369
Д. Серологиялық көрсеткіштер қалыпты көрсеткіштердің жоғарғы деңгейінде болады
немесе сәл артады. Бұл көрсеткіштердің емнің барысында және инфекциядан тыс
кездегі өзгерімпаздығының маңызы үлкен. Титрлардың кей кезеңдерде артуы, әсіресе
аздап болса да, жоғарылай беруі, ревматикалық процесстің активтілігін көрсетеді.
Е. Басқа себептерсіз капиллярлардың өткізгіштігінің І-ІІ дәрежелі артуы.
Активтілік сатысын анықтағаннан кейін патологиялық процесстің көлемін және
орнала-сқан жерін (топографиясын) анықтау керек: миоэндокардит, эндомиокардит,
перикардит.
Патологиялық процесстің таралу
денгейін аныктаумен қатар, диагнозда қақпалық
(аорталық, екі жармалы, үш жармалы) аппараттың зақымдалуын көрсету керек, алғашқы
ревмокардитте “ақау” деген емес – ”зақымдалу” деген ұғын қолданылуы керек.
Мерзімінде дұрыс емделген науқастарда ақау пайда болмайды, қақпақ аппаратының
зақымдалуы (вальвулит) зардапсыз тарап кетеді.
Жүректе айқын өзгеріс болмайтын ревматизмдер тобына –
хорея және
полиартриттер, және басқа Кисель-Джонсон диагностикалық шектерімен қосарланған
науқастар жатады.
Аурудың дамуы науқастың реактивтілігімен анықталып, басталу және даму
ерекшеліктері, аурудың ұзақтығы есепке алынады:
Достарыңызбен бөлісу: