356
Гемодинамикалық бұзылыстарды компенсациялау оң қарыншаның қан айдау сатысын
ұзарту арқылы іске асырылады. Оң қарыншадан қанның кедергісіз ағуына қарсылық
болуына байланысты және онымен өкпе артериясының арасында қысым айырмашылығы
жоғары болып қалыптасатындықтан біртіндеп оң қарыншада диастолалық қысым артады,
кейінірек бұндай көрініс оң жүрекшеде байқалады. Жүректің оң бөліктерінде гипертрофия
және дилятация пайда болады. Кіші қан айналымында қан мөлшері азаяды. ЖАПМ немесе
овальды тесіктің ашық болуымен қосарланса, қанның веналық-артериялық айдалуы
байқалады.
Науқасты тахипноэ мазалайды. Цианоз науқастың үшінші сатысында, созылмалы
жүрек шамасыздығы дамығанда, пайда болады. Жүрек шекараларының көлденен мөлшері
үлкейеді, төстің сол жағынан екінші қабырғааралықта қатқыл систолалық шу естіледі. ІІ-
тонның өкпе артериясының аймағында әлсірегені, І тонның жүрек ұшында күшейгені
байқалады. Артериялық қысым өзгермейді.
Рентгенмен тексергенде жүректің оң бөліктерінің және әдетте өкпе артериясының
(тарылудан кейінгі кеңеюі) өкпенің тамырлар суретінің азаюы мен үлкеюі анықталады.
Өкпе гипертензиясының склеротикалық сатысында тамырлық суреттің азаюы, өкпе
артериясының күрт шығып тұруы, өкпе түбірінің айтарлықтай кеңеюі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: