Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет218/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Клиникасы:
Цианоз – Фалло тетрадасының негізгі белгілерінің бірі. Оның пайда болу 
мерзімі, айқындылығы өкпе артериясының тарылу дәрежесімен анықталады. Кейбір 
балаларда цианоз туылған күннен екінші жарты жылдықта айқындала түседі. Науқас 
баланың дене дамуы қалыс қалады, емізгенде, қозғалғанда тыныс жиілеуі байқалады.
«Сағат шынысы» және «дауылпаз таяқшасы» кеуде қуысында «жүрек томпағы» 
синдромдары гипоксия дәрежесіне байланысты 1-2 жылда пайда болады. Науқастар 
көбіне тізесін бүгіп отырады немесе төсекте аяқтарын ішіне тартып, басып жатады. 
Бұндай қалыптар веналық қанның жүрекке жиналуын азайтып, баланың жағдайын 
жақсартады. 
Фалло 
тетрадасында 
науқастың 
жағдайының 
ауырлығын 
және 
милық 
асқынуларының дамуын анықтайтын негізгі белгісі болып ентікпелі-цианоздық ұстамалар 
есептелінеді. Ең ауыр түрлері 6 айдан 2 жас аралығындағы науқастарда анемия фонында 
байқалады. Бала күрт мазасызданып, ентігуі, цианоз үдей түседі, шудың қарқындылығы 
төмендейді. Содан кейін есінен айырылып, тырысулар, тіптен гемипарез пайда болуы 
мүмкін. Ұстаманың пайда болуы себебі – оң қарыншадан қан шығаратын бөлігінің 
тарылып, барлық веналық қан аортаға кетеді де, орталық нерв жүйесін гипоксияға душар 
етеді. Ұстамалар көбіне туылған кезінде миы зақымдалған немесе гипертензиялық-
гидроцефалиялық синдромдары бар балаларда байқалады. Фалло тетрадасына диспноэ 
тәріздес ентікпе тән болып келеді. Аускультация жасағанда, систолалық қатқыл шу 3-4 
қабырғааралықта байқалады. Екі қарыншадан қысым бірдей болғандықтан, қарынша-
аралық перденің мүкістік шуы болмайды. Өкпе артериясы аймағында ІІ тон әлсірейді.
Қан тексермелерінде абсолютті немесе салыстырмалы анемия, ретикулоцитоз, 
полицитемия және полиглобулия байқалады. 
Ерте жастағы балаларда Фалло тетрадасының клиникасының ерекшеліктеріне байла-
нысты ақауды 3 сатысын анықтауға болады: І сатысы салыстырмалы қалыпты клиникалық 
сатысы (6 айға дейін байқалады) дене дамуы қалыпты, жағдайы толық орташа болады. 
ІІ сатысы-ентікпелі-цианоздық ұстама сарысы (6-24 ай аралығы), жасына 
байланысты эритропоэздың қайта құрылуы және басқа компенсаторлық механизмдердің 
тұрақтауына байланысты, көптеген милық асқынулар клиникалық көрінісі ересек 
балаларға тән белгілер сипаттамасын қабылдайды (цианоз артады, ұстама тарамайды
ентігу және тахикардия азаяды, полицитемия, коллетеролдар дамиды). 
ЭКГ-де жүректің электрлік өсі оңға ығысады, оң қарыншаның гипертрофиясының 
белгілері байқалады, және тіркемеде – Т арақашықтығы изолиниядан төмен ығысады
метаболикалық бұзылыстар, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы анықталады. 
Т-тісшесінің амплитудасы жеткілікті болады. 


358 
Кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе суреті азайған, сиректеу, коллатерал-
дардың дамуына байланысты, арыққан болады. Жүрек көбіне ақауға тән «ағаш башмақ» 
тәрізді болады, көлеңкесі әдетте кішкене болып келеді. 
Емі.
ФТ бар балалардың бәріне оталық ем (паллиативті және радикальды) 
жүргізіледі. Опреацияны (паллиативті) шұғыл жасауға келесілер көрсеткіштер бола алады: 
1. ФТ-тың гипоксемииялық ұстамалар байқалатын «соңғы» түрлері; 2. Консервативті ем-
нен басылмайтын, тыныштық жағдайда байқалатын тұрақты ентігу және тахирдия; 3. 
Ауыр дистрофия мен анемияның арыта түсуі. Радикальды операция паллиативті опреация-
дан кейін, егер консервативті ем тиісті нәтиже бермесе, 2-3 жылдан соң жасалады.
ҚАН АЙНАЛЫСЫНЫҢ ҮЛКЕН ШЕҢБЕРІНІҢ АЗАЮЫМЕН ЖҮРЕТІН 
ТУА БОЛҒАН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ 
Бұл топтағы ақауларға бірінші сатысында ерте жүрек шамасыздығы дамитын болған-
дықтан, ауыр даму тән болып келеді. Терминальды сатысында созылмалы сол қарынша-
лық шамасыздық дамып, мидың қан айналысы бұзылады. Бактериальдық эндокардит 
дамуы мүмкін. 
9.1.6.ОРТА КОАРКТАЦИЯСЫ 
Аорта коарктациясы – сол бұғана асты артериясының сағағының төмендегі аортаны 
ң қысқа жерде туа болған тарылуы. Тарылу дәрежесі және ұзындығы әртүрлі болуы 
мүмкін. 
Коарктация жекелеген немесе кейде артериялық өзектің ашықтығымен қосарлануы 
мүмкін. Өзек тарылған жерден төмен немесе жоғары (пре- немесе постдуктальды 
коарктация) орналасуы мүмкін. Осыған байланысты ақауды 3 түрге бөледі: 
1. Жекелеген коарктация. 
2. Артериялық өзектің ашықтығымен қосарланатын коарктация: постдуктальды
(артериялық өзек ашықтығы шыққан жерден төмен орналасқан (преддуктальды)
артериялық өзек тарылған жерден төмен шығады. 
3. Басқа ақаулармен қосарланған коарктация. 
Сонымен қатар орналасуына байланысты екіге бөледі: 
1. «Балалық түрі-бойына тарылу (тибулярлы тарылу) ААӨ-мен қосарланады. 
2. «Ересек» түрі-ұзын жердің жекелеген коарктациясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет