Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет215/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Гемодинамикасы:
Кішкене мүкістікте сол жүрекшеде қысым жоғары болып, сол 
жақтан оңға қарай артериовенозды қан айдау байқалғандықтан, оттегімен қаныққан қан 
веналық салаға жіберіледі. Бұл кіші қан айналым шеңберінде гиперволемияның пайда 
болып, оң қарынша қуысының дилатациясына әкеліп соқтырады. Туғаннан кейін, 1-2 
айдан соң, өкпелік қарсылық төмендеп, оң қарыншаның гипертрофиясы азайып, ол 
көнгіштеу (бейімділеу) болады. 
Жүйелік қарсылық арытып, сол қарынша қабырғасы қалындайды, диастолалық 
босаңсу қабілеті төмендейді. Бұндай өзгерістер жүрекше деңгейінде солдан оңға қан 
айдалуының артуына әкеліп соқтырады. Қан айдау ерекшеліктеріне сәйкес бұл ақауда 
негізгі салмақ оң жақ бөлікке түседі. 
Клиникасы:
Қайталанып соғатын ЖРВИ және пневмония байқалып, тынысы жиіліп, 
тез шаршағыш болып, жүрек аймағының ауруы байқалады. Жүрек шекарасын оңға қарай 
кеңейеді, сол жақ 2-3 қабырғааралықта орташа қарқында онша қатты емес, көбіне 
шалқасынан жатқанда жақсы естілетін систолалық шу байқалады. Ол, әсіресе бір жасқа 
дейінгі балаларда, функциялық шуға ұқсас болып келеді де, ақаудың кеш анықталуына 
әсерін тигізеді. Жасына байланысты (әдетте 5-7 жасында) шу күшейіп, кейде (жиірек) 
қысқа мезадиастолалық шу қосылып, диагнозын анықтау мүмкіншілігін жеңілдетеді. 
ЭКГ
-де жүректің электрлік өсі оңға ығысады, оң қарынша шамадан тыс күш түсуі, 
оң жүрекшенің гипертрофиясы, миокард метаболикалық бұзылыстары және Гисс 
будасының оң тармағының толық емес блокадасының белгілері байқалады.
Рентгенограммада
өкпе суреті және жүрек мөлшері екінші реттегі мүкісте қан 
айналуының көлемімен анықталады. Көбіне кішірек мүкістерде орташа күшейген, ал сол 
жақтан оңға қарай қан айдалу көп мөлшерде болатын жағдайларда жүрек түрі шар 
тәрізденіп, кардиомегалия байқалуы мүмкін. Аорта жіңішке, сол жүрекше мен қарынша 
кеңімеген, ал өкпе артерияларында, жүректің сол жақ бөліктерінің қалыпты түрінен 
үлкейгені байқалады. Кейбір оң қарыншаның үлкейгені соншалық, тіпті жүректің ұшын 
құрауға дейін барады. 
Эхокардиография.
Екіншілік жүрекше аралық переднің мүкістігінің (ЖАПМ) тікелей 
белгісі болып эхобелгілердің үзілуі және жүрекшеаралық перденің атриовентрикулярлық 
қақпақтық бөлігінің дистальды жағында бос қырының болуы есептеледі. Қосымша 
белгілер болып жүрекше деңгейінде қанның артериовенозды құйылуы, жүректің оң 


354 
бөлігінің ұлғаюы және оған шектен салмақ түсуінің белгілері, өкпе артериясы арқылы 
өтетін қан ағымының жылдамдық көрсеткіштерінің артуы есептеледі.
Емі.
Екіншілік ЖАПМ-де аурудың «белгісіз» сатыларында, ақаудың негізгі белгісі 
аускультациямен және эхокардиграфиямен ғана анықталатын жағдайда оталық ем 
жүргізілмейді. Клиникалық белгілері айқын білінетін, консервативті ем туа болған ақауды 
компенсациялық сатыда ұстап тұра алатын жағдайларда, ақауды оталық қалыптастыруды 
5-10 жаста жүргізген жөн. Терминальды сатыдағы, айқын өкпе гипертензиясы және 
веналық-артериялық қан құйылу байқалатын науқастарға оталық ем жасалмайды. 
9.1.3. АШЫҚ АРТЕРИЯЛЫҚ (БОТАЛЛО) ӨЗЕК 
Ашық артериялық өзек (ААӨ) 
ол «ұрыққа тән құрылымды жабылу мезгілі 
өткеннен кейін сақтайтын» аорта мен өкпе артериясын қосатын тамыр.
Бұл ақау 
туралы мәліметтер ІІ ғасырдағы Гален еңбектерінде кездеседіміс, бірақ алғашқы хабарлар 
1564 ж еңбектерінде кездеседі. Ақауды алғаш суреттеген итальян дәрігері Л. Боталло 
құрметіне берілген. Барлық ақаулардың ішінде 10-18% жағдайларда кездеседі. 
Алғашқы айларда дене салмағы 1700 граммнан кем болып туылған балалардың 50% 
жуығында ААӨ байқалады. 20% жуық балаларда 1-2 жыл бойына жабылмайды. 
Артериялық өзектің туылғаннан кейін 1-2 аптадан кейін жабылмағандығының 
клиникалық белгілері байқалса, ақау (аномалия) болып есептелінеді. 
ААӨ-те оттегіге қаныққан қан аортадан өкпе артериясына айдалатын болғандықтан, 
бұл ақау ақшыл ақауларға жатады. Өзек өте үлкен болса өкпе артериясына одан тыс күш 
түсуіне әкеліп соқтырады. Өкпе гипертензиясы дамығанда оң қарыншаға да шектен тыс 
күш түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет