанциялар қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет