Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет217/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Электрокардиография.
Жүректің электрлік өсі оңға ығысқан, оң қарыншаның 
гипертрофиясы белгілері (VІ тіркемеде жоғары амплитудалы R-тісшесі), әртүрлі 
дәрежедегі метаболикалық бұзылыстар байқалады.
Эхокардиография.
Өкпе артериясының қақпақасты, қақпақ деңгейінде тарылуы 
көрінеді. Өкпе артериясы қақпағы арқылы жоғары жылдамдықты «құйын» тәріздес қан 
ағымының болуы және жүректің оң бөлігіне шектен тыс салмақ түсу белгілері болады. 
9.1.5. ФАЛЛО АУРУЫ (триада, тетрада, пентада) 
Цианозбен дамитын ақаулардың ішінде жиі кездесетін туа болған жүрек 
ақауларының бірі
. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні «Фалло тетрадасы» (өкпе артерия-
сының тарылуы, қарыншааралық перденің жоғары орналасқан мүкістігі, аортаның оңға 
ығысуы (транспозициясы), оң қарыншаның гипертрофиясы). Бұл ақауда, өкпе артериясы 
тар болғандықтан, кіші қан айналым шеңберіне қан аз барады, ол үлкен қан айналым 
шеңберіне қарынша-аралық перденің мүкісітігі және ығысқан аорта арқылы веналық қан 
айдалады. Кейде бұл ақаулар жүрекше-аралық перденің мүкістігімен қосарланады. Бұндай 
ақау «Фалло пентадасы» деп аталады. Ал, оң қарыншаға қан ағу жолында тарылу болып, 
қарыншааралық перденің мүкістігі болмай, оның орнына сопақша тесік сақталып қалған 
болса – ақау «Фалло триадасы» деп аталады. 
Фало тетрадасы (ФТ) 
Фалло тетрадасы – 
оң қарыншаның шығар бөлігінің әртүрлі деңгейдегі 
тарылуынан, жоғары орналасқан қарыншааралық переденің мүкістігі, кеңейген түбірі 
қарыншааралық мүкістіктің үстінен салбырап тұратын аортаның декстрапозициясы, 
оң қарынша миокардының гипертрофиясынан тұратын төрткомпонентті туа болған 
жүрек ақауы
. ФТ таралған цианоздық («көк») ақаулардың арасында жиі кездесетін туа 
болған жүрек ақауы. Бұл ақаулардың ФТ 50-75% құрайды. ФТ жиі басқа ақаулармен 
қосарланады – жүрекшеаралық переденің мүкістігі (Фалло пентадасы), аортаның 
солжақты доғасымен, ашық артериальдық өзекпен, толық емес өкпе венасынің 
аномалиялық дренажымен және басқалармен қосарланады. 
Гемодинамикасы.
ФТ-да гемодинамикалық бұзылыстардың деңгейі өкпе 
артериясының тарылу дәрежесіне байланысты. Өкпе артериясының тарылуы айтарлықтай 
болса, қан оңнан солға қарай қарынша-аралық перденің мүкістігі және оңға ығысқан аорта 
арқылы айдалады. Үлкен қан айналымына қан көп мөлшерде түседіде, артериялық 
гипоксемияға әкеледі, ал кіші қан айналымына қан жеткіліксіз келедіде, өкпе 


357 
тамырларында морфологиялық өзгерістерге және оларда тромбалардың пайда болуына 
әкеледі. Жүрек қарыншаларында қысым теңелді, сондықтан, оң қарыншаның 
декомпенсациясы, әдетте, болмайды. Жүректің оң бөліктері гипоплазияға душар болады. 
Өкпе артериясының тарылуы және солдан оңға бағытталған қысым градиенті орташа 
болғанда, қан сол жақтан оңға қарай айдалады (ФТ-ның «ақшыл» ационоздық түрі). 
Дегенмен, баланың жүрегінің өсу және даму барысында тез өсіп келе жатқан жүрек 
қуыстарына қарағанда, тарылу дәрежесі арыта түседі. Бұндай жағдайда қан айдалу бағыты 
өзгеріп, оң жақтан солға қан айдала бастайды. 
Төменгі себептерге сәйкес гемодинамикалық бұзылыстар күрт нашарлап кетуі 
(гипоксемиялық ұстамалар) мүмкін: 1. Оң қарнышаның шығарушы жолының
инфундибулярлі бөлімінің өткінші обструкциясы; 2. Тамырлардың жалпы шеткі 
қарсылығының азаюына байланысты веналық қайтып келудің төмендеуі; 3. Анемия. Осы 
жағдайда өкпедегі қанайналым азайып, оңнан солға қан айдалу арытады және үлкен 
қанайналым шеңберінде гипоксемия арытады. Өкпеге қан айдауға, аортаға айдаудан, 
қарсылық төмен болатын орташа тарылуда, қан сол жақтан оңға қарай айдалады да, Фалло 
тетрадасының ақшыл терінің клиникалық белгілері пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет